Бағдарламасын техникалық ЖӘне кәсіптік білім беру мекемелерінде оқыту ерекшеліктері



жүктеу 54,1 Kb.
Pdf просмотр
Дата25.05.2018
өлшемі54,1 Kb.
#17042
түріБағдарламасы


«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» 

РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН 

БАҒДАРЛАМАСЫН ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ 

МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 (Гуманитарлық бағыттағы мамандықтар бойынша) 

 

Жошибаева Гульнара Сагатовна, 

Алматы облысы, Есік қаласы,  

Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің директоры,  

Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, 

Ы.Алтынсарин атындағы медалінің иегері 

 

 

Қадірлі қонақтар! Құрметті әріптестер! 



Есік  гуманитарлық-экономикалық  колледжінде  «Өзін-өзі  тану»  рухани-

адамгершілік  білім  беру  пәні  2008-2009  оқу  жылынан  бастап  жүргізіліп 

келеді.  Барлық  мамандықтар  бойынша  «Өзін-өзі  тану»  курсына  арналған 

жұмыс бағдарламалары әзірленген. 

«Өзін-өзі  тану»  рухани-адамгершілік  білім  беру  жобасының  авторы  

С.А.Назарбаева, мәңгілік сұраққа жауап  іздей отырып былай деп жазды: «Бір 

минутқа  да  күмәнданбаймын:  осы  бір  болмыстың  барлық  ежелгі  

сұрақтарына  жауап  беру  үшін  жалпыадамзаттық  құндылықтарды  қайта 

жаңғырту  керек,  өзіңнің  бастауыңа  оралуың  қажет.  XX  ғасырдың  жадысыз 

балалары  ұзақ  уақыт  айналдырып  келген    «өркениетті  этиканың»  орнына 



өмір этикасын қайта жаңғырту қажет. Ал халық болса ғасырдан  ғасырға оны 

игеріп  және  осы  құндылықтарды  пайдаланды...,  руханилықтың  кәусәр 

бұлағынан сусындады. Бірақ соңғы бұрқанған ырғақтағы он жылдықта өзінің 

қайнар  бастауына апарар жолды біздің замандастарымыз оп-оңай ұмытқан. 

Мен  сенімдімін,  Рухани  кәусәр  бұлаққа  барар  жолды    іздеу  –  әркімнің 

міндетінің  ішіндегі  міндеті...  Немесе,  оны  адам  туралы  білім  Ордасына 

апарар жол деп атаңыз». 

Өзін-өзі  тану  өнегелі  өмір  сүріп,  аты  тарихқа  алтын әріппен   жазылған 

рухани  ұстаздардың  өмірлері  мен  нақыл  сөздері  арқылы  болашақ 

мамандардың 

рухани-адамгершілік 

әлеуетін 

ашып, 

әлеуметтік 



жауапкершілік,  шығармашылық белсенділік, сол сияқты адами және кәсіби 

өсуіне жағдай жасап, көмектеседі. 

«Рухани-адамгершілік  білім  беру  мазмұнының  негіздері»  оқу 

бағдарламасы  Есік  гуманитарлық-экономикалық  колледжінде  гуманитарлық 

бағытындағы мамандықтарға  арналып жасалған. Рухани адамгершілік білім 

берудің  мазмұнына  іріктеу  жасауда  бағдарламаны  негізгі  қағидаттарға 

(Р.А.Мұқажанова,  Г.А.Омарова  ұсынған)  сүйене  отырып  әзірлену  жүзеге 

асырылды. Бағдарламаны оқытудың ерекшеліктері төмендегідей: 



1. Оқыту мазмұны бойынша бұрынғы жүйеде әлеуметтік тапсырысқа 

сәйкес келетін тұлға қалыптастыру,  әлеуметтік ортада жетістікке жету үшін 

тұлғаның  қабілеттерін  дамыту  көзделсе,  қазіргі  жүйеде  тәрбиенің  оқытудан 

басымдылығы және шын мәнісінде оқытуды тәрбиенің бөлігі ретінде енгізу, 




адам  бойындағы  рухани  құндылықтардың  көзін  ашу,  жарыққа  шығару 

қарастырылады.  

 «Рухани-адамгершілік 

білім  беру  мазмұнының  негіздері»  оқу 

бағдарламасы  бойынша  Есік  гуманитарлық-экономикалық  колледжінің 

гуманитарлық  бағытында  жүргізілетін  оқу  бағдарламасының  жалпы  сағат 

көлемі:   

  негізгі орта білім негізінде - 72 сағат; 

  жалпы орта білім негізінде -34 сағат. 

 

2.  Пәннің  мақсаты  бұрынғы  жүйедегідей  жеке  тұлға  қалыптастыру 

емес,  кемел  адам  тәрбиелеуге  қол  жеткізу  болып  табылады,  сонымен  қатар 

әрбір  студенттің  өз  болмысында  бар  рухани  бастауларының  көзін  ашуға 

мүмкіндік  жасау,  олардың  адамгершілік  болмысы  мен  шығармашылық 

әлеуетінің  кемелденуіне,  ойы,  сөзі,  ісі  бірлікте  өмір  сүретін,    мінез-құлқы 

жетілген  ізгілікті адам болуына жағдай жасауға бағытталған мақсатты білім 

үдерісін  ұйымдастыру.  Мәңгілік  құндылықтар  туралы  түсінік  бере  отырып, 

олардың өзін-өзі тануы, қоғамға риясыз қызмет етуі қарастырылған. 

Міндеттері: 

 студенттердің ішкі танымын дамытуға мүмкіндік жасау; 

 олардың  мінезін  тәрбиелеу,  жауапкершілік,  абырой,  абзалдық  тәрізді 

адами қасиеттері жүйесін қалыптастыру;  

 тек  қана  ізгі  әдіс-тәсілдер  арқылы  рухани-адамгершілік  білім  беру 

үдерісінде студенттердің өз ілімдерін өмірде қолдана білуге дағдыландыру;   

 адамдарға  және  қоршаған  ортаға  қамқорлық  жасауға  үйрету  арқылы 

болашақ  мамандардың  өз  мамандығына  деген  сүйіспеншілігі  мен 

шығармашылық іс-әрекетін, кәсіби біліктілігін дамыту және т.б. 

 

3. Оқыту тәсілдері бұрынғы жүйеде: 



-  Шаттық шеңбері; 

-  Әңгімелесу; 

-  Мәтінмен жұмыс; 

-  Дәйексөз; 

-  Жаңа ақпарат; 

-  Жүректен  жүрекке  деп  аталса,  жаңартылған  бағдарламада  мынадай 

негізгі бес тәсіл басшылыққа алынады: 

 Жағымды күйге ену (сабақтың басында және соңында іштей жағымды 

күйге келу, ішкі тыныштық орнату);  

 Сабақтың дәйексөзі (жағымды ой-пікір, пайымдаулармен танысу); 

 Оқиға  және әңгіме айту (ұлағатты, тәлімдік-тәрбиелік мазмұны терең 

мәтіндерді баяндап беру); 

 Шығармашылық  жұмыс,  топтық  жұмыс  (терең  мазмұнды  ойындар 

ойнау, сахналау, сурет салу, өлең құрастыру, эссе жазу, ән шығару және т.б.) 

 Музыка  және  топпен  ән  айту  (топтық  рухты  көтеру,  біртұтастықты 

сезіну).  Ғылыми-методологиялық негіз қалыптасқан. 

 



4. Қолданыстағы бағдарламада: 

  «Таным қағидалары» 

  «Адам болам десеңіз…» 

  «Жарасымды өмір салты» 

  «Кең дүние келбеті» 

  «Өмірде өз орным бар» 

  «Адами құндылықтар аясында» 

  «Өркениетке барар жолда» 

 «Адам  өмірінің  жарасымы»  тараулары  қамтылса,  ұсынылатын 

бағдарлама мазмұндық тұрғыда жүйелілікті қамтамасыз ететін: 

  «Тереңнен маржан тереміз...»   

  «Көкірек көзін ашалық!»  

 «Ізгілікке бастар жол»  

 «Түзеген  өз  ғаламын  болған  дана»  сынды  ықшамдалған  4 

тараудан тұрады. 

 

«Тереңнен  маржан  тереміз...»    атты  бірінші  тарауда  оқушылардың  

күллі адамзаттық рухани мұраға деген ізгілікті қатынасын дамыту, «өзін-өзі 

тану»  пәнінің  рухани-адамгершілік  құндылықтарын  өркениетті  жасаушы 

рухани ұстаздардың тәжірибесіне сүйене отырып меңгерту көзделеді. Рухани 

ұстаздардың  (Сократ,  Платон,  Әль-Фараби,  Ж.Баласағұн,  Абай,  Шәкәрім, 

С.Торайғыров,  Б.Момышұлы  т.б.)  өмірбаяндары  қалтқысыз  өмір  сүруінің, 

ойдың,  сөздің,  істің  бірлігі  сияқты  қайнар  көзі,  таусылмас  асқақ  идеялары 

барлық студенттерді шабыттандыру үшін үлгі болмақ. Осының бәрі колледж 

студенттері  үшін  маңызды  «Руханият»  деген  ұғымның  мағынасын  ашуға 

көмегін тигізеді.  

«Көкірек көзін ашалық!»» атты екінші тарауда «Өзін-өзі тану» пәнінің 

негізі  болып  табылатын  мәңгілік  жалпыадамзаттық  құндылықтар  (Ақиқат, 

Сүйіспеншілік,  Дұрыс  әрекет,  Тыныштық  және  Қиянат  жасамау)  туралы 

түсінік беріледі. Оларды түсіну  адамның жоғары рухани болмысын жарыққа 

шығаруға мүмкіндік береді. 

«Ізгілікке  бастар  жол»  атты  үшінші  тарауының  тақырыптарының 

жоспарлануы жеке тұлғаны рухани-адамгершілік жағынан  жетілдіру арқылы 

тұлғаның  үйлесімді  даму  үдерісінің  ашылуына,  өмірлік  жолды  саналы 

таңдауға ықпал етуге, жоғары «Мен» тұлғасын ұғындыруға және түсіндіруге 

бағытталған. Ізгіліктің түбі – руханилық екені басымдықпен айтылады. 

 

«Түзеген  өз  ғаламын  болған  дана»  атты  төртінші  тарауында 

жалпыадамзаттық  құндылықтардан  туындап,  адамның  өмір  тәжірибесі 

арқылы 


меңгерген 

адамгершілік 

қасиеттері 

туралы 


тақырыптар 

қарастырылады. Рухани-адамгершілік тұрғыдан сана-сезімі оянған адам ғана 

уақытша  құндылықтардан  мәңгілік  құндылықтарды,  жалғаннан  ақиқатты 

ажырата  біледі.  Өзі  тыныштық  табады,  басқа  да  адамдарға  ізгілік  жасай 

алады. 



5.  «Өзін-өзі  тану»  жаңартылған  бағдарламасын  оқытудағы  негізгі 

ерекшеліктің бірі осы пәнді оқытатын ұстаз рөлі болып табылады. Рухани-

адамгершілік білім беру үдерісі жалпыадамзаттық құндылықтарды күнделікті 

өмірде  іс  жүзінде  қолдану  арқасында  ғана  нәтижелі  болады.  Мұнда  ұстаз 

жалпыадамзаттық  құндылықтардың біртұтас рухани мәнін көре отырып, оны 

тәжірибеде  қолданса,  онда  ол  оның  өмірмен  байланысын  аша  алуы  талап 

етіледі.  Ұстаздың  жүрегі  риясыз  таза  махаббатқа  толы  болса,  онда 

оқушылардың  жүрегін  (көкірек  көзін)  аша  алады.  Жүрегіндегі  шексіз 

сүйіспеншілік  қуатынсыз  оқушыларға  рухани-адамгершілік  білім  беру 

мүмкін  емес.  Осы  орайда  Шалва  Амонашвилидің  «Мектепті  емес, 

мұғалімнің  ішкі  дүниесін  реформалау  қажет»  деген  ұлағатты  сөзі  еріксіз 

ойға оралады. 

Еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызының «Өзін-өзі тану» рухани-

адамгершілік  білім  беру  авторлық  жобасы  бүгінгі  таңда  өзінің  

актуалдылығымен маңызды және оқыту жүйесінде үлкен сұранысқа ие. Осы 

мінбер  арқылы  жоба  авторы  Сара  Алпысқызына  және  бағдарламаны  жаңа 

форматта  оқытуды  Республикалық  деңгейде  кәсіби-біліктілік  курстары 

арқылы  ұйымдастырушы  Р.А.Мұқажанова  бастаған  «Адамның  үйлесімді 

дамуы  институты»  ғалымдарына  және  ізгілік  пен  ұлағатты,  кісілік  пен 

кішілікті  ту  еткен  Жарас  Сисенғалиұлы  Шонаев  мырза  басшылық  ететін 

«Бөбек» ұлттық ғылыми практикалық білім беру және сауықтыру орталығы 

қызметкеркерлеріне барлық ұстаздар атынан алғыс айтуға рұқсат етіңіздер.  

23  сәуір  2014  жылы  Есік  гуманитарлық-экономикалық  колледжінің 

«Бөбек»  ҰҒПББСО-ның  Адамның  үйлесімді  даму  институтымен  бірлескен 



«Өзін-өзі  тану»  рухани-адамгершілік  білім  беру  бағдарламасын  жаңа 

форматта  оқытудың  ғылыми-әдістемелік  негіздері»  тақырыбындағы 

Республикалық ғылыми-практикалық семинары өткізілді. Аталған семинарға 

ҚР-сы  Білім  және  ғылым  министрлігінің,  Астана  қаласы  және  Алматы 

облысы  білім  басқармаларының  мамандары,  ғалымдар  мен  ЖОО,  «Бөбек» 

ҰҒПББСО-ның  оқытушылары  т.б.  қатысып,  жұмыс  мазмұны  мен 

ұйымдастырылуына  жоғары  баға  берді.  Аталған  семинарда  Есік 

гуманитарлық-экономикалық  колледжінің  директоры  Г.С.Жошибаеваның 

бастамасымен  «Педагогика-психология»  кафедра  оқытушыларының  «Өзін-

өзі  тану»  пәнін  гуманитарлық  бағыттағы  оқу  орындарында  жаңа  форматта 

оқытудың  бағдарламасын  ұсынылды.  Мәңгілік  рухани-адамгершілік 

құндылықтарға негізделген кемел мінезді, ойы, сөзі және ісі бірлікте болатын 

адам  тәрбиелеу  –  қоғамның  басты  қажеттілігі.  Сол  орайда  семинарға 

қатысушылар  осы  семинарда  бүгінгі  таңдағы  өзекті  мәселелердің 

көтерілгендігін атап өтті. 

«Өзін-өзі  тану»  рухани-адамгершілік  тәрбие  бағдарламасы  теңдессіз, 

өміршең  жоба.  Жобаның  өміршеңдігін  қамтамасыз  ету  үшін  барлық  қоғам 

жұмылдырылуы  тиіс.  Соның  дәлелі  ретінде  Есік  гуманитарлық-

экономикалық  колледжі  базасында  Алматы  облысы  «Тәрбие  мен  рухани-



адамгершілік білім беру серіктестерінің» қауымдастығы қоғамдық бірлестігі 

құрылды. Бірлестіктің заңды бекітілген арнайы Жарғысы бар.  




Бұл бірлестіктің негізгі мақсаты мен бағыттары: Алматы облысындағы 

бірыңғай ғылыми-білім беру кеңістігін қалыптастыру және адамгершілік 

тәрбиені дамыту, осы мәселелер бойынша тәжірибе алмасу мен қарым-

қатынас  орнату  үшін  жағдай  жасау.  Осы  мақсатты  жүзеге  асыру  үшін 

келесі міндеттер қарастырылған: 

«Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдері мен қоғамды топтастыру; 



Рухани-адамгершілік  білім  берудің  стратегиялық  мәселелерін 

талқылау мен құруға белсенді қатысу; 

Жеке  және  кәсиби  қарым-қатынастарды,  ақпараттарды  өзара 



алмасуды дамыту; 

Озық тәжірибені тарату және қолдау көрсету; 



Жалпы  көпшілікке,  жастар  мен  балаларға  адамгершілік  білім 

беретін бағдарламалар мен жобалар ұсыну. 

Қазіргі  таңда  бұл  қоғамдық  бірлестік  мүшелерінің  саны  119  адам.  Бұл 

негізінен  Есік  гуманитарлық-экономикалық  колледжінің  ұстаздар  қауымы. 

Алдағы уақытта қоғамдық бірлестік Облыстағы басқа да білім мекемелерінің 

ұстаздар қауымын қамтиды. Бұл игі бастама Республика көлемінде жалғасын 

табатынына сенімдімін. 

2014  жылдың  21  мамыр  күні  Ақтөбе  қаласында  «Өзін-өзі  тану» 

адамгершілік-рухани  білім  беру  жөніндегі  республикалық  кеңесінің  V 

кеңейтілген  отырысындағы  колледж  директоры  Г.С.Жошибаева  ұсынған 

баяндамасы қатысушылар тарапынан жоғары бағаға ие болды. 

Оқу  орнының  осы  саладағы  табыстары  «Өзін-өзі  тану»  рухани-

адамгершілік  білім  беру  бағдарламасы  бойынша  пилоттық  жобаға  енуіне 

негіз  болды.  Пилоттық  жобаға  төрт  аймақ:  Астана,  Алматы  қаласы, 

Қарағанды,  Ақтөбе  облыстарының  білім  мекемелері  және  Алматы  облысы 

бойынша  бір  білім  мекемесі,  яғни  Есік  гуманитарлық-экономикалық 

колледжі пилоттық жобаға 24-білім мекемесі болып енгізілді. 

Сөз соңында айтарым: өзін-өзі тану пәні – жақсылыққа бастайтын пән. 

Ендеше: 


  Жақсы болыңыздар!!! 

  Жақсылық туралы ойлаңыздар!  

  Жақсы нәрсе айтыңыздар! 

  Жақсы нәрсе тыңдаңыздар! 

  Жақсы нәрсе көріңіздер! 

  Жақсы әрекет жасаңыздар! 



Бақытқа жеткізер жол – осы! 

жүктеу 54,1 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау