Бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы"



жүктеу 342,19 Kb.
Pdf просмотр
бет32/41
Дата23.11.2018
өлшемі342,19 Kb.
#23616
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41

      1) құрауыш бойынша шығындарды өтеу сомасы және қажет болған жағдайда шығындарды өтеуге

жұмсалатын сома туралы түсініктеме;

      2) кейіннен мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға жіберу үшін құрауыш 

операторының құрауыштың іске асырылуына мониторинг жүргізуі мақсатында өтініш берушінің 

құрауыш операторына Шығындарды өтеу туралы келісім жасалғанға дейін 2 (екі) жыл бұрынғы және

жасалғаннан 2 (екі) жыл кейінгі деректерді қоса алғанда, өтініш беруші туралы статистикалық 

деректерді индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган

мен құрауыш операторына таратуға келісім беруі;

      3) құрауыш бойынша нысаналы индикаторларға қол жеткізілмеген жағдайда, құрауыш 

операторының өтініш берушіден құрауыштың іске асырылу барысы туралы ақпарат сұрату құқығы;

      4) Шығындарды өтеу туралы келісімнің шарттары бұзылған жағдайда, келісімді бұзу және 

құрауыш бойынша шығындарды өтеу түрінде берілген ақшалай қаражатты қайтарып алу.

      

Ескерту. 343-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің  



№ 370

(алғашқы ресми 

жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      344. Құрауыш операторы Шығындарды өтеу туралы келісім жасалған күннен бастап 2 (екі) 

жыл ішінде құрауыштың іске асырылу барысы туралы мониторинг жүргізеді.

      345. Құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторының құрауышты іске асыру 

бойынша өзара іс-қимыл жасауы құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторының 

арасында жасалған тиісті келісім шеңберінде жүзеге асырылады, оның шеңберінде құрауыш 

операторы Қаржылай емес қолдау операторының консультанттарын құрауышты іске асыру мәселелері

бойынша дүркін-дүркін оқытуды жүзеге асырады.

      346. Құрауышты Қаржылай емес қолдау операторының тарапынан іске асыру Қаржылай емес 

қолдау операторының меншікті қаражатының есебінен жүзеге асырылатын болады.



      «Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру» құрауышы

      347. «Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру» құрауышы өндірісті ұйымдастыру 

тиімділігін арттыру үшін отандық кәсіпорындардың басқарушылық және өндірістік деңгейінің 

өсуін ынталандыруға бағытталған.

      348. «Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру» құрауышы қызметін 

Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну 

қағидаларында айқындалған экономиканың қызмет түрлері бойынша кемінде 1 (бір) жыл жүзеге 

асырып келе жатқан кәсіпкерлерге ұсынылады.

      

Ескерту. 348-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 



№ 370

 (алғашқы ресми жарияланған 

күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      349. «Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру» құрауышының шеңберінде үшінші 

тұлғалар көрсеткен қызметтер үшін шығындарды ішінара өтеу жүзеге асырылады.

      350. «Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру» құрауышының шеңберінде өндірісті 

ұйымдастыру тиімділігін арттыруға арналған құжаттаманы әзірлеуге және/немесе прогрессивті 

басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізуге, өтінім берілген күнге дейін 12 (он 

екі) ай бұрын, кәсіпорын жұмсаған шығындардың 40 (қырық) пайызы мөлшерінде, бірақ 20 (жиырма

) миллион теңгеден аспайтын көлемде өтеу көзделеді.

      «Өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін арттыру» құрауышы бойынша шығындар түрі 

Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында 

айқындалады.

      


Ескерту. 350-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 

№ 370


 (алғашқы ресми жарияланған 

күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      351. Құрауышты ұсыну тетіктері:

      1) Қаржылай емес қолдау операторы бұқаралық ақпарат құралдарына кәсіпкер сай келуге 

тиіс талаптарды, өтінімдерді қабылдау орындарын, оларға қоса берілетін құжаттар тізбесін, 

сондай-ақ егжей-тегжейлі ақпаратты қамтитын интернет-ресурсқа сілтемені көрсетіп, өтінімдер 

қабылдау туралы хабарландыруды орналастырады;

      2) өтінім мен оған қоса берілетін құжаттар КҚКО-ға немесе құрауыш операторына құжаттар

тізімдемесімен бірге қағаз жеткізгіштерде ұсынылады;

      3) Қаржылай емес қолдау операторы белгіленген талаптарға сәйкес 2 (екі) жұмыс күні 

ішінде өтінімдер мен оған қоса берілген құжаттардың толықтығы тұрғысынан тексереді және 

оларды құрауыш операторына жібереді. Өтінім мен оған қоса берілген құжаттардың сәйкессіздігі




анықталған жағдайда, Қаржылай емес қолдау операторы бұл туралы өтініш берушіге хабарлайды;

      4) өтінім мен қажетті қосымшалардың сәйкессіздігі туралы ақпаратты алғаннан кейін 

өтініш беруші сәйкессіздіктерді жояды және өтінім мен қоса берілетін құжаттарды КҚКО-ға 

Қаржылай емес қолдау операторының қарауына қайта енгізеді;

      5) Қаржылай емес қолдау операторы 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінім мен қоса берілген 

құжаттарды қайтадан қарауды жүзеге асырады және сәйкессіздіктер болмаған жағдайда, өтінімді 

қоса берілген құжаттармен бірге құрауыш операторына жібереді;

      6) құрауыш операторы Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік 

қолдау көрсету қағидаларында айқындалған тәртіппен 10 (он) жұмыс күні ішінде берілген өтінім

мен оған қоса берілген құжаттарды белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеруді 

жүзеге асырады және шығындарды өтеу мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім 

қабылдайды;

      7) құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторын өтініш берушінің әрбір өтінімі 

бойынша шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы қабылданған шешім жөнінде хабардар етеді;

      8) шығындарды өтеу туралы шешім қабылданған жағдайда, құрауыш операторы қаржылай емес 

қолдау операторына құрауыш операторы қол қойған Шығындарды өтеу туралы келісімнің 

қосымшаларымен бірге хабарламаны 2 (екі) данада өтініш берушінің қол қоюы үшін жібереді. 

Шығындарды өтеу туралы келісімге өтініш беруші қол қойғаннан кейін қаржылай емес қолдау 

операторы бір данасын Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау 

көрсету қағидалары белгілеген тәртіппен құрауышты одан әрі іске асыру үшін құрауыш 

операторына қайтарады;

      9) теріс шешім қабылданған жағдайда, құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау 

операторына өтініш берушінің белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін көрсетіп, хабарлама 

жолдайды. Кәсіпкердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыру мақсатында 

Қаржылай емес қолдау операторы өтініш берушінің белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні 

туралы хабарламаның негізділігін қарайды.

      

Ескерту. 351-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 



№ 370

 (алғашқы ресми 

жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      352. Өтініш беруші өтінімінің белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындау құжаттардың 

толық тізбесінің негізінде жүзеге асырылады.

      353. Өтініш берушіден толық тізбеде көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      354. Құрауыш операторы құрауышты іске асыру кезінде өтініш берушімен Шығындарды өтеу 

туралы келісім жасасады, онда мыналар көзделеді:

      1) құрауыш бойынша шығындарды өтеу сомасы және қажет болған жағдайда шығындарды өтеуге

жұмсалатын сома туралы түсініктеме;

      2) кейіннен мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға жіберу үшін құрауыш 

операторының құрауыштың іске асырылуына мониторинг жүргізуі мақсатында өтініш берушінің 

құрауыш операторына Шығындарды өтеу туралы келісім жасалғанға дейін 2 (екі) жыл бұрынғы және

жасалғаннан 2 (екі) жыл кейінгі деректерді қоса алғанда, өтініш беруші туралы статистикалық 

деректерді индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган

мен құрауыш операторына таратуға келісім беруі;

      3) құрауыш бойынша нысаналы индикаторларға қол жеткізілмеген жағдайда, құрауыш 

операторының өтініш берушіден құрауыштың іске асырылу барысы туралы ақпарат сұрату құқығы;

      4) Шығындарды өтеу туралы келісімнің шарттары бұзылған жағдайда, келісімді бұзу және 

құрауыш бойынша шығындарды өтеу түрінде берілген ақшалай қаражатты қайтарып алу.

      

Ескерту. 354-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 



№ 370

 (алғашқы ресми 

жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      355. Құрауыш операторы Шығындарды өтеу туралы келісім жасалған күннен бастап 2 (екі) 

жыл ішінде құрауыштың іске асырылу барысы туралы мониторинг жүргізеді.

      356. Құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторының құрауышты іске асыру 

бойынша өзара іс-қимыл жасауы құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторының 

арасында жасалған тиісті келісім шеңберінде жүзеге асырылады, оның шеңберінде құрауыш 

операторы Қаржылай емес қолдау операторының консультанттарын құрауышты іске асыру мәселелері

бойынша дүркін-дүркін оқытуды жүзеге асырады.

      357. Құрауышты Қаржылай емес қолдау операторының тарапынан іске асыру Қаржылай емес 

қолдау операторының меншікті қаражатының есебінен жүзеге асырылатын болады.




жүктеу 342,19 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау