Педагог мамандығының жалпы сипаттамасы
Жоспар.
Педагогикалық кәсіби мамандыққа жалпы сипаттама.
Педагогикалық мамандықтың пайда болу тарихына шолу.
Педагогика мамандығының қалыптасуы
ҚР білім беру жүйесі
Мұғалім мамандығы ертеден келе жатқан мамандықтардың бірі. Ерте замандарда алғашқы ашылған мектептерде мұғалім қызметін абыздар атқарды. Олар балаларға жазуды, сызуды музыкаға үйретті. Ежелгі Греция елінде мектептегі сабақ беретін мұғалімді « дидаскалар» деп атаған. / грек «дидаска» - оқытамын/, ол мектепке баратын баланы жетектеген құлды «Педагог» яғни / грек – бала жетектеуші/ деп атаған. Ежелгі рим мемлекетінде мәдениет, ғылым және өнер қоғамдық өмірде үлкен орын алды. Бұл саладағы білімді таратушы мұғалімдер болады, сол себепті мұғалімдердің жан – жақты білімді адамдар болуы тиіс еді. Рим мемлекетінде мұғалімдерге ерекше көңіл бөлініп, олар қоғамда ерекше статусқа ие болды. Кейін мұғалімдердің көбі мемлекет қызметкерлері болып қызмет атқарды.
Орта ғасырларда мектептер шіркеу жанында орнасалты. Бұл мектептерде сабақты педагогикалық мамандыққа икемі бар дін басылар берді. Бұл мұғалімдер класта әрбір оқушымен жеке дара жұмыс істеді. Капитализм дәуірінде мұғалімдік мамандықтың қоғамдағы жағдайы біршама ілгері басты. Мұғалімдерге арналған семинарлар, училищелер ашылды. Бұл мемлекет тарапынан талаптардың қойылуына байланысты еді. Қазақстанда мұғалімдер кадрларын дайындаудың тарихи жайында сөз қозғасақ.. алғашқы жоғары білімді маман даярлайтын оқу орындары ашылғанға дейін педагогикалық жоғары оқу орнын ашудың қажеттілігі күннен – күнге арта түсті.
1928ж. РСФСР және Қазақ АҚСР халық комиссарлары кеңесінің шешіміне сәйкес Ташкент қазақ педагогикалық институты Алматыға көшірілді де, Қазақтың мемлекеттік педагогикалық институтына айналды. Оның бірінші ректоры профессор С.Ж.Асфендияров болды.
Республикада алғаш ұйымдасқан қазақ педагогикалық институты 1931 жылы бірінші рет өз түлектеріне өмірге жолдама берді.
Мұғалім - шәкірт тәрбиелеуші ғана емес, ұлтының, халқының кемеліне келіп толысуына, рухани өсуіне, әдеби - мәдени дамуына басты ықпал жасаушы негізгі тірек.
Лекция
Педагогикалық кәсіби мамандық және оның қазіргі қоғамдағы рөлі.
Жоспар
Педагогқа кәсіби сипаттама және қоғамдағы рөлі
Педагогикалық әрекет міндеттері
Педагогтың жеке тұлғалық қасиеттері және кәсіби қабілеттері
Педагог дегеніміз – мектепте немесе тағы басқа оқу орнында оқу – тәрбие жұмысын ұйымдастырушы және іске асырушы. әділ төрешілер - оқушылар, ата- аналар, қоғам педагог келбетіне, моральдық тұлғасына өте жоғары талаптар қояды. Педагогқа қойылатын талаптар- педагогикалық әрекеттің табыстылығын қамтамасыз ететін кәсіби сапалар жиынтығы. Педагогикалық әрекеттің жартысы рационалдық технологияға негізделсе, екінші жартысы өнер яғни, педагогикалық шеберлік. Сондықтан да , педагогқа қойылатын ең бірінші талап – арнайы педагогикалық талант болуы керек, ол дегеніміз- балалармен жұмыс кезінде дұрыс тәрбие беріп, қарым – қатынас жүргізе алу қабілеті, балаларды жақсы көру.
Педагог нағыз педагог болу үшін оның төмендегідей қасиеттері болу керек.
Ұйымдастырушылық – оқушыларды біріктіру, міндеттерді бөліп беру, жұмысты жоспарлау, атқарылған жұмысты қорытындылай білу қабілеті.
Дидактикалық – оқу материалын таңдау және дайындау, түсінікті түрде оқу материалын балаларға жеткізу, білімге құштарлық пен рухани қажеттіліктерін арттыру, оқушыларды қызықтыру.
Перцептивтік – оқушылардың рухани жан – дүниесін түсіну, олардың эмоционалдық жағдайын дұрыс бағалап, психологиялық ерекшеліктерін айқындай білу қасиеттері.
Коммуникативтік – педагогтың оқушылармен, ата- аналармен, оқу орнының басшыларымен және басқа мұғалімдермен қарым -–қатынас жасауы.
Суггестивтік / ықпалды таңдаусыз қабылдау/ - оқушыларға эмоционалдық тұрғыдан әсер ету мүмкіндігі.
Ғылыми міндеттері - таңдап алынған сала бойына білімді толық меңгеруі.
Педагог шығармашылық тұлға. Оқушылардың білімге қызығушылығын, қажеттілігін оятып, оларды өзіне баурап, ізінен ерту тек ерік күші жоғары, педагогикалық және психологиялық тұрғыдан білімді педагогтың ғана қолынан келеді. Педагог әрқашанда өз оқушыларына үлгі - өнеге болуы тиіс. Педагогтың төмендегідей кәсіби және тұлғалық қасиеттері болу керек. Жеке тұлғалық қасиеттері дегеніміз - тәртіптілік, жауапкершілік, еңбекқорлық, жұмыс қабілеті жоғары, әділеттілік, адамгершілік, алға мақсат қою және оған жету өнері, әрқашан өзінің кәсіб біліктілігін және жұмыс сапасын жоғарылатуға дайындық.
Педагогтың кәсіби қасиеттері арнаулы білім алу кезінде, кәсіби дайындық кезінде қалыптасады. Олар: өз пәнін жете білу, сабақ беру әдістемесі жетілдірілген, психологиялық дайындық, жалпы білімділік, дүниетанымы және мәдени деңгейі өте жоғары, ұйымдастырушылық қабілеті бар, сөйлеу өнерін меңгерген, алдыңғы қатарлы педагогикалық технологияларды қолдану және қазіргі заман талабына сай педагог болуға тырысу.
Лекция
Педагогтың кәсіби сапасы.
Жоспар
Мұғалімнің кәсіби сапалық көрсеткіштері.
Мұғалім моделі. Мұғалім профессиограммасы.
Мұғалімдер типологиясы.
Педагогикалық шеберлік. «Педагогикалық шеберлік» ұғымына сипаттама.
Қазіргі кезде әрбір қоғам мамандарының алдына қойған талаптарына сәйкес «маман моделін» маман профессиограммасын жасау міндеті – жұртшылықтың назарын өзіне аударуда.
Бұл міндетті шешуге байланысты ғылыми зерттеулер жүргізіп жүрген ғалымдар, психологтар бар. ( Н. В. Кузьмина, Ф.Н.Гоноболин, В.А.Сластенин, А.И. Щербаков, Н.А.Сорокин) В.А.Сластениннің пікірі бойынша , мұғалім профессиограммасы мыналарды қамтиды:
Қоғамның саяси сапалары.
Әлеуметтік – психологиялық , этикалық – педагогикалық және ұстаздың жеке басының сапалары.
Психологиялық және педагогикалық даярлық.
Мамандық бойынша даярлық.
Пән бойынша даярлық.
Бұл сапалар мұғалімдік қызметке қойылатын жалпы талаптардан туады. Инновациялық іс - әрекет моделін қалыптастыруда Л.Н.Подымова өзінің ғылыми -зерттеу жұмысында отандық және шетел педагогикалық, психологиялық, әдістемелік негіздерін оқып үйренудегі мынадай көзқарастарды ұсынады: аксиологиялық, рефлексті – қызметтік, жүйелі – қызметтік, әлеуметтік – психология, жеке шығармашылық. Автор мұғалім моделін жасауда жалпы инноватика жайлы білімге сүйену, моделдің технологиялық блогын құрауда жаңалықтың өмір сүру циклін, оның сатыларын / талдау, жоспарлау, даярлау,қолдану/ жаңалық енгізудің пайда болуы, меңгерілуі / диффузия мен рутинизация/ сияқты құбылыстарды басшылыққа алынукерек деп көрсетеді
Лекция
Білім берудегі инновациялық үрдістер
Жоспар
Педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығы.
Білім берудегі инновациялар.
Жаңа енгізілген немесе инновация адамның кәсіптік қызметінің бәріне де тән болғандықтан, ол табиғи түрде зерттеудің , талдаудың және тәжірибеге енгізудің нысанына айналды. Инновация өздігінен пайда болмайды. Ол ғылыми ізденістердің, жекелеген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірибесі. Бұл процесс стихиялы дамымайтындықтан ол басқаруды қажет етеді. Инновация - жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновация құрал және процесс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген сөз
Инновация теориясы ұғымының негізін қалағандар болып неміс ғалымдары В.Зомбарт, В.Метчерлих және австриялық экономист И. Шумпетер .
Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері, мақсаты мен мазмұнына, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді.
Білім берудегі инновациялық процестердің мәнін педагогиканың маңызды екі проблемасы құрайды. Олар – озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату проблемасы және педагогикалық – психологиялық ғылымдардың жетістігін практикаға енгізу проблемасы. Инновациялық процестің нәтижесі теория мен практиканың тоғысуында пайда болатын теориялық және практикалық жаңалықтарды қолдану болуға тиіс. Мұның барлығы педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануда басқару қызметінің маңыздылығына көз жеткізе түседі. Өйткені, мұғалім жаңа педагогикалық технологияның, теория мен концепцияның авторы, талдап жасаушысы, зерттеушісі, тұтынушысы және насихатшысы қызметін
Лекция
Педагогтың тұлғалық және кәсіби әрекеттерінің ерекшелігі.
Жоспар
1. Әрекет ұғымына жалпы түсінік және оның түрлері.
2.Педагогикалық әрекеттің мәні, құрылымы және түрлері
3. Педагогикалық әрекеттің функциялары
Мұғалім еңбегі бұл әр алуан әрекеттердің жиынтығы. Әрекет сөзінің мағынасына тоқталсақ ол даму, өзгерудің тәсілі ретінде тарихи формада көрініс береді. ғалым А: Н Леонтьевтің айтуынша адам әрекеттері мынандай структуралық бөліктерден тұрады: Мұқтаждық түрткі, мақсат, міндет, әрекет, операция.
С.Рубейнштейн, Б.Теплов және т.б ғалымдардың зерттеулері әрекетте адамның психикалық процестері дамып, ақыл - ой, эмоцианалдық, ерік - жігер сферасы, қабілеттері мен мінезі қалыптасады.
Ал педагогикалық әрекет мақсатты түрде өтеді, себебі мұғалім өзіне өзіне міндетті түрде мақсат қояды. Кең мағыналы педагогикалық әрекет ол адамдар өмір бойы жинаған тәжірибені, мәдениетті ұрпақтан - ұрпаққа тарату, адамды қоғамда белгілі бір әлеуметтік рөл атқаруға дайындау және оның дамып, жетілуіне қолайлы жағдай жасау.
Педагогикалық әрекеттің негізгі компоненті оның түрткілері. Л.И. Божовичтің айтуынша. түрткі ретінде сыртқы орта заттары, ойлар, сезімдер бол алады. Н.И. Конюховтың анықтамасы бойынша түрткі - тұлғаның әрекетін анықтайтын тұрақты себеп, талаптардың жиынтығы. Ол тәрбие процесінде қалыптасады. Түрткілердің құрылымдық компоненттеріне көңіл аударсақ, ғалым Б.И. Додонов оның 4 түрін көрсеткен:
1 - әрекеттің өзінен қанағат алу;
2- тұлғаға әрекет нәтижесінің мәнді болуы;
3- әрекет үшін марапаттау "түрткісінің "басым болуы;
4- тұлғаға қысым көрсету;
Лекция
Достарыңызбен бөлісу: |