Бағдарламасы (Syllabus) pga 3302- «Глинозем мен алюминий өндірісі»



жүктеу 1,98 Mb.
бет17/83
Дата14.02.2020
өлшемі1,98 Mb.
#29007
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   83

Күйежентектелу цехы
Күйежентектелу цехында шикіқұрам қызыл шлам, айналымдағы сода, айналымдағы ақ шлам, жаңа сода, әктас және тотықсыздандырғыш көмір дейтін заттарынан тұрады. Кей кездерде технологияда сілтілік айналым ерітінділерін көбейту мақсатында шикіқұрамға боксит те қосып отырады.

Дайындалған шикіқұрам қысым арқылы күйежентектелу пештеріне беріледі.

Күйежентектелу ұзындығы L=100м; d=5,0м және 2,5% төмен ығысқан айналмалы құбырлы пештерде жүргізіледі.

Шикіқұрам пештің ішімен жүре келе алдымен құрғайды, содан кейін қыздырылады, күйежентектеледі және жартылай салқындайды.

Күйежентектелу аймағында шикіқұрам 1150-1200 оС қызады.

Отын ретінде күйежентектелу пешінде көмір пайдаланылады, сөйтіп физика-химиялық құбылыстармен шикіқұрамның жартылай балқуы нәтижесінде пештің ішінде күйежентек пайда болады.



Негізгі реакциялар мынадай
Na2CO3 +Al2O3= Na2O·Al2O3 +CO2 (5.29)
SiO2+ 2CaO= 2CaO·SiO2 (5.30)
Салқындатылған, температурасы 80 оС жоғары емес күйежентек белгілі ірілікке дейін ұсатылып, содан кейін гидрохимиялық бөлікшенің ерітінділеуіне түседі.

Ерітінділеу ұзындығы L=36м; d=3,6м және 5% төмен ығысқан айналмалы құбырлық ерітінділегіштерде жүргізіледі.

Ерітінділеу өндіріс қайтарымды суларымен қарама қарсы тәсілмен жүреді, яғни қондырғының басқы жағынан су жіберіледі, ал төменгі жағынан күйежентек жіберіледі, осы араласудың нәтижесінде күйежентектің құрамындағы натрий алюминаты сұйық ерітіндінің құрамына көшеді.

Қондырғының ағызындысы автоклавтық батареялар бөлікшесіне түседі.

Алынған ерітіндінің кремнилік модуль 350 бірлігінен кем болмауы керек.

Ерітінді алынғанан кейін шөгеді және бақылау сүзгілерінен өткізеді.

Құрамында темірі Fe2O3 0,018 г/л аспайтын сүзілген таза ерітінді сорғылармен декомпозицияға жіберіледі.

Енді осы цехтың негізгі бөлікшектерінің технологиясына тереңірек тоқтала кетейік.



Шикіқұрам бөлімшесі

Тотықсыздағыш күйежентектелуге қанықпаған шикіқұрамды дайындау үшін төмендегі өнімдер түседі:

– қызыл шлам;

– боксит;

– әктас;

– кальцинделген сода;

– ақ шлам;

– тотықсыздағыш.

Шикіқұрамды дайындаудың мақсаты мен маңызы күйежентекті гидрохимиялық әдіспен қайта өңдеген кезде жақсы көрсеткіштерді қамтамасыз ететіндей құрамдағы қойыртпақты дайындауда.

Қызыл шлам. Шикіқұрамды дайындауға түсетін қызыл шлам өзінің, яғни Байер тізбегінің қызыл шламын төл ерітіндіні буландырған кездегі бөлінген қайтарымды сода ерітінділерімен қойыртпақты сұйытылған құрамнан тұрады.

Бокситті Байер тәсілімен өңдеген кезде ұсақтау және ерітінділеу бөлікшелерінде жүйеден темірдің құмдары шығарылып отыратынын еске ала кеткен жөн болады. Бұл құбылыс күйежентектелу цехы үшін өте маңызды, өйткені күйежентектелу кезінде физика-химиялық процестерге кері әсер ететін гематит пен (Fe2O3) бірге, (SO3)-2 және (СО2)-2 сияқты зиянды қоспалар да темір құмдарының құрамы мен бірге кетіп, күйежентектелуге жіберілетін шикіқұрамның сапасы анағұрлым жақсарады.

Бұл айырмашылықты төмендегі кестеден қарап көруімізге болады.
Кесте 23


Құрамы

Fe2O3

SO3

СО2

Боксит

18,0

0,65

1,93

Темірдің құмдары

50,4

3,05

9,20

Жүйеден темірдің құмдарын шығару сұлбасы бокситті қайта тазалауға мүмкіндік туғызып, Байер тізбегінің басында темірдің оксидтерін және зиянды қоспалары бар сульфатты, карбонатты заттарды үйіндіге шығаруға жағдай жасайды. Күкіртті және карбонатты қосылыстар Байер процесінде өзара жеке – жеке реакцияларға түсіп, натрий карбонаттары мен натрий сульфаттарын құрап, жүйедегі сілтілік ерітінділердің мөлшерін азайтады.

Сонымен қатар күйежентектелу цехында қайтарымды соданың ағынын көтеріп, шикіқұрамды ыластайды және күйежентектелу процесін жүргізуге көптеген қиындықтар туғызады.
NaOH + CO2 = Na2CO3 (5.31)
NaOH + SO3 = Na2SO4 (5.32)
Жүйеден аталымшы (Fe2O3, SO3, СО2) үш компонентің шығарылуы күйежентектелу процесін жүргізуді анағұрлым жеңілдетеді.

Қызыл шламның құрамындағы негізгі компонентер мынадай:

Na2O · Al2O3 · 2SiO2 · 2H2O

Al2O3 · 2SiO2· 2H2O

NaOH

Na2CO3



Fe2O3·3H2O

SiO2.

Ал зиянды қосылыстар мынадай:

Na2SO4; NaCl.

Қызыл шламның қатты фазасының негізін Байер тізбегінде пайда болатын және синтетикалық нефелин болып табылатын натрий алюмосиликаты құрайды (Na2 · Al2O3 · 2SiO2 · 2H2O). Басқа заттар ерітінділеу кезінде ашылмаған алюминий тотығының пішініндегі Al2O3·3H2O және кремний оксиді SiO2.

Темірдің оксиді Байер тізбегінде сілтілік ерітінділермен өзара әрекеттесуге түспейді. Қызыл шламның шикіқұрамды дайындауға түсетін өнім ретіндегі ерекшеліктерінің бірі өте майда бөлшектілігі. Оның бұл қасиеті біркелкі шикіқұрам дайындап және күйежентектелу процесіндегі химиялық реакциялардың жүруіне жеңілдік туғызады.


Кесте 24 – Шикіқұрам мен қызыл шламның орташа бөлшектіліктері


Қызыл шламның қоқымы

Шикіқұрам

Фракция, мкм

Фракция, мкм

-4

-4..+10

-10..+20

+149

-4

-4..+10

-10..+20

+85

47

35

15

4

48

20

13

17

Қызыл шлам қатты және сұйық фазалардан тұрады. Оның негізгі массасын Байер тізбегінде шөгінге түскен қатты фазасы мен бокситтің құрамындағы сілтілік ерітінділерде ерімейтін компонентер және натрий алюмосиликаты құрайды.

Ал сұйық фазасы еріген заттарды құрайды:

натрий алюминаты Na2O · Al2O3;

– каустикті сілті NaOH;

– карбонаттық сілті Na2O · CO2;

– сульфаттық тұз Na2O · SO3;

– натрий хлориді NaCl.

Қызыл шламның құрамындағы жалпылық сілтінің концентрациясының деңгейі шамамен 60г/л.

Қызыл шламға қойылатын технологиялық талаптар:

1) Қызыл шламның ылғалдылығы.

Қызыл шламның ылғалдылығы негізінен күйежентектелуге жіберілетін шикіқұрамның ылғалдылығын анықтайтын көрсеткіш. Соңғы уақыттарда қызыл шламның ылғалдылығы Байер тізбегіне енгізілген кейбір технологиялық шешімдерден кейін шамамен 51,6-53% айналасында орнықты болып келеді, бұл көрсеткіш шикіқұрамның ылғалдылығын 36% шамасында ұстауға мүмкіндік беріп отыр.

2) Қызыл шламның сұйық фазасының құрамындағы каустикті сілтінің мөлшері.

Қызыл шламның сұйық фазасының құрамындағы каустикті сілтінің мөлшері, ақ шламның каустикті сілтісі және қайтарымды содалардың біріккен жиынтығынан пайда болған шикіқұрамды күйежентектелуге жібергенде, күйежентектелу процесіне сонымен бірге күйежентектің сапасына аса зор әсер етеді.

Байер – күйежентектелу сұлбасы үшін қызыл шламның негізгі қасиеттерінің бірі оның сілтілік модулімен байланыстылығы.

Мысалы қызыл шламның ПАЗ- дағы соңғы 2006 жылындағы сілтілік модулін қарастырайық: Na2O = 22, 3 %, Al2O3 = 23.8%


αщ = 1,645 · (Na2O/Al2O3)
αщ = 1,645· (22,3/23,8) = 1,52
Ал біздің тәжірибемізде күйежентектелу пештері күйежентектің сілтілік модулдері (αщ=1,32-1,39) аралығында болғанда жақсы істейтіндігі мәлім.

Күйежентектелу процесін жүргізу сілтілік модуль (αщ=1,43-1,45) сандары аралықтарында болғанда қиындай түседі.

Міне сондықтанда күйежентектелуге келіп түсетін қызыл шламның сілтілік модулінің жоғары болуына байланысты бүкіл тізбектің байланысын тұрақты ұстап тұру өте қиынға соғады. Сонымен қатар күйежентектелу тізбегі

Байер – күйежентектелу сұлбасында жоғалымға кеткен сілтінің орынын толтыру үшін үнемі өз жүйесіне жаңа кальцинделген соданы қабылдап отыруы керек. Бұл қиындықтар шикіқұрам дайындау бөлікшесіне бокситті енгізу арқылы шешіліп отырады.

Бокситті шикіқұрамға енгізген кезде оның құрамындағы негізгі компонент Al2O3 алюминий оксиді дайындалған шикіқұрамның сілтілік модулін төмендетіп қана қоймай, сонымен қатар күйежентектелу процесін анағұрлым жақсартады. Бір айта кететін жайт күйежентектелу тізбегінде бокситтің қандай да болсын маркаларын қайта өңдеуге әбден мүмкін және қолайлы.

Ақ шлам. Пештерден шыққан күйежентекті гидрохимиялық бөлікшеде қайта өңдеуге түсіргенде ақ шлам екі жолмен пайда болады.

Біріншісі – күйежентекті гидрохимиялық жолмен өңдеу кезінде құбырлық ерітіндегіштерден алюминат ерітінділерімен бірге қатты фазалардың шығуынан. Шыққан шығымның ішінде негізінен күйежентектің ұсақ бөліктері болады және осы шығымның деңгейіне қарап күйежентектің сапасын анықтайды. Осы шыққан шығымдар бірігіп сұр шлам пайда болады.

Екіншісі – күйежентекті ерітінділеген кезде алюминат ерітіндісіне кремний оксидінің бір бөлігі өтеді. Еріген кремний оксидінің деңгейі негізінен күйежентектің сапасын анықтайды. Неғұрлым күйежентектің сапасы төмен болған сайын, соғұрлым еріген кремний оксидінің еншісі жоғары болады.

Алюминат ерітінділерін кремний қосылыстарынан автоклав қондырғыларында кремниден түйіршік түрінеде бөліп,ажырату арқылы тазалайды. Бөлінген натрий алюмосиликатының пішіні Байер тізбегінде алынған натрий алюмосиликаты сияқты: Na2O · Al2O3 · 2SiO2 · 2H2O.

Автоклавты ерітінділеу кезінде пайда болған қатты фаза сұр шламның өзегі болып табылады. Осы сұр шламның өзегінде жабысып қатқан натрий алюмосиликаты ақ шламның негізін құрайды.

Күйежентектелу жүйесінде ақ шлам мынадай қиындықтар туғызады:

– жүйедегі ағының мөлшерін керексіз жоғарлатады, кейде қайтарымды ақ шламның мөлшері қызыл шламның жалпы мөлшерінің 20-22 пайызын құрайды;

– ақ шламның мөлшерінің көптігі (оның сұйық фазасының каустикті модулі шамамен 1,6 тең) жүйеге жаңа соданы қосуды қиындатады.

Бұл қиындықтар жүйедегі сұр шламды сүзгілерден өткізіп, шайғанан кейін үйіндіге жіберу арқылы шешіліп отырады. Сұр шламды жүйеден шығару сұлбасын іске қосудың нәтижесінде ақ шламның күйежентектелу цехындағы ішкі жүйедегі айналымы шамамен 3 - 5 есе төмендеді.

Әктас. Әктастың химиялық құрамы – СаСО3. Керегетас кенорынынан аланатын сапасы жоғары, оңай ұсақталатын және шикіқұрамның негізгі компонентерін құрайтын заттардың бірі. Шикіқұрамға қосылатын әктастың құрамындағы SiO2 мөлшері 1% аспауы керек.

Кальцинделген сода. Химиялық құрамы – Na2CO3. Бүкіл алюминий тотығы өндіріс сұлбасының жоғалымға кеткен каустикті сілтісінің орынын толтыру үшін қолданылады. Шикіқұрамға қосылатын кальцинделген соданың құрамында SO3 мөлшері 1% аспауы керек.

Тотықсыздандырғыш. Шикіқұрамды дайындағанда тотықсыздағыш ретінде антрацит немесе кокстың елендісі қолданылады.

Шикіқұрамды дайындаған кезде әр компоненті төмендегідей реакциялардың жүруін қамтамасыз ету үшін мөлшерлеп қосады:


2CaO +SiO2 = 2CaO·SiO2 (5.33)
Бұл (5.33) реакция шикіқұрамның әктік модулін дайындау арқылы жүзеге асады. Әктік модуль деп шикіқұрам мен күйежентектің құрамдарындағы кальций оксидінің кремниий оксидіне молярлық қатынасын атайды.

Металлургия саласындағы компонентердің салмақтық - пайыздық мөлшерлері модулдердің есебін жеңіл, тігінен санауға мүмкіндік береді.



Кальций оксидінің молінің мөлшері
(5.34)

жүктеу 1,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау