Бағдарламасының ( Syllabus) титулдық парағы Нысан пму ұс н 18. 3/37



жүктеу 411,97 Kb.
Pdf просмотр
бет23/28
Дата23.11.2018
өлшемі411,97 Kb.
#24003
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері барлық 

қалалық және аудандық еңбек және халықты әлеуметтік 

қорғау бөлімдерінде ашылған. 

Бөлімдер өз жұмысында 1993 жылғы 17 

қарашасындағы “Жалғыз басты қарттар мен жұмысқа 

жарамсыз азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету 

бөлімдері туралы Ережесін” басшылыққа алады.

Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімдері бөтен көмекті

қажет ететін қарттар мен жұмысқа жарамсыз азаматтарға

қызмет көрсетумен айналысады. Бөлім 80-нен кем емес 

адамдарға қызмет көрсетеді.

Үйде қызмет көрсетуге психикалық, онкологиялық 

және инфекциялық аурулармен ауырмайтын бөтен 

көмекті қажет ететін жалғыз басты және жалғыз тұратын 

қарт азаматтар, 1 және2 топтағы мүгедектер, қарт және 

мүгедектер арасынан ерлі зайыптылар қабылданады.

Ұлы Отан соғысының мүгедектері және соған 

қатысушылар, қаза тапқан әскери қызметшілер 

отбасының мүшелері, интернационалист-жауынгерлер 

бірінші кезекте қабылданады.

Жалғыз басты және жұмысқа жарамсыз азаматтар деп 

Заң жүзінде оларды асырауға міндетті жұмысқа жарамды 

балалары жоқтар есептелінеді.

Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімдерінің негізгі 

қызметі:

1. Бөлімнің қызмет көрсету аймағында тұратын және

бөтен   көмекті   қажет   ететін   жалғыз   басты   қарттар   мен

жұмысқа   жарамсыз   азаматтарды   анықтау   және   есепке

алу.

2. Жалғыз   басты   қарттарға   шефтік   көмек   көрсету



мақсатында   соғыс   және   ардагерлері   мен   мүгедектердің

бұрын   жұмыс  істеген   еңбек  ұжымдарымен,   Қызыл   Крест

комитетімен   және   ардагерлер   Кеңесімен,   басқа   да

қоғамдық бірлестіктермен байланыс жасау.

3. Интернат үйлерге орналастыру үшін, қамқорлықты,

қорғаншылықты   анықтау   үшін   қажетті   құжаттарды

жиыстыруда көмек көрсету.

4. Жалғызбасты

 

және


 

жұмысқа


 

жарамсыз


азаматтарға әлеуметтік қызметкерлермен әр түрлі қызмет

түрлерін ұсыну.




5. Үйлеріне   түскі   тамақтарын,   шала   фабрикаттарды,

азық-түлік,   өнеркәсіп   тауарларын   және   дәрі-дәрмектерді

жеткізу.

6. Үй   заттары   мен   киім-кешекті   жууға,   химиялық

тазартуға, жөндеуге апарыптапсыру және оны жеткізу.

7. Тиісті   медициналық   көмек   көрсетілуіне,   тұрақты

жерін   тазартуда,   жөндеу   жұмыстарына,   пәтер   ішіндегі

сантехникалық жабдықтарды жөндеуге көмек көрсету.

8. Туған-туыстарға,   жолдастарға   хат   жазысу,

коммуналдық   қызметтер   ақысын   төлеу,   бір   реттік

тапсырмаларды орындау.

Үйде қызмет көрсетуді қажет ететіндер зейнеткердің 

жеке өтінішінің негізінде, осындай көмектің қажеттігі 

жөнінде медициналық мекеме қорытындысының және 

жалғыз тұрып жатқан қарт азаматтың материалдық-

тұрмыстық жағдайын тексеру мәліметтерінің негізінде 

облыстық, аудандық (қалалық) еңбек және халыққа 

әлеуметтік көмек көрсету бөлімдерінің меңгерушілерінің 

шешімдері бойынша тіркеледі.

Ережеде бөлім жұмысын ұйымдастыру мәселелері, іс 

жүргізудің ережелері, әлеуметтік қызметкерлерді 

жұмысқа алу ережелері туралы айтылған.

4. Кемтар балаларға арналған үйде әлеуметтік көмек 

көрсету бөлімдері.

Кемтар балаларға арналған үйде әлеуметтік көмек 

көрсету бөлімдері өз жұмысын ҚР-ның 2002 жылғы 11-

шілдедегі “Кемтар балаларды әлеуметтік және 

медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау 

туралы” заңының және бөлімдер туралы Ережесінің 

негізінде жүргізіледі.

ҚР-ның кемтар балаларды әлеуметтік және 

медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы

заңдары ҚР-ның Конституциясына негізделеді және осы 

заң мен ҚР-ның өзге де нормативтік құқықтық актілерінен 

тұрады.

Ереже ҚР-ның 2002 жылғы 11-шілдедегі “Кемтар 



балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық 

түзеу арқылы қолдау туралы” Заңына сәйкес кемтар 

балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің жалпы 

тәртібін анықтайды және 10 бөлімнен тұрады:

1. Жалпы ережелер.



-

Басқа   адамның   күтімі   мен   көмегін   керек   ететін

кемтар балаларға үйде әлеуметтік қызмет психологиялық-

медициналық-педагогикалық   кеңестік   қорытындысы

бойынша көрсетіледі.

2. Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімдерін құру.

3. Негізгі міндеттер.

4. Үйде   әлеуметтік   көмек   көрсету   бөлімі   қызметінің

негізгі бағыттары.

Бұл бөлімде үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімі 

қызметінің негізгі бағыттары мен шарттары жөнінде 

жазылған.

5. Үйде   әлеуметтік   көмек   көрсету   бөлімдерінің

құқықтары.

6.   Әлеуметтік   қызмет   көрсету   бөлімдерінің   қызмет

тәртібі мен шарттары.

7. Үйде қызмет көрсетуге қабылдау шарттары.

8. Үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімін басқару.

9. Әлеуметтік көмекті ұйымдастыру.

10. Әлеуметтік көмек бөлімдерін қаржыландыру.

5. Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік 

бейімдеу орталықтары.

Өз жұмысында ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 16-сәуірдегі 

“Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік 

бейімдеу орталықтарын құру туралы” Қаулысын 

басшылыққа алады. ҚР еңбек және халықты әлеуметтік 

қорғау министрлігінің бұйрығымен “Белгілі тұрағы жоқ 

адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу 

орталықтарының қызметін ұйымдастыру ережесі” 

бекітілген, ереже 9 бөлімнен тұрады:

1. Жалпы   ережелер.   Орталықта   тұруға   құқылы

адамдардың   санаттары   аталып,   қай   уақытқа   дейін

болатындығы көрсетілген.

2. Орталықтарды   құру.   Орталықтардың   құрылу

шарттары   /100   мың   адамнан   астам   халқы   бар   қалалар/.

Орталықтар   өз   жұмыстарын   денсаулық   сақтау,   халықты

әлеуметтік   қорғау,   ішкі   істер   органдарымен   тығыз

әрекеттестікте құрайды.

3. Орталықтардың   жұмыс   істеуінің   жағдайы   мен

тәртібі. 

Орталықта тұру барысында санитарлық нормаларды 

сақтау, қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету, 

жұмыс режимін және ішкі тәртіп ережесін сақтау.



жүктеу 411,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау