24
Қолданылған әдебиеттер
1. Солташұлы Ы. Заман Талабыــ көптілді болу. // Ақиқат. 26 қараша- 2012 ж. № 11. 14-
15 б.
2. Жаминова Р.Ж. Модульдік оқыту технологиясын қолдана балалардың тілдік
құзыреттілігін қалыптастыру. // Мұғалімнің кәсіби дамуы: дәстүрлері мен өзгерістер.ІІ
халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. ІІ том. Астана-2012 ж. 115 б.
3. Пассов Е.И. Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению,2-е изд. –
М.: Просвещение, 1991. – 116 б.
4. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы.
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ АРҚЫЛЫ ТӘРБИЕЛЕУ
Абельдинова А.А, Жекенова Б.О.
Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжі
Қазіргі таңда қоғам өзгерісіне байланысты әлеуметтік мәселердің ішіндегі ең
өзектісі мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі балалар тәрбиесі болып келеді.
Мектепке дейінгі білім алу мекемесіндегі ұлттық тәрбие –қазақтың елдігінің мәселесі.
Ұлттық тәрбие -қазақ ұлттының болашағы,үміт артқан ертеңі, жас жеткіншекті
тәрбиелеу деп айтамыз.
Мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиеленушілерді – оқу мен тәрбиесі
балалардың даму ерекшелігін есепке алатын және оның кемшіліктерін жоюға
барлығынша көмектесу болып табылады..
Құбылып тұрған әлеумет жағдайына қарап, тәрбиеленушілерді жақсы өмірге
дайындау үшін, мектепке дейінгі білім алу мекемелерінде тәрбиелеу және түзете
отырып дамыту кеңістігін ұлттық тәрбие арқылы құрылуда.
М.Жұмабаев айтқандай: “Тәрбие-қиын іс, тәрбиеге жағдай жасау-ең әуелгі
борыштарының бірі. Өйткені, өзіңді және жақындарыңды білімді етуден маңызды еш
нәрсе жоқ.”
Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі оқу-тәрбие және ұйымдық-
әдістемелік
жұмыстарды
әдіскер,тәрбиеші,педагог-дефектолг,
педагог-
психолог,музыка жетекшісі,дене шынықтыру жөніндегі инструктор,мединциналық
мейірбике балалардың дамып жетілулеріне байланысты тәрбиелік жұмыстарын
жүргізеді.
Осы бағытағы жұмыстың тәрбиелік құндылықтарын ұлттық тәрбие саласында
жүргізу болып келеді. Келесі құндылықтар мен құрылғыларды ұлттық тәрбие арқылы
өндіру жолдарын қарастырайық:
Адам құндылықтарының қалыптастыруы; әртүрлі көзқарас пен сенімділіктерге
демократиялық ұстанымның болуы; белсенді азаматтық ұстанымның қалыптасуы;
25
қоғам құндылықтары және қоғам міндеті санасында қалыптасуы; балалар үйі, сыны,
мектеп, қаланың қоғамдық өмірінде қатысуға дайындық[1].
Қазақстан және туған жер аймағының тарихын білу; мемлекеттің құрылуы және
дамуы; ҚР азаматтарының саясаттық құқықтары мен міндеттерін білу; саяси
партиялардың ролі; ҚАЖ адам мен қоғам өмірінде; тұрғылықты және Республикалық
деңгейде ҚР басқарма структурасын білу.
Тарихи деректерді әділетті бағалау және талдау; тарихи және саясат процестерін
өз бетінше бақылау, өз өмірлік ұстанымын белгілеу; саясат деректерді әділ бағаланған,
талданған мәселені, қабылданған шешімдерді, бір-бірімен байланысуына берілген
анализ бойынша баға беру; жеке тұлғаның рухани байлығын қабылдау және оны
өмірде қолдану; өзінің және қоғам игілігі үшін қоғам өміріне белсенді қатысу, заң
нормаларының әралуандығына, қазіргі заман адамдарына ұсынылатын, өз бетімен жөн
табу;қоғам және мемлекет өміріне белсенді қатысу; Отаның қорғауға дайындық; жеке
адамды құрметтеу, басқа адамды жеке тұлға ретінде, өз таңдауын жасауға құқылы деп
қабылдау.
Азаматтық және патриотизмді тәрбиелеу, Отаны – Қазақстан Республикасын
сүюге, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, халқымыздың салт – дәстүрін құрметтеу.
Саясат мәдениетінің қалыптасуы. Этнопедагогика. Құқықтық саланың қалыптасуы,
азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу.
Адамгершілік дүние танымын қалыптастыру; өз халқының және басқа елдердің
салт-дәстүрлерін зерттеуге қызығушылықтарының қалыптасуы; адам өмірінде және
қазіргі қоғамда рухани құндылықпен мәдениетінің қажеттілігін ұғыну; этика мен
эстетиканы білу қажеттілігін ұғыну болып табылады. Бала ата-ананың қамқорлығы
мен махаббатына, олардың қарым-қатынасы мен еркеліктеріне мұқтаж. Ата-ананың
балаға деген махаббаты мен олардың қамқорлығы баланың да жауапты үн қатуын
шақырады, бала ата-ананың сөзіне құлақ салып, тәрбиелі болып өседі. Егер бала
махаббат пен қамқормен бөленсе, ол өзінің қандай екеніне қарамастан жақсы
көретінін, өзгелер үшін қажетті де, сүйікті жан екенін түсінсе, ол өзін қорғанған,
біреуге қажеттілігін түсінеді. Осының бәрі оның мейірбан болып өсуіне жақсы
ықпалын тигізеді.
Адамгершілік тәрбиесінің маңызды заңдылығы балаларды ұжымда тәрбиелеу
заңдылығы. Ұжым – бұл баланың жеке басын қоғамдық бағытта қалыптастыру
мектебі. Мұнда оның жеке қасиеті, қабілеттілігі және адамгершілік сапалары
неғұрлым айқын көрінеді. Адамның адамгершілік тазалығы ең алдымен оның
әрекетінде көрініс табады. Ұжымда бала өзінің білімін, айналадағы дүниеге, іс-
әрекетке көзқарасын: көмек көрсетуге, нәтиже шығаруға, құрбыларына қамқорлық
жасауға, рахымдылыққа, қарапайымдылыққа, еңбек етуге ұмтылуын көрсете алады.
Ұжымда тәрбиелеу заңдылығы тәрбиешілерді әр баланың мінез-құлқына ізгі
ықпал жасауы үшін балаларды бірлесіп қызмет жүргізудің алуан түрлеріне біріктіруді
міндеттейді. Бұл заңдылықты іс жүзінде қолдану тәрбиешінің мейірімділікті
балалардың жеке ерекшеліктерін, адамгершілік тәжірибесін, дамуы мен
мүмкіншіліктерін ескере отырып талап қоя білумен ұштастыра білуінен көрінеді.
Мұның өзіолардың ұсыныстарын, идеялары мен ұмтылыстарын басып тастамай,
адамгершілік мінез-құлықтың, тәртіптіліктің негізін қалыптастыруға, топта