Басқарушылық есеп - жоспарлау, бағалау және бақылау, сондай-ақ өз ресурстарының ұтымды пайдаланатын қамтамасыз ету үшін субъект басшысы пайдаланатын қаржы ақпаратын айқындау, өлшеу, жинақтау, талдау, түсіндіру және табыстау процессі.
Бейтараптық принцип - Ақпараттарды теріс түсініктен сақтауды талап етуі сапалық сипат.
Берешектер қарызының айналысы - Есепті кезең ішінде орташа есеппен берешектер қарызының неше рет айналысқа түсіп, ақшаға айналғандығын өлшеуші коэффициент. Таза сатылған соманы алынатын счеттағы таза соманың орташа жинағына бөлу арқылы есептеледі.
Бизнес – Клиенттерге тауарларсату және қызметтер көрсету нәтижесінде бизнес иесіне қажетті табыс әкелуші бағамен сатушы экономикалық құрылым.
Болашақ кезеңдердің шығындары - фирманың болашақ кезеңдерде өнім өндіруге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған ағымдағы шығыстары.
Достарыңызбен бөлісу: |