971
пополнять запас
знаний и сведений;
обеспечить быстроту запоминания, понимания, и усвоения лексической темы в
полном объёме.
Литература
1.
Инновации в логопедическую работу. Сборник статей. Составитель О.Е.Громова.
ЛИНКА-ПРЕСС, Москва, 2008.
2.
Использование нетрадиционных технологий в логопедической работе с
дошкольниками. Журнал «Логопед», № 6, 2012.
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ТЕАТР
ТҮРЛЕРІН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
Сакенова Калкен Сериковна, Сулейменова Лаура Бейбітовна
ҚМҚК № 42 «Тілек» балабақшасы
Білім мен тәрбие бастауын балалар балабақшадан алады. Бүгінгі таңда
қоғамымыздың даму бағытында мектепке дейінгі тәрбие саласы мамандарының
алдында жан - жақты дамыған, сауатты, саналы, өзіндік орыны бар үлкенге құрмет
көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін азаматты тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр.
Бүлдіршіндердің білімді, білікті, саналы болуында ойынның алатын орны ерекше.Н. К
Крупская: Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ойынның ерекше маңызы бар: олар
үшін ойын - оқу, олар үшін ойын - еңбек, олар үшін ойын - тәрбиенің маңызды түрі.
Ойын - баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып,
танымдық қасиеттерін, зейінін, есте сақтау қабілетін, ауыз екі сөйлеу мәдениетін
дамытады. Ойын - баланың өмірді танудағы алғашқы қадамы.
Ойынның түрлері көп, қазақ тілін үйретуде театрландырылған ойындардың маңызы
зор. Театрлық іс - әрекетте ертегілерді пайдалана отырып баланың ой өрісін дамыту,
сонымен бірге тыңдай білуге, есте сақтау, түсіну, рөлге бөліп, қазақша әдемі сөйлей
білу мәнерін арттырамыз. Балаларға театр, әртістік өнер, сахналау, қойылым, сахна
туралы түсінік беріп қызығушылығын оятамыз. Көріністерді өзара сөйлесу
дағдыларын дамыта отырып, бүлдіршіндердің тілді меңгеруіне деген сүйіспеншілікті
арттырамыз. Театр әр балаға қуаныш ұмтылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік
талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады.
Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен.
Сондықтанда да баланың жан – жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі
бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр
нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша
құбылыстарды сезінуге тырысады.
Оның жан - жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуын
театрландырылған
ойындар
арқылы
жетілдіруге
болады.
Мақсаты:- Мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылығын театр түрлері арқылы
дамытып,
сөйлеу
қабілеттерін
жан
-
жақты
жетілдіру;
972
-
Ана
тіліне
деген
құрмет
сезімдеріне
тәрбиелеу.
Міндеттері:
•
Балалардың
тілін,
сөйлеу
мәдениеті
мен
дүниетанымын
дамыту.
•
Балаларды
адамгершілікке
баулу.
• Баланың қиялын есте сақтауын шығармашылық қабілетін дамыту, ойдан әңгіме,
ертегі шығарып айтуға дағдыландыру. Театрлық іс - әрекетті ертегілерді пайдалана
отырып
ойын
дамыту.
• Баланың әлеуметтік және эмоционалдық дамуына жағдай жасап, әр баланың жеке
дара әртістік, шығармашылық қасиеттерін ескере отырып, өзін қоршаған ортаға,
адамдарға, құрбыларына, өзіне деген қарым - қатынас мәдениетін қалыптастыру.
Күтілетін
нәтиеже:
Театр,
оның
түрлері
туралы
түсініктері
болады;
Қазақ тіліндегі сөздік қоры молаяды; Диалог бойынша сөйлесу арқылы тіл мәдениетін
жетілдіреді.
Бала тәрбиесінде әр түрлі театрдын алатын орны ерекше. Қуыршақ театры баланың
дүние танымын қалыптастыруда, үлкен рөл атқарады. Балалар әртістермен бірге күліп
бірге жылап отырып, өздерін мазалап жүрген көптеген мәселелердің шешімін табады.
Бүгінде бөбектердің дамуына үлкен ықпал ететін қуыршақ театрының құпияларын
айтатаын болсақ; Тілін дамытады, себебі балалардың қолдарының саусақтарының
жетілуі мен орталық мидың тілдің дамуына жауапты бөлігіне әсер етеді.
Балалар театрының бірнеше түрлері бар. Ең көп тараған түрі –қуыршақ театры.
Қысқа тақпақтарды жаттап, оны өзіне тән орындау кезіне бастап-ақ кішкене көлемді
спетакльдер ойнала бастайтыны белгілі. Театр түрлері:
Қуыршақ театры. Саусақ театры. Көлеңке театры. Ойыншықтар театры.
Саусақ театры: театр қуыршақтарының ішіндегі ең жеңілі, қол жетімдісі.
Саусақ театрын сабақтан тыс кезде де қолдануға болады.
Ас ішер алдында қолдануға болады.
Тамақ ішер кезде саусақ қуыршағы арқылы:\тақпақ айтуға болады\
Тамақ ішер кез келді
Сөйлемейміз, күлмейміз
Астан басқа өзгені,
Көзімізге ілмейміз. / астарың дәмді болсын/
Балаларға арналған көркем шығарманы оқыту неғұрлым дұрыс ұйымдастырылса,
мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық талғамын дамыту соғұрлым табысты
болады. Тіпті кішкентайлар тобынан тобынан бастап-ақ тақпақпен қысқа өлеңдерді
айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілу үшін үстел үстіндегі театрды, қысқа сахналы
қойылымдар көрсетуді қолдана берген жөн.
-Бірінші кезеңде балалар ұжым болып, ертегі мәтінін ауызша айтады.
-Екінші кезеңде ертегінің барлық кейіпкерлері үшін оқып шығу бір балаға ғана
ұсынады.
-Үшінші кезеңде балалар бір неше шығармашылық тапсырмаларды орындайды.
\қорқыныш, қуаныш сезімдерін көрсете білу және т.с.с\
-Төртінші кезеңде рөлдерге бөлініп, ертегіні оқу жүзеге асырылады.
Театрландырылған ойындар балалардың ой - өрісін кеңейтеді, балаларды әңгімеге
араласуға, спектакль туралы ата - аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге