Бағдарламасының ( Syllabus) титулдық парағы Нысан пму ұс н 18. 3/37



жүктеу 432,93 Kb.
Pdf просмотр
бет5/31
Дата21.11.2018
өлшемі432,93 Kb.
#23216
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

Тұлғаның   гуманитарлық   үлгілеріне   бағытталған

технологиялар.

       2. Әлеуметтік жұмыстағы психоаналитикалық және

психодинамикалық моделі.

Мақсаттар   мен   өмірлік   жоспарлар   бала   кезден

қалыптасады: бала басқалардың нақты мәдениет аясында

жеткен   жетістіктеріне   теңескісі   келіп   оларға   саналы

немесе   санасыз   түрде   қарайды.   Осы   негізде   тұлғаның

көзқарасы, қызығушылығы, ықыласы оянады. А. Адлердің

пікіріне   сәйкес   тұлғаның   басымдылыққа   (өмір   бойы

жинақталған)   ұмтылуынан   басқа   жалпылама   сезімі   де

болады.   (туа   біткен).   Осылайша   А.   Адлер   тұлғаны

санасыздықтың   қара   күштеріне   тәуелділіктен   құтқаруға

тырысты.


Жаңа   психодинамикалық   тәсіл   жалпы   адамның

тамыры   балалық   шағында   жатқан   өткен   тәжірибесіне

назар   аудартады.   Осыған   байланысты   адамның   даму

барысында   балалық   шағынан   бастап   туындап,   оның

есейген шағында да жалғасып келе жатқан «қақтығыс» -

санасыз   сәттер,   орталық   түсінік   болады.   Мұндай

қақтығыстар   –   мінез-құлық   ерекшелігі   сезімнің,   ойдың

және   қылықтың   индикаторы   секілді.   Өткендегі

тәжірибенің   негізінде   мінез-құлықтың   ерекше   жүйесі

қалыптасады   (сезім,   ой   және   үлгі   жиынтығы)     Егер   бұл

неадекватный жағдайлардағы әсерлерде байқалса, онда

бұл жағдайларды өткен тәжірибеден қарастыра отырып,

бұл   «ұйымдық   жүйені»   тұлғаның   алдағы   тәжірибесіне

ыңғайлана  отырып,   өзгертуге  болады.   Адамды   үрей   мен

сенімсіздіктен саналы түрде әрекет ететін, психологиялық

қорғаныс деп аталатын өзіндік механизм құтқарады. 

А.   Фрейд   психикадағы   саналы   және   санасыз

құбылыстардың кейбір функциялары З. Фрейд түсінгеннен

басқаша   деген   тұжырымға   келді.   Бірінші   кезекте   бұл

Идтің (Оно) Эгомен (Я) ара қатынасына әсерін тигізді. А.

Фрейд   З.   Фрейд   айтқандай   Эгоның   Идтен   толық

шықпағанын   байқады,   сондықтан   Я   қызметі   неғұрлым

маңыздырақ және әсерлі. Эго-психология психоанализдің

классикалық теориясы секілді қорғау механизмдеріне де

үлкен   роль   атқарады.   Психикалық   жағдайлар   мен

қынжылушылық   туындауының   кілті   бола   тұрса   да,

санасыздықтың   қатаң   басымдығы,   не   постулируется.

Дәстүрлі   психоанализге   қарағанда,   Эго-психологиядағы




психикалық   көзқарас   адамның   сеніміне   кіріп,   оның   күші

елеулі дәрежеде оны гуманистік бағытқа жақындатады. 

Психодинамикалық   бағыттағы   мұраттарды   және

Эго-психологияны   пайдалану   әлеуметтік-психологиялық

жұмыста   көбінесе   түсіністікпен   және   тұлғаның   қорғану

механизмдерін есепке ала отырып қамтамасыз етілген. 

Қорғану мен қарсылық – адамның ыңғайсыздық пен

еске   алудан   құтқаратын,   оларды   санасынан   шығарып,

қатер мен жүйкенің ширығуын санасыз түрде босататын

ерекше   қабілеттері.   Психологиялық   қорғану   –   тұлғаның

өзгеруін   («қарсылық»)     тудыратын   механизмдердің   бірі.

Жаңа   психодинамикалық   тәсілде   неғұрлым   кең   тараған

қорғану   механизмдері   қолданылады:   ығыстыру,

қарсылық,   әсерлестіктің   қалыптасуы,   ауысу,   кері   сезім,

жабырқаңқылық,   шабуылдаушыға   ұқсау,   аскетизм,

интеллектуализация,   регрессия,   сублимация,   ажырау,

проекция,   экрандау,   тас   түйін   болу   т.б.   Мұның   бәрі

Онымен   Жоғары   Меннің   арасындағы   балансты   сақтауға

бағытталған.   Қорғаныс   механизмінің   әрқайсысының   өз

жетістіктері мен кемшіліктері бар. 

Мысалы,   ығыстырудың   артықшылығы   -   жағымсыз

көңіл-күй   жеке   тұлғаның   санасынан   оның   тыныштығы

үшін   ығысып   шығады.   Бірақ   адамнан   көп   энергиялық

шығынды   қажет   ететін   бұл   механизм   жағдайды

түзетпейді де, негізсіз болып шығады. 

Психодинамикалық тәсілдің басқадай жаңа тәсілі –

«Мен»   психологиясы   50   жылдардың   соңында   пайда

болған.   Оның   негізін   салушылардың   бірі   Х.   Кохуттың

адамгершілік   тенденциялары   неғұрлым   үлкен   дәрежеде

ерекшеленетін,   жаңа   психодинамикалық   теорияға   тән.

«Мен»   психологиясының   негізгі   мәні   –   Мен-ді   өзіндік

тойтарыс   пен   өзіндік   қатынас   қызметтерін   орындайтын

рефлексті құрылым ретінде қарастыру. 

Мен   психологиясының   теориясы   психоанализді

экзистенциональды   және   гуманистік   психологиямен

біріктіреді.   Кәзіргі   уақытта   классикалық   психоанализ

теорияларының   альтернативі   ретінде   қаралады:   сезімге,

(эмпатияға),   жеке   тұлғаның   субъективті   тәжірибесі   мен

өмір салтына көп көңіл бөлінеді. 

Тұлғаға жаңа, өзіндік көзқарастың дамуына ықпал етіп,

оның   өзара   тұлғалық   қатынасқа   қосылуы   -   трансактілі

талдау   (ТТ)   -   психодинамикалық   тәсілдің   қарапайым

мысалы.   Адам   ТТ-ға   сәйкес   өмір   бойы   өзінің   өмірін

анықтайтын   санасыз   құрылым   сценарийінің   негізінде




құрылған   санадан   тыс   жоспарланған   ойындарды

ойнайды.   «Бақыттылар»,   «жүгірінді   балалар»   т.б.

сценарийлері бар. 

ТТ негізін салушы Э. Берн адамдардың мінез-құлқының

түрлі   құбылыстары   (қалпы,   дауысы,   көзқарасы,   сөздік

қоры   т.б.)   уақыт   өте   келе   айтарлықтай   өзгеретінін

байқады.   Мінез-құлықтағы   өзгеріс   әдетте   сезім   арқылы

байқалады.   Мінез-құлықтағы   айырмашылық   пен   өзгеріс

адамдағы   түрлі   жағдайдан   хабар   береді.   Мен

құрылымдық   талдаудың   негізі   болып   табылады:   1)   Ата-

аналар   бейнесіне   ұқсас   Мен   жағдайы,   2)   шындықтың

объективті   бағасына   жеке   бағытталған   Мен   жағдайы

(Ересек);   3)   бала   кезден   бері   қалмай   келе   жатқан   Мен

жағдайы   (Бала).     Құрылымдық   талдау  «мен   кіммін,   неге

басқадай емес, осылай жасадым, мұндай жетістікке қалай

жеттім?» деген сұрақтарға жауап берудің жалғыз тәсілі. 

Құрылымдық   талдау   теориясына   сәйкес   адам

әлеуметтік топта әр сәт сайын Мен-Ата-ана, Ересек немесе

Бала   жағдайын   ұшыратады.   Әр   түрлі   даярлықтағы

адамдар бір жағдайдан екінші жағдайға ауыса алады. Э.

Берн   мынадай   тоқтамға   келеді:   әрбір   адам   өз   бойында

ата-анасының   (немесе   олардың   орнындағы   адамдардың)

Мен   жағдайының   жиынтығын   сақтайды   (олардан   жеке

қабылдаған).   Бұл   жағдайлар   кей   сәттерде   белсенділік

жасай   бастайды,   яғни   «әркімнің   бойында   ата-анасының

қылықтары   жүреді».   Барлық   адамдар   (балаларды

қоспағанда)   өздерінің   бойындағы   Менге   сәйкес

ақпараттарды,   яғни   «әр   адамның   бойында   ересек   адам

бар»,   шынайы   түрде   қайта   қорытады.   Қандай   адам

болмасын нақты бір жағдайларда белсенділік танытатын

өткен   жылдардағы   әсерлерін   есте   сақтайды,   яғни

«әркімнің   бойында   кішкентай   ұл   немесе   қыз   жүреді».

Адам миы психикалық тіршілікті ұйымдастырады, ал оның

қызметінің өнімдері Мен жағдайында реттеліп, сақталады.

Бала   –   түйсіктің,   шығарманың,   талаптанудың,

шаттықтың   көзі.   Ересек   адам   Ата-ана   мен   Баланың

әрекеттерін   бақылайды.   Ата-ана   екі   негізгі   міндетті

жүзеге асырады: адам ұрпағының өмір сүруін қамтамасыз

етеді   және уақыт  пен   қуатты  сақтауға  көмектеседі.  Бұл

Ересекті   көптеген   мақсатсыз   шешімдерге   келуден

сақтайды,   адам   күнделікті   мәселелерді   Ата-ананың

үлесіне  қалдырып,   неғұрлым  маңызды   өмірлік  шешімдер

жасайды. 



жүктеу 432,93 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау