Бағдарламасын бекіту және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы»


Халық денсаулығын сақтаудың негізі ретінде қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту



жүктеу 389,5 Kb.
бет3/6
Дата21.01.2020
өлшемі389,5 Kb.
#27128
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6

5.1. Халық денсаулығын сақтаудың негізі ретінде қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту

 

5.1.1. Қоғамдық денсаулық қызметін қалыптастыру



Халық денсаулығын нығайту және қорғау тек тиісті стратегияларды дамытуды және түрлі тіршілік салаларындағы ресурстарды жұмылдыруды ғана емес, сондай-ақ мемлекеттің, жұртшылықтың және халықтың осы бағыттағы қызметін интеграциялауды қамтамасыз ету үшін орнықты және тиімді негіз жасауды талап етеді. Үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамытудың негізі қоғамдық денсаулық қызметін ҚДҚ-ны қалыптастыру болмақ.

ҚДҚ жұмысының негізгі бағыты қоғамның денсаулығын басқару, МСАК-тың мүдделі мемлекеттік органдармен (санитариялық-эпидемиологиялық, экологиялық, ветеринариялық қызметтермен) ведомствоаралық өзара іс-қимылының негізінде сауаттандыру, консультациялар, саламатты өмір салтын насихаттау, қолдау арқылы халықтың денсаулығын, мінез-құлық дағдыларын қолдау бағытында өзгерту болмақ.

ҚДҚ негізгі функциялары:

1) халықтың хабардарлығын және оның қоршаған ортаның түрлі факторларының, дұрыс тамақтанбаудың және мінез-құлық қауіптерінің зиянды әсерінің профилактикасы және оны төмендету жөніндегі іс-шараларға тартылуын арттыру;

2) инфекциялық және негізгі инфекциялық емес ауруларды, оның ішінде психикалық денсаулықтың ауытқуы мен жарақаттанушылықты эпидемиологиялық мониторингтеуді қамтамасыз ету;

3) ел халқының денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған сектораралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, үйлестіру және кеңейту;

4) денсаулық сақтау саласындағы заңнаманың және басқа да құқықтық нормалардың сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;

5) өңірлік және ұлттық деңгейде аурулардың дамуын ұзақ мерзімді модельдеу мен болжаудың халықаралық жүйелерін енгізу болады.

ҚДҚ қызметі халыққа медициналық көмек көрсету жүйесімен, әсіресе МСАК-пен, мамандандырылған ғылыми-зерттеу ұйымдарымен және бағдарламаларымен тығыз интеграцияланатын болады.

Республикалық деңгейде инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың қауіп факторларына эпидемиологиялық мониторинг жүргізу функциялары, сондай-ақ мыналар:

1) қоғамдық денсаулық сақтауды дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты және сектораралық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;

2) қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеулер, соның ішінде саламатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар;

3) қоғамдық денсаулық сақтау проблемаларын белгілеу және олардың серпінін болжау үшін халықтың денсаулық жағдайын мониторингтеу;

4) қоғамдық денсаулық сақтау қызметтері мен бағдарламаларының тиімділігін, қолжетімділігі мен сапасын бағалау жүзеге асырылатын болады.

Жергілікті деңгейдегі ҚДҚ шеңберінде инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың профилактикасы жөніндегі іс-шараларды, оның ішінде скринингтерді әзірлеу, жоспарлау, іске асыру және мониторингтеу және МСАК-пен бірлесіп диспансерлеумен қамтамасыз етіледі.

Жергілікті деңгейдегі ҚДҚ-ның негізгі мақсаттарының бірі тамақтануды ұтымды ету мен саламатты өмір салтын ынталандырудың, санитариялық және дене шынықтыруды дамытудың негізінде халықтың өз денсаулығы үшін ақпараттық жауапкершілігін арттыру болады. Бұл азаматтарды хабардар ету және олардың сауатын ашу, олардың жеке денсаулығын, қоғамдық денсаулықты нығайту, дұрыс тамақтануды насихаттау мәселелеріндегі мүмкіндіктерін кеңейту іс-шараларымен қамтамасыз етіледі.

Ол үшін ҚДҚ-да дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарын және заманауи әлеуметтік медиа-ресурстар мен желілерді белсенді қатыстыра отырып, мінез-құлық психологиясы және экономика саласындағы ғылыми негізделген әзірлемелердің негізінде әлеуметтік маркетингтің инновациялық технологиялары енгізілетін болады.

ҚДҚ-ның басым міндеті әлеуметтік мәні бар негізгі инфекциялық емес аурулардың (бұдан әрі - ИЕА) профилактикасы және оларды мониторингтеуді жүргізу бойынша іс-шараларды жандандыру болмақ.

Бұл ретте ИЕА-мен күрес ИЕА профилактикасы және онымен күрес жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған жаһандық іс-қимыл жоспарына, ДДҰ негіздемелік конвенциясына және Еуропалық темекіге қарсы күрес стратегиясына, ДДҰ тағам өнімдері және тамақтану саласындағы 2015 - 2020 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарына сәйкес халықаралық сынамаланған технологиялардың негізінде жүргізіледі. Мектепте дұрыс тамақтандыруды қамтамасыз ету тұжырымдамасы әзірленеді, денсаулыққа пайдалы (май, тұз, қант мөлшері төмен жаңа піскен (дайындалған) және экологиялық) тамақ өнімдерін тұтынуды насихаттау күшейтілетін болады. Кәсіптік, экологиялық және әлеуметтік қатерлер оларды төмендету факторларын үздіксіз мониторингтеу және бақылау жүргізілетін болады.

Еліміздегі балалар мен ересектерді иммундық профилактикалау жөніндегі бүкіл жұмысты ДДҰ ұсынымдарына сәйкес ұйымдастыру мен үйлестірудің негізінде инфекциялық аурулардың профилактикасы мәселелеріне айрықша назар аударылатын болады.

Бұл бағыт ҚДҚ-ның халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимылы кезінде мүмкін болады.

Қоғамдық денсаулық сақтау жүйесі орта мерзімді кезеңде халықтың денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған сектораралық өзара іс-қимылдың негізіне айналады. Осы мақсатта мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қоғамдық денсаулық сақтау саласында өкілеттіктер мен функциялардың аражігін ажырату бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Нәтижесінде, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің және Астана, Алматы қалаларының, облыстардың денсаулық сақтау басқармаларының құрылымында қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы саясатты жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелер құрылады, ол елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін халық денсаулығын нығайтуға елеулі үлес қосады.

 

5.1.2. Сектораралық өзара іс-қимылды дамыту



Халықаралық стандарттарға сәйкес әртүрлі мемлекеттік және қоғамдық институттардың сектораралық өзара іс-қимылы инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың туындауы қатері факторларын төмендетуді және мыналарға бағытталған кешенді шараларды көздеуге тиіс:

1) халықтың сауаттылық деңгейін, оның ішінде саламатты өмір салтын ұстану және қалыптастыру мәселелеріндегі сауаттылық деңгейін арттыру;

2) қатер факторларының (шылым шегу, алкогольді шектен тыс пайдалану, физикалық белсенділіктің аздығы) таралуын төмендететін жаңа мінез-құлық ұстанымдарын қалыптастыру;

3) кенеулі теңгерімді тамақтану;

4) дене шынықтырумен және спортпен тұрақты шұғылданатындар санының өсуі;

5) жол-көлік оқиғаларын азайту;

6) қауіпсіз еңбек және тұрмыс жағдайларын жасау;

7) қауіпсіз тұрғын үй жағдайларын қамтамасыз ету;

8) мүгедектердің денсаулық сақтау көрсетілетін қызметтеріне өзгелермен тең дәрежеде қол жеткізуін қамтамасыз ету;

9) халықтың сырқаттану жағдайына әсері тұрғысынан мониторингтеу деректерін ескере отырып, ауыз суға тұрақты түрде қолжетімдікті қамтамасыз ету, ауаның, су мен топырақтың ластануын азайту, шу деңгейін төмендету.

Адам денсаулығын қорғау және нығайту адамның жас және әлеуметтік ерекшеліктерін ескере отырып, аурулар мен олардың салдарының пайда болу қатерінің сыртқы және мінез-құлықтық факторларын төмендету бойынша сәби өмірінің алғашқы күндерінен басталатын және барлық жастағы кезеңдерінде жалғастырылатын профилактикалық іс-шараларға бағытталатын болады. Еңбек белсенділігін сақтауға, жұмысты өмір бойына қайта бөлуге және әлеуметтік қолдауға бағытталған дұрыс қартаюды қолдау бойынша шаралар қолға алынады.

Сектораралық өзара іс-қимылды дамыту шеңберінде басқарудың барлық деңгейлерінде, оның ішінде осы бағдарламаның мақсаттары мен міндеттерін басқа да мемлекеттік және салалық бағдарламалармен, өңірлер мен салаларды дамытудың стратегиялық жоспарларымен интеграциялау арқылы халық денсаулығын сақтау мен нығайтудың келісілген саясатын жүргізу қамтамасыз етілетін болады.

Міндеттерді шешу үшін жоспарлаудың, қаржыландырудың тиімді әдістері, халықпен, ұйымдасқан ұжымдармен, білім беру мекемелерімен өзара іс-қимыл тетіктері енгізіледі, денсаулық сақтау жөніндегі қызмет көрсеткіштері үшін министрліктердің жауапкершілік жүйесі, қоғамдық, алғашқы денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау қызметтері жұмысының интеграциясы қалыптасады.

Басқа да секторлармен және ведомстволармен бірлескен жұмыс шеңберінде халық денсаулығына ықпал ететін қатер факторларын басқарудың бірыңғай жүйесі құрылады және денсаулық сақтау жөніндегі қызмет көрсеткіштері үшін әр министрліктің жауапкершілік аймағы айқындалады.

Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып денсаулықты нығайту бағдармаларын іске асыру үшін халықпен, әсіресе, жастармен, ұйымдасқан ұжымдармен, білім беру мекемелерімен өзара іс-қимыл тетіктерін енгізуді көздейтін әлеуметтік жұмылдыру жөніндегі кешенді шаралар әзірленеді және іске асырылады; мектептердің медициналық қызметкерлерінің штаттарын білім беру жүйесінен денсаулық сақтау жүйесіне беру бойынша шаралар қабылданады.

Сектораралық өзара іс-қимылдың басым міндеті ана мен баланы қорғау бойынша кешенді шараларды іске асыру, оның ішінде балалар жарақаттануын азайту, балалар мен жастардың ділі мен ұрпақты болу денсаулығын нығайту болады.

Балалар мен жасөспірімдердің дене және психикалық денсаулығын қалыптастыруға, ата-аналар мен оқытушыларды балалар мен жасөспірімдердің психикасындағы ауытқу белгілерін, қатерлі суицидтік мінез-құлқын танып-білуге, әлеуметтік қызметкерлерді, бейінді денсаулық сақтау қызметтері (туберкулезге қарсы, наркологиялық, психиатриялық) жұмысының бейәлеуметтік мінез-құлқы бар тұлғаларға қатысты, балалық шақта жазатайым оқиғаларды болдырмау, отбасындағы теріс факторлардың бала денсаулығына әсерін жою бойынша ІІМ учаскелік қызметтерінің және басқа да мүдделі органдардың (психологтар мен ІІМ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі нұсқаушыларын және т.б.) тарта отырып, олармен одан әрі жұмыс жасау тактикасына үйретуге бағытталған іс-шаралар айқындалады және іске асырылады.

Жол қозғалысының қауіпсіздігі, жол қозғалысы саласындағы нормалар мен қағидаларды сақтау деңгейін көтеру, оның ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды автоматты тіркеу жүйелерін пайдалана отырып көтеру бойынша халықпен профилактикалық және ақпараттық жұмыстың жүйелілігін қамтамасыз ету арқылы ЖКО-ның алдын алу, жолдардағы авариялық-қауіпті учаскелерді жою жөніндегі іс-шаралар жалғастырылатын болады. Республика жолдарының авариялық-қауіпті жерлеріндегі трассалық медициналық-құтқару пункттері жүйесін одан әрі дамыту қамтамасыз етілетін болады.

Сектораралық өзара іс-қимыл шеңберінде халықты толыққанды тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтерімен (халықтың ауыз суға, су бұру жүйелеріне тұрақты түрде қол жеткізуін қамтамасыз ету, тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату, жылумен және энергиямен қамтамасыз ету) қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шараларды іске асыру қамтамасыз етіледі.

Қоршаған орта факторларының халық денсаулығына зиянды әсерін төмендетуге бағытталған іс-шараларды іске асыру, оның ішінде ауаның, топырақтың және табиғи су қоймаларының ластануымен күрес жалғасатын болады. Бұл ретте кейіннен өңірлер бөлінісінде халық денсаулығын мониторингтей отырып, Қоршаған ортаның халық денсаулығына әсерінің қауіптер картасы әзірленетін болады.

ҚДСҚ МСАК ұйымдарымен, жергілікті атқарушы органдармен және жұмыс берушілермен бірлесіп, қазіргі заманғы стандарттар мен озық технологиялар трансфертінің негізінде адамның жұмыс орнында денсаулығын сақтау, кәсіптік сырқаттармен күресу, кәсіптік патология кезінде медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру жөніндегі кешенді тәсілдерді әзірлейтін және енгізетін болады.

Сектораралық өзара іс-қимылдың ең маңызды міндеттерінің бірі дене белсенділігін ынталандыру мен спортпен шұғылдануды насихаттауды, оның ішінде жұмыс берушілерді кеңінен тарту арқылы жұмыс істейтін тұрғындарды, мектептегі білім беру жүйесі арқылы - балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің базасында балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға тартуды қоса алғанда, дұрыс тамақтану, саламатты және қауіпсіз өмір салты үшін жағдайлар және әділ мүмкіндіктер жасау болмақ.

Жалған және генетикалық түрлендірілген өнімдерді қоса алғанда, өндірілетін және әкелінетін тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігіне бақылау және мониторинг жүргізіледі, ұсынымдар әзірленіп, енгізілетін болады.

Ведомствоаралық жұмыс шеңберінде төтенше жағдайлардың, жарақаттанудың, жазатайым оқиғалар мен уланулардың, зорлық-зомбылық пен қылмыстың ауқымын азайтуға, оның ішінде инфрақұрылымды тиісінше жоспарлау, алкоголь өнімдерінің айналымын бақылауды және есірткі заттарының заңсыз айналымына белсенді түрде қарсы күресуді қоса алғанда, нормативтік реттеу және мемлекеттік бақылау көмегімен азайтуға бағытталған жүйелі шаралардың қабылдануы қамтамасыз етіледі.

Жалпы білім беру мекемелерінде нашақорлық пен мінез-құлық ауруларының профилактикасы жөніндегі бағдарламаларды енгізу, оның ішінде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторларды балалар мен жасөспірімдер арасында наркологиялық бейін бойынша қатер топтарын ерте анықтау технологияларына оқыту арқылы кеңейтілетін болады. Сондай-ақ ІІМ қызметкерлеріне (полицейлер, учаскелік инспекторлар) масаңдық (алкогольден, есірткіден, уыттану) дәрежесін айқындау дағдылары оқытылады.

Туберкулезге шалдығу және одан болатын өлім-жітім деңгейін, соның ішінде пенитенциарлық жүйеде қылмыстық-атқару жүйесінің (бұдан әрі - ҚАЖ) мекемелерінде туберкулезбен және АИТВ/ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуді жетілдіру жолымен төмендету жөніндегі ведомствоаралық іс-шаралар, бүкіл халықтың және пенитенциарлық жүйе контингентінің туберкулездің және АИТВ/ЖИТС таралу мәселелері бойынша хабардар болуын арттыру жалғастырылады.

Жасөспірімдер мен репродуктивті жастағы тұрғындар арасында АИТВ инфекциясының таралуын төмендету жөніндегі профилактикалық іс-шараларға, 15-17 жастағы балалар арасында ЖЖБИ-ға шалдығудың профилактикасына ерекше назар аударылады.

Сектораралық өзара іс-қимылды дамыту шеңберінде халықаралық бірлестіктермен және ұйымдармен (ДҰҰ, БҰҰ, ЮНИСЕФ, оның ішінде онда қазақстандық мамандарды қатыстыру және тәжірибе алмасу мақсатымен) тығыз ынтымақтастық орнату жалғасады.

Сектораралық өзара іс-қимылдың ұзақ мерзімді мақсаты денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты кезең-кезеңімен, оның ішінде ортақ мақсаттардың, міндеттер мен нәтижелілік индикаторларының негізінде интеграциялау болып табылады.

Бұл қоғамдық денсаулық сақтау, алғашқы денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау қызметтерінің жұмысын кезең-кезеңімен интеграциялаудың негізінде әлеуметтік медицина үлгісін қалыптастыру үшін негіз болады.

 

 



5.2. МСАК-ты жаңғырту және басым дамыту негізінде барлық
денсаулық сақтау қызметтерін пациент мұқтаждықтары
айналасына интеграциялау

 

МСАК оның көлбеу (амбулаториялық-емханалық) және тік (психиатриялық, наркологиялық, туберкулезге қарсы, онкологиялық және т.б) бейінді қызметтермен өзара іс-қимылының өзгеруімен халыққа медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру жүйесіндегі орталық буынға айналады.



Тегін амбулаториялық емдеу үшін дәрілік заттар тізбесін кезең-кезеңімен ұлғайту мүмкіндігімен МСАК деңгейіндегі медициналық көмек кеңейтілетін болады.

Жоспарлы мамандандырылған көмек МСАК-қа тіркелген тұрғындардың қажеттілігіне байланысты болады, оңалту және ұзақ күтім жасау қызметтері, оның ішінде жекеше секторды тарта отырып дамиды.

Көлік медицинасын, оның ішінде санитариялық авиацияны, жедел медициналық жәрдемді, телемедицинаны одан әрі дамыту жүзеге асырылатын болады.

Медициналық қызметтер тұтынуды тиімді басқару көрсетілген іс-шаралардың негізі болмақ.

Дәлелдік медицинаға, ғылыми әзірлемелерге негізделген медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарын, клиникалық хаттамаларды жетілдіру және енгізу жалғасады.

 

5.2.1. МСАК-ты жаңғырту және басым дамыту



МСАК-ты одан әрі дамыту алғашқы буындағы әмбебап, интеграцияланған, әлеуметтік бағдарланған, қолжетімді және сапалы медициналық көмекті дамытуға бағытталған шараларды тереңдетуді көздейді.

Алғашқы медициналық көмектің әмбебаптығы одан әрі қызмет көрсетудің отбасылық қағидатына өтудің есебінен қамтамасыз етіледі. Қызмет көрсетудің отбасылық қағидаты организмнің әрбір жастағы кезеңіндегі ерекшеліктерін ескере отырып, профилактикаға баса назар аудара отырып, өмір бойы адамның денсаулығына бақылау жасауды көздейді.

Отбасылық қағидат әр отбасының қажеттілігіне қарай профилактикалық, диагностикалық, емдеу, оңалту және сауықтыру іс-шараларын, паллиативтік көмек пен үйде күтім жасауды жүргізуді көздейді.

Отбасылық қызмет көрсету қағидаты МСАК дәрігерлерімен (жалпы практика дәрігері (ЖПД), учаскелік дәрігерлер (терапевтер, педиатрлар) және МСАК дәрігерлері тарапынан үйлестіру жасай отырып, арнаулы мамандардан жасақталған мультитәртіптік командалармен жүзеге асырылады. ЖПД-мен қамтылудың және олардың құзыреттерінің өсу шамасына қарай, олар кезең кезеңімен учаскелік дәрігерлерді алмастыратын болады.

Қолданыстағы емханалар/МСАК орталықтары базасында of exellens орталықтары (ең жақсы практика орталықтары) құрылады.

Отбасы денсаулығын қорғау бойынша шаралар кешені отбасын жоспарлау, аурудың профилактикасы, әйелдердің, ерлер мен балалардың созылмалы ауруларын емдеу және оңалту шараларын қамтитын болады.

МСАК жұмысының басымдығы ана мен баланың денсаулығын нығайту болып қала береді. МСАК түрлі аурулар, оның ішінде перинаталды көмек кезінде медициналық көмекті аймақтандыру бағдарламаларының негізгі деңгейі болады. Андрологиялық қызметтің ұйымдастырылуын жетілдіру, ерлердің репродуктивті жүйесінің ауруларының профилактикасы мен заманауи емдеудің тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар жүргізіледі.

Геронтологиялық көмекті дамыту жалғастырылатын болады.

Медициналық көмек көрсетудің сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында МСАК-тың басқа да денсаулық сақтау деңгейлерімен және қызметтерімен толық интеграциялануы қамтамасыз етіледі.

Мәселен, МСАК мамандары диагностика мен бейінді мамандардың қызметтерін, стационарға жолдауды, оңалтуды, паллиативті көмекті және үйде күтім жасауды қоса алғанда, денсаулық сақтау жүйесінің барлық деңгейлерінде медициналық көмек көрсетуді үйлестіреді (бағдарлау). Олар медициналық көмектің барлық кезеңдерінде қызмет берудің толықтығы мен сапасын мониторингтейтін болады.

Сондай-ақ паллиативтік көмек көрсету және оңалту орталықтары, күндізгі стационарлар, үйдегі стационарлар, паллиативтік көмек көрсету орталықтары, бөлімшелері жағдайларында ҮЕҰ-ге мемлекеттік тапсырысты орналастыру арқылы отбасы қажеттілігін ескере отырып, үйде күту нысандары жетілдірілетін болады.

Күндізгі стационар жағдайларында оңалту және қалпына келтіру емдерін одан әрі дамыту жалғастырылады.

Мамандандырылған қызметтер (оның ішінде психиатриялық, наркологиялық, туберкулезге қарсы, онкологиялық және т. б.) жұмысының МСАК ұйымдарымен өзара тығыз байланысы жүзеге асырылады.

Медициналық көмек көрсетудің тиісті стандарттарын жетілдіру, оның толықтығы мен сабақтастығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғастырылады. Барлық деңгейлерде диагностикалау мен емдеу хаттамаларының және МСАК қызметкерлерінің орталық үйлестіру рөлі жағдайында мониторингтеу негізінде ауруларды интеграциялық басқару (АИБ) бағдарламалары енгізіледі. Бұл үшін барлық өңірлерде үш ауру (артериялық гипертония, қант диабеті, қан айналымының созылмалы жеткіліксіздігі) бойынша АИБ енгізілетін болады. Бұл ретте МСАК-ты түпкі нәтиже үшін қаржылық ынталандыру тетігінде индикаторлар жүйесі жетілдіріледі. Бұл назарды ауруларды ерте анықтау мен емдеуге аударуға, асқынулар жиілігі мен емдеуге жатқызу деңгейін төмендетуге, медициналық-әлеуметтік тиімді оңалтуды жүргізуге ынталандырады.

МСАК-тың әлеуметтік бағытталуы МСАК, әлеуметтік қорғау және қоғамдық денсаулық сақтау қызметтерінің жұмысын интеграциялаудың, халық денсаулығын сақтау жөніндегі сектораралық өзара іс-қимыл шеңберіндегі іс-шараларға бастапқы буын мамандарын белсенді түрде тартудың есебінен қамтамасыз етілмек.

Тиісінше, МСАК психологтарды, әлеуметтік қызметкерлерді, мейіргерлерді, фельдшерлерді, акушерлерді және көмекші персоналды тарту арқылы кешенді медициналық және әлеуметтік қызметтер ұсынуды қамтитын алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек қызметі ретінде қарастырылады. Әлеуметтік қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, әлеуметтік және психологиялық қолдау мен мультибейінді патронаж қамтамасыз етіледі.

Көрсетілетін қызметтердің барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету үшін МСАК ұйымдарының желісі өңірлердегі демографиялық, географиялық және инфрақұрылымдық жағдайларды ескере отырып дамитын болады. Ұйымдардың халық тұратын жерлерге барынша жақындатылған, кіші және шағын нысандарына басымдық берілетін болады.

Осы мақсатта:

1) ЖПД учаскелерін кезең-кезеңімен ірілендіру;

2) топтық және жеке отбасылық практикалар құруды қолдау;

3) МСАК-ты медициналық бұйымдармен, сондай-ақ арнайы автокөлікпен жарақтандыруды жетілдіру*;

4) мобильді (көліктік) медицинаны, пациенттерді қашықтықтан бақылауды одан әрі жетілдіру*;

5) МСАК көрсету жүйесінде жекеше сектордың, шағын және орта бизнестің дамуын мемлекеттік қолдау;

6) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті (МЖӘ), МСАК желісін дамыту, қызмет бейіні тұрақты түрде сақталған жағдайда мемлекеттік объектілерді кейін жекешелендіру мүмкіндігімен сенімгерлік басқаруға беру жүзеге асырылады.

МСАК сапасын арттыру мақсатында МСАК ұйымы мен дәрігерін толыққанды еркін таңдауды қамтамасыз ету және ынталандыру, оның ішінде халықтың МСАК ұйымдарына тіркелуінің жеңілдігі мен айқындығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданатын болады.

Қызмет көрсету сапасын жақсарту, кезек күтуді және персонал жүктемесінің шамадан тыс болуын төмендету мақсатында, операциялық менеджментті жақсарту, өңірлік және жергілікті call-орталықтарын құру, дәрігердің қабылдауына Интернет арқылы жазылуды енгізу, кезектерді басқарудың қазіргі заманғы технологияларын енгізу негізінде МСАК ұйымдарын басқару жетілдірілетін болады.

Денсаулық сақтау жүйесіндегі МСАК басымдығын, тиімділігін және тартымдылығын қамтамасыз ету үшін МСАК-тың кадрлық әлеуетін дамыту жөніндегі жұмыстар, лауазымдық нұсқаулықтарды және біліктілік талаптарын оңтайландыру жүргізілетін болады.

ЖПД-ны жоғары білім берудің жаңа мемлекеттік стандарттары бойынша даярлау заманауи білімі бар, практикалық, коммуникативтік дағдыларға ие және командада жұмыс істей алатын кең бейіндегі мамандар қалыптастырудың негізін қалайды. Бұл ретте ЖПД-ны бала жастағы аурулардың профилактикасы, диагностикалау және емдеу бойынша теориялық және практикалық оқыту күшейтіледі.

МСАК-ты дамыту шеңберінде пациенттерді бақылау, созылмалы ауруларды басқару, сондай-ақ пациенттерге үйде қызмет көрсету жөніндегі кейбір функциялар кезең-кезеңімен арнайы дайындалған жалпы практика мейіргерлеріне берілетін болады.

Орта медициналық қызметкерлерді (бұдан әрі - ОМҚ) оқыту МСАК басымдығы, оның көпфункциялығы мен әмбебаптығы ескеріле отырып жүргізілетін болады, ол денсаулық сақтаудың басқа секторларына қарағанда, ОМҚ-да жоғары дербестікті талап етеді. ОМҚ оқыту стандарттары да әзірленген кәсіби стандарттарға сәйкестендіріледі.

МСАК-тың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, оның толықтығы мен тартымдылығын арттыру үшін мамандар тартудың уәждемелік тетіктері жетілдіріледі, амбулаториялық деңгейде мемлекет қамтамасыз ететін дәрілік заттардың тізбесі кезең-кезеңімен кеңейтіледі. Халық денсаулығына ең ауыр әсер ететін ауруларды ерте анықтау жөніндегі түйінді скринингтік бағдарламаларды одан әрі дамыту, сондай-ақ олардың тиімділігіне үнемі мониторинг жүргізу және бағалау қамтамасыз етіледі.

 


жүктеу 389,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау