Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет458/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   454   455   456   457   458   459   460   461   ...   472

 

965 


 

нормасы  жоғары,  жақын,  психофизикалық  даму  деңгейі  жас  нормасына  жақын, 

дамуында проблемасы бар 1-3 баламен біріктірілген топ; тек ЕБАҚЕ бар балалар (тілі, 

көру,  есту  қабілеті,  тірек-қимыл  аппараты  бұзылған,  ПДТ  балалар,  интеллектуалдық 

кемістігі және т.б. бар) ғана баратынарнаулы топ;  топтың жаңа түрінде – инклюзивті 

бағыттағы топ, оны бір мезгілде дамуы қалыпты балалар мен «ерекше» балалар барады 

(3-5 адам – кемістіктің сипаты мен дәрежесіне қарай). Мұнда топтағы бала саны 10-15 

адамға дейін қысқарады, ал топ штатына міндетті түрде түзетушілік жұмысты жүзеге 

асыратын  мұғалім-дефектолог  енгізіледі.  Есту  қабілеті  бұзылған  балалары  бар  топта 

сурдопедагог, көру қабілеті бұзылған балалары бар топта – тифлопедагог болуы керек.  

Кіріктірілген мектеп жасына дейінгі ұйым инклюзивті білім берудің барлық негізгі 

моделін  жүзеге  асыра  алады:  тұрақты  толық,  тұрақты  жартылай,  уақытша  жартылай 

біріктірілген  [3].Тұрақты  инклюзия  моделі  қарапайым  көршілік  топта  ЕБАҚЕ 

балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеу  үдерісінде  жүзеге  асырылады.  Онда,  жоғарыда  атап 

көрсетілгендей, дамуында бастапқы диагностикалық кемістігі бар (есту, көру қабілеті 

немесе тірек-қимыл аппараты бұзылған), бірақ топқа келгенге дейін даму деңгейі жас 

нормасына жақын немесе соған сәйкес келетін дамуы бар бір, ең көп дегенде үш бала 

тәрбиеленіп, оқи алады. Біріктірілген балалар күні бойы дамуы қалыпты құрдастарымен 

бірге  болады,  ұйымдастырылған  оқу  әрекетінің  барлық  түрлеріне  қатысады.  Оларды 

оқытуды көпшілік білім беру педагогтары жүзеге асырады. Мұғалім - дефектолог (осы 

мектеп жасына дейінгі ұйым арнаулы тобының) біріктірілген балаларға түзету көмегін 

көрсетеді,  сондай-ақ  дефектологиялық  білімі  жоқ  тәрбиешілерге  әдістемелік  көмек 

көрсетеді.  Тұрақты  жартылай  кіріктірілген  модель  ЕБАҚЕ  балаларды  біріктірілген 

бағыттағы  топта  тәрбиелеу  мен  оқыту  үдерісінде  жүзеге  асырылады.  Бұл  топта 

әртүрліпсихофизикалық,  интеллектуальдық  және  тілдік  даму  деңгейі    бар  ЕБАҚЕ 

балалардың  басым  көпшілігі  толық  әлеуметтік,  толыққанды  және  білім  алуы  үшін 

барынша жағдай жасалған. Осы топтарда әр тәрбиеленушіге қажетті күнделікті арнаулы 

психо-педагогикалық көмек пен қолдау көрсетілетінін де айта келу маңызды. 

Біріктірілген  бағыттағы  топтарда  дамуында  аса  көрінбейтін  бастапқы  кемшілігі 

жоқ,  бірақ  өзге  де  себептерге  (мысалы,  саңырау  ата-аналардың  балалары,  екітілді 

балалар, оралмандар, қашқындар және еріксіз көшіп келген және т.б. отбасыларының 

балалары) байланысты оқу оқуында қиындық көріп жатқан балалар да қажетті арнаулы 

педагогикалық  қолдау  көре  алады.  Оның  үстіне  инклюзивті  топта  дамуы  қалыпты 

балалар ерте жастан бастап ЕБАҚЕ бар балалармен өзара әрекеттестікке оқиды, бірге 

тұруға, достасуға, қиындық көріп тұрғанға көмектесуге үйренеді.  

Тұрақты  жартылай  немесе  уақытша  жартылай  біріктіру  моделіЕБАҚЕ  бар 

балаларды  арнаулы  топтарда  тәрбиелеу  мен  оқыту  үдерісінде  жүзеге  асады. 

Кіріктірілген түрдегі мектеп жасына дейінгі ұйым жағдайында ЕБАҚЕ бар әрбір балаға 

пайдалы және қол жетімді біріктіре оқыту мен тәрбиелеу моделін табу мүмкіндігі бар. 

Арнаулы топ мұғалім-дефектологы оның тәрбиеленушілері біріктірілгенкөпшілік топ 

тәрбиешісінің болашақ жоспарымен танысады.  Әрі қарай, ол фронталдық және жеке 

түзету  сабақтарында  ЕБАҚЕ  бар  балаларды  дамуы  қалыпты  балалармен  өткізілетін 

сабақтарға  біріге  табысты  қатысуына  аса  мән  береді.  Сондай-ақ,  мұғалім-дефектолог 

көпшілік  топ  тәрбиешілеріне  әдістемелік  көмекті  жүйелі  түрде  көрсетеді.    Арнаулы 

топтың,  дамудың  барлық  түрінен  барынша  қалып  қойған,  өзге  тәрбиеленушілер 



 

966 


 

уақытша  дамуы  қалыпты  өзінің  құрдастарымен  бірігеді  (уақытша  жартылай  бірігу). 

Оқытудың  бірінші  жылы-ақ  олар  дамуы  қалыпты  балалармен  бірге  серуендерге, 

мерекелерге, ойын-сауықтарға, жеке сабақтарға қатыса алады. Бірақ, бұл аяқасты емес, 

мақсатты түрде жүзеге асырылады. Әр арнаулы топ балалары өздерімен жасты немесе 

бір  жасқа  кіші  дамуы  қалыпты  топ  балаларымен  байланысты.  Бұл  екі  топ  бірге 

қыдырады, бірге мерекелер мен ойын-сауықтарға дайындалады.  

Арнаулы топ педагогтары мен тәрбиешілері дайындық жұмыс жүргізеді, ол ЕБАҚЕ 

бар балалардың біріккен іс-шараларына белсенді қатысуға мүмкіндік береді. Көпшілік 

топ  тәрбиешілері  қандай  да  бір  кемістіктері  бар  олардың  құрдастары  туралы  айтып 

береді,  оларға  арнап  әртүрлі  құралдар  дайындайды.  Олар  арнаулы  топтарға  қонаққа 

келеді, оларға арнап жасаған ойыншықтарын сыйға тартады. Тәрбиешілер балалармен 

бірге  қуыршақ  театрын  (қағаздан,  ермексаздан,  табиғи  материалдардан)  жасайды. 

Содан кейін көпшілік топ балалары ересектердің көмегімен спектакль қояды, түсінікті 

тұрмыстық сахналар көрсетеді. Біртіндеп ЕБАҚЕ бар балалар көрермендер қатарынан 

орындаушылар қатарына қосылады.     

Мерекеге  біріккен  сахналау  дайындауға  болады.  Балалардың  өте  табысты  және 

сүйікті  жұмыс  түріне  ертегілерді,  кішкентай  әңгімелерді  және  т.б.  иллюстрациялау 

болып  табылады.  Жеке  сабақтар  барысында  мектеп  жасына  дейінгі  балалар  оларға 

түсінікте түрде қандай да бір шығармалардың мазмұнымен танысады. Одан кейін екі 

топтың да балалары біріктірілген сабақтарда суреттерін бір-бірімен ауыстырады, оларға 

«әңгімелер» құрастырады. Біріктірілген сабақтарды, әдетте, мұғалім-дефектолог немесе 

арнаулы  топ  тәрбиешісі  жүргізеді.  Көпшілік  топ  педагогтары  негізінен  жарыстар, 

көрмелер, байқаулар ұйымдастырады.  

Көріп  отырғанымыздай,  кіріктірілген  түрдегі  балабақшалар  ЕБАҚЕ  бар  балалар 

дұрыс түзете оқытуды қамтамасыз етіп қана қоймай, әр баланың даму деңгейін ескере 

отырып, оған пайдалы әрі ыңғайлы біріктірілген модельді таңдай отырып, біріктіреді.  

Жоғарыда аталған кіріктірілген түрдегі МЖДҰұтымдылығы бұл балабақшаларды 

біртіндеп инклюзивті түрге айналдырудың дұрыс екенін дәлелдейді. Бұл, бір жағынан, 

оқытудың түзету топтарын қайта түрін өзгерту есебінен инклюзивті бағыттағы топқа 

айналдыру арқылы, екінші жағынан – дамуы қалыпты балаларға арналған топтарды ашу 

негізінде  қол  жеткізілуі  мүмкін.  Түзету  түріндегі  МЖДҰкөпшілік  балабақшадағы 

орындардың тапшылығын қысқартады, сондай-ақ, ЕБАҚЕ бар мектеп жасына дейінгі 

әр  балаға  оның  психофизикалық  және  тілдік  даму  деңгейіне  қарамастан,  қолжетімді 

инклюзивті білім беру түрін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, инклюзивті МЖДҰсанының 

өсуі түзетушілік көмектің баланың мекен-жайына жақындауына да ықпал етеді.  

 

Әдебиеттер: 



1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Бәсекелестікке қабілетті Қазақстанға, 

бәсекеге қабілетті экономикаға, бәсекеге қабілетті ұлтқа» атты Жолдауы, 2004 ж. 

2. Дети с отклонениями в развитии: Методическое пособие. — М.: Аквариум, 1997. 

— 128 б. 

3. Малофеев Н.Н., Шматпко Н.Д. Базовые модели интегрированного обучения // 

Дефектология. — 2008. — № 1. 

 



жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   454   455   456   457   458   459   460   461   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау