Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:
Қазақ балалар прозасындағы басты тақырыптарды ата.
Балалар ақындары өлеңдері қазақ балалар әдебиетіне әкелген жаңалығы.
Ө.Тұрмажанов мысалдарындағы стилдік белгілер
Пайдаланатын әдебиеттер:
Ө.Тұрманжанов. Менің кітабым. Алматы 1962
Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. Алматы
17-ДӘРІС
Дәріс тақырыбы: М.Әлімбаев поэзиясының тақырыптық сипаты, көркемдігі
Қарастырылатын сұрақтар:
Әлімбаев поэзиясының тақырыптық сипаты
М.Әлімбаев шығармаларындағы түйінді ой.
Дәріс мазмұны: 1960–80-ші жылдары қазақ балалар поэзиясы жанр, мазмұн жағынан түрленіп, ішкі жанрлары байыды. Ауыз əдебиеті үлгісінде жазылған сатиралық, фантастикалық поэма, ертегі, ертегі-поэма үлгілері пайда болды. Бұл тұста бала характерін ашатын əдеби əдіс-тəсілдер де молайды. Жалаң үгіт, насихаттың тежеліп, бала характерінің алдыңғы планға шығуы балалар поэзиясының басты ерекшелігіне айналды. Бірыңғай балалар əдебиетіне маманданған Ө.Тұрманжанов, М.Əлімбаев, М.Жаманбалинов, Қ.Мырзалиев, Ə.Дүйсенбиев, Ж.Смақов сияқты ақындардың танымдық-тəлімдік шығармалары балалардың қиялына қиял қосты.Шығармашылығы жанрлық жағынан бай саналатын балалар ақынының бірі — М.Əлімбаев. Ақын шығармаларында өлең, өлең-ойын, өтірік өлең, тақпақ, ертегі, санамақ, мазақтама, жұмбақ, метаграммалар, шарадалар, жаңылтпаштар т.б. сияқты ішкі жанр үлгілері жиі ұшырасады.М.Əлімбаев өз өлеңдерін, негізінен, мектеп жасына дейінгі балдырған мен бастауыш сынып оқушыларына арнап жазады. Мысалы, «Менің ойыншықтарым» өлеңнен үзінді келтіріп көрейік:
Ашытпайды көзіңді, Шомыла ғой, балақай!
Қарашы енді өзіңе: Аппақ болдың, алақай!
Түсті түймең үзіліп, Неге қадап алмайсың?
Тұр ғой əне ине-жіп,
Неге ұқыпты болмайсың?
Өлең жалғыз қуыршаққа ғана емес, ойыншық құлыншақ, бұлбұл, күшік, қоянға жеке-жеке арналады. Тақпақ танымдық, тəрбиелік маңызға ие. Бұл тұрғыда да халық өлеңімен үйлестігі айқын.«Мұндай шығармаларды балалар шағын көлемі, ойнақы, əуезді, жеңіл құрылымы үшін ғана ынтыға жаттамайды, өздерінің таным-түсінігіне, күнделікті тірлігіне етене жағын мазмұн-болмысы үшін де құлай сүйеді. Мысалға, жан-жануарлар тақырыбына арналған тақпақтарда олардың сыртқы сипаттары мен əрекет дағдылары, мінез ерекшеліктері балаларға танымдық мағлұмат берерліктей образды суреттермен ерекше дəл бейнеленеді». Ақын өлең-жырларының басты тақырыбы — еңбек. Еңбек тақырыбындағы өлеңнің бірі — «Он саусақ». Өлең жөнінде автор былай дейді: «Еңбек қозғалыстан, əрекет етуден басталады. Екі саусақты біріктіру де, онымен ине ұстау да еңбек. Енді одан əрі не түйме қадалады, не киім тігіледі. Өстіп еңбек екі саусақтан, аздан, кішкенеден өрбиді. Ал үш саусақ біріксе, қалам ұстауға, хат жазуға, білім алуға жарайды, он саусақ кіріссе, үй де салынады, жол да жасалады. Саусақ арқылы адамдарды мегзеп тұрғанымды алғыр балалар өздері-ақ аңғарады» М.Əлімбаев үшін еңбексүйгіштік пен жалқаулық — егіз тақырыптар. Автор еңбекті дəріптеу арқылы жалқаулықты əшкерелейді. Еріншектікті əшкерелеу арқылы еңбексүйгіштікті мадақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |