Фрагмент құжатын ашыңыз;
Геометрия құралдар панелі;
Түр құралдар панелінде ағымдағы масштаб М 1:1
- шеңбер;
Шеңбердің центрін көрсетіңіз;
Қасиеттер панелінде Осьтерімен кнопкасын таңдаңыз;
ЛКМ-ді екі рет басып Қасиеттер панеліндегі радиус өрісінде 50 мәнін енгізіңіз де <ENTER> басыңыз;
Тапсырма:
Кесінділер тұрғызыңыз: горизонталь ұзындығы 60 мм, вертикаль – 120 мм, көлбеу - бұрышы 45 және ұзындығы 40 мм.
Төбесі координата басына сәйкес келетін тікбұрыш тұрғызыңыз: биіктігі – 70 мм, ені 140 мм.
Центрі координата басына сәйкес келетін, радиусы 60 мм осімен шеңбер тұрғызыңыз.
Қолданылған әдебиеттер:
КОМПАС-3D V7: Руководство пользователя. Том I. – ЗАО АСКОН. 2004.
Сәйкес интернет ресурстар
4 тақырып. КОМПАС жүйесінде сызбаларды қарапайым командалар арқылы тұрғызу.
Кескін сызу құралдарының көмегімен орындалады. Бұрын кескінді орындау дәлдігі конструктордың біліктілігіне және көзінің қырағылығына байланысты болды.
Ал, компьютерлік сызудағы басты құрал курсор болып табылады – ол маустың көмегімен экранда жылжытуға болатын графикалық элемент. Сонымен бірге, көзбен өлшеу деген мұнда мүлдем орынсыз. Бұл үлкен қателік болып есептеледі. Машиналық графика кескіндегі объектілердің өзара геометриялық орналасулары дәл болуына негізделген. Оның үстіне графикалық жүйелер мұндай дәлдікті қамтамасыз ететін функциялармен толық қамтылған.
Кескінмен жұмыс істеген кезде, бар кескіннің элементінің кезкелген нүктесіне курсорды орнатсаңыз, ол объектіге немесе нүктеге бекітуді (привязка) орындайды.
Егер сіз сызу кезінде бекітуді қолданбасаңыз, онда сіздің жұмысаңыз дұрыс емес.
Бекітудің екі түрі қарастырылған: глобалды (үнсіз келісім бойынша) және локалды (бір рет қана орындалады).
Глобалды бекіту объектіні енгізгенде және редактірлегенде үнемі орындалып отырады. Бұл кескіндегі бар нүктені тез және дәл көрстеуге мүмкіндік беретін, қарапайым құрал болып табылады.
Ағымдағы терезеде глобалды бекітуді орнату үшін Ағымдағы күй құралдар панеліндегі Глобалды бекітуді орындау - кнопкасын басу керек. Экранда глобалды бекітуді орнату диалогы ашылады.
Локалды бекітуді орнату үшін оны әрбір жағдайда жаңадан шақырып отыру керек. Локалды бекіту командалары бекітілген глобалды бекіту командаларын уақытша ауыстырады (нүктені енгізгенше немесе оны енгізуден бас тартқанша). Ағымдағы нүктені енгізгеннен кейін, локалды бекіту қызметін тоқататады да, жүйе глобалды бекітуді орындауға оралады.
Локалды бекітудің барлық командалары локалды бекіту контекстік мәзірінде жинақталған. Оны шақыру үшін кескіннің кез-келген нүктесінде маустың оң жақ кнопкасын басу керек.
Кез-келген кескін базалық сызба элементтерінің негізінде және сызу-сызбалық құжаттарды безендіру ережелерін білу негізінде жасалады. Әрбір жеке кескіннің тұрғызу әдісі, көбінесе, оған қойылатын талаптарға байланысты болады.
Сурет – локалды бекіту мәзірі
Қарапайым командалар арқылы пластинаның кескінін тұрғызудың алгоритмін қарастырайық.
Компьютерді қосыңыз;
КОМПАС программасын іске қосыңыз;
Фрагмент құжатын ашыңыз;
Геометрия құралдар панелі;
Достарыңызбен бөлісу: |