Бағдарламасы түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы 015 жыл мазмұны өңірлік макроэкономика 9



жүктеу 2,48 Mb.
бет4/5
Дата24.12.2017
өлшемі2,48 Mb.
#5820
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5

Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс.

Ауданда азаматтық бастаманы дамытуға жағдай жасау үшін әлеуметтік мәселелерді шешуде жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесі және демеушілік қолдау арқылы ауданның үкіметтік емес ұйымдары әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге белсенді түрде тартылып келеді.

Ауданда үкіметтік емес ұйымдар саны 9, оның ішінде: гендерлік ұйым, қайырымдылық, қоғамдық бастаманы қолдау ұйымы, әскери-патриоттық, спорттық ұйымдар, мүгедектерді қолдау ұйымы, экологиялық ұйым және балалар мен жастар ұйымы жұмыс жасайды.

Түпқараған ауданы бойынша Үкіметтік емес ұйымдар саны


«Түпқараған аудандық Азаматтық Бастама» қоғамдық бірлестігі Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен 14 жобаны өткізді. Барлығы 2000,0 мың теңге.Түпқараған аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің (мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша) «Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы ресурстар орталығының қызметін дамыту және қолдау» 1000,0 мың теңге бөлінді.

«Хазірет» қайырымдылық қоры «Тұңғыш Президент қорынан» 1500,0 мың теңге ұтып алып 1 жоба аясында 37 адамды «Жүннен бұйымдар жасау» қолөнерге оқытуды ұйымдастырды. «БҰҰ Даму бағдарламасы» бойынша 1349,0 мың теңге ұтып алып, мүмкіндігі шектеулі жандарды мамандыққа қайта оқытуда 4 адам қамтылды. Түпқараған аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің (мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша) «Дінаралық және этносаралық келісімді насихаттауға бағытталған шараларды жүзеге асыруға 950,0 мың теңге бөлінді. Сол бағытқа сәйкес 9 шара өткізу жоспарлануда.

«Түпқараған жастары» жастар қоғамдық бірлестігі аудан орталығы Форт-Шевченко қаласында «Ағылшын тілі» курсын ашып, 12 жастың оқытуын ұйымдастырып отыр және осыған сәйкес 4 шара өткізіп 63 адам қамтыды.



ҚР мемлекеттік рәміздері

Түпқараған ауданы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау және қолдану, бағытында 2015 жылға арналған Түпқараған аудан әкімі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі аудандық комиссияның іс-шаралар жоспары жасақталып бекітілді. Жоспарға сәйкес тоқсанына бір рет комиссия отырысы болып отырады.

Аудан бойынша 2 рет, облыстық ішкі саясат басқармасы арқылы 1 рет бақылау жүргізіліп, әдістемелік көмек көрсетілді. Насихаттау мақсатында патриоттық шаралар ұйымдастырылды. Мемлекеттік рәміздердің барлық мемлекеттік мерекелердегі салтанатты шараларда Ережеге сай орнатылуы қадағаланып келеді. Мемлекеттік рәміздерді насихаттауда, патриоттық тәрбие беруде білім беру ұйымдарында жоспарлары жасақталып, олар аудандық қорғаныс істері бөлімі, жастар саясаты орталығы, спорт және дене шынықтыру бөлімдерімен тығыз байланыста жұмыстар атқарылады.

Азаматтардың патриоттық сезімін нығайту және еліміздің мемлекеттік рәміздерінің маңыздылығын арттыру үшін жыл сайын 4 маусым күні партиоттар форумы және мемлекеттік мекемелерде патриоттық дәрістер жүргізіледі.



Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат

Ауданымызда әйелдердің рөлі өте үлкен екенін атап өткен жөн. Қазіргі уақытта, әр түрлі салаларда аудан бойынша 87 әйел-көшбасшылар қызмет атқарады.



Әйел көшбасшылар саны


Аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық комиссия әлеуметтік-экономикалық саясатты әзірлеудің және шешімдер қабылдаудың барлық деңгейлерінде гендерлік сезімталдықтың артуына қол жеткізу мақсатында әйелдердің саяси ілгерлеуіне мән береді. Комиссияның жоспарына сәйкес тоқсанына бір рет комиссия отырысы өткізіліп тұрады.



Ақпараттық саясат бойынша SWOT-талдау:

Мықты тұстары:

Әлсіз тұстары:


мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс желісі бойынша әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыруға тартылатын ҮЕҰ санының артуы үшін жағдай жасалған;

аудандық ҮЕҰ-ның мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды іске асыруын қаржыландыру көлемінің өсуі қамтамасыз етілген;

ауылдық жерде жұмыс істеп тұрған ҮЕҰ-дың санын арттыру көзделген;

мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыруды қаржыландыру көлемін өсіру қамтамасыз етілген;

мемлекеттік органдардың жетекші облыстық, қалалық және аудандық БАҚ-мен өзара іс-қимылының кешенді жүйесі ынтымақтастық негізінде жолға қойылған.

белсенді әлеуметтік және азаматтық ұстанымды және салауатты өмір салтын қалыптастыру, кәсіпкерлік және инновациялық әлеуетті дамыту, жас таланттарды қолдау;

жастар саясаты жөніндегі іс-шараларға жастардың қатысу пайызы және ақпараттық жастар саясаты қызметінің саны артты;

ауданымызда мемлекеттік органдарының құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі 100% құрайды.



ақпараттық-насихаттау жұмысын жүргізу кезінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану деңгейі орташа

қазіргі замандағы ақпараттық талаптарына сай келетін кәсіби мамандардың жеткіліксіз саны;

ауданда жастар инфрақұрылымы (кинотеатр, ойын-сауық кешені) жеткілікті дамымаған


Қатерлер:

Мүмкіндіктер:


өңірге теріс діни ағымдардың енуі және таралу мүмкіндіктері;

жастар арасында жұмыссыздықтың өсуі;

өңірдің қоғамдық-саяси өмірін тұрақсыздандыруға бағытталған материалдардың мемлекеттік емес БАҚ-да шығуы.


жергілікті журналист кадрлардың біліктілігін арттыруға бағытталған оқыту іс-шараларын өткізу.

жастарды жұмысқа орналастыруға ықпал ететін «Жастар практикасы», «Дипломмен – ауылға», «Жасыл ел» жобаларын одан әрі ілгерілету;

«Бизнестің жол картасы» аясында жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау;

«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» жобасының аясында жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету

Қазақстан халықтарының рухани және ұлттық бірлестігінің басты факторы ретінде қоғам өмірінің барлық салаларында мемлекеттік тіл рөлінің артуы;

тілдік әралуандықты сақтау кезінде мемлекеттік тілді әлеуметтік-коммуникативтік кеңістікке енгізу.



2.1.2.8. Мемлекеттік жастар саясаты

Мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтік-мәдени, саяси, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жыл сайын қарқынды жүзеге асырылуда.



2015 жылдың қыркүйегінен бастап КММ «Жастар ресурстық орталығы» болып атауы өзгертілді. Жастар саясатының жүзеге асырылуын қадағалайтын, басшылық ететін аудан әкімі жанындағы кеңес аудан әкімінің төрағалығымен отырыстары өткізіліп тұрады. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бағытындағы іс-шараларды жүзеге асыруға аудандық бюджеттен 2013 жылы-13млн.500 мың теңге, 2014 жылы-12млн.300 мың теңге, 2015 жылы-13млн.667 мың теңге бөлінді.
Аудан бойынша жастар саны

Жастар арасындағы жұмыссыздық көрсеткішін азайту бағытында мемлекеттік бағдарламалар аясында «Дипломмен ауылға», «Жастар практикасы», «Жасыл ел»» бағдарламалары бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде. «Дипломмен ауылға» жобасының аясында 2013 жылы - 37 жас, 2014 жыл бойынша ауданға келген жастар саны – 42, 2015 жыл бойынша 42 жас жұмысқа орналастырылды.



«Дипломмен ауылға бағдарламасы»

«Жасыл ел» бағдарламасы аясында 2013 жылы аудандық бюджеттен 1 ай 61 жас мерзімді жұмыспен қамтылып, жалақыға 1 500,00 млн теңге бөлінді. 2014 жылы республикалық бюджеттен қаражат бөлініп, 100 жас 2 ай мерзімді жұмыспен қамтылды. 2015 жылы аудандық бюджеттен 65 жас 1 ай жұмыспен қамтылып, жалақыға 1 млн 398 мың теңге бөлінді, республикалық бюджеттен 115 жас 2 ай мерзімді жұмыспен қамтылып, 3млн.910 мың бөлінді.

«Жасыл Ел» бағдарламасы

«Ел ертеңі-жастар» дегендей талантты жастарды қолдау мақсатында облыс, республика деңгейіндегі байқауларға жастарды қатыстыру мақсатында аудан әкімінің қолдауымен демеушілік көрсетіліп тұрады. Аудан бойынша да жастарды марапаттау, өзге аудан жастарына үлгі ету, белсенділіктерін арттыра түсу мақсатында жыл сайын түрлі шаралар аясында белсенді, озық жастар аудан әкімінің, облыс әкімінің орынбасарының алғыс хаттарымен ұдайы марапатталып тұрады.


Жастармен өткізілген мәдени-көпшілік шара



жүктеу 2,48 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау