26
орнатылған тәртіпті құрметтеуге мүмкіндік береді. Өз кезінде тәрбиешіден
ұстамдылық, шыдамдылық, орынды қатаңдық, тәрбиеленушілерге құрметпен
қараушылық талап етіледі. Сезімге, санаға және мінез-құлыққа ықпал жасау бірлігі
заңдылығы жеке адам дамуы үдерісінің біртұтастығы ұғымынан туады. Ол
адамгершілік тәрбие құралдары мен әдістерін таңдап алуда кешенді қатынасты талап
етеді.
Тәрбиелік ықпал жасаудың мазмұнын белгілей отырып, ол балада эмоциялық әсер
тудыра ма, түсінікті бола ма, айналадағы өмір құбылыстары туралы белгілі бір
ұғымдарды, сондай-ақ іс-әрекет түрткілерін қалыптастыра ма, саналы мінез-құлыққа
тәрбиелей ме деген мәселелерді ескерген жөн. Балалар бақшасында және жанұяда
балаға қойылатын талаптардың жүйелілігі, бірізділігі және бірлігі мінез-құлық
дағдыларын бекем меңгеруді, баланың жеке басының адамгершілік қасиеттерінің
қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Атақты педагог Сухомлинский; «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі
аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден
алады.Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау
дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа
да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.
Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балағарухани ляззат беріп, қиялға қанат
бітіретін, жасбаланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани
азық«, деп атап көрсеткен.Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-
міндеттерінің ең бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы
ұрпақ тәрбиелеу.
Ұрпақ тәрбиесі— келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты
жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени— ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу — біздің де
қоғам алдындағы борышымыз.
Әлемнің ғылыми суреті туралы; өз халқының және өзге ұлт халықтарымен салты
мен дәстүрі; адам және қоғам өміріндегі рухани мәдениет; этикалық норма және өзін -
өзі ұстау ерөз халқының және өзге ұлт халықтарының мәдени салттарын құрметтеу
(саяси мәдениетті тұлға); рухани құндылықтарға құнтты қарау; мәдени және рухани
жетілу; берілген мәдени орталығы шегінде жұмыс істей білу; басқаларды ести және
тыңдай білу; әңгімеде интелегенттікті ұстану; қазіргі адамға ұсынылып отырған
құндылықтар мен нормалар көптігінде өз бетімен бағдар алу; ауызша және жазбаша
тіл мәдениетін білу.
Мұның бәрі баланың жеке тұлға ретінде дамуына қажетті көркемдік ,ізгілік
қасиеттерін бойына жинауда халықтың рухани мұрасының құндылығын қуаттайды.
Қазіргі таңда әрбір жеке тұлғаның бойындағы қасиеттерін дамытып,қалыптастыруға
аса мән беріліп отырғаны белгілі. Әсіресе ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан
салт-дәстүр,әдет-ғұрыптар арқылы балалардың жеке бас бас қасиетін дамыту
баршынша көңіл бөлінгенін аңғарамыз.[2].
Бүгінгі бала – ол ертеңгі қоғам иесі. Сонымен қатар, балалардың дара
ерекшіліктеріне байланысты тәрбиеленудің ең алғашқы сатысынан бастап оларға
саналы тәрбие беру,оған ұлттық мағына бере келіп,ақыл-ойы дамыған салт-дәстүрін
білетін баланы тәрбиелеп шығару-халықтың тәлім-тәрбиесі түрлерін көбірек
27
насихаттап,ұрпақ бойына ізгілік,адамгершіліктің жақсы қасиеттерің жүрегіне
ұялатсақ,олардың өз тіліне, Отанына,дініне, халқына деген сүйіспеншілігі артып, өз
елінің әдет-ғұрыптарын бойына аздап болса да сіңіруі сөзсіз.
С.Қалиев, М. Оразбаева, М. Смайлова «Қазақ халқының салт-дәстүрлеріне»
тоқтала отырып,үш жақты көрсетті: ол ұлттық сезім, ұлттық салт-дәстүрлер және
ұлттық мінез. Осы үш бірлік ұлттық мәдени ерекшіліктің шартты белгілері болып
табылады.
Ұлттық сезім дегеніміз - баланың туған жеріне, өскен еліне,ана тіліне,ұлттық
салт- дәстүрлерге деген сүйіспеншілігін білдіреді.
Ұлттық сезім баланың жеке басының бір іске қанағаттануына ,шаттануына
немесе риза болуына, немесе қанағаттанбауына байланысты ой-қиял,әсер түйсігін тіл
арқылы өзгелерге жеткізіледі.
Ұлттық салт-дәстүріміздің туы ұлттың ұлт болып қалыптасуына байланысты
екенін айтып өткеніміз жөн.
Ұлттық мінез-құлыққа тоқталар болсақ,ақыл-ойы кем балаларға сана-сезімдерінің
қабылдауы.
Балаларға ұлттық тәрбие бере отырып,ұлының ұлағатты,қызының инабатты болып
есейіп ер жетуі біздер үшін әрі қуаныш, әрі мақтаныш. Тал бойынан үлгі өнеге, тәлім-
тәрбие көргендігі көзге ұрып тұрады[3].
Аға-әкпелеріміз үлкенді сыйлап, кішіні аялап, өз қамқорлығына алып жүреді.
«Қызға қырық үйден тию» демекші, қатаң тәртіптегі шолпысы шылдырлап,күлкісі
сыңғырлап қана ақырын естілетін қыздар, ою-өрнектерін салып,кестелерін тігіп,
құрақтарын құрап өнегелі болса,жаман болар ма еді. Ұлдар болса ата ұлағатынан үлгі
алып,үй шаруасын жүргізіп,басқаруға икемдене бастаса,жаман болар ма?
Ал енді өзіміздің XXI ғасырлық жастарымызға көз жүгіртсек, Шортанбай
Қанайұлының айтқанындай:
Бұл асылық асқан заманда
Баласы кетті тыюдан.
Қазіргі жастар үлкенді сыйлап,кішіге құрмет көрсетуден жұрдай, ата –анасын
қадірлеу дегенді атымен білмейді. Осы балалар ертеңі өздері де әке болып, шеше
болып, тастанды балалар санның көбейтсе ше? .
Қылт етсе, егісіп, тайталасып шыға келеді. Одан қалса,жоқтан жағаласып,жерден
алып,жерге салатын әдеті тағы бар. Бұрыңғы кездегі үкісін үлбіретіп,қос етек
көйлеген әпкелеріміздің сыпайы жүріс-тұрысынан, байсалды іс-әрекетінен кісіге
көрсеткен сый-құрметтері,әдепті көзқарастары бірден аңғарылушы еді. Ал бүгінгі
қыздарымызда бір тамшы кішпейілділіктің ұшқыны қылаң бермейді. Киім киістері де,
сөз саптаулары да өрескел. Өзін-өзі ұстау,үлкендерден қаймығу дегенді ұмытқан,
мінездері жеңілтек, ұшып-қонған көбелектей еркін, жүрістері де ашық - шашық.
Сонымен қатар,салмақты да сабырлы,аз сөйлеп,көп іс тыңдыратын серілеріміз де
бүгінгі таңда серілігін жоғалтқан. Мектепке дейінгі білім алу мекемелері
тәрбиеленушілеріне ар , ұят, ынсап деген адамгершілік туралы сөздерді, терең сіндіріп,
ұзаққа бойлап,ақыл-ой өлшеміне салып салмақтайтын да тәрбиеші. Бала тәрбиесіне
көп көңіл бөліп,үздіксіз жұмыс арқасында ,қазіргі таңда балалар үйінің
тәрбиеленушілері істерін орнықты,жұмыстарына тиянақты елімізді де, тәрбиешілерді