Бағдарламасы (силлабус) Пән : Педагогтың кәсіби өзін өзі тануы және дамуы


Мұғалімнің кәсіби педагогикалық функциялары



жүктеу 0,53 Mb.
бет3/3
Дата05.02.2018
өлшемі0,53 Mb.
#8556
түріБағдарламасы
1   2   3
    Навигация по данной странице:
  • Лекция

Мұғалімнің кәсіби педагогикалық функциялары


Жоспар

  1. Педагогтың кәсіби дайындығы және кәсіби жарамдығы.

2. Мұғалімнің кәсіби педагогикалық функциялары

Болашақ маманның кәсіби педагогикалық функциялары: конструктивтік, ұйымдастырушылық, қарым – қатынастық, дамытушылық, ақпараттық, зерттеушілік.

Бұл функцияларды іске асыруда мұғалім іс - әрекетінің түрлері:


  1. Өзінің және оқушының іс -- әрекеті жоспарлауда оны дамыту мен қалыптастыру үрдісіндеконструктивтік / құрылымдық/ тұрғыда іске асыру іс - әрекетінің міндеттерін шешу үшін, мұғалім оқу – тәрбие жұмысының білім мазмұны мен кезеңдерінің әдістемесінің бірлігін сақтау;

  • оқушы іс - әрекетінің құрылысын жоспарлау және оған педагогикалық жетекшілік жасау;

  • негізделген инновациялық іс - әрекеттерді таңдау , анықтау;

  • ұжымдағы оқушылардың жеке бас ерекшеліктеріне сәйкес тапсырмаларды ұйымдастыруы қажет.

  1. Ұйымдастырушылық іс - әрекет міндеттерін шешу үшін:

  • оқушы мен мұғалім арасындағы қарым – қатынасты ұйымдастыру;

  • оқушының оқудағы психологиялық және практикалық даярлығын ұйымдастыруға жағдай жасау;

  • оқушыларды әр түрлі оқу – тәрбие жұмыстарына баулу;

  • шығармашылықтарын дамытуға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру;

  • сабақты тыңдауға, білімді қабылдауға оқушыларды дайындай білу;

  1. Қарым – қатынас тұрғысындағы әрекетті іске асыру:

- оқушы мен мұғалім арасында іскер қарым – қатынас орнықтыру;

- оқу үрдісіндегі ұ ұжымдағы оқушылар қарым – қатынасын жақсарту.



  1. Дамытушы тұрғыдағы іске асыру қызметі:

  • оқу үрдісіне оқушының ақыл – ой еңбегін ұйымдастыру;

  • оқу үрдісінде педагогикалық жағдаяттар тудыру арқылы, оқушының өздігінен ойлауымен оқылатын п.әнмен шындық болмыс арасындағы байланысты білу;

  • оқушының білімге қызығушылығын арттыру;

  • алдыңғы қатарлы озық тәжірибелердің оқушы білімін дамытушы әдіс - тәсілдерін қолдану.

  1. Ақпараттық функцияны іске асыру қызметі:

  • оқу материалдарын еркін меңгеріп, оны жеткізе білу әдістемесі мен тәсілдерін қолдана білу;

  • пән мазмұнына ғылыми – дидактикалық талдау енгізу;

  • оқытуда жаңа технология элементтерін қолдану.

  1. Зерттеу функциясы қызметін іске асыруда:

  • проблема бойынша зерттеу жұмысын жүргізу;

  • педагогикалық қызмет түрлерін қайта құру мен бағалау;

Лекция

Мұғалімнің кәсіби – педагогикалық мәдениеті.
Жоспар

  1. Кәсіби – педагогикалық мәдениетті қалыптастырудың кейбір әдістемелік аспектілері.

  2. Мұғалімнің кәсіби – педагогикалық мәдениет компоненттеріне сипаттама.

  3. Аксиология ұғымына түсінік.

  4. Білімнің ұлттық құндылықтары отандық педагогикалық аксиалогияны дамытудағы басты бағдар.




  1. Синица И.В. Педагогикалық әдеп және ұстаздық шеберлік, Алматы, 1987 ж, 230-б.

Кәсіби педагогикалық мәдениеттілік жеке сараптамасы болып, өзінің табиғаты бойынша педагогикаық кәсіп орындайды. Кәсіби педагогикалық мәдениеттің негізгі компоненттері:

  1. Аксиологиялық

  2. Технологиялық

  3. Тұлғаның шығармашылығы

І. «Аксиология» адамға қажетті жалпыланған бағалы заттар, құндылықтар туралы философиялық ілім. Дәстүрлі педагогикада педагогиканың әдіснамалық негізі болып келеді. Оларға адамның өміріне қажетті құнылықтар туралы түсініктер, білімдер сенімдер, педагогикалық идеялардың, көзқарастардың жүйесі кіреді.

«Педагогикалық құндылық» деп педагогикалық қызметтің танымдық педагогикалық әрекет жүйесін бағыттайтын нормаларды атаймыз, білім беру жүйесінде қоғамдық саясаттың, көзқарастың, қызметтің бірлігін қамтитын. Педагогикалық ғылымда қоғамдық сананың бір түрі. Педагогикалық құндылықтарды игеру педагогикалық қызмет арқылы өтеді.

Кәсіби педагогикалық мәдениеттің аксиологиялық компоненті, педагогикалық байланыстардың біріліктерімен құрастырған. Педагогикалық қызмет арқылы мұғалім идеялар, концепциялар / тұжырымдамалар/ туралы білім алады. Аксиологиялық компонент педагогикалық байлықтар, әртүрлі жағдайдың, іс - әрекеттің және өмір сүру нәтижесі деңгейінде тұрады.

ІІ. Кәсіби педагогикалық мәдениеттіліктің технологиялық компоненті өзінің ішіне педагогикалық қызметтің әртүрлі іс - әрекеттерін қарастырады.

ІІІ. Тұлғаның шығармашылық компоненті, кәсіби педагогикалық мәдениеттің шығармашылық актысының механизімін ашады

Лекция

Мұғалімнің өзін -өзі тәрбиелеуі және кәсіби дамуы.

Тақырыбы: Педагогтың өзін -өзі тәрбиелеуі және кәсіби дамуы. /лекция/
Жоспар

1.Педагогтың өзін -өзі тануы .

2.Педагогтың өзін -өзі тәрбиелеуі.

3. Мұғалімнің өзін -өзі тәрбиелеуі жолдары.

4. Педагогтың кәсіби өзін -өзі жетілдіруі және кәсіби дамуы

Мұғалімнің тұлғалық дамуы, оның бойындағы өзін - өзі үнемі дамытып отыру дайындығына тікелей байланысты. Өз қажеттіктерін сезіну – кәсіби қызметтің негізі болып табылады, өйткені ол өзінің потенциалдық бар мүмкіндігкн дамытудың жолдарын білу деген сөз. Гуманистік философия мен педагогиканың негізін салушылардың көпшілігі өз қажеттігін тануды жеке тұлғаның кемеліне келуінің, кәсіби жетілуінің басты көрсеткіші ретінде есептеп, бұл ұғымның философиялық, психологиялық, педагогикалық аспектілерін әр кезеңде әр түрліне қарастырған. Мысалы, Сократ өз оқушыларының санасын әңгімелесу, сұрақ қою арқылы оятып, өзін - өзі тануға шақырса,

Я.А.Коменский оқушының өз бойындағы рухани күшін өзі дамытуға мұғалім көмектесе алатыны атап айтқан. Ж.Ж.Руссо « балаға мұғалім өз көзқарасын байлап беруге емес, қайта оның өзіндік дүниетанымын дамытуғы » ұмтылуын, И.Песталлоци және оның шәкірті Ф.Фребель бүгінгі педагогикадағы «тұлғалық бағдарлы оқытудың» негізін салып, өзін - өзі дамыту түсінігін енгізді. Адам бойындағы адами қасиеттерді іздеу, табу, олардың әрі қарай дамуына барынша қолдау көрсету.оның өзін -өзі жүзеге асыру, ретке келтіру, дамыту, өзінің тұлға ретіндегі болмысын жасаудың механизмдерін меңгеруін қамтамасыз етеді.

Адольф Дистервергтің «Нашар мұғалім шындықты оқушыға өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оған өз бетімен ізденуге жол көрсетеді» деген пікірі және Джон Дьюдің жеке тұлғаның өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйене, оны реттей отырып білім алуына, еркін дамуына мүмкіндік жасау арқылы қоғамды демократиялық даму жолына әкелуді көздейтін философиясы бүгінгі білім берудегі өзекті мәселе болып отыр.

Қазақ халқы өз дүниетанымы мен философиялық көзқарастарын мақал – мәтелдер арқылы терең жеткізе білген. Мысалы, «Өнегелі ұстаз: «өзім бол» ,- демейді , «өзің бол» - дейді, - дей отырып әр адамның өзіндік биігін ануға нұсқаған. Ұлы ойшыл Абайдың гуманистік дүниетанымы адам баласының «таразысы да, қазысы да өз бойында», тек «өзіңе сен, өзіңді алып шығар, ақылың мен еңбегің екі жақтап» немесе



«Өзің үшін үйренсең,

Жамандықтан жиренсең,

Ашыларсың жылма - жыл», - дегенінен көруге болады.

Адамның өзін -өзі тәрбиелеуі оңайлықпен қолға түспейді. Жеке тұлғаның санасының оянуы, оның өзіндік «менің» сезіне бастауы, Абай тілімен айтқанда, бұл кісінің өзіне -өзі ұдайы есеп беруінен, өзін -өзі аңғара, байқай алу қабілетінен көрінеді. Өзіңе -өзің үңіліп, өзіңді тізгіндеуге тырысу, белгілі мақсат көздеу – осы істегі шығармашылыққа бастапқы қадам.

«... Адам баласы ұшқыр ой, көп ақыл, өткір сезім, қайратының арқасында ғылым, білім, өнер тауып өзгеден үстем, дүние жүзінің қожасы болып отыр».Жүсіпбек Аймауытов

Психологияда өзіндік қажетілік ұғымын амеркандық ғалым Абрахам Маслоу енгізді Бүгінгі педагогикада оның «өзіндік қажеттігін тану» өз мүмкіндігін, потенциалын жүзеге асыруға ұмтылу, өз қабілетін, талантың, яғн бойындағы барын іске асыру арқылы адам тұлға ретінде толық қалыптаса алады» деген пікірі аса құнды. Сонымен қатар, өз мүмкіндігін қажетіне айналдыра алатын адамды А.Маслоу кәдімгі өзіміз күнде кездестіріп жүрген адамдарымызбен қатар қоймайтынын тағы да былай былай дәлелдеп келтіреді. «орташа адам – ол өз дарынын, қабілетін, мүмкіндігін жылы жауып қойған, не басып тастаған адам». Оның теорясы бойынша адамның дамуы – екі жағы бар қажеттілік ирамидасына ұқсайды: бір жағынан әлеуметтік тәуелділігі, екінші жағынан оның өз қажеттігін тан алуына қатысты танымдық табиғаты. А.Маслоу жалпы қажеттіліктерді туа пайда болған деп, алғашқы үш деңгейді жалпы қажеттіліктерді туа пайда болған деп, алғашқы үш деңгейді физиологиялық, әлеуметтік, психологиялық қажеттілік ретінде қарастырады. төртінші деңгейді өзін - өзі құрметтеу, қадірлеу үшін атқарылатын әрекеттер ретінде, ал бесінші деңгей – шығармашылық қажеттілік, өз мүмкіндігін жүзеге асыру өзіндік қажеттігі деп есептейді. / таблица қолдану, кроссворд шешу/


Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеуі мен кәсіби дамуы.

Мектеп реформасының талаптарына сәйкес мұғалімнің жеке басын жетілдіру міндеті ерекше маңызды болып отыр, өйткені мектептегі бүкіл оқу-тәрбие процесі тиімділігінің табысты болуы көбінесе соған байланысты. Әрбір мұғалім өз басының бағалы кәсіптік санасын, іскерлігі мен дағдысын жетілдірудің, яғни өзінің кәсіптік тәрбиесімен шұғылдануының айрықа маңызы бар. Кезінде көптеген көрнекті педагогтар өзін-өзі тәрбиелеудің қажеттігін атап көрсеткен болатын. Мұғалім үшін қастерлі міндет «өзінің жеке басының тәрбиесін бүкіл өмірлік міндетіне айналдыруда» - деп есептеді А.Дистерверг.

Адамның өзін-өзі тәрбиелеуге қабілеті берілмейі, оған үйрену керек. Тарихта әр бір ұрпақ адамдары өз заманының талаптарына сай келуі үшін өзін-өзі жетілдіруге тиіс болды. Әрбір адам өзін-өзі тәрбиелеуде ең алдымен оның мақсатын, әдістері мен тәсілдеріне, нәтижесін «технологиясын» меңгеруі тиіс. Бұл өзін-өзі тәрбиелеудің компоненттеріне жатады. Оларға тоқталмас бұрын өзін-өзі тәрбиелеудің қозғашуы күші туралы айта кетейік. Айталық, мектепке жаңа келген мұғалімде өз бетімен жұмыс істеуде көптеген қиындықтар туады. Оларды жеңі үшін жас маман өзін өзі жетілдіріп, тәрбиелеуі тиіс. Ол үшін ең алдымен ол өз бойындағы сенімсіздіктен арылуы тиіс. Бұл кәсіби түрде өзін-өзі жетілдірудің алғашқы қадамы.

Кәсіби түрде өзін-өзі жетілдіру дегеніміз – ол қазіргі педагогикалық талаптарға сай келу үшін өзіңнің кәсіби және жеке қабілеттерін дамыту. Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиеленуінің қозғаушы күші өзін-өзі жетілдіруге, өзгертуге деген мұқтаждық. Бұл мұқтаждықтың басты себебіне мектеп әкімшілігінің, ата-аналардың тұғалімге деген талаптарын жатқызуға болады. Мектептегі талаптардың өзгеріп отыруы мұғалімнің үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруын талап етеді. Өзін-өзі тәрбиелеу - өзіндік тұлғаңды өзгертуге бағытталған жоспардан басталады. Бұл жоспардың негізінде өзіңді даму деңгейінде қойылатын талаптармен салыстыру жатады. Осыған негізделе отырып мұғалім өзін-өзі тәрбиелеуге бағытталған мінджеттер жүйесін белгілейді. Осыдан кейін ғана өзін-өзі тәрбиелеу процесі басталады.

Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеуге деген түрткілердің қалыптасуының бірнеше жолдары бар. Оның біріншісінде мұғалімнің өзін-өзі тәрбиеленуіне мекте басшыларының талаптары, мектеп өмірінің стилі, яғни белгілі біреудің әсерң итермелесе, екіншісінде мұғалімнің өзіндік қасиеттері, жауапкершілігі кәсіби мәртебесі итермелейді. Әрбір түрткінің жанында нақты мұқтаждық тұр. Мұқтаждық болмаған жағдайда өзін-өзі тәрбиелеудің түтркілеріне осы процеске деген мұғалімнің қызығушылығын жатқызуға болады. Бұл жағдайда жағымды эмоция үлкен роль атқарады. Өзін-өзі тәрбиелеуде мұғалім үлкен жұмыс атқарады. Сол еңбектің жемісті нәтижесінен алған қуаныш сезімі мұғалімнің есінде мәңгілік қалады.

Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеуі үшін мектеп әкімшілігі де көмек көрсетіп қолайлы жағдай тудыруы қажет. Мысалы: жас мамандар өздерінің тәжірибелі әріптестерінің көмегімен өзін-өзі тәрбиелеудің кейбір элементтерін үйреніп, өзінің еңбектерінде жақсы нәтижелер бере бастайды, өзінде сменімдігі артып тәжірибе жинақтай бастаған маман өзін одан әрі жетілдіруге ұмтылады. Бұл өзін-өзі тәрбиелеуге деген тұрақты жағымды түрткілердің пайда болуына көмегін тигізеді.

Өзін-өзі тәрбиелеудің түрткілерінің дамуында ең басты рольді мұғалім қызмет атқаратын ұжым алады. Егер мұғалімді қоршаған адамдары өзін-өзі үнемі тәрбиелеп отырғанын байқаса, ол да өзір тәрбиелеуге ұмтылады.

Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеуге деген түрткілер өзін-өзі кәсіби түрде тәрбиелеуге бағытталған әрекет негізінде қалыптасады. Ғалым Рубинштейннің айтуынша өзін-өзі тәрбиелуде жақсы нәтижеге жетудің басты белгісі: ол жақсы қасиеттерді жетілдіруге бағытталған әрекет емес, өзінің өмірлік маңызды міндеттерді шешуге бағытталған әрекеттер жиынтығы.

Мұқғалімдер бір-бірінен кәсіби дайындығымен ғана емес, педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері мен де ерекшеленеді.

Әрбір мұғалімнің мінезінде оқушылармен қарым-қатынас, жұмыс стиілін анықтайтын кәсіби психологиялық ерекшеліктері болады. Оған әр жастағы оқушылармен жұмыстың жемісті болуы байланысты. Педагогикалық-психологиялық ерекшелік өзіндік жұмыстың даралық стилінің қалапытасуында үлкен роль атқарады. Сондықтан жұмыс істеу барысында мұғалім өзінің мықты және осал жақтарын білуі тиіс.

Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеу тұтас түрде жүруі тиіс. Ең алдымен мұғалім өзінің танымдық, ұйымдастырушылық, коммуникативтік біліктерін жетілдіріп отыруы керек.



Танымдық біліктерді жетілдіру ең алдымен ақыл-ойымен ойлауын жетілдіру болып табылады. Оның негізгі жолы ақыл-ой операцияларын: байқағыштықты, салыстыруды, талдауды, есте сақтауды, қиялды дамытатын жаттығулар.

Коммуникативтік біліктілік – ол қарым-қатынас жасай білу үрдісі. Қарым-қатынастың негізгі тәсілдері: мимика, жест, сөз. Бұл біліктілікті жетілдіру үшін теориялық білім, одан кейін жеке дара практика және тәжірибе керек. Оған үйренуге болады.

Ұйымдастырушылық білік – ол оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыра алуы. Ғалым Л.И.Уманский бұл білікке төмендегі қасиеттерді жатқызады.

  1. Жалпы психологиялық ерекшеліктері тұлғаның мақсаттылығы және ұйымдастыратын әрекетке дайындылығы;

  2. Кейбір басқа да қасиеттері: белсенділігі, жұмыс қабілеттілігі, қарым-қатынасқа бейімділігі,

  3. Тар мағынадағы ұйымдастырушылық қабілеттері;

Ұйымдастырушылықты дамыту жолы осы компоненттердің даму деңгейін білу, кемшіліктерін байқау. Оның негізгі жолы практика және жаттығулар. Оған психологиялық әдебиеттерді оқып, басқа адамдардың тәжірибесін біліп үйрену арқылы жетуге болады.

Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеу жолдары өте көп. Ғалым С.Б.Елканов оған өзін-өзі ұйымдастыруды жатқызады.

Өзін-өзі ақпаратпен қамтамасыз ету. Оған оқытудың әртүрлі формалары мен түрлдеру жатады. Ол үшін мұғалім көп кітап және мерзімді баспасөз оқуы тиіс. әсіресе өз мамандығына байланысты баспасөз беттеріндегі жаңа идеяларды талдап өз еңбегінде қолдана алу керек.

Өзін-өзі талпыландыру. Өз-өзіне бұйрық берумен байланысты ол мұғалімді өзін-өзі тәрбиелеуге итермелейтін қозғаушы күш болып табылады.

Өзін-өзі ұйымдастыру. Оған өзін-өзі байқау, бақылау, есеп беру, талдау жатады. Бұл өзін-өзі тәрбиелеуге бағытталған әрекетті дұрыс ұйымдастыруға көмегін тигізеді.

Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеу процесіне кедерге келтіретін және ынталандыратын факторлар бар. Мұғалімдер арасында жүргізген сауалнама негізінде жасалған диаграммаға жүгінсек: кедергі келтіретін факторлардың ішінен ең бірінші орынды бұрынғы тәжірибеде болған оқулықтар мен сәтсіздіктерге өкпе, одан кейін қаражаттың аздығы әсер етеді. Келесі кезекте өзіндік инерция, ұжым адамдары және басшылармен дұрыс қатынастың жоқтығы және денсаулық жағдайы. Оған қоса қоршаған адамдармен жағымсыз қарым-қатынас әсер етеді.

Мұғалімдерді өзін-өзі дамытуға ынаталандыруда ең басты орынды бұл мәселеге басшылардың дұрыс қарым-қатынасы, жаңаны енгізе алу мүмкіндігі, өз-өзіңді оқыту мүмкінлігі алады. Одан кейінгі кезекте ұжымның әсері, сенімділік, жұмысқа қызығушылық, жауапкерішлік тұр.

Қазіргі кезде мұғалімдерге ескеретін жәйт бұл мамандыққа үлкен талаптардың қойылуы, сол талаптарға сай келу үшін мұғалім өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыру тиіс. Бұл мұғалімнің алдында тұрған басты міндет.

Ел президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында алдағы отыз жыл ішінде мемлекетіміздің қандай бағытта даму керек екендігін белгілеп берді.

Әрине, осы міндетті болашақта іске асырушылар – жастар. Ал оған бағыт беруші, жол сіәлтеуші білікті, шебер, парасатты ұстаздар.

Болашақ жастардың кемеліне келтіре тәрбиелейтін ұстаздар қаумының 3 жылда, 5 жылда бір білімін жетілдіріп тұрғаны абзал. Соған байланысты білім жетілдіру курстары: педагог кадрлардың біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу жұмыстары көптеп жүргізілуі тиіс. Білім жетілдірубұл мектепті жаңарту мәселелеріне сәйкес оның кәсіби шығармашылық әлеуметінің даму үрдісі. Демек, шығармашылық әлеует-адамның алға қойған жаңа проблемаларын дұрыс шеше білуінде. Бұл тұрғыдан алғанда білім жетілдіру курстарының орны ерекше. Осындай курстарда арнайы семинарлар, семинар практикумдардың берері мол. Мысалы; «Білім беру мекемелерін стратегиялық жоспарлау», «Жалпыға білім беретін мектептерді басқарудың жаңаша жолдары», «Модульдеп оқыту технологиясы», «Оқу тәрбие үрдістерін диагностикалау» т.б. тақырыптарда семинардар өткізілсе, ұстаздар қауымына көмегі көп болар еді.

Мұғалдімдердің педагогикалық шеберлігі мен талантын шыңдаудың бір жолы - алуан түрлі сайыстар өткізу. Мысалы: «Жыл мұғалімі», «Жыл директоры», «Бастауыш сыныптарда панорамалық сабақтар» сияқты байқау сайыстар өткізілсе жақсы болар еді. Көкірегі ояу, көзі ашық білімді Жан аманда күшті. «Мұғалім бәрінен қымбат, өйкені мұғалім мектептің жүрегі» - дейді Ы.Алтынсарин.

«Мұғалім – зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі сияқты», - дейді К.Д.Ушинский. «Мұғалімге сенім білдірмесе, оқу игі жеміс бере алмайды», - дейді Д.И.Менделеев. Олай болса, ұлы ғұламаларымыз сыр шерткен, ой толғаған осынау ұлағатты мамандық мұғалімнің жеке тұлғасы қашанда биік болуы керек.

Мұғалімнің еңбегі – динамикалық құрылымның жүйесі ретінде Н.В.Кузьмина мұғалімнің еңбегін педагогикалық құрылымның белгілі бір бөлігі ретінде қарауға бағыттады.

Осы негізде педагогикалық заңдылықтың қызметі авторға маңызды ғылыми- практикалдық мәселелерді шешуге жол ашты. Бырақ бұл проблемалар өткір және актуальды, тіпті бүгінгі күнге дейін мәнін жойған жоқ.

Акмеологияның теорияларының басты бөліктері өнерде мыналар болып табылады.

1-теория. Функционинарлық жалпы білім беретін ұйымдар олардың сапасын өлшейтін әдістер, ұжымдық және топтық диагностикалық факторлрдың жетістіктері қазіргі және соңғы нәтижелері.

2-теория. Өнер- білімділік эстофетасында (тәрбиеленушілер, педагогтар, білім беру маршруттары, оқытушылар).

3-теория. Өнерде шеберліктің негізін үйрету, оқыту, олардың авторлық системаға өзіндік раелизация шығармашылық потенциялының алары көп.

4-теория. Кәсіби қызметтің коррекциялық және реорганизациялық шыңдалуы, диагностикалық әдістерді қоса алғанда , шығармашылық потенциалдың өзіндік жабылу факторы.

5-теория. Акмеологиялық қызмет көмек ретінде кәсіби білім беру ұйымдарында қарастырылады.

Педагогтың өзін- өзі тәрбиелеуі және кәсіби дамуы.

Мұғалімнің тұлғалық дамуы оның бойындағы өзін- өзі үнемі дамытып отыру дайындығына тікелей байланысты. Өз қажеттіліктерін сезіну кәсіби қызметтің негізі болып табылады, өйткені ол өзінің потенциалдық бар мүмкіндігін дамытудың жолдарын білу деген сөз. Гуманистік философия мен педагогиканың негізін салушылардың көпшілігі өз қажеттілігінен тануды жеке тұлғаның кемеліне келуінің басты көрсеткіші ретінде мектеп, бұл ұғымның философиялық психологиялық педагогикалық аспектілерін әр кезенде әр түрлі қарастырады. Мысалы: Сократ: «Өз оқушыларының санасын әңгімелесу сұрақ қою арқылы оятып, өзін- өзі тану,а шақырса, Коменский: «Оқушының өз бойындағы рухани күші өзі дамытуға мұғалім көмектесе алатынын атап айтқан» ,Руссо « Балаға мұғалім өз көз- қарасын байлап беруге емес, қайта оның өзіндік дүние танымын дамытуын», Песталоций және оның шәкірті Фребель бүгінгі «педагогикадағы» тұлғалық бағдарлы оқытудың негізін салып өзін- өзі дамыту түсінігін енгізді. Адам бойындағы адами қасиеттерді іздеу, табу олардың әрі қарай дамуына барынша қолдау көрсету оның өзін- өзі жүзеге асырып асыру ретке келтіру,дамыту,өзінің тұлға ретіндегі болмысын жасаудағы механизімдерін меңгеруін қамтамассыз етеді.



Кәсіби түрде өзін-өзі жетілдіру

Ол қазіргі педагогикалық талаптарға сай келу үшін өзінің кәсіби және жеке қабілеттерін дамыту.Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеудің қозғаушы күші өзін-өзі жетілуге,өзгертуге деген мұқтаждық.Бұл мұқтаждықтың басты себебіне мектеп әкімшілігінің,ата-аналарың мұғалімге деген талаптарын жатқызуға болады.

Мекткптегі талаптарының өзгеріп отыруы мұғалімнің үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруын талап етеді.Өзін-өзі тәрбиелеу-өзіндік қоғамды өзгерту ге бағытталған жоспардан қарастырады.Бұл жоспардың өзіндік даму деңгейінде қабылдайтын талаптармен салыстыру жатады.Осыған негіздей отырып мұғалім өзін-өзі тәрбиелеуге бағытталған міндеттер жүйесін белгілейді.Осыдан кейін ғана өзіеһн-өзі тәрбиелеу процессі басталады.Өзін-өзі тәрбиелеудің түрткілерінің дамуына ең басты рольді мұғалім атқаратын ұжым алады.Егер мұгалімді қоршаған адамдар өзін-өзі тәрбиелеп отығанын байқаса онда өзін тәрбиелейді,немесе тәрбиелеуге ұмтылалы.Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеу тұтас түрде жүруі тиіс.Ең алдымен мұғалім өзінің танымдық,ұйымдастырушылық,коммуникативтік,біліктерін жетілдіріп отыруы керек.

Танымдық біліктері жетілудің ең алдымен ақыл оймен ойлауын жетілдіру болып табылады.Оның негізгі жолы ақыл-ой операцияларын:байқағыштықты,салыстыруды,талдауды,есте сақтауды,қиялды дамытатын жаттығулар.

Коммуникативтік біліктілік-ол қарым-қатынас жасай білу үрдісі қарым-қатынастың негізгі тәсідері мимика жест сөз.

Ұйымдастырушылық біліктілік-ол оқушының оқыту тәрбие жұмысын ұйымдастыра алуы.Я.А.Коменский бұл біліктілікке төмендегідей қасиеттерді жатқызады:

1.жалпы психикалық ерекшеліктері

2.тұлғаның мақсаттылығы және әрекетке дайындығы.

3.Тар мағынадағы ұйымдастырушылық қабілеті.

Мұғалімнің өзін-өзі тербиелеу жолдары өте көп.

1.Өзін-өзі ақпаратпен қамтамассыз ету-оған оқытудың әр түрлі формалары мен түрлендіру жатады. Ол үшін мұғалім көп кітап және мерзімді баспасөз оқуы тиіс, әсіресе өз мамандығына байланысты баспасөз беттеріндегі жаңа идеяларды талдап өз еңбегінде қолдана алу керек.

Өзін-өзі талпындыру-өзін-өзі бұйрық берумен байланысты.Ол мұғалімді өзін-өзі тәрбиелеуге итермелейтін қозғаушы күш болып табылады.

Өзін-өзі ұйымдастыру- оған өзін-өзі байқау бақылау, есеп беру, талдау жатады.Бұл өзін-өзі тәрбиелеуге бағытталған әрекетті дұрыс ұйымдастыруға көмегін тигізеді.

Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеу процесіне кедергі келтіретін және ынталандыратын факторлар бар.Мұғалімдер арасында жүргізген сауалнама негізінде жасалған диаграммаға жүгінеиік, кедергі келтіретін факторларының ішінен ең бірінші орынды бұрынғы тәжірибеде болған оқулықтар мен сәтсіздіктерге өткен, одан кейін қаражаттың аздығы әскр етеді. Оған қоса қоршаған адамдардын жағымсыз қарым-қатынас әсер етеді.

Мұғалімдерді өзін-өзі дмытуға ынталандыруда ең басты орынды бұл мәселеге басшылардың дұрыс қарым-қатынас, жаңаны енгізе алу мүмкіндігі, өз-өзіңді оқыту мүмкіндігі алады. Одан кейінгі кезекте ұжымның әсері, сенімділігі,қызығушылығы, жауапкершілігі туралы.

Қазіргі кезде мұғалімдерге ескеретін жәйіт бұл мамандыққа үлкен талаптардың қойылуы,сол талаптарға сай келу үшін мұғалім өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыру тиіс.Бұл мұғалімнің алдында тұрған басты міндет.



Ел президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқының жолдауында алдағы 30ж ішінде мемлекетіміздің қандай бағытта даму керек екендігін белгілеп берді.
жүктеу 0,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау