|
Бағдарламасы (силлабус) Пәннің атауы: «Бухгалтерлік есеп» Мамандығы: 050508 «Есеп және аудит»sillabus zholaeva Адалдық принципі - Өз пайдасынан гөрі қызмет атқару міндетін шындық жолдармен, ашық және адал орындаушы тұлғалардың қызметтік принципі.
Акциз (франц. Accise) - тауардың бағасына енгізілген және сатып алушы төлейтін жалпы мемлекеттік жанама салық..
Акциялар (лат. actio) - акционерлік қоғамдардың айналыс мерзімі белгіленбей шығаратын бағалы қағаздар.
Акционерлік капитал – акцияларды сатып алу кезінде төлейтін акционерлердің алымдарынан тұратын акционерлік коғамның негізгі (жарғылық) капитал.
Активтердің табыстылығы - Таза пайда сомасын активтердің сомалық жинағына бөлу арқылы есептелінеді. Таза пайда алу мақсатындағы активтерді тиімді жұмсаудың дәрежесін анықтайды, таза пайданы өлшейді.
Алуға қойылған вексельдер - Төлеу уәдесін алған (вексельдер бойынша алушылар) тұлғалардан ұсталын қарапайым вексельдер.
Амортизация (лат. amortisatio) өтеу – құнның өндірілген өнімге жүйелі көшуі түрінде негізгі құрал жабдықтар мен материалдық емес активтердің тозуын құн тұрғысынан көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|