Ескерту. 172-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің
№ 370
(алғашқы
ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
173. Даму банкінің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау 5%-ын мемлекет
өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін номиналды сыйақы мөлшерлемесі 13%-дан аспайтын
кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
174. Бұл ретте Даму банкі:
1) кредит беру шарттарының өтініш берушінің бастамасымен өзгеруіне байланысты;
2) өтініш беруші кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алынатын комиссияларды
, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір
комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
175. Лизингтік компаниялардың/банктің/Даму банкінің номиналды сыйақы мөлшерлемесі 19 %
-дан аспайтын, оның 7 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін қаржылық лизинг
шарттары бойынша да субсидиялау жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте лизингтік компания/банк/
Даму банкі:
1) қаржылық лизинг шарты талаптарының борышкердің бастамасымен өзгеруіне;
2) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл
шартын тіркеуге және ауыртпалықтарды алып тастауға;
3) қаржылық лизинг шартын (кедендік тазарту, лизинг нысанасын арнайы органдардың
тіркеу қызметтері, банктердің көрсетілетін қызметтері және т.б. сияқты тысқары ұйымдардың
көрсетілетін қызметтерін өтеу) орындауға байланысты;
4) кәсіпкердің қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелерін бұзуы себебінен алынатын
комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, қаржылық лизинг шартын
жасасумен байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді
алмайды.
Ескерту. 175-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.10.2015
№ 848
(алғашқы
ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);
№ 370
(алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
176. ӨҮК қолданыстағы кредитті/қаржылық лизинг шартын субсидиялау туралы шешім
қабылдаған жағдайда, банк/Даму банкі/лизингтік компания ағымдағы қаржы жылында бұрын алынған
комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қайтарып береді.
177. Субсидиялау негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе
өндірісті кеңейтуге және/немесе айналым қаражатын толықтыруға және/немесе қайта
қаржыландыруға берілген кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
178. Бұл ретте қалпына келтірілетін негізде айналым қаражатын толықтыруға берілген
кредиттерді субсидиялауға рұқсат етіледі. Негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе
жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге берілген кредит шеңберінде айналым қаражатын
толықтыруға берілген кредитті қалпына келтіру мүмкіндігінің шарттары ӨҮК шешімінде
көрсетілуге тиіс.
179. Сыйақы мөлшерлемесі құбылмалы кредиттер де субсидиялауға жатады. Бұл ретте
сыйақының пайыздық мөлшерлерлемесі Бағдарламада белгіленген шекті мәндерден асып кеткен
жағдайда, осы кредит бойынша субсидиялау шартының қолданысы тоқтатылады.
180. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 12%-дан аспайтын,
оның 5%-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін Банктің валюталық стандартты
кредиттері бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
181. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау Даму банкі сыйақы мөлшерлемесін 11%-ға дейін
төмендететін, оның 4%-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін Даму банкінің
валюталық стандартты кредиттері бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
182. Оң бағамдық айырма туындаған жағдайда, ол болашақ субсидиялардың есебіне
жатқызылады, ал теріс бағамдық айырма жағдайында - өтеу қарыз алушыға жүктеледі.
183. Субсидиялар сомаларын қаржы агенттігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
субсидиялар сомаларын аудару күніне белгілеген бағам бойынша теңгемен төлейді.
184. Бағдарламаның үшінші бағытының шеңберінде банктердің/Даму банкінің/лизингтік
компаниялардың ұлттық және шетелдік валютадағы қолданыстағы кредиттері/қаржылық лизинг
шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тәртібі Қазақстан
Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарламаның шеңберінде сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.
Төртінші бағыт: кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес
шаралары
185. Кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шаралары жеке кәсіпкерлік субъектілері мен
кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мынадай функционалдық бағыттар бойынша мемлекеттік
қаржылай емес қолдау көрсетуді көздейді:
1) кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
2) кәсіпкерлердің құзыреттерін дамыту;
3) кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру;
4) іскерлік байланыстарды кеңейту.
186. Осы бағыттардың шеңберінде қаржылай емес қолдаудың мынадай құралдарын ұсыну
көзделеді:
1) «кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету» функционалдық бағыты бойынша:
«Бизнес насихат» құрауышы бойынша мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру;
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу
шарттары туралы түсіндіру;
агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін (бұдан әрі - АӨК субъектілері) мемлекеттік қолдау
шараларын түсіндіру;
2) «кәсіпкерлердің құзыреттерін дамыту» функционалдық бағыты бойынша:
кәсіпкерлік қызмет негіздеріне оқыту;
кәсіпорындар мамандарының, топ-менеджерлерінің біліктілігін арттыру;
жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету;
рұқсат құжаттары мен техникалық шарттар алу мәселелері бойынша консультациялар беру;
3) «кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру» функционалдық бағыты бойынша:
жаңа басқару әдістерін, өндіріс технологияларын енгізу, кәсіпорындардың өнімділігі мен
энергия үнемділігін арттыру мәселелері бойынша сырттан консультанттарды тарту;
кәсіпорындарды технологиялық дамыту;
4) іскерлік байланыстарды кеңейтудің функционалдық бағыты бойынша: шетелдік
әріптестермен іскерлік байланыстар орнату.
Ескерту. 186-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.04.2016
№ 234
(алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
қаулысымен.
187. Жеке кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа қаржылай емес
қолдау көрсету қаржылай емес қолдау құралдарының белгіленген тетіктеріне сәйкес жүзеге
асырылады.
188. Кәсіпкерлік әлеуетті күшейтудің функционалдық бағыттарын іске асыру кәсіпкерлікті
қолдау инфрақұрылымы шеңберінде мынадай қағидаттарды сақтау арқылы жүзеге асырылады: жеке
кәсіпкерлік субъектілеріне «бір терезе» арқылы қызмет көрсету, қайталауды жою, қағидалар мен
талаптарды жеңілдету және оңтайландыру, белгіленген рәсімдер мен регламенттерді
автоматтандыру.
189. Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымына:
1) облыс орталықтары мен Астана, Алматы, Семей, Түркістан қалаларындағы кәсіпкерлерге
қызмет көрсету орталықтары;
2) моноқалалардағы, шағын қалалар мен аудан орталықтарындағы кәсіпкерлікті қолдау
орталықтары;
3) ауылдар мен кенттер деңгейінде кәсіпкерлікті қолдаудың ұтқыр орталықтары;
4) бизнес-инкубаторлар кіреді.
190. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - КҚКО) - бұл жеке
кәсіпкерлік субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мемлекеттік қолдау
шараларын көрсету үшін қаржы агенттігінің өңірлік филиалдарының жанында құрылған және/немесе
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кәсіпкерлер палаталарының
жанында, жергілікті бюджет қаражаты болған кезде жергілікті атқарушы органдарда құрылатын
инфрақұрылымдық кешен.
191. КҚКО көрсетілетін қызметтері жеке кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік
бастамасы бар халыққа ұсынылады.
192. КҚКО құру мақсаттары:
1) кәсіпкерлік пен кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдарын танымал ету;