Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет201/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   472

 

423 


 

мұраларымызды  насихаттауының  аздығын  айта  кетуге  болады.  «Мен  Жумонгпын», 

«Мен Тэ Сомын» , деп қылыш қылып таяқ сілтесіп жүрген балаларды көргенде өзгенің 

батырлары  біздің  балдырғандар  үшін  «қаhарман»  болғаны  ма?    Неліктен  сол 

жеткіншектер  «Мен  Қабанбаймын»,  «Мен  Бөгенбаймын»    деп  шапқылап  жүрмейді? 

Біздіңше, олар сол батырлар жайлы білмегендіктен осындай әрекеттерге барады. Осы 

олқылықтардың орнын толтыру үшін тарих сабақтарында  қазақ- жоңғар қатынастарын 

баяндайтын  «Көпенділер»  ,»Жау  жүрек  мың  бала»,  кинофильмдерін,  Алаш-Орда 

үкіметі туралы сабақты өткенде «Алаш-Орда», «Мұстафа-Шоқай» көркем фильмдерін 

үнемі көрсетіп, насихаттап отырса нұр үстіне нұр болар еді- ау. 

Осыдан соң ұлттық сана, патриоттық сезім оянбасына кім кепіл? Қазақ халқына ел 

боламын  десең,  бесігінді  түзе  –деген  қанатты  сөз  бар.  Ендеше,  ел  болашағына 

алаңдасақ, елдігімізді сақтаймыз десек, отансүйгіштік тәрбиені жетілдіреміз десек, өсіп 

келе жатқан ұрпаққа  барынша дұрыс бағдар беруіміз керек.  

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 



1. 

«ҚР Білім  туралы заңы».  

2. 

С.Т.  Иманбаева.  «Алыс  дәне  шет  елдердегі  патриоттық  тәрбиенің  даму 



ерекшеліктері». Білім-Образование, Алматы -2007. 2-3 б. 

       


 

АБАЙ СӨЗІ – ТӘРБИЕ СӨЗІ 

 

Боранбаева А.К, ғылыми жетекшісі Жаканбаева А.А 



Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжі 

 

Тәрбие  жайлы,  көркем  мінез  жайлы  Шәкәрім  Құдайбердіұлының:    «Әрбір  істі 

бастан  түзу  бола  келмесе,  түбінде  түзелуі  де  қиын  болады.  Ағашты  жас  күнінде 

қисығын  түзей  келсең  түзу  болып  өседі  һәм  бір  түзу  болып  өскен  соң  жаңадан 

қисаймайды. Ағаш ұлғайып қатып кеткен соң түзеуге де көнбейді, сынып кетеді. Сол 

жақсы көркем мінезді жасыңнан әдет етсең, ол әдет тура  жолдан соңғы уақыттарда 

қандай қиыншылық көрсеңіз де жаздырмас. Ұлғайғанша өзгерту де қиын болса керек, 

мүмкін  болмастығы  да  ғажап  емес»  деген  ұлағатты  сөзі  жас  ұрпақты  тәрбиелеуде 

басты ұранға айналуы тиіс. Жас ұрпақ тәрбиесіндегі таптырмас тәрбие құралы болып 

саналатын  қазақ  этнопедагогикасының  ғылым  ретінде  қалыптасуын,  осы  мәселе 

төңірегінде  алғаш  төл  туындылар  жазған  демократ  ағартушылар  Ш.  Уалиханов,  Ы. 

Алтынсарин, Ш. Құдайбердіұлы, А. Құнанбаевтардың есімімен байланысты. Әрине, 

қазақта тәрбие, көркем мінез тақырыбына қалам тартпаған ақын, жазушы жоқ деп нық 

сеніммен  айта  аламыз.  Соның  ішінде  әрбір  өлеңінде  халықты,  жастарды  білімге, 

тәрбиеге шақырған ұлы ақынымыз, қазақтың дара, дана ұлы Абай Құнанбайұлы. 

Абайдай  ұлы  адамның  бойындағы  ақындық  қасиетін  халықты  тәрбиелеуге 

бағыштағандығы  «Жаздым  үлгі  жастарға  бермек  үшін»  -  деген  тұжырымынан 

байқалады. Абай өсиетінің өміршеңдігі сол – оның замандар көші қанша өзгергенімен 

оның  қадір  –  қасиеті,  адамды  адам  етпек  мақсат-  мұраты  ешқашанда  ескірмей  келе 



 

424 


 

жатқандығы. Адам болам деген әрбір жас Абай тағылымынан үйреніп, бағдар түзеп, 

өмірге «кірпіш болып қаланары» хақ.  

Абайша айтсақ «Естілердің сөзін ескеріп жүрген адамның есті болмағы» - заманы 

мен  амалы  өзгеріп  тұрған  мына  аласапыран  заманда  әрбір  адамды  адастырмас 

темірқазық  іспетті.  «Алдыңғы  толқын  ағалар,  кейінгі  толқын  інілердің»  Абай  ілімін 

жалғастырмақ ниеті мен ойы бір жерден тоғысып жатыр ма? 

Абай шығармаларын оқып, көкейіне түйіп  өскен адамның ішкі дүниесінің адамдық 

қасиетінің басым болатынын жастарға ұғындыру үшін әр ұстаз оқу – тәрбие жұмысында 

темірқазық етіп Абай сөзін ұстанары сөзсіз. Адам баласының бойындағы әділеттілік, 

мейірімділік, рақымдылық, жомарттық тәрізді адамгершілік қасиеттерді басты орынға 

қоя білді. « Толық адам» тәрбиелеуде Абай жастарды оқу  – білімге шақыра отырып, 

білімді  де  жан-  жақты,  саналы,  ақылды,  парасатты,  кеудесінде  жастық  қуаты  тасып 

тұрған,    қайратты  жастың  жүрегі  ізгі  қасиеттерге  толы  болсын  дейді.  Абай  білімді, 

ақылды,  қайратты  жастың  жүрегінде  ізгі  қасиеттер    тапшы  болып  жатса,  ол  өзінің 

қайраты мен білімі арқылы қоғамға қауіп төңдіретінін жақсы ұғады.   

Абайтанушы  ғалым  Тұрсын  Жұртбай  былай  дейді:  «Абайдың  сөзі  кез  келген 

заманда өз заманына қарай құны жоғарылып отырады. Күйініп отырып, өзінің халқын 

Абайдай  сүйген  адам  жоқ.  Және  қазаққа  Абайдан бетер  ащы  да,  жанын  ауыртып  та, 

түңіліп те айтқан адам жоқ. Оның сөздері тұла бойына қан жүгіртіп, жұлын – жүйкеңді 

ерітіп,  ашындырып,  тұшындырып,  құрып  кеткенде  10  жылда  бір  рет  өзіңмен  –  өзің 

ойлануға мүмкіндік жасайды. Сені жақсы көре отырып, бойыңды ерітіп отырып тұздық 

салады. Ақыл – ойы сасып кетпесін деп тұздықтайды».  

Абай – ең әуелі қазақтың ақыны.  Ол қазақша ойлап, қазақтың қасіретін, қуанышын 

айтады: 

 Жүрегімнің түбіне терең бойла, 

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла. 

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім, 

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!- дейді. Қазіргі мынау жаһандану қазақтың 

жеріне ендеп кіріп, ұлттық құндылықтарымызға қауіп төніп жатқан кезеңде ұлтымызға 

қатысты  Абайдың    айтқан  тағылымын  әсте  естен  шығармай,  керісінше  оны  жас 

ұрпақтың бойына сіңіру жолдарын барынша еселей түсу керек. Үлкенге ақыл, кішіге 

көмек болар сөз – Абай сөзі. Сондықтан Абай тағылымын үйрену – әр қазақтың парызы. 

Бұл  жөнінде  М.  Әуезов  былай  дейді:  «Өзінің  адамгершілік,  әлеуметшілдік, 

ағартушылық ойларын айтуда, Абай педагогикалық жақсы әдісті қолданды. Оңайдан 

қиынға  қарай,  жақыннан  жыраққа  қарай,  қызықты,  күлкілі  жайдан  үлкен  толғаулы 

қорытындыға қарай біртіндеп жетектейді». 

Болашақ  ұстаздарға  Абай  мұрасын  тек  оқып  әсерлену  үшін  ғана  емес,  өзің 

қазақпын деп санайтын саналы ойлы адамзат баласының мұраты болмақ. «Сөз түзелді, 

тыңдаушы сен де түзел» демей ме Абай. Ендеше Абай сөзі- қазақтың сөзі. Абай сөзін 

өмірінің мәні ете білу – тек әдебиетші, тілші мамандардың ғана емес, өзін қазақпын деп 

санайтын саналы ойлы адамзат баласының мұраты болмақ.  

Күллі адам баласының қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек. Әуелі  – 

надандық, екіншісі- еріншектік, үшіншісі- залымдық деп білесің. Білімсіздік хайуандық 




жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау