151
3.31-сурет. Жолдарды орнату
Егер бұл қажет болса, кіріктірілген анықтамалық жүйесін немесе арнайы
әдебиеттерді пайдалануға болады.
Барлық параметрлер ОК батырмасын басумен расталады.
Құжаттың параметрлерін баптау. Құжаттың параметрлерін баптау
беттің параметрлерін баптаудан басталады. Ол үшін Файл мәзіріне кіріп,
Беттің параметрлері командасын таңдау қажет. Пайда болған терезеде
тек алғашқы екі кірістіру маңызды: Жолдар (3.31-сурет) және Қағаздың
мөлшері.
Жолдар кірістіруінде қажетті жолдардың өлшемдерін орнату үшін
көрсеткілерді пайдаланыңыз.
Қолданыстағы стандарттарға сәйкес (ГОСТ P 6.30—97) құжаттардың
жолдары қамтуы қажет: сол – кемінде 20 мм; оң – кемінде 10 мм; жоғарғы
– кемінде 20 мм; төмен – кемінде 10 мм.
Қағаздың мөлшері кірістіруінде қажетті мөлшерін (әдетте А4) және
парақтың бағытын таңдаймыз: кітаптық немесе альбомдық (әдетте
кітаптық). Кейде бұл бағыттарды «портрет» және «ландшафт» деп атайды.
Бұл параметрлер OK батырмасын басу кезінде тек ағымдағы құжаттың
баптауларын анықтайтын болады. Бірақ Әдепкі қалпы бойынша
батырмасын бассаңыз, барлық құжаттар үшін белгіленген параметрлерді
тіркеуге болады және әрбір бағдарламаға кірген сайын оларды орнатудың
қажеті жоқ. Олар жаңасы орнатылғанға дейін тіркелген болып қалады.
Редактормен жұмыс жасау қолайлылығы үшін [F1] пернесін басумен
Көмекшіні (ол анықтамалық және кеңесші) шақыруға болады. Егер
Көмекшінің қасында сары шам жанатын болса, демек, ол бірнәрсе айтқысы
келеді; оның кеңесінің оқу үшін, шам бойынша шерту қажет (3.32-сурет).
Қажет болған жағдайда Көрініс түрін өзгертуге (кеңестер сол күйінде
152
ВБарлық мәтінді мәтіндік жолдың сол жақ шетіне
тураланған, ешбір белгілеусіз, кірістірулерсіз,
кестелерсіз және т.б. терген жөн.
қалады)
немесе
оны
[Esc]
батырмасын
басумен
тіпті
өшіруге болады.
Мәтінді
теру
ережесі.
Мәтінді теру кезінде келесі
ережелерді сақтау қажет.
Құжаттың барлық мәтінін теріп болғаннан кейін ғана оны түзетуге
және пішімдеуге болады.
1. [ENTER] пернесі жаңа абзацқа және шегінуге өту (қызыл жол) үшін
тек абзацтың соңында ғана пайдаланылады.
2. [Бос орын] пернесі сөздердің арасында бос орындарды құру үшін
ғана пайдаланылады. Естеріңізге сала кетейік, бос орын сөздердің
арасында және барлық тыныс белгілерінен кейін орналастырылады және
олардың алдында ешқашан болмайды. Ешбір жағдайда бұл перненің
көмегімен мәтінді орналастыруға болмайды – мысалы, жолдың ортасына
тақырыпты қою немесе абзацтық шегініс жасауға (бұрын баспа
машинасында жасалған сияқты), себебі бұл мәтінді әрі қарай пішімдеуді
қиындатады.
3. Мәтіннің фрагментін төмен жылжыту, яғни бос жолды құру үшін,
меңзерді абзацтың алдында орнатып, [Enter] пернесін басу қажет. Басуды
бірнеше рет қайталауға болады – мәтінге барлық жаңа бос жолдар
қосылатын болады. Мәтінді жоғары көтеру, яғни фрагменттің үстіндегі бос
жолды жою үшін меңзерді мәтіннің үстіндегі бос жолға қойып, [Backspace]
пернесін басу қажет.
4. Теру үрдісінде теру қателерін түзетудің мағынасы жоқ. Толық
құжатты тергеннен кейін мұны істеу ыңғайлы. Жалғыз ерекшелік – дұрыс
емес терілген таңбаны жою. Егер дұрыс емес таңбаның терілгенін бірден
байқасаңыз (көбінесе тыныс белгілері), осы таңбаны өшіру үшін
[Backspace] пернесін қолданып, содан кейін жаңа мәтінді терген жөн.
Ақпаратты сақтау. Компьютердің экранында терілетін барлық
ақпарат оның жедел жадында сақталады. Жұмыстағы кез-келген іркіліс
кезінде (авариялық апаттық өшіру немесе ескертусіз пайдаланушы
әрекеттері) бұл ақпарат ізденіссіз жоғалып кетуі немесе белгісіз түрде
бұрмалануы мүмкін және жиі оны қалпына келтірудің жолы жоқ. Осындай
жағдай болмас үшін құжаттың мәтінін компьютердің қатты дискісінде
тиісті файл түрінде сақтау керек. Ол үшін Файл мәзіріне өтіп, Басқаша
сақтау командасын таңдау қажет (3.33-сурет).
3. 32-сурет. Көмекші
153
Бұл команда әрқашан жаңа құжатты бастапқы сақтау үшін қолданылады.
Пайда болған терезеде құжаттың файлы сақталатын папканы таңдап, оған
ат беру қажет. Word бағдарламасы автоматты түрде құжат атауын
құжаттың бірінші жолы бойынша атауын тіркейді және оны ағымдағы
папкаға немесе «Менің құжаттарым» арнайы папкасында сақтайды. Осы
ұсыныспен келіссеңіз, Сақтау батырмасын басыңыз. Егер ұсынылған атау
сізге сәйкес келмесе, Файлдың атауы жолында тінтуірмен шертіп, жаңа
атауды енгізу қажет. Егер сіз ұсынылған папкамен келіспесеңіз, Папка
терезесіндегі көрсеткіні шертіп, кез-келген басқа папканы таңдаңыз, содан
кейін Сақтау батырмасын басыңыз. Осы операциядан кейін терезенің ең
жоғарғы жолында (тақырып жолағы) жаңа файлдың атауы пайда болуы
керек.
Жаңа құжатқа атауды таңдауға қатысты, кез-келген әріпті (кез келген
тіркелімде), сандарды және тыныс белгілерін ресми түрде пайдалануға
болады. Дегенмен, тәжірибе көрсеткендей, файлдың атауын таңдаған кезде
белгілі бір ережелерді сақтау керек:
егер сіз Windows 98 және одан жоғары нұсқаларында ғана жұмыс
жасасаңыз, онда сіз орысша қаріппен қауіпсіз түрде пайдалануға болады.
Алайда, егер сіз бұл файлды басқа компьютерге тасымалдағыңыз келсе,
онда латын атауларын қолданған дұрыс. Мәселен, «кітап» орыс тілінің
орнына, «kniga» терген дұрыс;
өте ұзын атауларды тіркемеңіз – олармен жұмыс істеу ыңғайсыз. Ең
дұрысы, файлдың атауы бір немесе екі сөзден тұруы керек;
файлға ресми атаулар бермеңіз - «k7» немесе «йцук», сосын оны табу
қиын болады. Құжатта оның мазмұнын қалай болса да бейнелейтін атау
болуы керек, мысалы, «мақала», «сауалнама12» және т.б.
Файлды сақтаған кезде файлдың төменгі Файлдың типі терезесіне
назар аударған жөн.
3. 33 Сурет. Құжатты сақтау терезесі
Достарыңызбен бөлісу: |