Салық салу объектісі - белгілі бір салық өндіріп алынатын мүлік.
Сатып алу (сату) - фирманы сатып алу – сату немесе акциялардың бақылау пакетін сатып алу жөніндегі тікелей мәміле жолы мен фирманы сатып алу (сату).
Сальдо ( итал. Saldo – қалдық) - белгілі бір күнгі жай-күй бойынша кез-келген есеп айырысуда ақшалай түсімдер арасындағы айырма.
Санация – түзету, жақсарту – Банкроттыққа айнала бастаған кәсіпорындардың қаржы және несие жүйесін жақсартуға бағытталған шаралар. Мұндай түзетулердің негізгі бағыты: жаңадан акциялар мен облигациялар шығару, үкімет тарапынан жәрдем ақша (субсидиялар), жаңадан банк несиелерін алу, бұрын алынған несиелердің қайтару мерзімін ұзарту, зиянды кәсіпорындарды таратып, бұлардың негізінде жаңадан мықты материалды-технологиялық жүйе жасау, кәсіпорынды экономикасы қуатты ірі компанияның құрамына енгізу, немесе бірнеше кіші кәсіпорындар құру. Түзету мен жақсарту әдістері бюджетті тұрақтандыру мен қағаз ақша айналысын шектеуге, бағаның орынсыз өсуін тоқтатуға, валюталық және сыртқы сауданы шектеуге, шет ел несиелерін қатыстыруға т.б. бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: |