Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет134/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   472

 

276 


 

ұсынды.Солардың  бірі  балалар  ақыны,  сазгер,  Қазақстан  Жазушылар  Одағының 

мүшесі К.Ыбырайұлы өзінің балаларға арналған шығармаларымен АКП кітапханасын 

толықтырды,  әр  мереке  сайын  балаларға  «тосынсый»  жасап,  жаңа  «Балдәурен», 

«Ақтауым», «Тілім менің» атты әндерін балаларға тарту етті. Бұл әндердің алғашқы 

орындаушылары балабақша бұлдіршіндері болды. 

 

Балалармен және ата-аналармен жүргізілген іс-шаралардың нәтижелерін анықтау 



барысында  диагностикалық  жұмыстар  ұйымдастырылып,  тестілер,  сауалнамалар 

арқылы  балалардың,  ата-аналардың  бойындағы  оң  өзгерістер  анықталды  (ата-

аналардың сенімі, ұйымдастырған іс-шараларға белсенді қатысуы, т.б). 

 

«Жұмыла  көтерген  жүк  жеңіл»  демекші  бала  тәрбиесіндегі  оқу-тәрбие  үрдісі 



сабақтаса ұштаса жүргізілгенде ғана көзделген мақсат нәтижелі болары сөзсіз. Алдағы 

уақытта  бұл  үрдіс  өз  жалғасын  табатындығын  және  іс-тәжірибелеріміз 

шыңдалатындығын  сеніммен  айта  аламын.  Ата-аналармен  жұмыс  жасаудың  тиімді 

әдіс тәсілдері Ата-ана – баланың бірінші ұстазы және тәрбиешісі. Жаңа қалыптасқан 

жеке  тұлғаны  тәрбиелеуде  оның ықпал  күші  айрықша  зор.  Ата-ананың балаға  әсері 

олардың қалтқысыз сүйіспеншілігі және қамқорлығы болып табылады. Ата-аналар А. 

С. Макаренконың «Балаларды тәрбиелеу біздің өміріміздегі ең жауапты сала. Дұрыс 

тәрбиелеу  –  бұл  біздің  бақытты  қарттық  шағымыз,  жаман  тәрбиелеу  –  бұл  біздің 

келешек қасіретіміз» деген пікірдің мағынасын түсінуі тиіс. Баланы тәрбиелеуге ата-

аналарға  кім  көмектесуі  керек?  Бұл  жұмыста  мектепке  дейінгі  ұйым  педагогтары 

маңызды  рөл  атқарады.  Біз  жанұямен  біріге  отырып  ата-аналарды  педагогикалық 

біліммен қаруландырамыз. Жыл бойына ата-анамен тығыз қарым-қатынаста боламыз. 

Мәселен,  баланың  кейбір  қылықтарына  қалай  қарау,  оларды  бос  уақытта  немен 

шұғылдандыру,  үлкендерді  құрметтеуді  қалай  үйрету,  балаға  қандай  кітаптар  оқып 

беру  жөнінде  ақыл-кеңестер  береміз.  Сонымен  бірге  ата-аналар  балабақшадағы  күн 

тәртібін біліп отырғысы келеді (қалай ұйықтайды, не істейді, құрбыларымен қарым-

қатынасы және тағы басқалар). Ата-аналарды жиналыста күн тәртібімен таныстырып, 

топ бөлмелерін көрсетеміз. Біздің балабақша тәулік бойы жұмыс жасағандықтан күн 

тәртібі  таңғы  ояну,  мәдени  гигиеналық  дағдылар,  таңғы  гимнастикадан  басталады. 

Серуеннен соң иммунитетті көтеру үшін фито-шай ішіледі. Стрельникованың тыныс 

алу  жаттығулары,  нүктелік  массаж,  сабақ  кезінде  сергіту  сәті,  саусақ  гимнастикасы 

жасалады. Күні-бойы бірнеше рет серуенге шығамыз. Таза ауада көп уақытты өткізу 

біздің балалардың денсаулығын нығайтуға септігін тигізеді. Дәрігердің белгілеуімен 

физиотерапия  және  массаж  емдеу  түрлері  өтеді.  Суық  тиюдің  алдын  алу  үшін  ата-

аналарға ауыз қуысына массаж жасауды үйреттік. Сонымен қатар, ата-аналарға арнап 

баланың  мектепке  дайындығын,  яғни  көру,  есту,  қабылдау,  есте  сақтау  зейіні  мен 

ойлау қабілетінің даму барысын анықтауға психологиялық, логикалық тапсырмалар, 

ойын  жаттығулар  және  сауалнамалар  жинақталған.  Ата-аналармен  жеке  өткізілетін 

сұрақ-жауап кештері бала тәрбиесіне үлкен көмегін тигізеді. «Күзгі жемістер көрінісі», 

«Күзгі  табиғат»  сурет  көрмесіне  ата-аналар  мен  балалар  өз  өнерлерін  көрсетті. 

Сараптау  арқылы  жылдың  басы  мен  аяғындағы  нәтижесін  салыстырып, 

жетістіктерімізді  көрдік.  Бала  тәрбиесінде  үлгі  болар  отбасыларының  жұмыстарын, 

жетістіктерін атап айттық. Балалар қосылып «Ертегілер елінде», «Сүйкімді ханымдар 

мен  ханзадалар»  сурет  көрмесін  ұйымдастыруға  көмектесті.  Сонымен, 




 

277 


 

шығармашылық  ізденіс  жұмыстар  нәтижесінде  мынадай  қорытындыға  келдік:  1. 

Жиналыс тақырыбы бойынша сауалнама жүргізілді. 2. Ата-аналарға «Туберкулезбен 

ауыратын  адамның  жанұя  мүшелері  үшін  жаднама»  үйлестіру.  Бұл  ережелерді 

орындау олардың балаларың туберкулезге шалдығудан сақтайтындығын ескерттік. 3. 

Балалардың  үйде  жақындарына  сабақтан  тыңдаған  шығарма  мазмұнын  айтып  беруі 

ұсынылады.  Мұндай  әңгімелеп  беру  балалардың  тілін,  есте  сақтауын  дамытуға 

эмоционалды  көңіл-күйлерін  жақсартып,  өз-өзіне  сенімділік  пен  жауапкершілік 

сезімдерінің қалыптасуына ықпал етеді. 4. Кішкентай бүлдіршіндердің Отанға деген 

сүйіспеншілігін ата-аналардың бірлескен көмегінсіз тәрбиелеу мүмкін емес. 5. Тәрбие 

төрт түрлі бөлімнен тұрады: дене тәрбиесі, ақыл-ой тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі, құқық 

тәрбиесі.  Егер  адам  баласына  осы  төрт  тәрбие  тегіс  берілсе,  оның  тәрбиесі  онды 

болғаны.  Мектепке  дейінгі  ұйымдардағы  педагогикалық  кеңестің  мақсаттары  мен 

міндеттері. Педагогикалық кеңес-мектеп жасына дейінгі мекеме ұжымының өзін-өзі 

басқарудағы  ұдайы  іс-әрекеті.  Балабақшадағы  педкеңес  құрамына  барлық  тәрбиеші 

педагогтар  мен  медицина  қызметкерлері,  сол  сияқты  ата-аналар  (сайлау  құқы 

бойынша)  педкеңестің  төрағасы  мекеме  басшысы,  яғни  директор.  Педагогикалық 

кеңестің  мақсаты  оқу-тәрбие  жұмысындағы  іс-әрекеттерді  дұрыс  жолға  қоя  білу, 

ұдайы шығармашылықта болу, тәрбиеші педагогтың іс-тәжірибелері ортаға салынып 

ой бөлісу, жүктелген тапсырмалар қорытындыларын қарау, сонымен қатар оқу-тәрбие 

жұмыстарын  бағыттау.  Мектеп  жасына  дейінгі  ұйымдағы  педкеңестің  негізгі 

міндеттері:  -  Жаңаша  жұмыс  жоспарларын  тарату,  тәрбие  жұмысының  әрі дамуына 

жаңа  технологиялық  ақпараттар  беру;  -  Педагогтардың  экономикалық,  рухани-

адамгершілік дамуына жүйелі қатысу және білім берушілер мен білім алушылардың 

сапалы  қалыптасуы;  -  Оқу-тәрбие  ісіндегі  ғылыми-зерттеу  іс-әрекеттегі  жаңаша 

үлгілерді қуаттау: - Тәжірибелі тәрбиеші педагогтың іс-тәжірибесін тарату: Педкеңес 

жұмысындағы келесі бағыттар: - Балалардың білім деңгейі мен педагогтардың кәсіби 

біліктілігін талдау; - Педагогтардың жасаған жұмыстарын қорытындылау; - Мектепке 

дейінгі  мекеменің  іс-әрекет  жайындағы  тұжырымдаманы  қалыптастыру:  -  Мекеме 

өзінің  стратегиялық  дамуын  нақтылау,  басты  бағыттағы  іс-әрекетпен  ұзақ  мерзімді 

жұмыс  жоспарларын  жасақтаудағы  мақсаттар  мен  міндеттер;  -  Жұмыс  жоспарын 

тарату  мерзімін  белгілеу;  -  Бірігіп  жұмыс  жасайтын  мекемелермен  өзара  байланыс, 

яғни  мектеппен;  -  Жоспарланған  тапсырмалар  мен  міндеттердің  қалалық  аймақ 

бойынша  жүзеге  асуын  қамтамасыз  ету;  -  Педагогикалық  процесте  балалардың 

физиологиялық  және  психологиялық  жағынан  дұрыс  дамуын,  бала  денсаулығын 

нығайтуға  жағдайлар  жасау;  -  Мектепке  дейінгі  мекемелерге  арналған  мемлекеттік 

стандартқа сай жұмыс жасауды қамтамасыз ету. 

 

«Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі балабақша мен ата–аналардың 



өзара  байланысы»  Егер  жүректе  шындық  патшалық  етсе,мінез  тамаша  болады. 

Егер мінезде әсемдік, үйде үйлесімдік болса, қоғамда тәртіп болады. Қоғамда тәртіп 

болса, әлемде бейбітшілік орнайды.  

 

Бала  тәрбиесі  өзінше  бір  ғылым  сияқты.  Ал  ғылым  ерінбегендікі,  төзімдінікі. 



Ендеше бала да соныкі. Ғұлама ғалым, ағартушы Ахмет Байтурсынов: «Басқадан кем 

болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек, күшті болуға бірлік керек. 

Осы  керектердің  жолында  жұмыс  істеу  керек»  дейді.  Ұрпақ  тәрбиесі  ата  –  ана  мен 



жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау