8 бет
АЌСУ ӨЊІРІ
24 маусым 2016 жыл
ҚҰРЫЛТАЙШЫ:
Алматы облысы, Ақсу
ауданы, Аудан әкімдігі.
Газет Ќазаќстан Республикасы
Инвестициялар және Даму Министрлігі
Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат
комитеті
2015 жылы 16 қараша айында есепке ќойылды.
Куєлік №15701-Г
БІЗДІЊ
МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:
Аќсу ауданы,
Жанс‰гіров ауылы,
Желтоќсан кµшесі, №5,
Аудандыќ єкімшілік ‰йінде
Газет бетінде жарияланған мақалалар
авторының пікірі редакция көзқарасы
болып табылмайды. Мақалалар
өңделеді, авторға қайтарылмайды.
Жарнама, хабарландырулар, арнау,
құттықтаулардың мазмұны мен
мәтініне жарнама беруші жауапты.
Тапсырыс 488
Таралымы 3486
Индекс: 65750
Офсеттік басылым кµлемі 2б.т.
Электрондыќ почта
aksuoniri@mail.ru
Директор - бас редактор
Найманханұлы
Мұхаметәлі
Газет Сарќан ќаласы, Тєуелсіздік, 108 «Алатау баспа - полиграфиялыќ корпорациясы» ЖШС филиалы - Сарќан баспаханасында басылады.
Директор бас редактор
- 2-11-61
Жауапты хатшы
- 2-12-90
Меншік иесі: «Ақсу өңірі"
жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі
Газет қазақ тілінде аптасына бір рет,
жұма күні шығады.
Құттықтаймыз!!!
Қопа ауылының тұрғыны, Ш.Уәлиханов атындағы негізгі
мектептегі тарих пәнінің мұғалімі, аудандық, облыстық
марапаттың иегері, ардақты ұстаз, аяулы жар
Рахметова Шолпан
Ізгі тілекпен құрбыларың: Гүлнар, Надежда,
Гүлбаршын, Әлия.
Абуғалиқызын 50 жасқа толған
мерейтойымен құттықтаймыз!
Деніңе
саулық,
отбасыңа
амандық тілейміз. Жасың жүзге,
құшағың немерелерге толсын!
Қамқор болып құрметтеген
ұл - қызыңыз,
Жарқырасын аспаныңда
жұлдызыңыз.
Мерекеңіз бүгінгі
құтты болсын,
Үлгі болсын ұрпаққа ізгі ісіңіз.
Құрметті оқырман! Назар
аударыңыз – 82 жылдық та-
рихы бар аудандық газетіміз
қаржы тапшылығынан жабы-
лып қалудың аз – ақ алдында.
Қалай дейсіз ғой? 2016 жылдың
басынан бері газет қаржысы
тендрға түсірілді. Заң бойын-
ша тендрға басқа газеттердің
де таласуға құқығы бар, мақсат
– аз ақшамен жыл бойы газет
шығару керек. Бізге облыстық
ішкі саясат басқармасынан
бөлінген 12,5 млн. теңгеге лақап
аты «Қос періште» және «Мар-
жан» фирмасы таласуда. Олар
біздің ауданның жағдайын, ел
мен жерді білмесе де аудандық
газетті шығармақ ниетте. Со-
нымен биыл олармен тендрге
үш рет түсіп, қайтадан бұзумен
жарты жыл өтті. Газетті біз
өз күшімізбен әлі шығарып
келеміз. Егер тендрді басқа
біреу ұтса біздің жарты жыл га-
зет шығарған шығынымызды кім
төлейді, ол жағы да түсініксіз.
Қазір штаттағы 4 адамды
қысқартып, 3 журналиспен
жұмыс істеп жүрміз. Талас
болған соң 12,5 млн. теңгені
3,5 млн. теңгеге дейін құлаттық.
Оны ұтқан күнде жыл соңына
дейін газет шығару мүмкін емес.
Өйткені 1 жыл газет шығаруға
20 млн. теңге қажет. Биылғы
жыл осымен өтетін сияқты.
Енді не істеу керек? Алдағы
2017 жылға газетке жазылуға
осы бастан қам жасамасақ бол-
майды. Есептеп көрсек тендрсіз
де газет шығаруға болады
екен. Айталық, газеттің тира-
жын биылғыдай 3,5 мың дана
емес, 5 мың данаға жеткізсек.
Әр оқырман редакцияға келіп,
4 мың теңгеден демеушілік
көмек ретінде кассаға ақша
салса. Біз оған түбіртек қиып
беріп, келесі жылдың басы-
нан үйіне жетісіне 1 дана га-
зет жеткізіп беруді қамтамасыз
етеміз. Яғни демеуші болған
адам «Ақсу өңірі» газетін тегін
алады. Қарап отырсақ, аудан-
да 17 мың халық бар, оның 10
мыңдайы түрлі жұмыс істейді.
Немесе 2 мың шаруа қожасы,
1 мың мұғалім, 700 дәрігер,
300 басқа да бюджеттік мекеме
қызметкерлері, 4 мың зейнет-
керлер бар. Ашаршылық, соғыс
кездерінде де үзбей шығып
тұрған газет тағдырына дүкен,
асхана ұстайтын кәсіпкерлеріміз
де бей – жай қарамас деп
білеміз. Оған дәлел біздің газетті
оқыған жеке шаруа Тілеукен
Қосмиллионов,
кәсіпкер
Бағлан Нарышевалар ертеңіне
редакцияға келіп, демеушілік
жасады. Демек газетке 5 мың
жанашыр демеуші табылады
деген ойдамыз. Ауызсуға жы-
лына 10- 30 мың теңге төлейміз,
ғаламтор желісіне қосылған
теледидарға айына 6 мың
теңге береміз. Оның қасында
ауданның күнделікті жаңалығын
жазатын төл газеттеріңіз «Ақсу
өңіріне» жылына 4 мың теңге
қиюға болатын шығар?!
Егер аудандық газет жабы-
лып қалмасын десеңіздер,
редакцияға келіп, келесі жылға
газетке жазылуға бүгіннен бас-
тап асығыңыздар!
Мұхаметәлі
НАЙМАНХАНҰЛЫ,
«Ақсу өңірі» ЖШС
директор - Бас редакторы.
ОЙЛАН, ОҚЫРМАН!
ТЕНДР ТАУҚЫМЕТІ
НЕМЕСЕ
«АҚСУ ӨҢІРІ» ГАЗЕТІНЕ ҚАУІП ТӨНІП ТҰР!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің
символы-мемлекеттік рәміздерді қастерлеп,
құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз бо-
лып саналады. Мемлекеттік рәміздер-еліміздің
егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышан-
дар және біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні
мен болашағы арасындағы сабақтастықтың
жарқын бейнесі. Елбасы Нұрсұлтан Назарба-
ев бір сөзінде: «Мемлекеттік рәміздер – бұл
біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің
берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті
біріктіруші образын білдіреді»,-деп айтып
өткен. Рәміздер-халқымыздың рухын, ұлттық
салт-санасын, қаhармандығы мен даналығын,
болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерек-
ше құнды белгілер. Қазақстан Республикасын-
да Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және
Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер бо-
лып табылады. Көгілдір түсті туымыз бен орта-
сында шаңырақ бейнесіндегі алтын сәулелі күн
орныққан елтаңбамыз бүкіл әлемге Қазақстан
Республикасы деп аталатын жаңа тәуелсіз Мем-
лекет бейнесін паш етті. 1992 жылы суретші
Шәкен Ниязбеков салған Мемлекеттік ту бекітілді.
Егемен Қазақстанның бүгінгі Елтаңбасы екі таны-
мал сәулетші Жандарбек Мәлібеков пен Шота
Уәлихановтың қыруар еңбегінің жемісі. Халық
арасында кең танымал патриоттық ән «Менің
Қазақстаным» жаңа Әнұран негізіне айналды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранның
авторлары - Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен
Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007
жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға
сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Респуб-
ликасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде
мерекеленеді.
Осы мерекеге орай маусым айның 4
жұлдызында
Ақын
Сараның
мемориал-
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ЕЛДІГІМНІҢ
БЕЛГІСІ
ды музейінде оқушыларды Отан сүйгіштікке,
адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет
етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын
қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын
білуге, қазақтың ұлттық ойындарымен танысты-
ру, ұлттық ойындарды құрметтеуге тәрбиелеу
мақсатында «Тәуелсіздік туын көкке ұста» атты
мерекелік іс – шара өткізілді. Іс - шараға Ақсу
аудандық маслихат депутаты Бармақов Сәбит
Әбікенұлы, Қапал ауылдық кәсіптік-техникалық
колледжі директорының тәрбие жөніндегі орын-
басары Баянова Сандуғаш Есенгелдіқызы,
ұстаздар Оразханқызы Сымбат, Түлек Мөлдір,
Қапал ауылдық әкімшілігінің маманы Владимир
Чепель қатысып, жиналған қауымды мерекемен
құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Аталмыш іс-шарада кәсіптік-техникалық кол-
ледж студенттері патриоттық өлеңдер оқып,
қазақтың «омпы», «білектесу», «арқан тарту»
сынды ұлттық ойындарын ойнап, күштерін сы-
насты. Мектеп оқушылары Сайпил Айнұр мен
Байғожа Рамазан шырқатып ән салды.
Сондай – ақ, іс - шарада Тәуелсіздіктің 25
жылдығына арналған «Ғасырлар аңсаған
азаттық» атты
кітап
көрмесі
құрылып,
жұртшылыққа кеңінен таныстырылды.
«Біз Тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді
сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерек-
ше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір аза-
мат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын
тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сы-
налатын бір тұсы - осы»,- деген Елбасымыз
Нұрсұлтан Назарбаев өзінің арнау сөзінде. Сол
себепті, осы арнау сөзді қазақ елінде тұратын
әрбір азамат әрдайым жадында ұстауы керек.
Бұл барша Қазақстан Республикасы азаматының
туған ел алдындағы перзенттік борышы!
А.САПАРОВА,
Ақын Сараның мемориалды мұражайының
экскурсия жүргізушісі.
№21 кәсіптік – техникалық мектебін 2003 жылы бітірген Федоро-
вич Галина Генриковнаның №66 дипломы жоғалуына байланысты
жарамсыз деп танылсын.
МЕРЕКЕЛІК БЕТ
«Нұр Отан» партиясының 2015-2025
жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс - қимыл бағдарламасын жүзеге
асыруда «Нұр Отан» партиясының қоғамдық
қабылдау бөлмелері мен Қазақстан Рес-
публикасы Әділет министрлігінің жергілікті
Әділет
органдары,
адвокатура
және
нотариалдық
палаталармен
бірлескен
«Әділет кеңес береді» акциясы аясында 2016 жылдың 24 мау-
сым; 23 қыркүйек; 7 желтоқсан күндері қоғамдық қабылдау өткізеді.
Аталған іс-шара барысында аудан тұрғындарға, азаматтар
мен заңды тұлғаларға арнайы құқықтық көмектер, сонымен бірге
қолданыстағы заңнамалар аясында кеңестер мен түсініктемелер
берілетін болады.
Біздің байланыс телефонымыз: 8 ( 728 32 ) 2- 14- 60.
«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ АҚСУ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ.
ӘДІЛЕТ КЕҢЕС БЕРЕДІ
Көрінетін мыңдықтан да,
ондықтан,
Санасына білім терең
орныққан.
Жайлау аға тауда туып,
тауда өскен,
Бойы биік, ойы жүйрік
сондықтан.
Жазғанымен Ләззат сан,
Елді аузына қаратқан.
Жауапты хатшы, ол тілші,
Еңбегімен жарасқан.
Тауыңды да, тасыңды да,
жыр қылар,
Мақаласы көңілдерге
сыр құяр.
Кенжебектей жас журналист,
жас ақын,
Салмақты ойын өлеңіне
тұндырар...
Алдын күткен арман сан,
Ой қозғайды таңдар сән.
Жүргізуші, қаламгер,
Ермұхамед Найманхан,
Жаны бар сахарамен
емделетін,
Көңілі көл – жазира,
кең келетін.
Қасиеті тым бөлек
өзгелерден,
Жаны мен домбырасын
тең көретін...
Есепшіміз Гүлжандай,
Газет үшін туғандай.
Әр мүмкіндік, әр сәттен,
Келе жатыр құр қалмай.
«АҚСУ ӨҢІРІ» ГАЗЕТІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ДОСТЫҚ ӘЗІЛДЕР