Сонымен бірге, тұлғаның үш аспектісі де оның
әрекет етуі мен өмір сүруі үшін өте маңызды. Оларды өз
араларындағы тепе-теңдік бұзылғанда ғана өзгертуге
болады. Қарапайым жағдайда олардың әрқайсысы – Ата-
ана, Ересек және Бала бірдей құрметке лайық, әр жағдай
адам өмірін өзінше толыққанды және жемісті етеді. Бұл
үш Мен әр түрлі жағдайда көріне отырып, адамға өмір
бойы ілесіп жүреді. Бұл сәйкестіктер бұзылған жағдайда
психологиялық проблемалар басталады. Тұлғаға оны
шешуге көмектесу – оның ойынын бұзу болып табылады.
Э. Берн өз жұмыстарында «ойынды бұзуды» түрлі
тәсілдерін ұсынады.
Меннің әр түрлі жағдайлары ойында жүзеге асады.
Ойын – үнемі қайталанатын, стереотипке айналатын,
сенімсіздік жағдайларын тудыратын ымыралардың айтуға
келмейтін қарапайым үлгісі. Психологиялық ойын – сыртқы
парасатты дәлелі бар, трансакцияның жиі қайталанатын
жасырын әрекетінің бір ізділігі. Ойындар адамдар
арасындағы адал, ашық қатынастарға кедергі жасайды.
Адамға көмектесу үшін бұл ойынды бұзып, басқа мінез-
құлық құрастыру керек. ТТ отбасылық қатынастарға кеңес
беруге ыңғайлы.
М.А. Розин Э. Бернмен салыстырғанда былай деп
санайды, сценарий - әуел бастағы өзгермейтін құрылым
емес, адам өмір бойына «өзін ойлап шығарады» және
басынан өткен жағдайларды өзгерте отырып, сюжеттерді
мақсатты түрде жасап, өз сценарийін құрастырады. М.
Розин сценарийді адамға өмір сүруге кедергі келтіретін,
оны құлдықта ұстайтын, санасыз, механикалық құрылым
деп есептеген Э. Бернге керісінше, өз сценарийін құру –
адам өмірін ойластыру тәсілі, оның шығармашылығының
бастауы деп есептейді. Құрылымдық талдау теориясына
сәйкес адам сценарийді бұзғанда ғана бостандық ала
алады, алайда М. Розиннің пікірінше, адам сценарийін өзі
құрастырғанда ғана өзін еркін, бақытты сезінеді.
Клиенттің жеке мәселелері онымен ұзақ қатынас
жасау қажеттігін шамалайды. Бірақ клиенттің басындағы
жағдайды тез арада өзгертуді қажет ететін сәттер де
болуы мүмкін. Клиентке шұғыл көмек көрсету үшін, көбіне
сезімге берілген сәттерді өзгертуге прагматикалық
сипаттағы дағдарыс интервенциясы тәсілі қолданылады.
Оның маңызы – клиенттің психикалық әлеміне қысқа
мерзімді кризистік араласу (немесе қысқа мерзімді
араласу түрлері). Мұндай жағдайда дағдарыстың себебін,
оның сипаты мен қалпына келтіру жұмыстарын атқару
қажет. Кризистік интервенция дағдарыстың себептерін
анықтауға уақыттың тығыздығына орай клиентің өз қоры
мен оның әлеуметтік ортасының көмегімен «осында және
кәзір» жағдайында шұғыл араласуды қажет етеді.
Дағдарысты жеке адам ғана емес, отбасы, адамдар
топтары да бастан кешуі мүмкін. Оларға орындай
алмайтындай көрінетін жаңа талаптар ұсынылады.
Мұндай жағдайда кризистік интервенция дағдарыста
адамның, отбасының, топтардың өмірлік жағдайына еніп,
қолда бар қорлар арқылы туындаған мәселені шешуге
көмектеседі.
Психодинамикалық ой-санаға негізделген кризистік
интервенция үлгісі бақытсыздыққа ұшыраған адамдарға
көмек көрсетуде неғұрлым тиімді, ол өмірге қайтадан
бейімделуге, бұрынғы тіршілік деңгейін жалғастыруға,
қиыншылықты қайтадан күресуге көмектеседі.
Бұл үлгідегі басты назар клиенттің дағдарысқа
көңіл-күй реакциясын өзгертуге және күнделікті
мәселелерді сабырлылықпен шешуге бөлінген.
Клиенттермен жұмыс істеу кезінде психологиялық
шарттарға шешуші мән беріледі: өмірлік және жоспарлы
мақсаттарды, міндеттерді, оларды уақытша жүзеге асыру
аясын, мәселені шешу тәжірибесін көрсетуді нақты
анықтау.
Бихевиористік тәсілдің негізгі идеясы адам мінезі
оны әсер етудің түрлі жолдары арқылы бақылайтын
қоршаған
ортаның
әсерлері
арқылы
анықталадындығында. Бихевиоризмнің басты жетістігі
қоршаған ортаның адам мінез-құлқына әсерін көрсету
болып табылады. Бұл байланыста бихевиоризм
психодинамикалық амалға қарағанда адамның өткен өмір
тәжірибесіндегі ролін жете бағаламауға бейім.
Экзистенциализм мен гуманитарлық теориялар мән
берген қабылдау спецификасына, өзіндік талдауға және
тұлғаның дүниетанымына да аса мән берілмейді.
Бихевиоризм үшін тұлғаның ой-санасы мен қылықтары
маңызды.
Психодинамикалық тәсілмен салыстырғанда,
бихевиоризм іс жүзінде мінез-құлықтың қандай да
болмасын түрлерін сол баяғы қағидалармен түсіндіреді.
Бихевиоризм тәсілінде жаман мінез жоқ, сол жағдайға
сәйкес келмейтін мінез-құлық түрі бар. Осылайша, мінез
түрлері әр түрлі орта мен мәдениетте теңбе-тең болуы
мүмкін. Сондықтан да мінезді соншалықты өзгертудің
қажеті жоқ. Бихевиоризм үшін жеке адамдар мінез-
құлқының жауапты және оперантты келісім постулаттары
негіз болады.
Мінез-құлықтың келісім жауабы «стимул-әсер» (С-Ә)
сызбасы бойынша жүзеге асырылады. Мұндайда қандай
да болмасын ішкі шамырқану (жағдай, оқиға, тұлға, зат
т.б.) себеп бола алады. Әсер етудің нақты жүйесі мінез-
құлық реакциясының сәйкес келетін нақты түрлерін де
қалыптастыра алады. Қажетті әсер ету жиынтығын
құрастыра отырып, қажетті мінезді алуға болады.
Реакция әсер ету әрекетінің салдарынан болса,
мінез-құлық алдын-ала келісілген деп саналады. Бұл
ерекшелікті И.П. Павлов өзінің кең тараған шартты
рефлекстердің пайда болуын зерттеу тәжірибелерінде
тамаша суреттеген. Егер әсер ету мен реакциялар
арасындағы байланыс тепе-тең болмаса немесе оның
қызмет шарттары бұзылса, онда ол шартты
реакциялардың толық жоғалуына дейін бұзылады. Бұл
процесс «өшу» деген ат алды.
Іс жүзінде психолог жағымсыз мінезді құрту үшін
негізгі міндеті қажетсіз шартты байланыстарды құртуға
жағдай жасау болып табылатын «нұсқаулы алдын-ала
келісу»
тәсілін қолданады. Оларды бұзғаннан кейін
жауапты алдын-ала келісімде байланыстың жаңа
жүйелері - дағды, іскерлік, әдет тағы да басқа
автоматтандырылған мінез-құлық түрлері қалыптасады.
Әйткенмен де мінездің көптеген түрлері алдын-ала
келісілмеген. Келісілмеген ынталандыруларда мінез-құлық
реакциялары әдеттегідей дамымайды.
Оперантты алдын-ала келісу белсенділіктің түрлері
мен формаларының кең тараған мәндерімен жұмыс
атқарады және белгілі бір мінезден туындаған
зардаптарда айқындалған. Мінездің бұл зардаптарын
бекітілген-негізделген (реакцияны күшейтіп, бекітуші)
және негативті (реакцияны әлсіретуші) деп атайды.
Оперантты бекітуде жағымды мінезді нығайтып,
қаламаған қылықты жоюды бекіту мақсатында
көтермелеу және жазалау тәсілдері жиі қолданылады.
Әлеуметтік оқыту – бихевиористтік теорияның
психологиялық ұстанымы мыналармен: көптеген адамдар
алған әсерлерін қабылдап, ой елегінен өткізу арқылы
тәжірибе жинақтауға, басқаларды қайталауға түйісетін
үшінші жорамал. Әлеуметтік оқытудың негізін еліктеу
Достарыңызбен бөлісу: |