Қарапайым тілік: проекция жазықтығына байланысты әртүрлі орналаса алатын бір қию жазықтығын қолдану арқылы алынатын тілік. Осы жағдайға байланысты тілік бөлінеді:
Горизонталды тілік;
Вертикалды тілік;
Көлбеу тілік;
Қию жазықтығының бейнеленетін затқа байланысты орналасуына қарай тілік бөлінеді:
Күрделі тілік:
Екі немесе одан да көп қиюшы жазықтықтармен алынған тіліктер күрделі тіліктер деп аталады. Күрделі тіліктерді орындау кескіндер санын азайтуға мүмкіндік береді, себебі бір көрініске бірнеше қиюшы жазықтықтар қолдана отырып, оның әр бөлігіндегі ішкі формасын анықтай аламыз.
Қиюшы жазықтықтардың орналасуына қарай тіліктер бөлінеді:
Олар да қарапайым тіліктер сияқты горизонталь, фронталь және профиль болады. Күрделі тіліктерде сатылы және сынық тіліктер қатар қолданылуы мүмкін. Сатылы тіліктер өзара параллель қиюшы жазықтықтармен, ал сынық тіліктер 90º-қа тең емес қиылысқан жазықтықтармен орындалады. Кескіндерді бұрмаланусыз шартты түрде көрініс жазықтығына параллель жазықтыққа беттестіреді. Мұндайда бұру бағыты қарау бағытымен сәйкес келмеуі де мүмкін. Қиюшы жазықтықтарды бұрғанда оның артындағы нәрсе элементтерін бұрудың қажеті жоқ. Олар бастапқы күйінде сәйкес жазықтыққа проекцияланып алынады.
Қима – затты, бір немесе бірнеше жазықтармен ойша қиюдан алынған фигураның бейнесі.
Қима тіліктің құрамдас бөлігі болып табылады.
Тілік құрамына кірмейтін қималар оңашаланған және қабаттасқан болып бөлінеді. Қабаттасқан қималар нәрсе кескініне орындалып, тұтас жіңішке сызықпен көрсетіледі, кескін контуры қима орналасқан жерден үзбей сызылады.
Оңашаланған қималар сызбаның бос жеріне немесе нәрсе кескінін үзіп, сол жерге орындалуы мүмкін. Оңашаланған қималар тұтас негізгі сызықпен сызылады. Егер қиюшы жазықтық тесік немесе ойықты шектейтін айналу бетінің осі арқылы өтсе, онда тесік немесе ойық контуры қимада тұтас көрсетіледі.
Өлшемдер
Сызықтық өлшемдер – сызбада миллиметрмен өлшенеді, бірақ өлшем бірлігі көрсетілмей жазылады.
Бұрыштық өлшемдер – өлшем бірліктерін көрсету керек (градус, минут, секунд).
Сызуларды безендіруде мына шартты белгілер қолданылады:
диаметр
|
радиус
|
сфера
|
квадрат
|
конустік
|
еңіс
|
доға
|
Ø
|
R
|
OR н/е O Ø
|
o
|
∆
|
a
|
^
|
Фаска – беттің, тесіктің тұтас жиектері.
Кез-келген сызба редакторында мысалдар келтіруге болады.
Қолданылатын әдебиеттер:
Бродский А.М., Фазлулин Э.М., Халдинов В.А. Инженерная графика. Учеб. для студ. сред. проф. образов. 3-е изд., испр. М.: Академия, 2007, 400 с.
Сагадеев В.В., Поникарова И.Н., Развалова И.П., Михайлова С.Н., Вишнякова И.В. Инженерная графика. Учеб. пос. Казан. гос. технол. ун-3т. Казань, 2003, 104 с.
Лагерь А.И., Мота А.Н., Рушелюк К.С. Основы начертательной геометрии. Учеб. 2-е изд. М.: Высш. шк., 2007, 281 с.
6 тақырып. Үшөлшемді графикалық примитивтер.
Қарастырылатын сұрақтар:
Құрылыс конструкцияларының эскиздері.
Айналу денелері.
Геометриялық сызбаның жеке бөлшектеріне талдау жасау.
Құрастыру сызбаларын оқу және бөлшектеу.
Эскиз дегеніміз – заттың элементтерінің пропорциясын жуықтап сақтай отырып, тікбұрышты проекциялау ережесіне сәйкес және сызба құралдарының көмегінсіз, қолмен салынған сызба.
Эскиз жұмыс сызбасын жасау үшін қолданылады, сондықтан, ол қажетті барлық мәліметтерді қамтуы керек. Әр заттың эскизі жеке форматта масштабын көрсетпей-ақ жұмсақ қарындашпен (М н/е 2М) салынады.
Эскизді салу тәртібі:
Затпен танысу.
Басты түрін таңдау.
Қажетті бейнелердің санын анықтау.
Беттің форматын анықтау.
Бетті бейнені орналастыруға дайындау.
Бейнені бетке орналастыруды жоспарлау.
Габаритті тікбұрыштарға заттың түрін пропорциясын сақтай отырып салу.
Қималар мен тіліктерді салу.
Өлшемдерін салу.
Эскизді ҚҚБЖ стандартына сәйкес безендіру.
Техникалық сурет – заттың, аксонометриялық проекция түрлерінің бірінде, қолдан салынған көрнекі бейнесі.
Техникалық суретте, заттың көлемді формасын салғанда, жарық көлеңкесін де штрихтар арқылы көрсету керек.
Проекциялық сызу сызба геометриясы негіздеріне сүйене отырып, кеңістіктегі нәрселер пішінін жазықтықта бейнелеу әдістерін оқытады.
Проекциялық сызу – машина жасау сызбасының негізі. Проекциялық сызбада геометриялық денелерді кескіндеудің және оларды үйлестірудің практикалық әдістерін оқытады.
Кеңістікте орналасқан нәрсенің нүктелері арқылы жазықтыққа жүргізілген сәулелердің жазықтықпен қиылысуынан шыққан кескінді нәрсенің жазықтықтағы проекциясы деп атайды.
Техникалық сызбада проекцияларды тұрғызудың төрт әдісі қарастырылады:
1) Сандық белгілерімен проекциялау әдісі;
2) Орталық немесе перспективалық проекциялау әдісі;
3) Ортогональ немесе тікбұрыштап проекциялау әдісі (Монж әдісі);
4) Аксонометриялық проекциялау әдісі.
Машина жасау сызбасында кеңінен қолданылатыны тік бұрышты (ортогональ) проекциялар. Мұнда проекция ортасы проекция жазықтығынан шексіз қашықтықта орналасқан, проекциялаушы сәулелер параллель және проекция жазықтығымен тік бұрыш жасайды, тік бұрышты проекциялар деген атау осыдан шыққан.
Өндірісте сызбалар тікбұрышты проекцияда орындалады. Нәрсенің жазық беттері (мысалы, қабырғалары, қыры мен жақтары) проекция жазықтығына параллель болатындай етіп орналастырылады, яғни мұндай жағдайда беттер проекция жазықтығына нақты шамасында кескінделеді.
в суреті нәрсенің пішінінен толық мағұлмат бермейді, сондықтан тікбұрышты проекцияларды бір проекция жазықтығында емес, екі, үш және одан да көп өзара перпендикуляр жазықтықтарда орындау керек. Мұндай сызбалар бойынша нәрсенің пішінін елестетіп, оның барлық элементтерінің өлшемдерін табуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |