Бағдарламасы «Зерттеу негіздері» 3 сынып Мұғалім: Джуматаева А. Б. Түсініктеме. Бағдарлама 34 сағатқа жоспарланған



жүктеу 90,5 Kb.
Дата12.02.2020
өлшемі90,5 Kb.
#28872
түріБағдарламасы

Курс бағдарламасы

«Зерттеу негіздері »
3 сынып

Мұғалім: Джуматаева А.Б.



Түсініктеме.

Бағдарлама 34 сағатқа жоспарланған.


Еліміздің болашақта көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі кездегі білім беру ісінің негізгі нысаны-жас ұрпақтың біліктілігін ғана қалыптастырып қоймай, олардың бойында ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай алатын, сонымен қатар оны ұтымды пайдалана білетін, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі күнге лайықты өмір сүріп,қызмет етуге қабілетті тұлғаны қалыптастыру болып отыр. 
Ғылымның жедел түрде қарқынды дамуы, қазіргі заман талабы бастауыш сынып оқушыларын да бәсекеге қабілетті тұлға етіп тәрбиелеу мақсатын қойып отыр. Бәсекеге қабілетті жетілген тұлғаны қалыптастыру үшін оқушыны ізденушілікке, өз бетінше жұмыс жасауға, бақылау мен зерттеуге, зерттеу нәтижелерін жинақтап,қорытынды жасай білуге үйрету бастауыш сыныптан басталуы қажет.

Оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру төмендегі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді: 
• Оқушыны ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту; 
• Қоршаған ортаны танып білуге құштарлықтарын арттыру; 
• Өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі ашуға ұмтылу; 
• Таңдаған бағыты бойынша өзінің даму деңгейіне шығуына мүмкіндік жасау; 
• Әдебиеттерді талдай білуге, анықтамалармен жұмыс істеуге үйрету; 
• Басқа адамдармен қарым – қатынас жасай білу, осы заманға сай технологияларды пайдалана білу (ғаламтор, электронды пошта); 
• Қоршаған ортада өз орнын, жеке рөлін анықтай білу; 
• ББД-ын жан-жақты қолдана білуге мүмкіндік туғызу. 
Зерттеушілік қызмет дегеніміз – жаңа білім алуға бағытталған шығармашылық қызмет. Оқушыны зерттеушілік қызметке үйретуде мұғалімнің өзі дайын болуы, демек ұстазда зерттеушілік қызмет қалыптасуы шарт. Ол үшін мұғалім зерттеушілік дегеніміз не,зерттеушілік тапсырмалар,оларды пайдалану әдістемесі, оқушылардың зерттеушілік қызметі туралы толық түсінігі болуы керек. 
Зерттеу жұмысын жүргізу кезінде жетекші алға қойған мәселені анықтау үшін зерттеудің мақсатына қарай оқушыларды бағыттап отырады.Содан соң алынған нәтижелерді талдауға және қорытындыны тұжырымдауға тікелей де, жанама түрде де басшылық етеді. Оқушылардың зерттеушілік білігі артқан сайын мұғалім жанама басшылыққа көңіл бөледі де оқушылардың дербестігі және жұмысқа ынтасы арта түседі. Бұл оқушыларда зерттеушілік қызметтің қалыптасуына, дамуына ықпал етеді.Оқушылардың игерген зерттеушілік біліктілік деңгейлері неғұрлым жоғары болған сайын олардың білімдері де жоғары болады. 
Зерттеушілік іс-әрекетке бейім оқушының төмендегідей сипаттамаларына көңіл бөліну керек: 
- жұмысты орындауға деген жоғары деңгейдегі талпыныс; 
- жаңа біліммен және біліктілікпен қарулануға деген белсенді ұмтылыс; 
- алынған ақпаратты талдауға,жинақтауға,қорытындылауға және өз 
қызметінде пайдалана отырып нәтиже шығаруға деген қабілеттілік; 
- өз көзқарасын басқаның пікірімен сәйкес келмесе де дәлелдеуге талпыну; 
- белгілі бір қызмет түрінде басқа балалармен сайысуға деген ұмтылыс. 

Мақсаты мен міндеттері:
Мақсаты: оқушыларға зерттеушілік іс-әрекеттің негізін сәтті меңгеруге жағдай жасау.

Бағдарлама міндеттері:



  • Зерттеушілік іс-әрекетті оқудың жетекші іс-әрекеті ретінде қарастыруды қалыптастыру;

  • Өз бетінше жұмыстар атқаруда қажетті арнай біліммен қаруландыру;

  • Зерттеушілік ізденіс машықтары мен біліктерін қалыптастыру және дамыту;

  • Сыни ойлауды, танымдық қабілеттер мен қажеттіліктерді дамыту.


Бағдарлама мазмұны
Бағдарлама мазмұны логика, психология, риторика, дүниетану, информатика пәндерімен тығыз байланысты. Оқушылардың белсенді ойлау іс-әрекетін, бақылау, талдау, жинақтау,

пайымдау, салыстыру сияқты қабілеттерін дамытып, өзіндік пікірі дамиды. Қоршаған ортаға деген көзқарасы кеңейеді.

Теориялық және тәжірибелік сабақтар оқушының ауызша коммуникативті және сөйлеу құзыреттіліктерін, біліктерін дамытуға ықпалдасады:

-берілген тақырыпқа ауызша сұхбат жүргізу;

-жинақтаған ақпарат пен зерттелудегі объектіні талқылауға қатысу;

-оқулар мен конференциялар жұмысына қатысу;


Негізгі әдістер мен тәсілдер.

Сабақтарды өткізу әдістері: әңгіме, ойын, тәжірибелік жұмыс, эксперимент, бақылау, экспресс-зерттеу, жеке және ұжымдық зерттеулер, өзіндік жұмыстар, зерттеу жұмыстарын қорғау, мини-конференциялар, консультациялар.

Бақылау әдістері: консультация, баяндама, зерттеу жұмысын қорғау, баяндама, көрме, презентация, зерттеу жұмыстарының сайыстарына қатысу.

Технологиялар мен әдістемелер:



  • деңгейлік дифференциация;

  • проблемалық оқыту;

  • Ізденіс әрекеті;

  • АҚТ

  • денсаулық сақтау технологиясы;




Күнтізбелік –тақырыптық жоспарлау. 3 сынып (34 сағат)




Тақырыбы

Сағат саны

мерзімі

Түзетулер

Ескерту










Ж/Б

Ф/Б




1

Жоба? Жоба!

Ғылыми зерттеулер және біздің өміріміз.



1

6.09







2-3

Жоба тақырыбын қалай таңдаймыз? Зерттеу тақырыбын таңдау және талқылау.

2

13,20







4

Қызығушылықтарға қарап досты қалай таңдаймыз? (топқа бөлу)

1

27







5-6

Жобалар қандай болуы мүмкін?


2

4,11/10







7-8

Зерттеудің мақсатын, міндеттерін, болжамдарын құрастыру.


2

18,25







9-10

Жұмысты жоспарлау.

2

8,15/11







11-12-13

Зерттеу пәні мен әдістерімен танысу.Іс-әрекеттегі таным эксперименті.


3

22,29/11

6.12








14-15

Интервью, сауалнама алуға үйрету.

2

13,20







16-17

Кітапханада каталогпен жұмыс. Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттер тізімін құрастыру.

2

27.12

10.01








18-19-20

Оқыған әдебиетті талқылау.



3

17,24,31/01







21-22

Объектілерді зерттеу.


2

7,14/02







23-24

Негізгі логикалық операциялар. Идеяларды бағалауды үйренеміз, негізгіні белгілеуді үйренеміз.

2

21,28/02







25-26

Анализ және синтез. Пікірлер, ой қорытындылары, түйін.

2


7,14/03







27-28

Зерттеу нәтижесі туралы ақпаратты дайындау.

2

4, 11/04







29-30

Жұмысты рәсімдеу.

2


18,25.04








31-32

Компьютерлік сыныпта жұмыс істеу. Презентация жасау.

2


2.05

*


16.05

Біріктірілді

33

Өз зерттеулерінің қорытындысы бойынша шағын конференцияларға қатысу.

1

16.05







34

Зерттеу іс-әрекетін талдау.

1

23.05








Пәнаралық байланыс:
• қазақ тілімен:жеке тұжырымдарды жазу, ақпараттан, мәтіннен абзацты, сөйлемдерді түртіп жазып алу;

• бейнелеу өнері: шығармашылық жұмыстарды безендіру,зерттеуді қорғау барысында сурет көрмелеріне қатысу;

• еңбекке баулумен: тақырып бойынша түрлі элементтерді жасау.
Күтілетін нәтижелер:

– зерттеушілік оқу туралы түсінігі болуы,ақпаратты жинау мен өндеу туралы, көпшілік алдында сөйлеуді үйрену керек;

– зерттеудің тақырыбы мен құрылымын қалай таңдау керектігін білу;

– мәселені көре білу, болжам шығара білу, зерттеу барысын жоспарлауды, түсініктерге анықтама беру, мәтінмен жұмыс,түйіндеме шығаруды білу.

– топта жұмыс істей алуы,топ мүшелерінің пікірін тыңдай білу, өз көзқарасын дәлеледей білуі;

– эксперимент қою және жоспарлай білуі.




Әдебиеттер.

Мұғалім :



  1. Савенков А.И. Методика исследовательского обучения младших школьников. Издательство «Учебная литература», дом «Фёдоров», 2008.

  2. Савенков А.И. Я – исследователь. Рабочая тетрадь для младших школьников. Издательство дом «Фёдоров». 2008

  3. М.В. Дубова Организация проектной деятельности младших школьников. Практическое пособие для учителей начальных классов. - М. БАЛЛАС,2008

жүктеу 90,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау