417
Таким образом, можно сделать предположение, что трудный темперамент
дошкольника – это проявление бунта, протеста, своего рода начальный переходный
возраст, вскрывающий проблемы семьи.
Соответствующие разъяснения психолога-педагога могут способствовать
формированию сознательной ориентации родителей на устойчивые особенности
характера акцентуированных детей, которая обязательна для предотвращения
психологических
срывов
ребенка
и
родителей,
дляих
успешного
взаимоприспособления.
Главный принцип - принятие ребенка таким, какой он есть, со всеми его
индивидуальными особенностями, плюсами и минусами. Когда речь идет об
отношениях внутри семьи, говорят о безусловной любви к ребенку.
Использованная литература:
1.Астапов В.М. «Тревожность у детей»: ПЕР СЭ; Москва – 2008, 98 с.
2.Кулагина И.Ю., Колюцкий В.Н. Возрастная психология: Полный жизненный
цикл развития человека. — М.: ТЦ «Сфера», 2001. - 464с.
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫНДА
ТЕАТРЛАНДЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТТІҢ РОЛІ
Әлменова Маңғаз Бейсенбайқызы
№134 «Гауhар» балабақшасы
Бүгінгі уақыт талабында қоғам өте тез дамып, жаңалықтар өмірімізге тез еніп
жатыр. Қоғам дамуының ең басты шарты – шығармашыл тұлға тәрбиелеу, уақыт
талабына сай мәдени деңгейі мен шығармашылық қабілеті жоғары шәкірт әзірлеу.
Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және оны тәрбиелеу – бүгінгі таңдағы
көкейтесті мәселелердің бірі. Шығармашылық – бүкіл тіршілік көзі. Адам баласының
сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері
шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкіл халықтық, жалпы және жеке адамның
шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен
жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға
бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.
Білім мен тәрбие бастауын балалар балабақшадан алады. Бүгінгі таңда
қоғамымыздың даму бағытында мектепке дейінгі тәрбие саласы мамандарының
алдында жан-жақты дамыған, сауатты, саналы, өзіндік орыны бар, үлкенге құрмет
көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін азаматты тәрбиелеу мәселесі жүктелір отыр.
Бүлдіршіндердің білімді, білікті, саналы болып өсуінде осы жаста ойынның алар орны
ерекше. Н.К.Крупская: «Мектепке дейінгі балалар үшін ойынның ерекше маңызы бар:
олар үшін ойын-оқу, олар үшін ойын-еңбек, олар үшін ойын-еңбек, олар үшін ойын-
тәрбиенің маңызды түрі. Ойын-баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның
шығармашылық қабілетін ашып, танымдық қасиеттерін, зейінін, есте сақтау қабілетін,
ауыз екі сөйлеу мәдениетін дамытады. Ойын-баланың өмірді танудағы алғашқы
418
қадамы. Ойынның түрлері көп, соның ішінде театрландырылған ойындардың маңызы
зор.
Театрландырылған іс-әрекетте ертегілерді пайдалана отырып, баланың ой-өрісін
дамыту, сонымен бірге тыңдай білуге, есте сақтау, рөлге бөліп әдемі сөйлей білу
мәнерін арттырамыз. Балаларға театр, әртістік өнер, сахналау, қойылым, сахна туралы
түсінік беріп қызығушылығын оятамыз. Көріністерде өзара сөйлесу дағдыларын
дамыта отырып, бүлдіршіндердің тіл меңгеруіне деген сүйіспеншілікті арттырамыз.
Театр әр балаға қуаныш, ұмытылмас әсер сыйлайды. Оның көркемдік талғамын,
еліктеуі мен қиялын дамытады. Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа
дейін қалыптасады екен. Сондықтан да баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп
жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойна жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек.
Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті,
тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан-жақты дамып, жеке тұлға болып
қалыптасуында театрландырылған іс-әрекеттер ерекше маңызды роль атқарады екен.
Мектеп жасына дейінгі балаларды театр іс-әрекеті арқылы әлеуметтік-бейімделген
шығармашыл, жеке тұлға етіп тәрбиелеу жолдарының бірі-театрландырылған іс-әрекет.
Театрландырылған іс-әрекет желілі-рөлдік ойындардан тек желісі ғана емес,
сондай-ақ ойнау іс-әрекетінің сипатымен ерекшеленетіні айқындалған. Балабақшада
театрландырылған іс-әрекет мынадай бөлімдерден тұрады:
-Театрландырылған ойын.
-Ырғақтыиілгіштік (ритмопластика).
-Сөз мәдениеті және техникасы.
-Театр мәдениеті.
-Сахналау.
Театрландырылған ойын. Театрландырылған ойын -желілі-рөлдік ойындардан тек
желісі ғана емес, сондай-ақ ойнау іс-әрекетінің сипатымен ерекшеленетіні айқындалған.
Театрландырылған ойында кез-келген өмірлік мән-жайда өз құрбыластарымен және
үлкендермен қарым-қатынас жасай білуге, кез-келген жұмысқа шығармашылық
қабілетпен қарай білуге эстетикалық сезіммен ойнау арқылы мінез-құлқын дамыту
жүзеге асырылады. Бұл бөлімдегі ойын 3-ке бөлінеді:дамытушылық, әсемділік,
театрлық.
Ырғақтыиілгіштік (ритмопластика)-бұған кешенді ырғақтылық, музыкалық,
иілгіштік ойындар мен жаттығулар кіреді. Дене қозғалысының нақтылығы мен
еркіндігін дамытуда, өзінің денесінің сыртқы қоршаған ортамен байланысқан қарым-
қатынасын сезінуде балалардың эстетикалық, психологиялық қабілеттерін дамытады.
Сөз мәдениеті және техникасы. Ойындар мен жаттығулар сөйлеу логикасы мен
дикциясын дұрыс артикуляциясын меңгере білуге, сөйлеу құрылымын еркін айтуға,
тыныс алуын дамытуға бағытталған. Бұл бөлімге сөздермен айтылатын ойындар
уіргізілген. Жаттығулар тыныс алу және артикуляциялық, дикциялық және
интонациялық сөздер, шығармашылық ойындар болып бөлінеді.
Театр мәдениеті . Балаларға театр өнерінің шынайы сезімдерін меңгерту. Бөлімнің
негізгі тақырыптары: театр өнерінің ерекшеліктері, театр өнерінің түрлері,
қойылымның жасалуы, сыртқы және ішкі театр, көрермендер мәдениеттілігі.
Қойылыммен жұмыс-бұл жанама бөлім, ол авторлық сахналауға негізделген. Оған