Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет209/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   472

 

440 


 

тәсілдері қарастырылады. М. Әуезов « Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең 

алдымен әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек » . өмірлік тәжірибе 

ұлы жазушымыздың сөзінің құдіреттілігін байқатады. (2) 

Болашақ ұрпақ тәрбиесін іске асырып отырған кезкелген мекеме үшін отбасымен 

жұмысты тиісті дәрежеде ұйымдастырудың маңызы өте зор. Себебі, отбасы баланың 

түпкі  тамыры,  болмысын  қалайтын  мекен.  Отбасымен  жұмыс  мүмкін  педагогтардың 

жүргізетін жұмыстарының ең қызықты бір бағыты шығар. Бір жағынан, бұл жұмыс аса 

бір шеберлікті, құпиялықты, мәдениетті, білімді, тәжірибені қажет ететін жұмыстардың 

бірі. Өйткені, отбасымен жұмыс жүргізген кезде түрлі адамдармен, түрлі түсініктермен, 

түрлі мінез-құлықтармен, түрлі қиыншылықтармен қарама-қарсы кездесесің. Осының 

барлығынан педагогтық абыройыңа кір келтірмей шығу үлкен өнерді қажет етеді. Сол 

себептен  білім  беру  мекемесінде  отбасымен  жүргізілетін  жұмыстарды  әдістемелік 

жағынан орынды ұйымдастырудың маңызы өте зор. Отбасымен жүргізілетін жұмысты 

әдістемелік  дұрыс  ұйымдастыру  дегеніміз  не?  Бұл  -  мекеме  ішінде  отбасымен 

жүргізілетін  жұмыстарды  педагогикалық  қағидаларға  сәйкес,  баланы  жан-жақты 

дамытуға  негізделген,  бала  құқығын  сақтауға  және  қорғауға  бағдарланған  түрде 

ұйымдастыру.  Отбасымен  жүргізілетін  жұмыстарды  әдістемелік  жағынан  белгілі  бір 

ретпен,  жүйелі  түрде  ұйымдастыру  жүргізілген  жұмыстың  нәтижесіне    әсер  етеді. 

Бүгінгі таңда сол жұмыстар заманның талабына сай, бала мен отбасының қажеттігіне 

сай өзгертіліп отыр. Отбасы мен балабақша жұмысының түрлері:  

1.     Мекеме ішінде отбасымен жүргізілетін жұмыстардың жоспарын құру 

2.     Педагогтарды отбасымен жұмыс жүргізу шеберлігіне дайындау 

3.     Отбасымен жүргізілетін жұмыстардың жаңа бағыттарын үздіксіз игеру. (1) 

Мекеме ішінде отбасымен жүргізілетін жұмыс жоспарының мақсаты – отбасымен 

қарым-қатынастың  тиімді,  оңтайлы  түрлері  арқылы  отбасын  мекеме  жұмысына 

белсендіре  араластыру,  бала  тәрбиесіне  деген  қызығушылықтарын  арттыру  болып 

табылады.  Осыған  байланысты  жылдық  жоспарда  мынадай  жұмыс  түрлері 

жоспарланады: 

·  Ата-аналарды балабақшамен таныстыру (презентация); 

·  Ата-аналарға арналған ашық сабақтар; 

·  Ата-аналарға арналған педагогикалық кеңестер (оқу жылында 1 кеңесті арнауға 

болады); 

·  Педагогикалық әңгімелер 

·  Тақырыптық кеңестер (әр топта оқу жылында 3-4 рет және осынша жалпы түрде); 

·  Жиналыстар (оқу жылында  3-4 рет); 

·  «Дөңгелек үстелдер» (дәстүрден тыс түрде ата-аналармен өзекті тақырыптар 

төңірегінде әңгімелесу); 

·  Ата-аналарға арналған конференция (ата-аналар, шектеулі мамандар, тәрбиешілер 

өмірлік жағдаяттарды моделдейді, тақырыптар аналарға арналған «Анам жайлы 

әңмелесейікші», әкелерге арналған «Мен үшін ең қымбат жан» т.с.с.); 

·  Ата-аналардың педагогикалық және психологиялық сауаттылығын қамтамасыз ету; 

·  Көрнекі насихаттық жұмыстар. 

Балабақшамен  таныстыру  жұмысы  –  жылына  1  рет  оқу  жылының  басында 

жүргізіледі.  Бұл  жұмыстың  негізгі  мақсаты  ата-аналарды  балалардың  білім  алу  және 




 

441 


 

тәрбиелену ортасымен таныстыру болып табылады. Яғни, отбасын балалар өмір сүріп 

отырған  ортаның  материалдық-техникалық  базасымен  және  осы  ортаның  оқу-

әдістемелік  қамтамасыздану  дәрежесімен,  педагогикалық  ұжыммен,  мамандармен 

таныстыру және осы арқылы олардың оң көзқарастарын қалыптастыру, достық қарым-

қатынас құру. 



Ата-аналарға арналған ашық сабақтар – отбасына баланың белсенділігін, даму 

деңгейін  ғана  көрсетіп  қоймайды,  сонымен  қатар  топ  ішінде  сабақтардың 

ұйымдастырылу  ерекшеліктерімен  де  таныстырады.  Сондай-ақ  балабақшада  балалар 

тек ойын әрекетімен айналысады деген жансақ ойлардан сақтайды. 



Ата-аналарға  арналған  педагогикалық  кеңестер  –  оқу  жылында  1  рет  болуы 

мүмкін. Бұл кеңесті әсіресе оқу жылының басында өткізген ыңғайлы. Көбіне бұл бала 

тәрбиесінде кездесетін өзекті мәселелерге арналады. 

Педагогикалық  әңгімелер  –  отбасына  баланы  таңертең  әкелгенде  және  кешке 

әкеткенде тәрбиешінің ата-анамен әңгімелесуінен бастау алады, тәрбиеші оларға бала 

тәрбиесіне  қатысты  бағдар  көрсетеді,  өз  ойын  айтып,  ата-ана  ойын  тыңдайды.  Бұл 

әңгімені жалпылай да өткізуге болады. 



Тақырыптық  кеңестер  –  белгілі  бір  тақырыпқа  байланысты  болуы  мүмкін.  Бұл 

кеңестерді  тәрбиеші,  дәрігер,  шектеулі  мамандар  бере  алады.  Тақырыптар  жиі 

кездесетін сұрақтар төңірегінде таңдалады. 

Жиналыстар – оқу жылында бірнеше рет ұйымдастырылады. Баланың жетістіктері 

жайында ата-аналарға ақпараттар беріліп, топтың түрлі мәселелері шешіледі. 



Дөңгелек  үстелдер  –  еркін  түрде  ұйымдастырылып,  еркін  ашық  әңгімелесуге 

бағытталған.  Бұл  ата-аналардың  ашылып  әңгімелесулеріне  мүмкіндік  береді. 

Тақырыптар  тәрбиешінің  қалауымен  немесе  ата-аналардың  сұранысымен  таңдалуы 

мүмкін. 


Конференция – түрлі жағдаяттарды моделдеу арқылы ата-аналарға балабақшаның 

тыныс-тіршілігін таныстыруға мүмкіндік туады. 



Ата-аналардың педагогикалық және психологиялық сауаттылығын қамтамасыз 

ету  –  бұл  ата-аналарға  бала  дамуындағы  ерекшеліктер  туралы  кәсіби  кеңестер  беру. 

Арнайы педагогикалық немесе медециналық мамандықтары жоқ ата-аналар кей кездері 

қиыншылықтармен,  түсініспеушіліктермен  кездесіп  қалуы  әбден  мүмкін.  Осыған 

байланысты мұндай кеңестердің маңызы өте зор. 



Көрнекі-насихаттық  жұмыстар  -  бәрімізге  таныс  хабарландыру,  дәрігер 

бұрышы,  мәзір  т.с.с.  ұқсас,  күнделікті  бағыттармен  ғана  шектелмеуі  керек.  Көрнекі 

ақпараттар ата-аналарға өте жақсы әсер етеді. Сол себептен бұл жұмыс түріне аса бір 

шығармашылықпен қарған жөн. (3) 

Ата – аналармен мынадай қызықты жұмыстарды жүргізуге болды: 

«Біз кішкентай болғанда» - ата-аналардың өз балаларының кішірек кезі жайындағы 

қысқаша әңгімелері. 

«Мен  үйренген  нәрсе»  -  әр  баланың  жетістігі  туралы  тәрбиеші  тарапынан 

жасалатын ақпарат. 

«Бала тілімен» - балалардың тосын айтқан қызықты әңгімелері. 

«Мен не туралы ойлаймын» - баланың қандайда бір адамға байланысты, құбылысқа 

байланысты айтқан қызықты ойларының жазбасы. 




жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау