өңдеп, көптеген шет елдерде бар әртүрлі гериатриялық
стационарлық
қызмет
көрсету,
амбулатория
-поликлиникалық көмек көрсететін орталықтарды ашу
қажет. Көптеген батыс перонтологтары қарттар үшін ең
қолайлысы, оларға көрсететін көмекті үйде ұйымдастыру.
Өйткені , қартаю және өлімді күту - бүл өте қиын фаза.
Сондықтан қарттар мен олардың отбасы мүшелерінің
арасында осы кезеңде пайда болатын түсініксіздікті,
қыиншылықтарды жету үшін әлеуметтік қызметтердің
атқаратын рөлі зор.
Қарттық шақ психологиялық маңызды мәселе екені
белгілі. Демографиялық қартаю өскен сайын бүл
проблеманың көкейкестілігі арта бастайды.
Барлық өмірлік преспективаның өзгеруіне байлансыты
қарт адамдар жалғыздыкты, қандай да бір психологиялық
дикомфорттың дәрежесін сезінеді, депрессияға түседі. Ал
жағымсыз эмоциялар қартаю процесін жылдамдатады.
Сондықтан қоғамда 60-жастан жоғарыдан кейін өлімді
күту кезеңі ғана емес , сонымен қатар өмірдің күнды
кезеңі деген түсінік қалыптастыру қажет .
Қарттардың өзі сүйіп айналысатын іс-әрекеті немесе
әлеуметтік белсенділігі неғүрлым жоғары болса, соғүрлым
денсаулығының экономикалық жағдайының өмірге
деген қанағаттану деңгейінің жоғары
болатындығын
көптеген
геронтологтардың
зерттеулерінен байқауға болады.
Осылардың барлығын ескере отырып карттық шақтың
психологиясы туралы мынадай қорытынды шығаруға
болады.
Қарттық шақ, өмірдің алдыңғы сатыларында көрінген
статустардың өзгерістерінен тұрады, бұл - қартаю,
зейнеткерлікке шығу, жесірлік.
Бұл сатының алдыңғы сатыларынан айырмашылығы
қоршаған ортасы, физикалық не әлеуметтік болсын
кеңеймейді, ал керісінше тарылады. Қарттық шақтың,
өзінің өмірін ұйымдастыруына байланысты дәрменсіздігі
және проблемалары қарт адамдарға психологиялық
ауыртпашылық болып тиеді.
Олар бұрынғы дербестігін жоғалтқандықтан және
күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандырудың өзі
басқаларға тәуелді болғандықтан мен - концепциясын
өзгертеді. Біреулер мұндай жағдайда тех бейімделсе,
екіншілері бейімделе алмайды. Олар өткен өмірін еске
алып, артына не қалдырғанын ойлаумен көп уақыт
өткізеді.
Адамдардың карттыка карай бет алуы адам мен қоғам
арасындағы қарым-қатынасты өзгертеді, дүниеге деген
көзқарас, өмірдің мақсаты мен мәні, игілік пен бақыт
туралы түсініктер басқаша сипат алады, бір сөзбен
айтқанда адамдардың өмір салты өзгере бастайды. Бұрын
олар қоғаммен өндірілген тікелей байланыста болды,
қоғамдық қызметтерге араласты. Ал зейнеткерлікке
шыкқаннан кейін көбінесе өндірістен қол үзеді. Бірақ
қоғамның мүшесі ретінде қоғам өмірінің әртүрлі
салаларынан тыс қалмайды.
Қарт адамдардың әлеуметтік проблемалары
зейнеткерлікке шығуына байланысты және карттықа бет
алған жағдайда белгілі бір дәрежеде өзінше әлеуметтік-
демографиялық топтың проблемалары болып табылады.
Атап айтқанда, олар негізінен мынадай: өмір салтының
өзгеріп, жаңа жағдайға бейімделе бастауы, қарттықтың
бүлжымас табиғи күбылыс екенін сезінуі, денсаулығы
кемуіне байланысты тіршілік қызметінің шектеле бастауы.
Жүмыс істемеуі (әдетте, қарттардың көбі жүмыс істемейді
немесе өз істейді), материалдық жағдайы (зейнетақысы
бүрын алып жүрген жалақыдан аз, емделуі қымбат) ,
мінез-күлқының өзгеруі( психикасыньщ бүзылып, шамщыл
бола бастауы. Халықтың бүл категориясының коғамға
қажеттілігі немесе қажетсіздігі де күрделі мәселе
туғызады. Зейнеткерлерде қоғамға бүрынғыдай пайда
келтірмейтін сиякты сезім орнығады. Олардың бүрынғы
білімі,ш еберлігі, қабілет - қасиеті керек болмай қалады.
Жасы үлғайған сайын белсенді еңбектен шеттетіле
беретін қарттардың өмір салты ғана емесе, отбасылық
және әлеуметтік жағдайы да өзгереді. Ер жетіп, дербес
түрмыс қүрып кеткен балаларынан алшақтап калуы
мүмкін. коғамнан, жақындары мен таныстарынан
аулактап, жалғыздық көруі қарттардың мінез-қүлқына
кері әсерін тигізеді.
Әрине, мұның бәрі әлеуметтік жағдайларға, жеке
адамдарға және оның
жақындарына байланысты. Қарттардың жас
ерекшеліктеріне байланысты кінәмшіл, талапшыл
болатындығын ескере отырып, әлеуметтік қызметкер
оларды қолдауға, қажет кезінде психологиялық көңіл-
күйін көтеруге тиіс. Қарт адамдармен жүмысты дұрыс
ұйымдастыра білу үшін олардың бұрынғы және қазіргі
әлеуметтік жағдайларын талап-тілектерін жете біліп,
тиісті ғылыми, әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық,
әлеуметтік-экономикалық және басқа да бағыттағы
зерттеулердің нәтижелерін пайдалана білу қажет.
Осы орайда, мына мағлұматтарды еске алған жөн.
Дүниежүзілік Денсаулык сақтау үйымының мәліметтеріне
карағанда, 61-70 жас аралығындағы адамдардың
түтынатын тағамдарының қуаты 20-30 жас
арасындағылардың түтынатынының 79 проценті
деңгейінде болуға тиіс. Еңбекке жарамды жастағы
адамдардың тәуліктік азық қуаты 2800-3200кал. деп
есептеледі. Зейнеткер жасындағы жүмыс істейтін адамға
тәулігіне 2450 кал. керек болса, жүмыс істемейтіндер үшін
бүл көрсеткіш 2200 кал. дейін азаяды.
Мамандардың есебі бойынша үкыпты пайдаланғанда
зейнеткердің киімі мен аяк киіміне еңбек жасындағыларға
қарағанда шығын 29,5 процент аз кетеді екен. Және де
әйелдер үшін бүл көрсеткіш 31,1 процентке, ал ерлерге
шакканда 26 процентке кеміген. Бүл арада жүмыс істейтін
әйелдердің киіміне ерлерге карағанда шығынның 40
процент артық болатындығын ескере кетейік.
Қарттардың жеке басына материалдық шығындар аз
жүмсалса да, оларға тиісті игіліктер мен қызметтер
көбейеді. Әлеуметтік зерттеулерге қарағанда қарт
адамдарға 31 түрлі (сақал-шашын алу, моншаға апару
т.с.с. қосып алғанда) қызмет қажет екен. Ал іс жүзінде
оларға 2-4 түрлі ғана қызмет көрсетіледі. Мысалы, 24
проценті ыстық тамақ әкеліп беруді тілесе, олардың 1-2
процентіне ғана әкеліп беріледі, түратын бөлмесін жуып-
шаюды 88 процент қажет етсе мүның 28 процентіне ғана
қызмет көрсетіледі.
Ағылшын окымыстысы О.Стивенсонның пікірі
бойынша қарттардың басқаға тәуелдігі екі жақты екен.
Біреулері - дербестіктен тартынып, камқоршының қолына
карайды, оған күнделікті күту жұмыстарын тапсырып
қойғысы келсе, екіншілері жалғыздыққа көніп, өзіне-өзі
демеу болуға бекінеді.
Қарттар әдетте өмірдің қиын-қыстау кезеңдерінен өтіп,
бейнетті көп көргендер. Демек, олар жасы келген шакта
өздеріне аз да болса қамкорлық жасалуын тілейді, тіпті
талап етеді. Олардың мінез-күлқы денсаулығы сол
талаптардың калай орындалатындығына байланысты.
Демек, әлеуметтік қызметкерлер қарт және кәрі
Достарыңызбен бөлісу: |