Білім саласындағы психологтың жеке тұлғасына сипаттама
Психолог білімді, ақыл-ой қабілеті өте жоғары, еркін ойлы, жаңашыл, аналитик эксперментатор, көзқарасы тәуелсіз.
Психолог жарқын жүзді, адамдармен жұмыс істеуді сүйеді және оларды демей алады, адамдарға кең пейілді, адамдардың есімдерін есінде жақсы сақтайды, әдепті, қарым-қатынаста мәдениетті, өзіне сенімді.
Ол бірлескен жұмыстарды ұнатады, өз қызығушылығын топтың қызығушылығына бағындыра біледі, ұжданды, жауапкершілік сезімі мол, жігерлі, өзін-өзі түзей алады, мәселелерді тез, батыл шешеді.
Психолог эмоциялық жағынан тұрақты, ұстамды, байсалды, жағдайды таразыға тең салады, стресске түрақты.
Практикалық психологтың кәсіби этикалық кодексі
Психологқа қойылатын талаптар және жалпы жағдай.
Психологиялық тәжірибеге тек жоғары психологиялық білімі бар адамдардың құқығы бар.
Психологтың әрекеті қауымның игілігіне және жеке адамға бағытталуы тиіс.
Жауапкершілік.
Психолог өзінің жүргізген жұмысына аяғына дейін жауапты болу керек.
Психолог клиенттің психологиялық жағдайына және психологиялық зерттеу обьектісіне жауапты болады.
Психолог психологиялық ақпараттың жайылмауына жауапты, себебі кейде ол психолог жұмысының тиімділігінің төмендеуіне әкеліп соғады.
Психолог қыруар ақпарат амалдарын және басқа да ақпараттарды пайдаланған кезде, ол адамдарға сол кезде теріс салдардың туып қалатынын ескерту керек.
Психолог клиентке кейде психологиялық зерттеу жұмысы кезінде шынайы емес үміттердің пайда болып қалуын түсіндіруі керек.
Психологиялық жұмыстың әдісі хабарсыз адамдар үшін пайдаланбайды.
Психолог адамдардың психологиялық жарқырауына жауапты.
3. Құзырлығы.
3.1. Халыққа қызмет көрсетумен байланысты іс-әрекетті реттейтін заңдастырылған актілерді білуге және сақтауға міндетті.
3.2. Психолог өзінің барлық мүмкіндіктерінің мөлшерін білуге және алдында тұрған міндеттермен байланысты өзінің біліктілік деңгейін шынайы бағалай білуге міндетті.
3.3. Психолог өз қызметінде пайдаланатын құралдарды, әдістерді және жұмыс тәсілдерін таңдауда сақ болуы қажет.
3.4. Психолог кәсіби жағынан өзі меңгермеген әдістемелерді, арнайы жұмыстарды ұсына алмайды.
3.5. Психолог клиенттерге өзінің қызмет көрсетуін асыра бағалайтын мәліметтерді бермейді.
3.6. Психотерапевтік және психодиагностикалық әдістемелерді қолдану жағдайында, оның бейімделуден жеткілікті түрде өтпегенін немесе ғылыми стандарттқа толық жауап бермейтіні туралы адамдарға ескертуге және өзі қорытынды жасау мен ұсыныс білдіруде ерекше сақ болғаны жөн.
3.7. Психолог психотерапия курсынан өтуі және 2-3 жылда бір рет психологиялық - әдістемелік көмек алып отыру қажет.
4. Конфиденциалдығы.
Психолог алынған ақпараттың құпиялылығына және 3-ші адамның қол сұқпауына жауапты.
Психолог клиенттің рұқсатынсыз бейне және аудио жазбаларды және басқада материалдарды таратуға тиіс емес.
Клиентке деген қарым-қатынастағы психологтың мінез-құлқы.
Клиенттің рұқсатынсыз психологиялық көмек көрсетілмеуі тиіс.
Психолог әрқашан клиентке жеке тұлға ретінде қарап, оның құқықтарын сыйлауы керек.
Психолог әрекеттерінде жауапкершілік көрсетіп, оған деген сенушілікті ақтау керек.
Психолог еш уақытта клиентпен жеке қарым-қатынасқа, сонымен қатар өзара әрекеттестікке түспеуі керек.
Психолог әрқашан клиенттің тілегін, қажеттілігін және мүмкіншіліктерін ескеруі керек.
Психолог пен клиенттің арасындағы қарым-қатынас өзара сенушілік негізінде қалыптасады, егер олардың арасындағы сенушілік жоғалса психолог өзінің кәсіптік міндеттерінен бас тартуына құқығы бар.
Психолог кейде клиентке зерттеудің нәтижесін айтпай жасыруына болады, кей жағдайда оның нәтижесі клиентке кері әсерін тигізуі мүмкін.
Кейде психологтың әрекеттері адамдарға өз әсерін тигізеді, сондықтан ол адамдардың, қауымның мүдделері мен құқығын сыйлауы керек.
Психолог міндетті түрде клиентке жұмыстың басты қадамдарын айтып өтуі тиіс.
Егер де клиент 3-ші бір адамды қатыстырғысы келсе, психолог келіспеуіне құқығы бар, кей жағдайда ол адам нәтижеге кері әсерін тигізуі мүмкін.
Егер клиент өзінің психикалық жағдайында нашарлықты сезсе, ол психологтан бас тартуына болады немесе сарапшы ретінде басқа бір психологты қатыстыруына құқығы бар.
Егер де клиент медициналық көмекті қажет етсе, психолог оны міндетті түрде көрсетуі тиіс.
Психолог міндетті түрде кодекске сәйкес клиенттің құқықтарымен танысып өтуі тиіс.
Психолог та, клиент те психологиялық жұмысты құпия ретінде сақтауы тиіс және олар соған жауапты.
Клиент бір жағдайларда басқа бір психологты қаласа, ол міндетті түрде оның алдындағы жұмыс істеген психологқа хабарлауы тиіс.
Төлем жөніндегі сұрақтар, жұмыстың мерзімі және шарттар міндетті түрде жұмысты бастамас бұрын айтылып өтуі тиіс және іс-құжат (договор) ретінде жасалуы тиіс.
Психологтың әріптестерімен және басқа да мамандармен қарым-қатынасы.
Психолог өз әріптестерін сыйлап және еш уақытта олардың іс-әрекеттерін сынамауы тиіс.
Психолог әрқашан әріптестердің және басқа мамандардың кәсіптік біліктіліктерін, міндеттерін, жауапкершіліктерін сыйлауы тиіс. Сонымен бірге психолог өз әріптестерінің әрекеттерін клиентпен талқыламауы тиіс.
Психолог еш уақытта өз міндеттерін басқа бір адамға, егер де ол психолог болмаса, тапсыруы тиіс емес.
Егер де бір қиын жағдай болса немесе кең ортаға көмек көрсету керек болса, сол кезде барлық психологтар бірлесіп шешуге болады. Сонымен сол жағдайда міндетті түрде әр біреуінің міндеттері мен кәсіптік іс-әрекеттері айтылып өтуі тиіс. Келісім жазбаша түрде жасалуы тиіс.
Психолог пен әкімшілік арасындағы қарым-қатынас.
Әкімшілік психологтың жұмысына сәйкес оған барлық жағдайларды жасауы тиіс.
Психологтың әрекеттері кәсіптік тәуелсіздік және автономиия негізінде құрылады, оның кәсіптік-психологиялық мінезіндегі шешімдері нақты болуы тиіс.
Егер әкімшіліктің бұйрықтары заңға сәйкес болса психолог оны орындайды.
Егер жұмыс кодекске сәйкес кепілді болмаса психолог оны атқармайтыны туралы әкімшілікті хабарлау тиіс.
Жұмысқа орналасқан кезде психолог жалдаушыны кодекстің мәтінімен таныстырып және ол өзінің біліктілігі арқылы әрекет жасайтыны туралы хабарлау керек.
Психолог әкімшіліктің бұйрығы бойынша кодекске сәйкес қызметкерлерге міндетті түрде мінездеме беруі тиіс.
Жарнама.
Жарнамаланып отырған көмек психологтың мамандығына сай болуы керек. Психологтың берген ақпараты обьектілі және нақты болу керек.
Психологтың берген жарнамасы оның жәрдемінің тиімділігіне әсер етпей, психологтардың арасында бәсекелестікті туғызбау керек.
Психологиялық білімі жоқ адамдар еш уақытта психологиялық жәрдемді жарнамаламау керек.
Психолог өзінің жеке бланктерін, формаларын, мөрлерін шығаруға, сонымен қатар телефон анықтамасында өзі туралы мәліметтерді беруге құқылы.
Психологтар бірлестігі.
Психологтар өзара бірлесіп, жазбаша түрде келісім жасаулары тиіс.
Психолог әр уақытта клиенттің істеген жұмысының нәтижесіне жауапты.
Психологтардың бірлесіп жасаған әрекеттері кодекске сай болып жасалуы тиіс.
Зерттеу және бұқара.
Нақты материалдарды жарнамасыз жариялауға рұқсат етілген.
Барлығына белгілі ақпараттың таратылуына психологтың қатысуына рұқсат.
Психолог өз зерттеудің нәтижесін түсіндіріп, оны тәжірибеге тиімді етіп жасайды.
Зерттеудің толық ақпараты, нәтижелері мен әдісері кәсіптік-бұқаралық ақпараттарда жариялануы мүмкін.
Психолог-зерттеуші сынаушының психикалық жағдайына жауапты.
Психолог жануарларға зерттеу жүргізген кезде олардың азап шекпейтініне куә болу керек.
Міне жоғарыда айтылғандай, психолог қызметінің жүгі өте ауыр. Сондықтанда оның білім беру мекемелерінде үлкен рөл атқарады
Мектеп психологының негізгі жұмыс бағыттары.
Мектеп психологының негізгі жұмыс бағыттары мынадай:
Психологиялық ағарту;
Психологиялық алдын-алу;
Психологиялық диагностика;
Психологиялық түзету;
Психологиялық кеңес беру;
Әлеуметтік сұраныс бойынша жұмыс;
1. Психологиялық ағарту - педагогикалық ұжымның, оқушылардың және ата-аналардың психологиялық біліммен алғашқы танысуы. Жұмыстың негізгі мағынасы мынада:
а) мұғалімдерді және ата-аналарды жас ерекшелік, педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерімен, оқушыларды өзін-өзі тәрбиелеудің негіздерімен таныстыру;
ә) жаңа психологиялық зерттеулердің қорытындыларын тарату және түсіндіру;
б) психологиялық білімге деген қажеттілікті қалыптастыру, оларды баламен жұмыс жүргізуде немесе өзінің жеке дамуында қолдану.
Психологиялық ағартутудың формасы әртүрлі болуы мүмкін: дәріс, семинар, көрме, әдібиеттерді таңдау т.б. Сонымен қатар осы жұмыстарды психолог өзі ғана өткізу міндетті емес, басқа мамандарды да шақыруға болады. Бірақ та өткізу формаларының мазмұнын психолог қамтамасыз етеді:дәріс, әңгіме, семинарлар теориялық-абстрактілі түрде өтпей, белгілі бір мәселені шешуге бағытталуы тиіс.
Егер психологиялық білімді өмірлік өмірлік мәселелерді шешу құралы ретінде берілсе, психологиялық ағартудың тиімділігі жоғары болады.Мысалы, нақты мәселені алатын болсақ: педагогтар мен ата-аналар балалармен қалай қарым-қатынас жасау керек.
Қазіргі ккездегі психологиялық білім ересектер мен балалардың толық қарым-қатынасының үлкен орын алатынын көрсетіп отыр. Сондықтан да психологиялық ағартудың бір аспектісі ретінде мұғалімдер мен ата-аналардың балалармен дұрыс қарым-қатынас жасаудың әдістерімен таныстыру, оларға психологиялық қолдау көрсету, мектепте және отбасында жағымда психологиялық ахуал тудыру.
Мектептегі психологтың ата-аналармен психологиялық ағарту жұмысының мазмұны- балалардың психикалық дамуы мен оқу барысында кездесетін мәселелермен таныстыру мен шешімін табу болып келеді.
Оқушылармен өткізілетін психологиялық ағартушылық жұмыс ретінде мектепте әртүрлі психологиядан үйірмелер мен факультативтерді басқаруды алуға болады.психологгиялық сабақақпараттық және тренингтік т.б.бөлімдерді қамтиды. Оқушылардың жасерекшеліктерін ескере отырып, педагог-психолог осындай сабақтарды коррекциялық- дамытушылық мақсаттарда да қолдана алады.
Педагогтармен өткізілетін психологиялық ағартушылық жұмыстар мына міндеттерді шеше алатын психологиялық-педагогикалық білім мен дағдыны меңгере алатындай ұйымдастырулуы қажет:
- оқушылардың оқу үрдісін тиімді ұйымдастыру;
- оқушылар және әріптестерімен өзара жақсы қарым-қатынас орнату;
- өзін маман және мектепішілік қарым-қатынасқа түсетін басқа қатысушыларды түсіну мен санадан өткізу;
Мектептегі педагогикалық ұжымда психологиялық ағартушылық жұмысты жоспарлап, өткізу үшін психологқа мектепте « Психолог бұрышы», «Психологиялық қабырға газеттері», «Психологиялық пошта» т.б. ұйымдастыру көмек көрсете алады
2. Психологиялық алдын-алу — баланың психикалық және тұлғалық дамуындағы болуы мүмкін келеңсіздіктердің алдын-алуға бағытталған жұмыстар. Психологиялық алдын-алу жұмысы білім беру үрдісіне қатысушыларының барлығымен жүргізіледі. Мектептегі психологиялық қызметінде диагностика мен түзету қатар жүреді. Мектеп психологы диагноз қоюмен қатар тұлғаның қалыптасу үрдісіне және оның жеке ерекшеліктерінің, қабілеттерінің дамуының жоспарын құрастырады. Мектеп психологының диагностикалық-түзету жұмысы күрделі, көлемді және үлкен жауапкершілікті қажетсінеді.
Психологиялық алдын-алу мектеп психологының аса көп қарастырылмаған жұмыс түрі. Мектептегі психологиялық қызметінде оның маңыздылығын ғалымдар мен практиктер айтып көрсеткен.
Психолог өз білімі мен тәжірибесіне сүйеніп, оқушылардың психикалық және тұлғалық дамуындағы балуы мүмкін келеңсіздіктердің алдын-алуға психологиялық дамуына қажетті жағымды жағдай орнатады.
Бұл жұмысты психолог өз инициатива мен өзіндік сұраныс бойынша өткізеді. Психологтың психологиялық алдын-алу жұмысының мазмұны мынада:
а) мектепте оқушының әрбір жас кезеңінде талыққанды психикалық және тұлғаның дамуына қажетті психологиялық аухуалды сақтау жауапкершілігін қалыптастыру;
ә) баланың зерделік және тұлғаның дамуындағы белгілі қиындықтар мен ауытқулардың пайда болуына әкеліп соғатын ерекшеліктерін дер кезінде болжамдау;
б) оқушылардың келесі жас кезеңіне өтуіне байланысты туындайтын келеңсіздіктердің алдын-алу.
Психологиялық алдын-алу жұмысы білім беру үрдесіне қатысушылардың барлығымен жүргізіледі.
Психологтың психологиялық алдын-алу жұмысының мәнi
Әрбiр жас ерекшелiктерiне байланысты психолог оқушының жеке тұлғалық қалыптасунда, оқыту мен тәрбиенiң психикалық шарттарының орындалып психи-калық дамуын жетiлдiрудi көздейдi. Ұжымда бiрнеше сағат болмауын, оқушының шаршап-қажымауын, кейбiр оқушының өз сенiмдерiн жоғалтпауын, бақылау жұ-мыстарынан, тақтаға шығудан қорықпауын қадағалау керек. Көптеген оқушылар мектепте қатты шаршайды. Көбiне психологиялық жағынан оқуға деген ақыл-ойы, дағды-икем жоқтығынан, оқуға көзқарастың, түрткiлерiнiң (мотивация), танымдық белседiлiктiң жоқтығынан, өздерiне дұрыс бағалай алмайтынан, өз күшiне өзi сен-бегендiктен, жоғары қорқыныштың болуы. Осының бәрiн алғашқы оқу кезеңiнен бастап ескеру керек. В.А.Сухомлинский дедi: “Егер бiр оқушы бiрде-бiр пәндi ұнатпаса, ұнататын пәнi болиаса, оған тек мектеп кiнәлi, яғни психолог әрбiр пән мұғалiмiне өз пәнiн ұнататын оқушыны, сыныпты белгiлеуге тапсырма берiп, сол оқушыларға сол пәннен қосымша тапсырмалар беру, оқушының өз бағасын тануға, оқуға деген қызығушылығын, талантын, қабiлетiн арттыруға көмектеседi және болашақта мамандық таңдауға негiз болады”. Сыныпта 30-35 оқушы бар, пәндер 10-12 әрбiр мұғалiм өз пәнiне 4-5 оқушыны болса, сыныпта оқу қызықтырмайтын оқушы болмайды. Егер болса психолог мұғалiмдермен, сынып жетекшiлермен, оның себептерiн табуға тырысуы керек. Бұл iс әр мұғалiм өз пәнiнен белгiлi бiр үлгерiм пайызын шығарып қоймай, баланың психикалық ақыл-ой жағынан дұрыс дамуын көздейтiн маман. Мектеп психо-логының алдын-ала бағдар беру жұмыстары мынадай кезеңдерден тұрады:
1-4 сынып оқушыларының қызығушылығы мен қабiлетiн ерте анықтау, оларды дамытуға бағдарламалар жасау.
Кiшi жеткiншектердiң осы бағдарламаның орындауын, икемi мен қабiлетiн дамыту.
7-8 сынып оқушыларының мамандық таңдауға ыңғайлануын, әрi жеке тұл-ғаның сапалық және психологиялық ерекшелiктерiне көңiл бөлу.
Жоғары сынып оқушыларымен әрi қарай оқу бағдарламасын жалғастыра ақыл-кеңес беру.
Жоғары сынып оқушыларының, жеке тұлғалық анықтаманың, диагностика-лық және коррекциялық анықтамасын бақылау.
Психикалық дамудың ерекше бiр шарты- мектепте психологиялық ахуалдың болуы. Психолог педагогикалық ұжымдағы ұстаз бен оқушылар, оқушылар мен ата-аналар, оқушының бiр-бiрiмен қарым-қатынас белсендiлiгiн арттырушы. Бiр қалыпты үлкендермен қарым-қатынас жеке тұлғаның тұрақты және жоғары психологиялық дайындығын көрсетедi және әлеуметтiк әсерлерге жауап бере алады. Егер үлкендер балаларға ерекше көңiл-күймен қарым-қатынас жасаса, онда үлкендердiң неге сенiп, ненi бағалануына олардың да көздерi жетедi.
Психолог оқушының бiр жас сатысынан екiншi сатыға өткен кездегi ерекше-лiктердi ескеруi қажет, әр жас кезеңнiң оқушылардың дамуына жауапты сәттер болады. Жаңа сатының басталуына негiзгi психологиялық жетiлулер керек. Л.С. Выгодский әрбiр периодтқа, сатыға өту өзiнше қиын болып есептеледi, өйткенi периодттағы өзгерiс, бала дамуындағы жеке тұлғалық өзгерiстер сәйкес келе бермейдi. Психолог баланың мектепке алғаш келу кезеңiнен бастап зерттейдi, негiзгi әрекеттердiң өзгеруiне байланысты балада психикалық өзгерiстер бола-ды. Сондықтан психолог балаларды сыныптарға бөлуге тиiстi. Көптеген бала-ның мектепке психикалық дайындықпен келуi ата-ана мен балабақшаға байла-нысты. 1-шi сыныптан бастап оқушылар өз құрбыларының арасында беделге мұғалiмi тарапынан сенiмге ие болады. Сондықтан психолог баланың оқи алуы-на, есептеп, жатқа бiлуiне, сұрақтарға жауап бере алама аса назар аударуы ке-рек. Баланың мектепке келуiне өз көзқарасы, бұған дейiн құрбылармен қарым-қатынаста болды ма, танымайтын үлкен кiсiлермен, сөйлесу барысында өзiн қалай ұстайды, ерiк-жiгерi, эмоциясы қандай, өзiн қаншалықты ұстай алады, т.б. сұрақтарға психолог жауап ала бiлуi керек.
3. Психологиялық диагностика - оқушыларды, тәрбиеленушілерді терең психологиялық-педагогикалық зерттеу, тұлғаның жеке ерекшеліктері мен икемділіктерін, оқыту және тәрбиелеу үрдісіндегі баланың потенциалдық мүмкіндіктерін, кәсіби өз-өзін анықтауын, сонымен қатар оқуындағы, дамуындағы, әлеуметтік бейімделуіндегі ауытқулардың себептері мен механизмдерін анықтау болып табылады; Психологиялық диагностика жеке және топпен жүргізіледі.[50]
Мектеп психологы өз баланың психикалық дамуындағы ерекшеліктері мен икемділіктерін, және тәрбиелеу үрдесіндегі баланың потенциалдық мүмкіндіктерін, кәсіби өзін-өзі анықтауын, сонымен қатар оқуындағы, дамуындағы, әлеуметтік бейімделуіндегі ауытқулардың себептері мен механизмдерін анықтау болып табылады. Психодиагностика міндеті оқушылардың жеке даралық-психикалық ерекшеліктері жөнінде информация жинау. Мектеп психологиялық қызметінде психодиагностиканың өзіндік ерекшелігі бар. Оның мақсаты нақты психологиялық құбылыстың немесе ауытқулардың себептерін анықтап, сұраққа жауап беру. Практикалық психолог диагностиканың баланың психикалық дамуындағы ұсыныстарды жоспарлау немесе түзету бойынша жүргізіледі.
Мектеп психологиялық қызметі диагностикасының басты мақсаты, балаларды бір-бірімен салыстыру емес, (мұның да маңызы бар) ал белгілі баланың жандүниесіне терең кіру.
Тәжірибелі психолог алдында, белгілі бір бала білімнің, әлеуметтік қатынастардың, басқа адамдардың және өзінің күрделі әлемін қалай қабылдайтынын, белгілі оқушының көзқарастары мен ұстанымдарының біртұтас жүйесі қалыптасатынын зерттеу міндеті тұрады.
Сондықтан бұл немесе басқа псхикалық функцияның немесе тұлғалық мінездемесін анықтап өлшеу баланың тұтас дамуының контексиен тыс мектеп психология үшін маңызды емес.
Диагностикада психологиялық мәселені анықтап, сұрақты дұрыс қойып, мұғалімдерден, ата-аналардан, оқушылардан керекті ақпарат алып, оны сараптауға, оның нәтижесінде бір оқиғаның анализіне бағытталған қорытындыны жасау біліктілігі қажет.
Мектеп психологтың диагностика-коррекциялық әрекетінің процедурасы күрделі, кең ауқымды жауапты және әлі де дұрыс қалыпьаспаған. Бізге бұл процедураны алғаш рет Л.С.Выготский педагогикалық зерттеу мен тәрбиелеуге қиын балаға қолданылатын кесте ретінде ұсынған еді. Бұл кестенің И.Шванцара өзінің тұлғаның даму диагностикасында экспериментальды-псхологиялық ұстанымды жасады. Ол қадамдардың немесе этаптарының жүйелігінде көрінеді.
Психодиагностика балалар мекемелерінде оқу мен тәрбие алатын балалардың психикалық дамуын бақылауға мүмкіндік береді; балалармен өткізетін жұмыс жоспарын анықтап, жақсы не төмен оқитын балалардың білімдерін кеңейтуге жағдай жасауға мүмкіндік береді; ерекше қабілеттері бар балалар дамуынынң тиімді бағытын қалыптастыру; психологтың өткізген психологиялық алдын-алу жұмыстарының қаншалықты эффектілі екенін тексереді; мектепте өткізілетін психологиялық ағарту жұмыс тақырыптарының ең өзетілігін таңдап алу.
Психодиагностикалық зерттеудің шаралары бірнеше кезеңдерден тұрады:
1. зерттеуге әзірлену, мақсаттар мен міндеттерді анықтау, әдістерді таңдау, оларды игеру;
2. баламен әңгімелесу, дұрыс байланысты орнату, тапсырманы орындауға себептерді қалыпты құру;
3. психодиагностикалық эксперимент.
4. Психологиялық түзету - балалық шақтағы тұлғаның қалыптасу үрдісіне және оның жеке ерекшеліктерін сақтап қалуға педагог- психологтардың, дефектологтардың, логопедтердің, дәрігерлердің, әлеуметтік педагогтардың және басқа да мамандардың біріккен іс-әрекеті негізінде белсенді әсер ету.
Психологиялық коррекция- адамдардың мінез-құлқындағы және психологиялық қиыншылықтарды түзетуге бағытталған іс-шаралар жүйесі.
Баланың бейімделмеушілігі жағдайындағы психокоррекциялық жұмыс кешенді сипатта, не баланың дамуының белгілі бір саласына, мінез-құлқы мен қатынасына бағытталған симптоматиялық сипатта болуы мүмкін.
Психокоррекциялық жұмыстың негізгі принциптері мыналар:
1. Диагностика мен түзету жұмыстарының біргілі принципі. Бұл түзету екі кезеңнен тұрады. 1-ші кезең түзету-дамытушылық жұмыстың бірінші реттік мақсаты мен міндеттерін құруға негіз болатын кешенді түрде диагностикалау. 2-ші реттік түзету жұмыс барысындағы тұлғаның, мінез-құлықтық, әрекеттінің, эмоционалдық жағдайының өзгеру динамикасын жазып отыру. Осыған орай, бағдарламаға өзгерістер еніп, балаға психологиялық ықпал ету құралдары мен әдістері өзгеріп, толықтырылады.
2. Дамудың нормативтік принципі. Бұл принциптің негізінде психологиялық жас жатыр (Бұл түсінікті Л.С.Выгодский енгізген). Баланың даму деңгейі жас нормасына сәйкестігін бағалауда мыналар ескеріледі:дамудың әлеуметтік жағдайының ерекшелігі;психологиялық жаңа түсініктердің қалыптасу деңгейі; баланың негізгі әрекетінің даму деңгейі мен оны жетілдіру.
3.Жоғарыдан-төмен түзету принципі. Бұл түзету жұмысының негізгі мазмұны балаға «жақындағы даму зонасын» құру болып табылады.. Яғни бұл түзету алдын-ала болашақққа бағытталған.
4. Төменнен-жоғары түзету принципі. Бұл түзету жұмысы бала бойындағы бар психологиялық қабілеттерді жаттықтыру мен бекітуге негізделген
5. Психологиялық әрекеттің дамуының жүйелілік принципі. Бұл принцип түзету жұмыстарында профилактикалық және дамытушылық міндеттерді есепке алу көзделеді. Түзетушілік жұмысты жақындағы дамуды болжаудан бастау керек. Себебі бұл дамудағы әртүрлі ауытқушылықтарды жоюға көмек көрсетеді. Жүйелілік принципі симптомдар арасындағы байланыс пен олардың себептерін анықтауға көмектеседі.
5. Психологиялық кеңес беру - оқу үрдісінде кездесетін дамыту, тәрбиелеу және оқыту мәселелеріне байланысты, педагогикалық қызметкерлерге, оқушыларға, тәрбиеленушілерге, олардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) және басқа да оқу үрдісіне қатысушыларға, психологиялық кеңес беру арқылы көмек көрсету. Психологиялық кеңес беру-түрлi мектепгi психологиялық проблемаларды шешуге бағытталған, әсер етудiң негiзгi құралы белгiлi бiр тұрғыда ұйымдасқан сұхбат болып табылатын тұлғааралық қатынастардағы қиындықтармен байланысты адамдармен тiкелей жұмыс iстеу ( Алешина Ю.Е. 1993). Психологиялық кеңес берудiң мәнi психологтың арнайы кәсiби ғылыми бiлiмдерiн пайдалана отырып, өзге адам үшiн жағдай жасау. ( Абрамова Г.С. 1996).
Кеңес беру – мектеп психологының жұмысының маңызды бір түрі. Мектептегі психологиялық қызметінің міндеті – оқушының психиалық, тұлғалық дамуына әрекет жасау. Баламен тығыз қарым-қатынас жасайтын мектеп әкімшілігіне, мұғалімдерге, ата-аналарға басқа да адамдарға кеңес беру. Психикалық дамуындағы түрлі ауытқулары бар балаларды мамандарға бағыттау. Денелік және жүйке-психикалық денсаулығы әлсіз балалардың психологиялық қиындылықтарын ескерту, психогигиена мен психологиялық алдын-алу бойынша кеңес беру. Ата-ана мен мұғалімдерге балалардың қарым-қатынас, тәрбие және оқуда кездесетін қиындықтарды психологиялық-педагогикалық түзету бойынша кеңестер жасау. Балаларды отбасында қалай тәрбиелеу туралы кеңес беру.
Кеңес беру жұмысы психологтан нақты жұмыстың шеңберін және оның технологияларын беруді талап етеді.
Кеңес беру барысында мына принциптерді басшылыққа алу керек:
Достарыңызбен бөлісу: |