Бірінші аймақ – кептіру аймағы. Мұнда гидраттың сыртқы (физикалық) ылғалдылығы кетеді, ал материал шамамен 200-250 оС температурасына дейін қыздырылады.Шегіну газдарының температурасы шамамен 200-250 оС, ал аймаққа келіп түсетін газдардың температурасы 600 оС дейін болады.
Екінші аймақ – кальциндеу аймағы. Бұл аймақта материалдан, яғни алюминий тотығынан бүкіл химиялық ылғал кетеді, ал материал 900-950 оС температурасына дейін қыздырылады. Осы кезде гамма түріндегі (γ- Al2O3) алюминий тотығы пайда болады. Шегіну газдарының температурасы шамамен 600-700 оС
Үшінші аймақ – қыздырып-шынықтыру аймағы. Бұл аймақта орнықты гамма – түріндегі алюминий тотығының жоғарғы температуралық пішіні пайда бола бастайды. Сонымен қатар осы аймақта алюминий тотығының аса орнықты және ылғал өткізбейтін альфа – түріндегі (α- Al2O3) пішіні қарқынды түрде пайда бола бастайды. Шынығу аймағына өткен альфа – түріндегі (α- Al2O3) алюминий тотығының еншісі оның сол аймақта қаншалықты уақытта болғандығына және материалға әсер ететін жылулықтың сапасына тәуелді. Алюминий тотығының шынығу аймағынан шыққандағы температурасы шамамен 1200 оС, ал шегіну газдарының температурасы шамамен 1300-1400 оС құрайды.
Төртінші аймақ – салқындату аймағы. Бұл аймақта оттық алаудың арғы жағындағы алюминий тотығы 800-900 оС температураға дейін салқындайды.
Кесте 20
Аймақтың аталуы
|
Сипаттайтын параметірлері
|
Кептіру аймағы
|
W-ылғалдылық (10%→ 0 %)
|
Кальциндеу аймағы
|
Қыздырып-шынықтыру кезіндегі жоғалымдар; қ.к.ж. (34,7%→ 0,6 %)
|
Шынықтыру аймағы
|
α- Al2O3 (0 %→ 20 %)
|
Салқындату аймағы
|
Алюминий тотығының температурасы; Та.т. (1200 оС → 800 -900 оС)
|
Сурет 12 – Кальциндеу пеші
Металлургиялық алюминий тотығына қойылатын талаптар:
Химиялық құрамдары бойынша (қоспалардың құрам мөлшерлері, қалған химиялық ылғал, α- Al2O3 еншісі).
Физикалық қасиеттері (қалған физикалық ылғалдылығы, бөлшектілік құрамы, табиғи қиябет бұрышы, үлестік беті).
Қалған химиялық ылғалдылық көрсеткішін «Қыздырып-шынықтыру кезіндегі жоғалымдар»; қ.к.ж. сипаттайды. Алюминий тотығының сынамасы қалыпты жағдайда (сынаманың массасын қыздырып-шынықтыруға дейін және қыздырып шынықтырудан кейін) қыздырылып – шынықтырылады.
Сынама массасының пайызға шаққандағы алғашқы сынаманың салмағына қатысты айырмашылығы (ол айырмашылық химиялық ылғалдылық ұшып кеткенен кейін пайда болады) қыздырып – шынықтыру кезіндегі жоғалымдар болып табылады
Қ.к.ж.= , % (5.28)
мұндағы М1 мен М2 – сынаманың қыздырып-шынықтыруға
дейін және қыздырып шынықтырудан
кейінгі массасы.
Металлургиялық алюминий тотығына мемлекеттік стандарттарға сай (ГОСТ 6912.1-93) және тұтынушылардың ұсыныстары бойынша қойылатын техникалық талаптар Г-ОО маркасы бойынша төмендегідей
Кесте 21
Алюминий тотығының маркасы
|
SiO2
|
Fe2O3
|
TiO2+
V2O5+
Cr2O3+
MnO
|
ZnO
|
Қ.к.ж.,%
көп емес
|
α-Al2O3 құрамы, %, көп емес
|
Na2O+K2O қосындыларын
Na2O есептегенде
|
32мкм кіші фракциялар
мөлшері,
%, көп емес
|
Г- 00
|
0,02
|
0,03
|
0,01
|
0,01
|
0,6
|
20
|
0,4
|
30
|
Г- 0
|
0,03
|
0,05
|
0,02
|
0,02
|
0,7
|
-
|
0,5
|
-
|
Кесте 22 – Кальциндеу пешінің техникалық сипаттамасы
Кальциндеу пеші
|
Параметрлері
|
Пештің ұзындығы
|
110м
|
Пештің диаметірі
|
4,5м
|
Пештің шегендеуімен қосқандағы жұмыстық көлемі
|
1474м3
|
Пештің шегендеусіз жұмыстық көлемі
|
1836м3
|
Пештің еңістігі
|
2%
|
Негізгі жетектегі ең жоғарғы айналым саны
|
минутына 1,56 айналым
|
Көмекші жетектегі айналым саны
|
Сағатына 3,4 айналым
|
Негізгі жетектегі электрқозғалтқыштың қуаты
|
250кВт
|
Көмекші жетектегі электрқозғалтқыштың қуаты
|
14кВт
|
Негізгі жетектегі электрқозғалтқыштың айналым саны
|
минутына 980 айналым
|
Көмекші жетектегі электрқозғалтқыштың айналым саны
|
минутына 785 айналым
|
Пештің тіреуішінің саны
|
5
|
Пештің ыстық жағынан айналуы
|
сағат тіліне қарсы
|
Достарыңызбен бөлісу: |