Бағдарламасы (силлабус) Пәннің атауы: Балалар әдебиеті және мәнерлеп оқу практикумы



жүктеу 120,84 Kb.
бет27/50
Дата22.01.2022
өлшемі120,84 Kb.
#34731
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   50
Силлабус үлгі

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

  1. Жамбыл өлеңдерінің ерекшеліктер.

  2. Таңдауларыңыз бойынша екі-үш өлең жаттау.

Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Ж.Жабаев. Шығармалары. 2 томдық.. А., - 1982

2. Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. – Павлодар. Арман, 2004


13-ДӘРІС

Дәріс тақырыбы: С. Мұқанов шығармаларының тәрбиелік мәні. Ғ. Мүсірепов «Қазақ солдаты» романының шығармашылық тарихы.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. С.Мұқановтың балаларға арналған шығармаларындағы түйінді ойды анықтау.

  2. Ғ.Мүсіреповтың шығармаларындағы ана бейнесі.

Дәріс мазмұны: Сәбит Мұқанов қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар (бұрынғы Ақмола губерниясы, Қызылжар уезі, Таузар болысына қарасты екінші ауыл) деген жерде кедей отбасында 13 сәуір (26 сәуір) 1900 жылы туған. Сәбит жеті жасқа келгенде әкесі – Мұқан, сегізге толғанда шешесі өледі де, Мұстафа деген ағасының қолында қалады. Жетімдіктің ауыр қасіретін тартқан Сәбит он жасынан бастап өз бетінше еңбек етеді. Керей тайпасының сибан шимойын руынан шыққан.Жоқшылық зардабынан Сәбит әркімнің есігінде жүріп, отыншы, сушы, қойшы, жылқышы болып күн кешіреді. Тапқаны тамағына жетпей, мұқтаждық қолын байлаған ол – жасында оқи алмайды. Бірақ, оқысам, білсем деген арманы ойынан бір кеткен емес. Өз бетінше ұмтылып, ауыл молдаларынан хат таниды, 15 жасында қисса, дастандар оқи алатын халге жетеді. Татар молдаларынан сабақ ала жүріп, «Шәкір – Шәкірат», «Зылиха – Жүсіп», «Зарқұм», «Сал-Сал», «Зейне – Зайнап», «Ләйлі – Мәжнүн», «Сейфул – Мәлік», «Бадүғұл – Жамал», «Алпамыс», «Ер Тарғын» жырларын, Ғабдолла Тоқаевтің шығармаларын тауып алып оқиды. Бұл дастандардың көпшілігін Сәбит ауыл ішінде көбінесе жатқа айтып жүреді. Өлең шығаруға талаптанады, ел аузына ілігеді, ауыл ішінде өлеңші бала атанады. Абай Құнанбаевтың 1909 жылы басылған өлеңдері жинағымен танысқан ол Абайдай ақын болуды аңсайды. Абай поэзиясы Сәбиттің ақындық талантына зор қозғау салады. Жасынан ел аузындағы жыр-толғауларды, қисса-дастандарды жаттап, мақамдап айтып үйренген.Қазан социалистік төңкерісінің жеңісі арқасында Сәбит Мұқанов та жалшылық қамытын біржола үзіп, аңсаған арманына жетті, жаңа өмір үшін күресушілердің алдыңғы қатарына саяси-әлеуметтік, қоғамдық істерге белсене қатынасты. Ол 1918 жылдың күзінде Омбы қаласындағы мұғалімдер курсына түсіп, онда бір жыл оқиды. Осы жылдары «Көңілім» (1917), «Зарығу» (1918), «Жоқшылыққа» (1918) өлеңдерін жазды.Білім ала жүріп, М.Жұмабаевқа хатшылық етті‚ оның педагогика тарихы курсынан оқыған лекцияларын қағазға түсірді. Сәбит курсты бітіргеннен кейін ауылда мұғалім болады, жергілікті «Совдеп» жұмысына белсене араласады. Совет үкіметіне жан таласа қарсы тұрған бай-кулактардың бандиттік топтарын талқандауға төтенше құрылған әскери бөлім қатарына кіреді. Көкшетау ревкомының төрағасы болып қызмет атқарады. 1920 жылы жаз айында Жұмабаевтың жетекшілігімен оқытушылар курсы қайта ашылып, күзге дейін сонда оқуын жалғастырды. 1920 жылы Бүкілодақтық Коммунист (большевиктер) партиясына мүшелікке өтіп, 1921-1922 жылдары Петропавл қалалық партия комитетінде істейді. Осы тұста Сәбит Мұқановтың өлең, мақалалары «Еңбекші қазақ», «Жас қайрат», «Лениншіл жас» газеттері мен «Қызыл Қазақстан», «Әйел теңдігі» журналдарында жиі басылды. 1922-1924 жылдары Оренбургтегі рабфакта оқып, орыс әдебиеті классиктерінің шығармаларымен де танысады. Партия орындарында қызмет атқара жүріп ол көп мәселелердің сырын ұғынады. Қазақ совет әдебиетінің өсуіне бөгет жасау ниетімен жаңашыл жас жазушыларды қақпайлап, тізгіндеп ұстамақ болған ұлтшыл-алашордашылардың зиянды әрекеттерін Сәбит дер кезінде байқап, Сәкен Сейфуллин бастаған советтік жас ақын-жазушылармен бірге тап жауларына қарсы күрес ашады. 1921 жылы коммунистік төтенше әскери бөлімнің жауынгері болды. 921–22 жылдары әртүрлі қызметтер атқарады‚ ел арасында астық жинау жұмысын жүргізді‚ Ақмола губерниясы ГПУ-дің Көкшетау болысындағы оперативтік уәкілі және РК(б)П Ақмола губернаторлық комитетінің нұсқаушысы болып қызмет атқарды.


жүктеу 120,84 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау