Бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы"



жүктеу 342,19 Kb.
Pdf просмотр
бет18/41
Дата23.11.2018
өлшемі342,19 Kb.
#23616
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41

      29) ҚОӘАБ сатысында кейіннен ҚОӘБ мен ҚОҚ сатыларында қорытындылар (түпнұсқа және/

немесе нотариус куәландырған көшірмелер) ұсынбай мемлекеттік экологиялық сараптаманың 

қорытындысы (инвестициялар, сондай-ақ ТЭН, ТЭЕ, бизнес-жоспарлар және басқа жобалау 

алдындағы құжаттардың негіздемесі);

      30) лизинг заттарын сатушылардың құжаттары:

      қазақстандық заңды тұлғалар үшін:

      жарғының;

      мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің/анықтаманың;

      салық төлеуші куәлігінің;

      сатушының уәкілетті органының атқарушы органды (бірінші басшыны) тағайындау туралы 

шешімінің;

      атқарушы органның (бірінші басшының) лауазымға кірісуі туралы бұйрығының;

      бірінші басшының жеке басын куәландыратын құжаттың;

      заңды тұлға құрылтайшыларының жеке басын куәландыратын құжаттардың (акционерлік 

қоғамдардың құжаттарын, сондай-ақ шаруашылық серіктестіктер қатысушыларының тізілімін 

жүргізуді бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу бойынша қызметті 

жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы жүзеге асыратын 

шаруашылық серіктестіктердің құрылтай құжаттарын қоспағанда);

      мемлекеттік лицензияның (егер клиенттің қызметі «Рұқсаттар 

мен хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының 

 сәйкес 

Заңына


лицензияланған жағдайда);

      әлеуетті өнім берушінің (сатушының) сауалнамалық деректерінің нотариус куәландырған 

көшірмелері;

      шетелдік заңды тұлғалар үшін апостиль қойылған және/немесе нотариус куәландырған 

аудармасы бар заңдастырылған құжаттардың; 

      құрылтай құжаттарының;

      жарғының (болған жағдайда);

      ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен (аудармасы бар нотариус куәландырған көшірмелер) 

операцияларды жасауға заңды тұлғаның құжаттарына қол қоюға өкілеттігі (-ктері) бар лауазымды

тұлғаның (-лардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (-тардың) көшірмелері;

      ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасауға заңды тұлғаның құжаттарына қол

қою құқығына тұлғалардың өкілеттігін растайтын құжаттар;

      заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өтуі фактісін растайтын 

уәкілетті орган берген құжат;

      заңды тұлға құрылтайшыларының жеке басын куәландыратын құжаттар (акционерлік 

қоғамдардың құжаттарын, сондай-ақ шаруашылық серіктестіктер қатысушыларының тізілімін 

жүргізуді бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу бойынша қызметті 

жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы жүзеге асыратын 

шаруашылық серіктестіктері құрылтайшыларының құжаттарын қоспағанда);

      заңды тұлға орналасқан жердің мекенжайын куәландыратын құжат;

      әлеуетті өнім берушінің (сатушының) сауалнамалық деректері;

      31) қамтамасыз ету бойынша құжаттар (кепілдіктер, кепілгерлік, кепілзаттар және 

басқалар);

      32) лизинг затын қаржылық лизинг шарттарында сатып алу, сатушыны таңдау, лизинг 

мерзімі, лизингтік мәміле шеңберінде әлеуетті лизинг алушының атынан шарттарға қол қою үшін 

тұлғаға өкілеттік беру, мүлікті кепілге беру және мүлікті соттан тыс сатуға келісім (мүлікті

кепілге берген жағдайда) туралы әлеуетті лизинг алушының уәкілетті органы шешімінің (жалғыз 

қатысушының шешімі немесе қатысушылардың жалпы жиналысының немесе акционерлер жалпы 

жиналысының немесе қоғам директорлары кеңесінің хаттамасы немесе егер бір тұлғалы орган 

болса, қоғамның атқарушы органының бұйрығы немесе егер құзыретіне байланысты алқалы орган 

болса, басқарма хаттамасы) көшірмелері.»;

      163-6. Кәсіпкер құжаттардың толық топтамасын ұсынғаннан кейін  «ҚДБ-Лизинг» АҚ осы 

Бағдарламаның 163-1-тармағында айқындалған өлшемшарттарға сәйкестігін тексеруді, ішкі 

нормативтік құжаттарда көзделген тәртіпте және мерзімдерде индустриялық-инновациялық жобаның

сараптамасын жүзеге асырады.

      163-7. Оң шешім болған жағдайда «ҚДБ-Лизинг» АҚ пен кәсіпкер қаржы лизингі шартын 

жасасады.

      163-8. «ҚДБ-Лизинг» АҚ Индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институты мен 




кәсіпкерді мұндай шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұзақ мерзімді 

лизингтік қаржыландыруды ұсыну туралы қабылданған шешім бойынша хабардар етеді.

      163-9. «ҚДБ-Лизинг» АҚ пен кәсіпкердің арасында қаржы лизингі шарты жасалғаннан кейін 

«ҚДБ-Лизинг» АҚ Индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институтымен және кәсіпкермен 

Индустриялық-инновациялық жобаның мониторингі туралы келісім жасасады. 

Индустриялық-инновациялық жобаның мониторингі туралы келісімнің үлгілік нысанын 

индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алған кәсіпкер Индустриялық-инновациялық 

жобаның мониторингі туралы келісімге сәйкес еңбек өнімділігін ұлғайтады.

      Үшінші бағыт: кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін

төмендету

      164. Үшінші бағыт банктердің/Даму банкінің/лизингтік компаниялардың қолданыстағы 

кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесін ұлттық және 

шетелдік валютада субсидиялауды көздейді.

      165. Қызметін Бағдарламаға   және 

 сәйкес экономиканың басым 

1

2-қосымшаларға



секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында жүзеге асыратын және Бағдарламаның өңірлік 

үйлестірушісіне кәсіпкер өтінім берердің алдындағы алты айдағы ақшалай пайданың жалпы 

көлемінің кемінде 10%-ы мөлшерінде валюталық пайдасы бар кәсіпкерлер Бағдарламаның үшінші 

бағытына қатысушы бола алады.

      166. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің/қаржылық лизинг 

шартының сомасы бір кәсіпкер үшін 4,5 млрд. теңгеден аспауға тиіс және онымен аффилирленген 

тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарттары бойынша берешегі есепке алынбай 

есептеледі.

      167. 750 млн. теңгеден 4,5 млрд. теңгеге дейінгі кредиттер/қаржылық лизинг шарттары 

бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қазіргі жұмыс орындарна қатысты кемінде 10% жаңа (

тұрақты) жұмыс орындарын құру шартымен жүзеге асырылады.

      Жаңа тұрақты жұмыс орындарын құрудың шекті күні ӨҮК шешімінде көрсетіледі.

      

Ескерту. 167-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.04.2016 



№ 234

 (алғашқы 

ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 

қаулысымен.

      168. Бұл ретте, жаңадан құрылатын жұмыс орындарының 50%-ын халықты жұмыспен қамту 

орталықтарында тіркелген жастар үшін құру ұсынылады.

      169. Кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау мерзімі ӨҮК шешімі бойынша

6 (алты) жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 3 (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша 

бірнеше субсидиялау шарты жасалған жағдайда, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі Қаржы 

агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.

      Ескерту. 169-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.04.2015 

№ 368


 қаулысымен.

      170. Кәсіпкерлердің субсидиялау құралы бойынша ӨҮК мақұлдаған жобалары субсидиялаудың 

бұрын мақұлданған шарттарымен басқа банктерде/лизингтік компанияларда (Даму банкінде) қайта 

қаржыландырылуы мүмкін.

      Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезіндегі субсидиялау мерзімі 

қаржы агенттігі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған кредит беруші банкте/лизингтік 

компанияда бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.

      171. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау банктердің номиналды сыйақы мөлшерлемесі 19 %-

дан аспайтын, оның 6 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттері 

бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте, банк:

      1) кредит беру шарттарының өтініш берушінің бастамасымен өзгеруіне байланысты;

      2) өтініш берушінің кредит бойынша міндеттемелерін бұзу себебі бойынша алынатындарын 

қоспағанда, кредитке байланысты ешқандай комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де 

төлемдерді алмайды.

      Ескерту. 171-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.10.2015 

№ 848


 (алғашқы 

ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 

№ 370

 (алғашқы ресми жарияланған 



күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      172. Егер банк кредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 19 %-дан кем болған жағдайда

, онда оның 6 %-ын мемлекет өтейді, ал айырмасын кәсіпкер төлейді.



жүктеу 342,19 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау