Бағдарламасын іске асыратын білім беру мекемелерінің оқыту үрдісінде оқу құралы ретінде қолдануға ұсынылады



жүктеу 2,59 Kb.
Pdf просмотр
бет44/110
Дата29.05.2018
өлшемі2,59 Kb.
#18395
түріБағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   110

132 
 
 
 
терезені  экранның  кез-келген  жеріне  жылжытуға  болады.  Осы  батырмаға 
қайтадан басу арқылы терезені барлық экранға ашуға болады.  
Үшінші  батырма терезені және онымен бірге оның ішінде орналасқан 
бағдарлама немесе құжатты жабады.  
М ә з і р   ж о л ы .  Жоғарыдан екінші жол – бұл бағдарламаның негізгі 
мәзірі.  Мәзірдің  пунктін  таңдау  кезінде  әртүрлі  командаларды  таңдау 
мүмкіндігін ұсынып, ол ашылады (құлайды). Ешбір команданы таңдамай, 
мәзірден шығу үшін терезенің кез-келген бос жолы бойынша шерту қажет.  
К о м а н д а л а р д ы ң   т ү р л е р і .   Сұр  түсті  команда  қолжетімсіз 
болып  табылады  –  мүмкін  осы  команданы  орындауға  арналған  шарттар 
құрылмаған.  
Егер  команданың  оң  жағында  пернелердің  тіркесу  тұрса,  бұл  осы 
команданың  мәзірге  кірмей-ақ,  тек  осы  пернелерді  пернетақтадан  басу 
арқылы  орындалатынын  білдіреді.  Пернелердің  осындай  қиыстыруларын 
«жылдам», немесе «ыстық» батырмалар деп атайды.  
Егер  команданың  алдында  жалауша  (әдетте  қанат  белгісі  түрінде) 
тұрса,  бұл  осы  орнатқыштың  белсенді  екендігін  білдіреді.  Жалауша 
команданы  қосқыш  және  өшіргіш  болып  табылады,  тінтуірді  шертумен 
қойылады және алынады.  
Егер  команданың  алдында  нүкте  немесе  басылған  перне  түрінде 
маркер  тұрса,  бұл  осы  командасы  мәзірдің  басқа  позициясына  қатысы 
бойынша  балама  болып  табылатынын  білдіреді,  яғни  оның  таңдауы  осы 
команда  тобындағы  алдыңғы  орнатуды  жояды.  Мысалы,  Түрі  мәзірінде 
ұсынылған 
Терезе жиегі    Құралдар тақтасы               Қатар                Тақырып қатары 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
                              Жұмыс аумағы                                        Күй қатары 
 
3.15-сурет. «Менің компьютерім» бағдарламасының терезесі 


133 
 
баламалардың  тек  біреуін  таңдауға  болады:  Ірі  белгілер,  Ұсақ  белгілер, 
Тізім  немесе  Кесте.  Осындай  ауыстырғыштарды  кейде  «радио-
батырмалар» деп атайды. 
Егер командадан кейін көрсеткі тұрса, демек, бұл команда нақтылауға 
мәжбүр екендігін білдіреді (қосымша мәзір команданың қасында ашылады 
және  содан таңдау жасау  қажет). Егер командадан кейін көп нүкте  тұрса, 
бұл  осы  команданың  қосымша  диалогтық  терезеде  пайда  болатын 
қосымша параметрлерді орнатуды талап ететінін білдіреді.  
Егер  команданың  алдында  пиктограмма  тұрса,  бұл  команданы 
Құралдар  панеліндегі  сәйкес  батырманы  басумен  таңдауға  болатынын 
білдіреді.  
Мәнмәтіндік-тәуелді  немесе  мәнмәтіндік  деп  аталатын  мәзірдің  басқа 
түрі  бар.  Ол  нақты  объекті  бойынша  тінтуірдің  оң  жақ  батырмасын 
шертумен  шақырылады.  Осы  мәзірден  команданы  таңдау  тінтуірдің  сол 
жақ  батырмасымен  жүзеге  асырылады.  Осы  мәзірдің  мазмұны  таңдалған 
объектіге тәуелді.  
Қ ұ р а л д а р   п а н е л і .   Бағдарламаның  терезесінде  сәйкес  панельдің 
болуы  Түрі/Құралдар  панелі  мәзіріндегі  оның  атауын  белгілеу  арқылы 
анықталады.  Панельдегі  батырмалар  олардың  мақсаттарын  бейнелейтін 
белгілерге ие (3.16-сурет). Бұдан басқа, егер оларға тінтуірдің көрсеткішін 
орнатса, онда батырманың атауы көрсетіледі.  
Ж ұ м ы с   к е ң і с т і г і ,   әдетте,  терезенің  ең  үлкен  бөлігі  болып 
табылады. Ол құжаттармен жұмыс істеу арналған.  
К ү й   ж о л а ғ ы   Жұмыс  аймағында  орналасады.  Ол  операцияларды 
орындаудың  әртүрлі  қасиеттерін  және  т.б.  бейнелей  алады.    Әрбір 
бағдарламада өзінің ерекше күй жолағы бар.  
Болдырмау батырмасы бір 
операциядан бастап соңғы 
бірнеше операцияға дейін 
кері қайтарады 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бір жоғары деңгейге өту 
батырмасы деңгейлер 
бойынша еркін орналасуға 
көмектеседі 
Жою батырмасы 
белгіленген объектіні 
жояды  
Қасиеттері батырмасы 
белгіленген объектінің 
қасиетін көрсетеді 
Панельдегі бұл 
батырма Жұмыс 
аймағының сыртқы 
түріне жауап береді 
3.16-сурет. Құралдар панелі 


134 
 
Өткізгіш.  Бұл  файлдар  және  папкалармен  операциялар  жасауға 
мүмкіндік  беретін  бағдарлама.  Кейде  осындай  түрлері  бағдарламаларды 
файл-менеджерлер  деп  атайды.  Кез-келген  ақпарат  ретімен  папкаларға 
орналасатын  файлдар  түрінде  компьютерде  (нақтырақ,  қатты  дискіде) 
сақталатынын  ескертеміз.  Папкалар  файлдарды  сақтау,  бірыңғайландыру 
және жүйелеу үшін жұмыс істейді. Осыған байланысты кез-келген кеңседе 
құжаттарды сақтауға толық ұқсастық бар. 
Файлдың  негізгі  белгісі  –  оның  атауы.  Сонымен  қатар  оның  ішінде 
орналасатын  ақпараттың  санымен  анықталатын  файлдың  мөлшері  өте 
маңызды.  Ақпараттың  саны  есептеудің  екілік  өлшем  бірлігіне  сәйкес 
биттермен  өлшенетінін  еске  саламыз.  Дегенмен  ақпаратты  өлшеудің 
анағұрлым қолайлы бірлігі байт болып табылады. Бір байт – бұл 8 бит. Бір 
байт  бір  әріпті  немесе  санды  кодтайды,  сондықтан  файлдың  мөлшері 
бойынша  сәйкес  құжаттағы  белгілердің  санын  анықтауға  болады. 
Ақпараттың анағұрлым ірі бірліктері:  
1 байт = 8 бит; 
1 килобайт (Кбайт) = 2
10
 байт = 1024 байт; 
1  мегабайт  (Мбайт)  =  2
10
  Кбайт  =  1024  Кбайт  =  2
20
  байт  =  1048  576 
байт; 
1 гигабайт (Гбайт) = 2
10
 Мбайт = 1024 Мбайт = 2
20
 Кбайт = 2
30
 байт = = 
1073 741824 байт; 
1 терабайт (Тбайт) = 2
10
 Гбайт = 1024 Гбайт = 2
20
 Мбайт = = 2
30
 Кбайт 
= 2
40
 байт. 
Осы  бағдарламаны  іске  қосу  үшін,  Іске  қосу,  Бағдарламалар 
батырмасына басып, бағдарламалар тізімінен Өткізгіш таңдау.  
Өткізгіш терезесінің стандартты түрі бар, екі бөлікке бөлінетін Жұмыс 
аймағы: сол және  оң, оның әрқайсысының тік  және  көлденең    айналдыру 
жолағы  бар  ерекшелік  болып  табылады  (3.17-сурет).  Терезенің  сол  жақ 
бөлігінде  (ол  кейде  «Папкалар  терезесі»  деп  аталады)  қатты  дискіде 
орналасқан  барлық  папкалардың  тізімі  алфавиттік  ретпен,  сонымен  қатар 
ДК  қосылған  барлық  ақпаратты  сақтау  және  жіберу  құрылғылары 
бейнеленеді.  
Егер  папканың  қасында  «+»  белгісі  тұрса,  бұл  осы  папканың  ішінде 
тағы  папка  бар  екендігін  білдіреді.  Осы  папкалардың  тізімін  көру  үшін, 
«+»  белгісі  бойынша  шерту  қажет.  Оң  бөлігінде  сол  бөлікте  бөлінген 
папканың құрамы бейнеленеді. Файлдарды қарап шығу үшін файлдың аты 
бойынша екі рет шерту қажет.  
Өткізгіште файлдар және папкалармен әртүрлі операциялар жүргізуге 
болады. Негізгі операцияларды қарастырайық: 
Ж а ң а   п а п к а н ы   қ ұ р у .  Сол жақ терезеде жаңа папка салынатын 
папка бойынша шерту қажет, мысалы «Диск С:», содан кейін Файл, Құру,  


жүктеу 2,59 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   110




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау