2) маркетинг-менеджмент:
сатылымдарды басқару
маркетингтік зерттеулер
маркетингтік стратегия әзірлеу
брендинг және ілгерілету
электронды маркетинг
3) ұйымдық менеджмент:
ұйымдық даму
адами ресурстарды басқару
4) операциялық менеджмент:
бизнес-процестердің реинжинирингі
жеткізу тізбектерін басқару
5) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар:
салалық автоматтандыру жүйелері
құжат айналымын автоматтандыру жүйелері
ІТ-инфрақұрылым
өндірістік процестерді автоматтандыру жүйелері
менеджменттің корпоративтік ақпараттық жүйелері
6) инженерлік-конструкторлық әзірлемелер:
өндірістік желілерді оңтайландыру
сәулеттік жоспарлау/дизайн
инфрақұрылым мен коммуналдық желілерді жоспарлау
7) сапа менеджменті:
сапа менеджмент жүйелерін енгізу
тағам өнімдерінің қауіпсіздік жүйесін енгізу
өндірістегі қауіпсіздік жүйелерін енгізу
өнімнің қауіпсіздік жүйелерін енгізу
8) энергия және ресурс тиімділігі:
энергия аудиті, сертификаттау және рейтингтер беру
энергоменеджмент жүйелерін енгізу
энергия тиімділігі саласында инженерлік-конструкторлық шешімдерді енгізу
жаңартылатын энергия көздерін енгізу
9) экологиялық менеджмент:
экологиялық аудит және қоршаған ортаға әсерді бағалау
экологиялық менеджмент жүйелерін енгізу
экология саласында инженерлік-конструкторлық шешімдерді енгізу
10) есеп және қаржылық есептілік:
қаржылық басқару және есепке алу жүйелерін енгізу
аудиттелетін қаржылық есептілікті дайындау үшін қаржылық ақпаратты өңдеу
кәсіпорынды басқару және есептілікті жүргізу үшін талап етілетін қаржылық ақпаратты
жетілдіру үшін есепке алу саясатын іске асыру саласындағы консультациялар
ұлттық/халықаралық стандарттарға (ҚЕҰС/ҚЕХС) сәйкес қаржылық есептілікті жетілдіру.
311. Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ
бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыру мерзімі жобаның мазмұнына байланысты болады,
алайда, әдетте, төрт айдан алты айға дейін болады.
312. Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ
бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыру тетігі:
1) ЕҚДБ және/немесе қаржы агенттігі Қазақстан Республикасының әр өңірінде
кәсіпкерлерді Бағдарламаға қатысу критерийлері туралы ақпарат пен өтінім пакетіне қойылатын
талаптарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау
жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасы туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді, сондай-ақ әлеуетті
клиенттерге жобалық өтінімді дайындауға жәрдем көрсетеді;
2) өтініш беруші ЕҚДБ шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі бағдарламасының
жәрдемімен қолдау алуға өтінімді және қажетті құжаттар топтамасын (оның ішінде Қазақстан
Республикасының шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасының
стандартты нысанына сәйкес толтырылған өтінімнің түпнұсқасы, құрылтай құжаттарының
көшірмелері, алдыңғы өткен толық екі жыл және өтінім берген кездегі ағымдағы қаржы кезеңі
үшін қаржылық есептердің көшірмелері) ЕҚДБ-ға ұсынады;
3) кәсіпорынды тексеру және диагностикалау бойынша Қазақстан Республикасының шағын
және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасының стандартты рәсімдері
орындалғаннан кейін оның өміршеңдігін, оның қажеттіліктері мен басымдықтарын айқындау және
өтінім бойынша түпкілікті шешім қабылдау үшін оның іріктеу критерийлеріне сәйкестігін
бағалау мақсатында ЕҚДБ маманы кәсіпорынға барады;
4) ЕҚДБ маманы Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау
жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасына қатысуға өтініш берушілердің жиынтық тізбесін қалыптастырады
және мүдделі кәсіпорындар туралы ақпаратты тіркеумен және сақтаумен айналысады, Қазақстан
Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасына қатысуға
мақұлдау алған кәсіпкерлердің жиынтық тізбесін қаржы агенттігіне хабардар ету мақсатында
ұсынады;
5) әлеуетті консультациялық жоба кәсіпорын басшылығымен талқыланады;
6) ЕҚДБ кәсіпорын үшін жергілікті және халықаралық сарапшылардың дерекқорынан жобаны
іске асыруға жарамды консалтингтік компаниялардың және/немесе сарапшылардың тізімін
дайындайды және жоба бойынша әлеуетті консультанттармен, атап айтқанда халықаралық
сарапшылармен келіссөздер жүргізуге жәрдемдеседі;
7) өтініш беруші консалтингтік компанияны және/немесе сарапшыны таңдау туралы
түпкілікті шешім қабылдайды;
8) кәсіпорын мен консалтингтік компания бірлесіп, белгіленген нысан бойынша техникалық
тапсырма әзірлейді, ол ЕҚДБ тарапынан келісілуге және бекітілуге тиіс;
9) ЕҚДБ гранттар бойынша қолданыстағы матрица-нұсқаулыққа сүйене отырып,
консультациялық жобаны бірлесіп қаржыландыру көлемі бойынша шешім қабылдайды;
10) кәсіпорын мен консалтингтік компания ЕҚДБ мақұлдаған жобаға арналған техникалық
тапсырмаға сәйкес консультациялық қызметтер көрсету туралы шарт жасасады;
11) ЕҚДБ мен кәсіпорын Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау
жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасы шеңберінде консультациялық жобаға грант беру туралы келісім
жасасады.
Ескерту. 312-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.04.2016
№ 234
(алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
қаулысымен.
313. ЕҚДБ жобаның іске асырылу мониторингін жүзеге асырады;
314. Жоба аяқталғаннан кейін консультант қорытынды презентация өткізеді және
бенефициар-кәсіпорын мен ЕҚДБ-ға жобаның нәтижелері туралы есеп береді.
315. Кәсіпорын консультантқа консультациялық қызметтер көрсету шартына сәйкес соманы
төлейді.
316. Орындалған жұмыстардың мәлімделген техникалық тапсырмаға сәйкестігін, жоба сәтті
аяқталғаннан және консультациялық қызметтер көрсету туралы шартқа сәйкес кәсіпорынның
консультантқа жобаның құнын төлеу фактісін тексергеннен кейін ЕҚДБ бенефициар-кәсіпорынға
Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасы
шеңберінде грант беру туралы қол қойылған келісімге сәйкес грант төлейді.
317. Жоба аяқталғаннан кейін бір жыл өткен соң ЕҚДБ бенефициар-кәсіпорын жұмысының
тиімділігіне әсерін бағалау үшін барып, жобаға қорытынды баға береді.
318. ЕҚДБ жыл сайын уәкілетті органға құрауыштың іске асырылу барысы туралы есеп
береді.
«Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын,
жабдықтарды енгізу және персоналды оқыту мәселелері бойынша
біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тарту (аға сеньорлар)»
құрауышы
319. «Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын, жабдықтарды енгізу және
персоналды оқыту мәселелері бойынша біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тарту (аға
сеньорлар)» құрауышы басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын, жабдықтарды енгізу
және персоналды оқыту мәселелері бойынша құрауышқа қатысушыларға тікелей кәсіпорындарда
консультация беру үшін жемісті жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті шетелдік мамандарды
тартуға бағытталған.
320. Қазақстан Республикасының аумағында «Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс