Бағдарламасының бірінші бөлігі «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» туралы. Онда мемлекеттік қызметке қабылдау рәсімдерін



жүктеу 7,36 Mb.
Pdf просмотр
бет5/7
Дата14.11.2018
өлшемі7,36 Mb.
#19999
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

7 бет

АЌСУ ӨЊІРІ

24 маусым 2016 жыл

Сәтсіз 


жортуыл

 Ақсу ауылы мен Ақсу ауданы орталығы 

Жансүгірмен  аралық  жолда  Ежен  жота-

сы  деп  аталатын  жер  атауы  әлі  бар.  Бұл 

кішкене жотаның табиғаты тылсым құпияға 

толы.  Таңқаларлық  құбылыстар  жиі  бо-

лып тұрады. Қыста омбы қар басып, суық 

үстірт соқса, жазда біртекті жел талай күн 

толассыз  соғады.  Сол  жотаның  әйтеуір 

бір  қасиеті  бар.  Ашаршылық  нәубат 

жылдарында  бұл  жотада  талай  жанның 

қырылғанын  НКВД  қызметкері  Беков 

Айғали  деген  азамат  көргендерін  ұрпаққа 

естілік  қылып  жазып  қалдырған.  Жотада 

бұрын  ши  өсетін.  Қазір  сиреген  сыңайлы. 

Жотаның  дөңесінде  төрт  бұрышты,  бесік 

іспетті зират бар еді. Қабырғалары қолмен 

құйылған  кірпіштен  тұрғызылып,  төрт 

құлақты болатын. Оны Ежен батырдың зи-

раты деп құймақұлақ қариялар айтушы еді. 

Еженнің  тегін  ақсақалдар  Қаптағай-Қара 

дейтін.  Қалқабайұлы  Маманның  заманда-

сы, әмбе ел мен жерді қорғаған батыр бо-

лыпты. Маман, Ежен, Елденбай үшеуі Ма-

тай мен Қаптағай елінде «үш тірек» деп те 

аталыпты. Маман – құт болса, Елденбай – 

көріпкел болып, құмалақ ашып, жауырынға 

қарап сөйлепті. Айтқандары дәл келіпті.

Қарттық тартқан шақтарында Елденбай, 

Ежен,  Маман  үшеуі  бас  қосып,  әңгіме-

дүкен  құрыпты.  Қыза  келе:  «Үшеуіміз 

қайда  жерленеміз?  –  деген  сауал  туады. 

Сонда  Маман:  «Үшеуміз  үшбұрыш  болып 

жатамыз.  Мен  -  Қарағашта,  Елденбай  - 

Жаман-Ақсуда,  Ежен  -  самал  жотада», 

-  депті.  Ежен  тұрып:  «Неге  мен  жотада?» 

-дегенінде, Елденбай: «Батыр аңғал деген. 

Соны  түсінбейсің  бе?  Осы  уақытқа  дейін 

елді, бізді қорғадың. Өлген соң үстімізден 

жотадан  қарап,  қорғап  жатасың»,  -  депті. 

Өмірден  үшеуі  өткен  соң,  Маманның 

айтқаны  дәл  келеді.  Үшеуі  де  Маман 

айтқан жерлерге жерленеді. 

Маманның  қорымын  Көпес  Ақылбеков 

белгі  тас  қойып,  мал  баспайтындай  темір 

қоршаумен  қоршап,  үлкен  азаматтық  бо-

рышын өтеді. Елденбай көріпкелдің басы-

на ұрпағы, емші Бижамал апа белгі қойды. 

Ежен  батыр  зираты  қорғансыз  қалып  еді. 

Емші  Бижамал  апа  «Ордабай  мен  Ежен 

батырдың  зират  бастарын  қарайтамын» 

деп  жүріп,  Ордабайдың  зиратын  қоршап, 

белгі  қойып,  үлкен  нәзір  ас  та  берді.  Ал, 

Ежен  батырдың  зиратына  белгі  қойып, 

қоршаймын  дегеніне  Тәңір  жеткізбеді. 

Бірақ, ұлы Бекке «аманаттап» кетіпті. Бек 

мырза  анасының  аманатын  қабыл  көріп, 

орындамақ  жолда.  Тәңірден  ісіне  сәттілік 

беруін тіледік. Жақсының шапағаты, нұры 

жаусын.  Маман  туралы  деректер  іздесең 

баршылық.  Елденбай  мен  Ежен  батыр 

туралы  дерек  көздері  қазір  жоқтың  қасы. 

Дегенмен халық қалт айтпайды. Ел ішінде:

«Елі Қара Еженнің,

Ел қорғаған ер едің.

Жердің білген межемін.

Тағдыры бір Маманмен,

НЕМЕСЕ АНА АМАНАТЫ

Істеген ақыл дегенін.

Көріпкел еді Елденбай,

Құдай пәтуа берген бай,

Маманға ол ерген сай.

Айтқаны дәл келіпті,

Береке бірлік елге жай.

Үшеуі дос болыпты,

Істері бап оңыпты,

Көңілдері толыпты.

Ауызбірлік болған соң,

Еліне бақ қоныпты.

Үшеуі құрап сеп жүріс,

Ел десе қылмай тек тұрыс.

Жасап көпке бетбұрыс,

Елін жұттан қорғаған,

Бекем болып серт құрыш.

Міне осындай кез болған

Елде өнеге сөз қалған,

Емес түбі тым жалған.

Қарағашта Маман,

Жотада Ежен қалған.

Жаманда жатыр Елденбай,

Жаратушы  берген  жай»,  -  деген  өлең 

жолдары  қалыпты.  Бұл  өлеңнен  де  үшеуі 

үшбұрыш  болып  жерленгендері,  Маман 

–құт,  Елденбай  –  көріпкел,  Ежен  -  батыр 

екендігі,  жұттан  елді  қорғап,  аман  алып 

қалғандары  айтылып  тұр.  «Алтын  ұям-

Ақсуым»  энциклопедиясы.  Жердің  аты-

тарихтың  хаты.  Мұхаметәлі  Қазбанбетов: 

«Ежен  жотасы  климаттық  белдеу  болып 

табылады.  Бұл  арада  Шыңғыс  ханның 

жорығынан  кейін,  Жошы  ханның  Батудан 

кейінгі  баласы  Ежен  хан  ордасын  тіккен. 

Ежен  ордасына  Ертіс  өзенінен    бергі 

аймақ – қазіргі Алакөл, Сарқан, Ақсу, Көксу 

аудандарының жері қараған», - деп жаза-

ды (26 бет). Бұл да бір дерек көзі.

Ол  жотаны  «Ежен  жотасы»  деп  елі 

Қара, Ежен батыр жерленген соң аталған 

болса керек. Өйткені, жердің тарихи атау-

ларында  ХІХ  ғасырдан  арыда  «Ежен  жо-

тасы»  деген  атау  аталмайды.  Ал,  «Ежен 

хан  ордасын  тіккен  жер»  деп  ең  алғаш 

қарт  журналист  Тәңірберген  Қалилаханов 

жазып  кеткен.  Ежен  атауы  Ежен  ханға 

байланысы  келіңкіремейді.  Салдары: 

қай  хан  қайда  отырмады.  Ежен  ханнан 

қалған  белгі  жоқ.  Ал  Қара  елінің  батыры 

Еженнің  зиратының  орны  әлі  сайрап  тұр. 

«Ежен  жотасы»  деген  атау  ХІХ  ғасырдың 

соңына  қарай  аталғанын  көпшілік  айта-

ды.  Кейбірлер  Қараның  елін  Құлшан  деп 

шатастырады.  Қаптағайдағы  Қара  елі 

Қалқабай би, Маман құт пен Тәнеке батыр, 

бидың қарамағына қарасты болған. Сырт-

тан (Дүйсенбі) батыр бастаған Құлшандар 

олармен  өз  еркіндіктері  үшін  өмірлерінде 

арпалысып өткен. 

  Бек  мырзаның  Бижамал  ананың  «ама-

натын»  орындамақ  болғанын  «жұмыла 

көтерген  жүк  жеңіл»  демекші,  көп  болып 

қолдап, игерісуге көмек қылсақ, нұр үстіне 

нұр болар еді.

 

Жемісбек ТОЛЫМБЕКОВ.

Шырылдаған  телефон  үнінен    оянып 

кетті. Басы зілдей. Көзін аша алмай біраз 

жатты.  Қоңыраулаған  телефон  маза  бе-

рер  емес.  Достар  арасындағы  кешегі  

басқосуда   біраз сілтеген екен. Енді міне, 

екі шекесі солқылдап, басы әкетіп барады. 

Телефон  қайта    шылдырлады.  Тұтқаны 

көтермесе  болмас,  қоңыраулатып  жатқан 

не  әкесі,  не  шешесі  шығар.    Көрпесін 

ысырып  тастап    түрегелді  де,    телефон  

тұтқасын  көтерді.  Дың- дың еткен ол үнсіз 

қалды.


Бәкетай  үйде  жалғыз  еді.  Ата-анасы 

жұмыста. Ас үйге  беттеді. Үстелде туралған 

ет,  бес-алты  бауырсақ,  бетін  газетпен  

бүркеп  қойған  бір  кесе  айран  бар  екен.  

Маймай болған  газетті ары  сырғыта бере 

«Заң    газеті»    екенін    оқыды.  «Мұндайда 

газет  бар  екен – ау» деп ойлаған ол «300 

евро, 2000 доллар» деген  жазуларға  көзі  

түсті.  Бұл неғылған  тегін ақша деп, газетті  

қолға    алды.    Қазірді    қойып,  мектепте  

жүргенде    кітәп    бетін    анда-  санда  аша-

тын  ол, мақаланы  шала-пұла  оқығанда 

бар түсінгені, өзі  құралпас жігіттер  бірігіп, 

ақшаны    айырбастайтын  жерді    аңдып 

қомақты  қаржымен        шыққандарды    то-

нап,  шала байып қалған екен.  Ары қарай  

оқуды  қажет  деп  таппады.

Үйдегі    жалғыз  ұл,    ерке  өскен    ол 

ішімдікке  тәуір.  Өзі  сияқты  қолдары  алға  

симай жүрген  достары да баршылық.  Біраз  

ойланды.   Өзімен өзі.  Ешкімге  ештеңе де-

ген жоқ.  Үш - төрт күн  өтті. Орталық жаққа 

барып,  ақша  айырбастайтын  жерді  біраз 

бақылады.  Кіріп  -  шығып  жатқандар  бар.  

Ол да ішке кірді.  Біраз  тұрып,  бірталай  

жәйді  көңілге  түйді.    Бұрын    қалай    ойға  

келмеген . Тіпті қомақты ақша  айырбастап 

жатқандар да бар.  Пакетін қолға  ұстаған 

бір келіншектің  соңынан  бұл да  сыртқа  

беттеді.  Қарап тұр. Көшеде  тұрған  көгілдір  

«Тойотаның»  есігін  ашып,    қолындағысын  

орындыққа    тастай    салған    келіншек, 

алдыңғы  әйнекті  сүрте  бастады.  Мүлде  

бейғам.  Содан кейін  пакетті  оң  жақтағы  

орындыққа    ысырып    тастап,  өзі    отырды  

да  көлігін  оталдырды.

Осының  бәрін    көңілге    түйіп    алды. 

Жалғыз  емес,  екі  -  үш  адам  керек.  

Сонсоң...  жаңағыдай  келіншекті сөзге ай-

налдырып,.. әрі  қарай бірі  пакетті  қағып  

кету керек.  Иә,  тура осылай  болмаса да 

жағдайға  қарап  көрерміз.    Ол  үшін    көлік 

қажет.

Жаныма    кімдерді  шақырсам  екен.  Әрі  



епті, әрі  айлакер  адам керек. Әрине, бір- 

бірімізге  сенімді  болғанымыз жөн.  Орал-

хан  мен  Сейітханды  шақырды.  Осы екеуі  

ӘҢГІМЕ

дұрыс    деп    ойлады.    Оралханның  көлігі 

бар.  Сейітхан болса қайғайдағыны ойлап 

табатын қудың дәл өзі.  Детектив  туралы  

кітаптарға да  әуес.

Үшеуі  бірігіп,    ақша    айырбастайтын  

бірнеше    пунктті    бақылады.    Банкте  де 

болды.    Оларға  назар    аударып  жатқан 

ешкім    жоқ.    Сейітханның    ұсынысымен  

банкомат  орнатылған  жерлерді  де көріп  

шықты.  Осылай  құрылған  топ жортуылға  

мұқият    дайындалды.      Басшылықты  

Сейітхан  қолға алды.  Қалған  екеуі оның  

айтқанына  айрандай  ұйыды.  Олжа  тең  

бөлінетін  болды.  

Көктемгі  аласапыран  кез. Күн  ұясына  

батар    апақ-  сапақта  жүргіндері  сире-

ген  көшедегі  ақша    айырбастау    пунктін  

бақылауға  алды.  

Әне  сұрғылт  түсті  көліктен  түскен   адам 

ішке  кіріп  кетті.  Біраздан соң  қолындағы  

қапшығын  қолтыққа  қысып  қайта  шықты.  

Автокөлігінің  есігін    ашып,    қапшықты  

орындыққа    қоя    бергенде      жауырыны-

на  қадалған   қатты заттың  иесі ызғарлы  

үнмен «дыбысыңды   шығарма» деді.  Сол 

кезде екінші  біреу  қара қапшықты  қағып 

кетті.  Күтпеген  оқиғадан  есеңгіреп  қалған 

қапшық    иесі    есін    жиып,    тілге    келген-

ше  үш  дос  тайып тұрды. «Қырсыққанда  

қымыран  іриді» дегендей, қапшық  ішіндегі  

әртүрлі  қағаз - құжаттар болып  шықты.

Алғашқы  жортуыл  сәтсіз    аяқталды.  

Біраз  уақыт    өтті.  Ақылдаса  келе  банк 

жақты    торуылдамақ    болды.    Көктемгі  

жылы    жаңбыр      сілбіреп  тұр.    Бұлардың  

көлігінің  жанынан  қарасұр  «Мазда» өте  

шықты.    Банктің  алдына    тоқтады.    Қара 

күртелі  орта бойлы  келіншек  биік  өкшелі 

етігінің өкшесін қара жерге  тық - тық  қадап  

кіреберіске  беттеді. 

Түскі  үзіліске  таяп  қалған.  Банкке  кіріп- 

шығып    жатқандар  жоқтың    қасы.    Біраз          

тосты.


Иығындағы  ұзынбаулы  сөмкесін  қайта- 

қайта  сипалап  сыртқа  шыққан  келіншек  

көлігіне  қарай  бет алды.  Оған  қарама- 

қарсы  жүрген    Бәкетай    сөмке    бауына  

жармасты.    Әйел    жеңілтек  көрінгенімен 

қолы қатты екен, жіберер емес. Қапелімде 

сасқалақтап айқаулауға да мұршасы  кел-

меген  келіншекті    Сейітхан    кеудесінен 

нұқып жіберіп құлатты.  Олжаны ала қашқан  

екеудің соңынан айқай  салған  әйелдің жа-

нына  келіп    тоқтаған  мәшинеден    түскен 

жігіт  ағасы  үш  дос  мінген  «Мазданың»  

нөмірін    байқап  қалған  екен.  Оның  иесін 

анықтау  техниканың ісі. Үшеуі қолға түсті.

                                                           

Тілеухан  ЕСЕБОЛАТОВ.

Ежен


Сұм соғыс санамызға салып іздер,

Сағыныш секілденді сары күздер.

Аналар, арулардың мұңды әуенін,

Тыңдадық бес жастағы бала біздер.

Жүруші ек хабарларға құлақ түріп,

Қиялды қиын шыңға лақтырып.

Үшбұрыш хаттар ұшып жетсе елге,

Оқыдық ана, бала жылап тұрып.

Қарадым қасқа жолға көзімді алмай,

Уақыт зуылдады сезімді алдай.

Кеш батып кетседағы қайран әкем,

Кетпейсің өзегімнен өзің бардай.

Ерлігін майдангерлер айтады көп,

Тағдырым тірлігімді шайқады кеп.

Үмітті үзілмейтін үкіледім,

Әкешім үйге қашан қайтады деп.

Қамығып қаншама жыл қарайладым,

Ауылға жеңіс жетті, арайлы күн.

Недеген суық едің соғыс – лаң,

Тірлігін талқандадың талайлардың.

Ауырлықты көтеріп тұрды аспаным,

(Бұл соғыс түгелдей ұрмас бәрін).

Ақсақ шал сексендегі амандасты,

Сонда көрдім әкемнің құрдастарын.

Қызғаншақтар жатсадағы жаншып, атып,

Қапылыста кетседағы қамшы батып.

Әке алдында антымнан айнымадым,

Көрмедім көз жасымды тамшылатып.

Жарасар парасатта ізгі адамға,

Бармай - ақ басыласың жүз қадамға.

Есіме әке түсер ауық ауық,

Жалғыздың сағынышы сыздағанда.



Хасен КӨПТІЛЕУОВ,

Республикалық Наурыз мүшайрасының жүлдегері.

Сағыну


Атама алғыс

Ойнақ қаққан лақтай сар сағымда,

Анау тұрған Ақсудың аржағында.

Талай - талай әңгіме еститінмін

Құдайберген бүгіндей бар шағында.

Айтушы еді қазақтай батырларын,

Ауызынан тастамай ақындарын.

Айтушы еді біздердей сары ауызға,

Ой електен өткізген ақылдарын.

Насыбайын астыңғы тіске басып,

Қараушы еді жандардай бізге ғашық.

Қараушы еді көп киік тасырлатып,

Алды - артына кетердей түзге қашып.

Айналдым деп тоқтатып бозөкпені,

Көз алдына елестеп өз өткені.

Қарағым - ай, болғай деп Толғанбайдай,

Құлағымда тұр әлі сөз еткені.

Ол кім? деуші ем, Толғанбай болатындай,

Әулие ме, Қыдыр ма қонатындай. 

Баламын - ау, баламын сұрамаппын,

Бір пәлеге сұрасам қалатындай.

Жалаңаяқ күндерім зырқыраған,

Кездеріңе илана шын құлағам.

Қазір маған бұл өмір ақын бол деп,

Көкейіме сөнбейтін жыр құраған.

Міне, бүгін сол күйді кешіп балаң,

Көкжайдақтай тербейді бесік - далам.

Мынау қазақ үйлермен болашаққа,

Бабалардың рухымен көшіп барам.

Қайта туған Толғанбай қасиеті,

Жетті бүгін өлеңдей өсиеті.

Жүз елуден асқан бұл Сіздейлерге,

Әлі талай бұл ұрпақ бас иеді.

Берлібек АМАНБАЕВ,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.

Арайланып атқан кезде таң күліп,

Әлденеге селт еткізіп – таңғы үміт.

Еліктіріп әкеткендей болады,

Әлдебір үн, тым алыстан жаңғырып.

Ессіз адам секілденіп, мәңгіріп,

Кетіп бара жатам кейде қаңғырып.

Қай бағытқа шақырсаң да әзірмін,

Өмір – өлең, мен сендікпін мәңгілік!

Өлең – өзен, сарқырама, тасқыным,

Еліктірмес мені өзіңнен басқа үнің.

Батқым келер, түпсіз тұңғиықтағы – 

Шыңырауға, жиналып ап тас түйін.

Қол созамын кейде заңғар биікке,

Дәл осылай сені біреу сүйіппе?!

Кей сәттері кең сахара төсінде,

Ұқсап кетем жортып өткен киікке...

Қайдасың сен – поэзия, маралым?

Менің музам – сусыз, шөлейт аралым.

Жазықсыздан жапа шеккен тағдырлар,

Кейуаналар жасқа толған жанарың?!

Аруаналар – жұбатамын сендерді,

Құлатамын мұздақтарды, сеңдерді.

Арпалысам мен Алланың жолында,

Өйткені бұл пәни, шіркін, өлшеулі...

Кеудемде әлі жаным барда күресем,

Досты демеп, дұшпаныммен тіресем.

Тілім – дінім, ар – иманым жолында,

«Тек,.. Бір Алла...» – дегендерге ілесем!

Оу, Адамдар! Адаспаңдар жат дінге,

Ілеспеңдер – мәнсіз, мәңгүрт көшкінге.

Ақтөбеде атыс қылған «содырлар»,

Еш жақсылық әкелген жоқ ешкімге!..

Болатбек КҮМІСБЕКҰЛЫ.

Мен сендікпін мәңгілік!

Жергілікті тілшілеріміздің шығармашылығынан



жүктеу 7,36 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау