Чертеж құжатын ашыңыз;
Компакт панелінде - Ассоциативті көріністер, - Стандартты көріністер;
Экранда ашылған диалог терезесінде қажетті модельді таңдау керек; Деталь құжатын ашыңыздар;
Модельді таңдағаннан кейін, чертеж терезесінде габаритті тікбұрыштар түріндегі бейнелердің фантомдары шығады. Үнсіз келісім бойынша жүйе үш стандартты көріністі тұрғызуды ұсынады: басты, үстінен қараған, сол жағынан қараған;
Қасиеттер панеліндегі Параметры ішкі бетінен стандартты көріністердің параметрлерін орнатыңыз. Басты көріністің бағдарын –алдынан (спереди) таңдаңыз;
- көріністер сұлбасы. Бұл диалогта сіздер, таңдап алынған модельдің кескінін жасауға қажетті стандартты көріністер жиынын орната аласыздар. Көріністі қосу үшін, көріністердің орнын анықтау сұлбасында, оның габариттік жақтауларын көрсету керек. Осы әдіспен көріністі тұрғызуды болдырмауға да болады (басты көріністі болдырмауға (отменить) болмайды);
Достарыңызбен бөлісу: |