Бағдарламасы өскемен қ., 012 жыл паспорт



жүктеу 9,73 Mb.
бет6/7
Дата23.11.2018
өлшемі9,73 Mb.
#24282
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7


2.2.3 Инфрақұрылымдық кешен




2.2.3.1 Телекоммуникация және байланыс


Облыста телекоммуникация және байланыс қызметтерін көрсететін 32 кәсіпорын, жұмыс істейді.

2010 жылы телекоммуникация және байланыс қызмет көрсетулерін іске асырудан түскен кіріс 13286,1 млн. теңгені құрады, бұл 2008 жылғы деңгейден 1,4 есе артты.


2008-2010 жылдардағы телекоммуникация және байланыс қызмет көрсетулерін іске асырудан түскен кіріс өзгеруінің динамикасы

37сурет
Байланыс қызметін көрсету саласында 7 мыңнан аса адам еңбек етуде. Бұл кәсіпорындар бойынша орташа еңбекақы орта есеппен 60 мың теңгені құрайды.

2010 жылы телефон станцияларын салу, қайта жаңарту және жаңғырту жұмыстарын жүргізудегі жалпы шығын 210,46 млн. теңгені құрады.

4 ауылда ескірген байланыс желілерінің орынына спутниктік байланыс желілерін қолданумен көлік желілерін жаңғырту жүргізілді. «Қазақтелеком» АҚ-ның өз қаражаты есебінен облыстың 35 ауылында сандық АТС жаңғыртылып, пайдалануға берілді.

Ауылда CDMA-450 стандартындағы сымсыз радио технологиясын қолдану нәтижесінде және телефондарды орнатуға кезекке тұруды болдырмау, ауа байланыс желілерін оңтайландыру кезіндегі сұранысты қанағаттандыру мақсатында 9 АЕМ-дегі ұқсас АТС абоненттері CDMA-450 радио желісіне ауыстырылды.

2010 жылы ауылдық жерлерде қосымша 11 516 телефон орнатылып, бүгінде АЕМ-дегі телефондардың жалпы саны 109 543 нөмірді, соның ішінде жеке тұлғалар 97344 нөмірді және заңды тұлғалар 7403 нөмірді құрайды.

2010 жылы АЕМ-де телефонмен пайдаланудың қосымша 57 ұжымдық пункті және 25 ұжымдық таксофон орнатылды. Барлығы 2010 жылғы 1 қаңтарға АЕМ-де телефонмен пайдаланудың қосымша 603 ұжымдық пункті мен 236 ұжымдық таксофоны жұмыс істейді.

Қазір өңірде телефон орнатылмаған саны 50 адамнан кем 4 ауылдық елді мекен бар.

Облыс аумағында Beeline, K-Cell, Activ, Dalacom, Pathword сияқты мобильдік байланыс операторлары жұмыс істейді, 2010 жылы саны 1000 адамнан асатын ауылдық елді мекеннің қамтылуы 91 %-ды құрайды.

2010 жылы Интернет қолданушылардың саны 100 үй шаруашылығына шаққанда 56,7 %-ды құрады.

Саланың даму жағдайына SWОT талдау:

Күшті жақтары:

1. Телекоммуникация қызметі жүйесін дамыту;

2. АТС жаңа сандық Next Generation Networks технологиялармен ауыстыру;

3. Интернет желісін барлық жерде тарату.



Әлсіз жақтары:

  1. тіркелген байланыс абоненттерінің тығыздығының төмен деңгейі;

  2. тіркелген байланыс нарығында нақты бәсекелестіктің болмауы;

3. Интернет желісіне кең ауқымды қол жетімділіктің төмен дамуы;

4. ұялы байланысқа жоғары тарифтер.



Мүмкіндіктер:

1. Тұрғындар мен ұйымдарды қол жетерлік және сапалы байланыс қызметімен қамту;

2. азаматтар мен ұйымдардың күнделікті өмірде ақпараттық-коммуникациялық технологияны кең қолдануына ауысу;

3. АЕМ халқының байланыстың универсальды байланыс қызметімен қамту.



Қауіптер:

1. телекоммуникациялық нарықта нақты бәсекелестіктің дамымауы;

2. азаматтық тағайындаудағы радио жиіліктің шектеулігі.


2.2.3.2. Құрылыс


Құрылыс басқа салалардан ерекшеленетін және ұйымдардың және басқармалардың ерекше формаларының құрылыс өндірісінің қажеттілігін мәжбүрлейтін ерекшеліктерге ие.

Бұл – құрылыс процессінің қатысушыларының көптүрлілігі, капиталдың қатысты баяу айналуы және тәуекелдің жоғары деңгейі.

Құрылыс саласын әрі қарай дамыту, сондай-ақ қауіпсіздікті және құрылыс өнімінің сапасын арттыру қазіргі жағдайларда негізгі экономикалық және саяси міндеттері болып табылады. Құрылыс кешені жалпы экономикаға зор әсер етеді, бұл әлеуметтік саладағы жағдайға маңызды емес.

14 кесте


мың тенге

Атауы

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

Өсім қарқыны

2010/2009



Құрылыс жұмыстарының барлығы

73 590,9

63 413,8

81 326,0

128,2

Құрылыс монтаж жұмыстары

51 075,4

36 396,2

53 970,8

148,3

Ағымдағы жөндеу

8 654,3

14 981,0

16 497,5

110,1

Күрделі жөндеу

8 798,4

7 466,1

10 857,7

145,4

Басқа да мердігерлік жұмыстар

5 064,8

4 570,5

-



Статистика мәліметтері бойынша 2010 жыл қорындылары бойынша негізгі капиталға инвестиция көлемі 150,9 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жыл деңгейінен 8,6 % жоғары.

Құрылыс-монтаж жұмыстары көлемінің игеруі 53,9 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылға 141 %.

Тұрғын үй құрылысына 11,0 млрд. теңге жолданды және тұрғын аудандардың жалпы ауданының 222,4 мың шаршы метрі пайдалануға берілді немесе өткен жылға 106,6 %.

2010 жылы ЖӨӨ жалпы көлемінде құрылыс үлесі 5,6 % құрады.

15 кесте


Көрсеткіш

Өлшем бірлік

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

Негізгі капиталған инвестиция, с.і.

Млн. теңге

161 376,3

139 227,5

144 669,8

Шетел инвестициялары

Млн. теңге

6 681,1

6 193,4

1 659,4

Құрылыс жұмыстарының көлемі

Млн. теңге

73 795,6

63 413,8

81 326

Құрылыс монтаж жұмыстарына инвестиция

Млн. теңге

70 654,5

55 696,7

28 505,7

Тұрғын үй құрылысына инвестиция

Млн. теңге

7 586,4

6 382,8

11 004,0

Тұрғын үйді енгізу

Мың шаршы м.

230,1

208,7

222,4

Құрылыс ұйымдарының саны

Бірлік

607

624

779

Саланың даму жағдайына SWОT талдау:



Күшті жақтары:

  1. Ағымдағы және күрделі жөндеу бойынша көлемдерді арттыру;

  2. Тұрғын үй құрылысы сияқты секторларда құрылыс материалдарына сұраныстың тұрақты артуы;

  3. Индустрияландыру картасы аясында өнеркәсіп сласын дамыту және жобаларды іске асыру.

Әлсіз жақтары:

1. Құрылыс саласы мамандарының жетіспеушілігі;

2. Қыс айларында қуаттылықты жеткіліксіз жүктеуді негіздейтін (тоқтауды арттыру) құрылыс жағынан сұраныстың мезгілдігі;

3. Құрылыстың ескірген сметалық-нормативті базасы.



Мүмкіндіктері:

  1. Облыс алаңында басым салаларда құрылыс материалдарының өндірісі бойынша жаңа қуаттылықтар құру;

  2. Өндіріс ағымының теңгерімді сұлбасын әзірлеу, құрылыс жұмыстарының мезгілдігі және аумақтық орналасу проблемаларын шешу мақсатында жаңа және жандандыру жобаларын құру есебімен құрылыс материалдарымен жабдықтау, пайдалану;

  3. Жыл бойы ритмді құрылысты ұйымдастыру.

Қауіптер:

  1. Қыс айларында құрылыс материалдарына шығындарды арттыру;

  2. Құрылыс саласының қажетті білікті мамандар санының болмауы.

Әлеуметтік қатынаста тұрғын үйге қажеттілік адамның өмір қажеттіліктерінің бірі және барлық қоғамның басым проблемалары және де солай болып қала береді, сл тұрғын үй құрылысын дамыту қоғамды дамытудың басым проблемасы болып қалады. Облыс бойынша тұрғын үйге тізім 14 мынан астам адамды құрайды.

2005 жылдан 2011 жылға дейінгі кезеңде облыс бойынша 1 547 203 шаршы метр тұрғын үй салынған болатын, соның ішінде жылдар бойынша:

- 2005 жыл – 206 014 шаршы метр;

- 2006 жыл – 245 488 шаршы метр (2005 жыл деңгейіне 119% өсіммен);

- 2007 жыл – 194 003 шаршы метр (2006 жылдан 21% төмен);

- 2008 жыл – 230 117 шаршы метр (2007 жылдан 19% жоғары);

- 2009 жыл – 208 654 шаршы метр (2008 жылдан 9% төмен);

- 2010 жыл – 222 411 шаршы метр (2009 жылдан 7% жоғары);

- 2011 жыл – 240 522 шаршы метр (2010 жылдан 8% жоғары).

2008-2010 жылдары өңірде Тұрғын үй құрылыс дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы.

Бағдарламаның оң нәтижелеріне тұрғын үй құрылысы қарқынының өсімін ынталандыру, инвестиция үшін тұрғын үй құрылысының тартымдылығын арттыратын шарттар құру, кредиттік және жалдамалы тұрғын үй құрылысын жалғастыру, шамамен 3 426 отбасының тұрғын үй жағдайын жақсарту жатады.

16 кесте





2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

Өсу қарқыны

2010/2009



Жалдамалы

4 119

18 683

4 920

26,3

Кредиттік

27 506

31 658

29 462

93,1

ТҚИ

124 500

117 100

88 914

75,9

Коммерциялық

67 200

29 600

19 900

67,2

Басқалар

6 792

11 613

79 215*

6,8 есе

Барлығы:

230 117

208 654

222 411

106,6

* 79 215 мың теңге – су тасқыны салдарын жою


Тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасының әрекеті кезеңінде жеке тұрғын үй құрылысының төмендеуі байқалады: 2008 жылы 124,5 мың шаршы метр салынды (2007 жылға 95%), 2009 жылы – 117,1 мың шаршы метр (2008 жылға 94,4%), 2010 жылы – 88,9 мың шаршы метр (2009 жылға 75,9%). Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту үшін жер телімдерін бөлу, коммуникациямен қамтамасыз ету талап етіледі.

Тұрғын үй қорының мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, жалгерлік тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүйесі арқылы тұрғын үй құрылысы жоспарланады.

Саланың даму жағдайына SWОT талдау:

Күшті жақтары:


  1. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін бос жер телімдерінің болуы.

  2. Тұрғын үй құрылысы аудандарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту.

Әлсіз жақтары:

1. Жеке тұрғын үй құрылысын тұрақты дамыту үшін коммуникацияның жоқтығы.

2. Қаржыландырудың жоқтығынан жалгерлік тұрғын үй құрылысының нашар дамуы.

3. Құрылыс индустриясының қалыптаспаған тиімді нарығы.

4. Экономикалық белсенді халықтың негзгі көлемін, соның ішінде жас отбасыларды қол жетімді тұрғын үймен қамтамасыз етпеу.

Мүмкіндіктер:


  1. Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту.

  2. Тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тарту және мемлекеттік жеке меншік әріптестікті ынталандыру.

  3. Апаттық тұрғын үйды бұзу мәселесін шешу.

  4. Жаппай тұрғын үй құрылысы мақсатында аумақтарды кешенді игеру және салынған аумақтарды дамыту, бірінші кезекте экономикалық класс.

  5. Қазақстан Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі және Қазақстанның ипотекалық компаниясы сияқты қаржы институттарын дамыту.

  6. Қазіргі заманғы жаңа технологияларды енгізу жолымен құрылыс индустриясын дамыту, энергия тиімділік және экологиялық талаптарға сай келетін құрылыс материалдары, құрастыру және бұйым өндірісін арттыру, тұрғын үй құрылысында қазақстандық құрам үлесін арттыру.

Қауіптер:

1. Тұрғын үй құрылысының, соның ішінде жеке тұрғын үй құрылысының құлдырауы.


2.2.3.3. Жолдар және көлік

Жолдар

Өңір Республикадағы ең ұзын 11 841,8 км жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарын алып жатыр, соның ішінде: республикалық маңызы бар – 3 420 км (29 %), облыстық маңызы бар - 3 186 км (26.9 %) және аудандық маңызы бар – 5 235,8 км (44.1 %).

Оның ішінде асфальт-бетон жамылғысымен жабылғаны – 669 км, қара қиыршықтасты жамылғысымен – 6415,8 км, қиыршықтасты және шағылтасты жамылғысымен – 3986 км және топырақты жамылғысымен – 771 км, сонымен қатар олардың үстіне 507 көпір және 6616 су өткізу құбырлары орнатылған.

Автожол саласының қаржыландыру көлемінің жетіспеушілігі және олардың төмен деңгейде сақталуы жол жағдайының критикалық нашарлауына әкеліп соқты, бұл қазіргі күнде де толық шешілмеген мәселе.

Жол саласын қаржыландыру шектелген кезеңде 2000 жылға дейін жөндеу аралығының орташа мерзімі (5 жыл) және күрделі жөндеу (15-16 жыл) бойынша жөндеуге тиісті 2-3 жөнделмеген, осының салдарынан автожолдардың көп бөлігінде жол төсемесінің бұзылуына әкеліп соққан. 2009 жылғы тексерумәліметтері бойынша жүру бөлігінің негізгі элементінің ақаулары 50 %-дан артығын құрайды. Ауыр салмақты автокөлік құралдары санының және осьтік жүктеменің ұлғайуына байланысты жамылғының бұзылу жылдамдығы тез мөлшерде өсуде.

17 кесте


2008-2010 жылдардағы жөндеу жұмыстарының және автомобиль жолдарының техникалық-пайдалану жадайының өзгеру динамикасы


Жылдар

Жөнделгені, км

Технико-пайдаланушылық жағдайы, км

Барлығы

Көше-жол желісі

Жергілікті қолданыстағы автомобиль жолдары

Жұмыс түрлері бойынша

Құрылыс, қайта жаңарту

Күрделі жөндеу

Орташа жөндеу

Жалпы ұзындығы

Жақсы

Қанағаттанарлық

Қанағаттанарлық-сыз

2008

263,2

53,6

209,6

4,5

50,4

208,3

8 409,5

468,5

4 677,4

3 263,7

2009

256,4

95,2

161,2

6,6

54,0

195,8

8 421,8

578,1

4 594,8

3 249,0

2010

282,04

104,72

177,32

7,26

59,4

215,28

9263,98

635,91

4135,3

2924,1

Өткізілген талдауға сәйкесінше, 2008 жылдан 2010 жылға дейінгі аралықтағы облыстық және аудандық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының техникалық – пайдаланушылық мониторинг жағдайы және техникалық – пайдаланушылық көрсеткішінің қатынасы келесі жағдайда өзгерген:

-жақсы техникалық жағдайдағы жол ұзындығы 468,5 км-ден 635,91 км-ге дейін өсті, 6, 76 %-ға дейін артты;

- қанағаттанарлық жағдайы 4677,4 км-ден 4 135,3 км-ге дейін қысқартылды, немесе 44,6%-ға дейін азайды;

- қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайы 3263,7 км-ден 2924,1 км- ге дейін 339,1 км қысқартылды.

Күрделі және маңызды проблемалар автожол көпірлерінің және жолдардың көліктік-пайдалану жағдайы болып табылады. 2010 жылға дейін облыстық және аудандық маңызы бар жолдарда көпірлерді, жолдарды, су өткізгіш құбырларды сайманды тексеру бойынша жұмыстар өткізілген жоқ. 2010 жылы облыстық маңызы бар үш автомобиль жолдарының паспорттауы жүргізілген болаты, оның нәтижелері бойынша көпірлердің және су өткізгіш құбырлардың техникалық жағдайы ерекше қауіпті тударыда, 85 %-дан астамы қанағаттанарлықсыз жағдайда тұр және жөндеуді қажет етеді.



18 кесте

2008 жылдан 2010 жылға дейінгі аралықтағы автожол саласындағы негізгі көрсеткіштерінің өзгеру динамикасы


Салалық бағытты қаржыландыру, млн. тенге

2008

2009

2010

жиыны

Барлығы

5834,5

9361,1

9483,9

24679,5

Қаржыландыру көзі бойынша













Республикалық бюджет

1799,0

5820,9

2883,0

10502,9

Аудандық/ қалалық бюджеттер

3718,9

2599,0




6317,9

Облыстық бюджет

316,5

941,3

1480,1

2737,9

Жұмыс түрі бойынша













Құрылыс, қайта жаңарту

1187,8

600,7

1402,2

3190,7

Күрделі жөндеу

1366,4

1582,3

1256,2

4204,9

Орташа жөндеу

1352,8

3756,6

1423,5

6532,9

Ағымдағы жөндеу және мазмұны

1927,4

3421,6

1038,7

6387,7

2008 жылдан 2010 жылға дейінгі аралықтағы автожол саласындағы бюджеттік инвестицияның соммасы 24 679,6 млрд. тенгені құрайды

Барлық жөндеу жұмыстары түрлері аталған қаражат есебінен елді мекендер мен қала көшелері және автомобиль жолдарының 762,08 км жөнделді, соның ішінде төмендегідей жұмыс түрлері:

- Құрылыс, қайта жаңарту –18,37 км (2,4%);

- Күрделі жөндеу – 150,37 км (19,7%);

- орташа жөндеу – 593,34 км (77,85%)

Назар аударатыны, егер құрылысқа қаржы қоры көбірек жұмсалатын болса, күрделі жөндеу жұмыстары да және қайта жаңарту жұмыстары да бірнеше жылға шыдар еді, алайда қаржы қоры бұрынғысынша аз бөлінгендіктен, жолдарыдың мерзіміне жетпей бұзылуына әкеліп соғады. Жасанды құрылыстар және жол төсемесінің қызмет ету мерзімінің қысқаруы, автомобиль жолдарының жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне қаржының толық мөлшерде жұмсалмауымен байланысты.

Жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының жыл сайын орта есеппен алғанда 200 км бұзылады екен, бір жылда орта есеппен 150 км жол жөнделеді. Желі ұзындығын еске ала отыра, қазіргі таңда қайта жаңартуды және жөндеуді талап ететін жол 5,9 км құрайды, мұны жөндеу үшін қаржыландырудың қазіргі деңгейі сақталатын болса, 25 жылдан артық уақытты қажет етеді.

Ұстау нормаларын қатаң сақтаған жағдайда ғана уақытынан бұрын бұзылу үрдісін тоқтатуға болады. Бұл бірінші кезекте қайта құру және қайта жаңартудан өткен телімдерге қатысты. Сонымен қатар қаржының жетіспеушілігінен орташа және күрделі жөндеу жұмыстарының уақытында жүрмеуіне жол береді. Осының салдарынан кейін толығымен қайта салуды талап ететін жолдардың саны жылдан-жылға көбеюде.

Қаржы салымының шектеулігі мамандандырылған жол-құрылыс және жол пайдалану техникаларында да көрініс табуда. Ағымдағы жұмыстарды атқаратын негізгі машиналар және механизмдердің жетіспеушілігі автожол түріне тәуелсіз. Республикалық және облыстық маңызы бар жолдардың қысқы уақытта ұсталатын қарын тазалау техникалары нормативтік қажеттіліктің 48 % құрайды, 80 жылдардан бастап қолданыста болғандықтан оның 50 % техникасы қанағаттанарлықсыз жағдайда.

Көгалдандыру бойынша орман жолақтарын кесіп әкеліп отырғызу іс – шарасы жақсы дамыған, ал жаңадан отырғызып оны баптау жұмыстары мүлдем жүрмейді.

Автожол саласын SWOT талдау



Күшті жақтары:

  1. Жеке өңірлер үшін жеке көліктік қатынас автожолдар болып табылады;

  2. Рұқсаттама қабілетінің резервтері;

  3. Көліктің түрлерінің инфрақұрылымының дамығандығы.

Әлсіз жақтары:

  1. Негізгі құралдардың маңызды табиғи және моральді тозуы (инфрақұрылым және қозғалмалы құрамы);

  2. Инновацияны және процесстерді автоматтандырудың төмен деңгейі.

Мүмкіндіктер:

  1. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік механизмін дамыту;

  2. Автомбиль жолдарының, көпірлердің көлік-пайдалану көрсеткіштерің жақсаруы және олардың тұтыну құманың жоғарылауы;

  3. Автомобиль жолдары желілерін сақтау және дамыту;

  4. Автомбиль жолдарын қайта жаңғыртудан және күрделі жөндеуден кейін телімдерде жөндеу аралық аралық мерзімдерді сақтау;

  5. Автожол саласына сапаны басқарудың халықаралық стандарттарын енгізу.

Қауіптер:

  1. Ішкі және сыртқы конъюктурасының нашарлау мүмкіндігіне байланысты макроэкономикалық тәуекелділіктер;

  2. Бюджеттік қаржыландыруды қысқарту;

  3. Бағалық тәуекелдер;

  4. Заңнамалық тәуекелдер;

  5. Техногендік және экологиялық тәуекелдер;

  6. Кадрлық тәуекелдер;

  7. Темір жол көлігінде жоғары тозудың және құралдың бұзылуының салдарынан апаттардың және техногендік катастрофалардың тәуекелділігі;

  8. Қолданыстағы жол-пайдалану техникасының жоғары тозуы байқалады.



Көлік


Облыста теміржол, автомобиль, электр, әуе және су көлігі дамыған.

2010 жылы темір жол көлігін есепке алмағанда барлық көлік түрлерімен 1272,6 млн. адам тасымалданды, ал жолаушы ағыны 11 485,1млн. жолаушы шақырымын құрады, бұл 15,6 және 2008 жылғы деңгейден сәйкесінше 19 % артық ( 25 және 26 кесте). Жүкті тасымалдау көлемі (теміржол көлігінің есебінсіз) 327,0 млн. тонна, ал жүк айналымы 7157,2 млн. тонна, бұл 0,1 және 2008 жылғы деңгейден 0,6 % артық.

19 кесте
2008-2010 жылдары

барлық көлік түрлерімен жолаушыларды тасымалдау көлемінің өзгеру динамикасы


Жылдар

Барлық көлік түрлерімен жолаушылар тасымалданды (жолаушы көлігі есебінсіз)

Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %

Автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалданды, млн. адам

Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %

Электр көлігімен жолаушылар тасымалданды, млн. адам

Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %

Әуе көлігімен жолаушылар тасымалданды, мың адам

Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %

Өзен көлігімен жолаушыларды тасымалданды, мың адам

Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %

2008

1100,3

101,8

1089,9

101,8

13,3

101,9

13,4

75,3

3,1

-

2009

1140,5

103,7

1127,1

103,7

13,4

100,8

11,3

84,3

3

93,5

2010

1272,6

111,6

1261,1

15,6

11,520

86,0

16,7

147,8

6,2

2,1

20 кесте


Жылдар

Көліктегі жолаушы ағыны (темір жол көлігін есепке алмағанда) млн. жол. км

Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %

Автомобиль көлігімен жолаушы ағыны, млн. п. км

Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %

Электр көлігімен жолаушы ағыны, млн. жкм.

Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %

Әуе көлігімен жолаушы ағыны, мың жкм.

Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %

Өзен көлігімен жолаушы ағыны

Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %

2008

9650,2

102,6

9571,8

102,7

66,4

101,9

11,9

78,3

0,7

-

2009

9859,7

102,2

9772,0

102,1

98

103,8

9,9

82,5

0,8

114,3

2010

11485,1

116,7

11427,5

116,9

57,6

86,0

14232,6

147,9

129,7

162,1

2008-2010 жылдарға арналған жолаушы ағынының өзгеру

динамикасы
2011 жылдың басына жолаушыларды тасымалдауда 1 502 автобус, 220 жеңіл такси және 49 трамвай қызмет атқарды.

Талданатын кезеңде жалпы жолаушыларды тасымалдау жалпы көлемі бойынша барлық көлік түрлерінің үлес салмағы мүлдем өзгерген жоқ. 2010 жылдың қорытындылары бойынша жолаушыларды тасымалдау саласында автомобиль көлігінің үлесі 98,8 %, теміржол -1,2%, әуе - 0,01% және өзен - 0,003%.

Облыста қазіргі уақытта автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау 344 тұрақты бағыттарда, оның ішінде 156- қалаішілік, 155- облысішілік қалааралық және қаламаңы бағыттары, 15 – облысаралық және облыстың елді мекендерімен байланыстыратын 18 - Ресей Федерациясының – Барнаул, Новосібір, Омск, Томск, Рубцовск, Кемерово, Красноярск, Новокузнецк, Змеиногорск қалаларымен, ҚХР – Үрімші, Монғолияның – Баян Үлгі, Қырғыз Республикасының – Бішкек қаласымен байланыстыратын халықаралық бағыттарда жүзеге асырылады.

2010 жылы облыстың автомобиль көлігімен 1261,1 млн. жолаушы тасымалданды, бұл 2008 жылғы деңгейден 5,6 % жоғары. Көліктің жолаушы ағыны 11 485,1 млн. жолаушы км. құрады, бұл 2008 жылғы деңгейден 8,8% жоғары.

Қазіргі уақытта облыста тұрақты бағыттардағы қозғалыс құрамы бағыты бойынша елді мекендерде орналасқан, 5 автобекет және 30 автостанция қызмет атқарады.

Сондай-ақ шешімін таппай отырған мәселердің бірі өзен көлігін дамыту болып отыр, мұндағы жолаушы ағынының үлесі 0,003% және жүк 0,001%, дамуды тежеп отырған жалғыз ғана себеп, ол көлік кемелерінің және сәйкесінше инфрақұрылымның жоқтығы.



Жүк тасымалының жалпы көлемінде көлік түрлерінің үлес салмағы талданатын кезеңде мүлдем өзгерген жоқ. 2010 жылдың қорытындылары бойынша жүк тасымалы құрылымында автомобиль көлігінің үлесі 99,9 %, су – 0,01 % және әуе – 0,000004%.

2011 жылдың басында жүк тасымалдауда 990 жүк автомобилі қызмет атқарады

21 кесте
2008-2010 жылдары барлық көлік түрлерімен жүкті тасымалдау көлемінің өзгеру динамикасы


Жылдар

Автомобиль көлігі, млн. т.

Алдыңғы жылға арналған қарқын, %

Әуе көлігі, тонна

Алдыңғы жылға арналған қарқын, %

Су көлігі, мың тонна

Алдыңғы жылға арналған қарқын, %

Жүк тасымалдау, млн. тонна

Алдыңғы жылға арналған қарқын, %

2008

287,3

103

11

68,8

292,2

72

278,6

103,1

2009

279,2

97,2

11

100

329,4

112,7

279,5

97,2

2010

327

117,2

32,6

3,1

255,91

77,7

327,2

117

22 кесте


2008-2010 жылдарға жүк айналымының өзгеру

динамикасы


Годы

Автомобильный транспорт, млн. т.

Темп к предыдущему году, %

Воздушный транспорт, тонн

Темп к предыдущему году, %

Водный транспорт, тыс. тонн

Темп к предыдущему году, %

Грузооборот, млн. тонн

Темп к предыдущему году, %

2008

6026,1

101,4

9,3

68,9

17,0

59,0

6043,1

101,2

2009

5988,8

99,4

н.д.

-

18,5

108,8

6007,3

99,4

2010

7157,2

119,5

28,100

3,2

17,768

96

7174,9

119,4

2010 жылы автомобиль көлігімен 327,0 млн. тонна жүк тасымалданған, 2008 жылдың деңгейінен 13,8% артық. Жүк айналымы 7157,2 млн. тонна, 2008 жылдың деңгейінен 17,7% артық.

Бүгінгі күні республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 102 ЖЖС, 1 ТҚО, 121 тамақтану пункттері, 3 қонақүй және 1 тұрақ, облыстық маңызы бар жолдарда - 19 ЖЖС, 2 ТҚО, 11 тамақтану пункттері және 1 жылыту бекеті, аудандық маңызы бар жолдарда – 14 ЖЖС, 2 ТҚО, 3 тамақтану пункттері, 1 қонақүй, 2 кемпинг қызмет етеді.

Облыстың темір жол желісінің ұзындығы – 1 243 км құрайды, онда 24 темір жол бекеті және 31 жолаушы платформасы орналасқан. Темір жол көлігімен жолаушыларды және жүкті тасымалдау мынадай облысаралық және халықаралық бағыттар бойынша жүзеге асырылады: Защита-Алматы, Лениногорск-Астана (Мәскеуге дейінгі тіркелген вагонмен), Лениногорск-Барнаул (бір тіркелген вагонмен Новосибисркіге дейін және бір тіркемемен Бийскіге дейін), Семей-Қызылорада, сонымен қатар транзиттік: Новокузнецк-Семей-Бішкек, Новосибирск-Семей-Алматы, Новосибирск-Семей-Ташкент, Павлодар-Семей-Алматы, Павлодар-Семей-Қарағанды бағыттары.

«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 18 қарашадағы қаулысына сәйкес, облыста темір жол көлігімен әлеуметтік-маңызды ауданаралық қатынастар анықталды: Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының «Шығыс Жолсерік» КМК бекітілген «Защита-Зырян», «Защита-Лениногор» және «Защита-Серебрянск» бағыттары.

2010 жылы 157,4 мың жолаушы тасымалданды, 175,0 млн. теңге көлемінде субсидия төленді, сондай-ақ облыстық бюджет қаражаты есебінен 37,5 млн. теңге сомаға «Шығыс Жолсерік» КМК 3 жолаушы вагонының қызмет мерзімін ұзарту арқылы күрделі жөндеу жүргізілді.

1995 жылға дейін облыстың 23 елді мекендерде жергілікті әуе желілерінің әуе айлақтары болған.

Қазіргі уақытта облыста «Халықаралық» деңгейдегі екі әуежай уақытша сызба бойынша қызмет атақаруда – бұл Өскемен және Семей қалаларының әуежайлары, сонымен қатар «Д» санатындағы төрт елді мекендегі әуежай.

Өскемен қаласы әуежайынан Астана, Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Мәскеу, Санкт-Петербург, Новосібір, Баян Үлгі қалаларына әуе рейстері орындалуда. Семей қаласының әуежайынан – Астана және Алматы қалалырына.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 сәуірдегі № 86 Жарлығымен бекітілген, «2015 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының көлік стратегиясын», сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысы әкімінің тапсырмасын іске асыру мақсатында, өңірдің тұрғындарын әуе тасымалдары бойынша қызметтермен қамтамасыз ету үшін жергілікті әуе желілері бойынша тұрақты әуе рейстерін жандандыру бойынша жұмыстар жүргізілді.

2008 жылы облыстың жергілікті әуе желілерінде 4785 жолаушы тасымалданды, 2009 жылы – 5414, 2010 жылы тасымалданған жолаушылар саны 15883 адамды құрады. Тұрғындар үшін тұрақты ішкі жолаушы және жүктің әуе тасымалына қол жетімді тарифін сақтау үшін облыстық бюджет қаражаты есебінен жыл сайын сәйкесінше қаржыландыру жүргізіледі. Мысалы, 2008 жылы 20 млн. теңге, 2009 жылы – 111,1 млн. теңге бөлінді. 2010 жылы тұрақты ішкі әуе тасымалдарын субсидиялау үшін 122,1 млн. теңге қарастырылды.

Қалыптасқан жағдай төмендегі SWОT талдауда көрсетілген:

Күшті жақтары


  1. 2008 жылдан бастап тасымалданған жолаушылар саны 15,6 % артты;

  2. Ішкі әуе бағыттарын қайта жандандыру, ішкі теміржол және әуе қатынастарын қаржыландыруды ұйымдастыру арқылы, көліктің барлық түрлері қызметіне облыс тұрғындарының колжеткізушілігін қамтамасыз ету.

Әлсіз жақтары

  1. Заңсыз тасымалдаушылар әрекеттеріне байланысты алыстағы елді мекендердің тұрақты қатынаспен қамтамасыз етілмеуі.

  2. Жеке аудандарда ауданішілік жолаушылар тасымалы жоқ.

Мүмкіндіктері:

  1. Мақсаттардың орындалу жетістігі басқа мүдделі органдармен бірігіп, әрекеттесу.

  2. Рұқсат құжаттарынсыз жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын заңсыз тасымалдаушылар мәселесін шешу үшін Жолаушы көлігі және автомобиль басқармасының, Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті Жол полиция басқармасының, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша өңіраралық көліктік бақылау инспекциясының, сондай-ақ, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің ынтымақтастығы қажет.

Қауіптер:

  1. Макроэкономикалық қатерлер сыртқы және ішкі конъюктураның нашарлау мүмкіндігіне, экономиканың өсу қарқыны және инвестициялық белсенділіктің төмендеуіне, банк жүйесінің дағдарысына, өнеркәсіптегі құлдырауға және т.б. байланысты. Макроэкономикалық қатерлердің орындалған жағдайында көлік қызметі сұранысының төмендеуі мүмкін, бұл өз кезегінде мақсаттық көрсеткіштерге әсер етеді.

2. Бағалық қауіптер. Жұмыстардың өзіндік құнына әсер ететін энергия тасымалдаушылардың және құрылыс материалдарының бағасы көлік саласы дамуының сындық факторлары болып табылады. Кейбір салалар (жанар-жағармай, құрылыс материалдарының өндірісі) жеткіліксіз дамыған.

2.2.3.4. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы


Өңірдің инфрақұрылымдық кешені электрмен қамту, сумен қамтамасыз ету, жылумен қамтамасыз ету, су бұру, жол саласы, көлік, телекоммуникация, пошта байланысы және абаттандыруду салаларымен ұсынылған.

Өңірдің инфрақұрылымдық кешенінің дамуы аталған қызметтерде экономика және халық қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталатын болады.


Сумен қамту

Өңірде 798 елді мекеннің 242-і орталықтандырылған сумен қамтылған немесе 10 қаладағы 79,5% тұрғын, 3 кент және 229 ауыл су құбыры суына қол жеткізген. Жергілікті көздерден сумен қамту 20,4% тұрғынды қамтитын 550 елді мекенде жүзеге асырылады, тасып жеткізілетін суды 0,2% тұрғынды қамтитын 6 елді мекен пайдаланады

Облыс тұрғындарын коммуналдық-тұрмыстық сумен қамту жүйесінде 3808 км су құбыры бар (оның ішінде қалаларда 45% - 1704 км). Желілер қанағаттанарлықсыз жағдайда болғандықтан желілердегі судың үлкен көлемі шығынға ұшырайды және халықтың суды тұтынуының үлес мөлшері артады.

13 қала, қала типіндегі кенттер тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету 99,7%-ды құрайды, қала тұрғындарының 0,3%-ы суды жергілікті көздерден алады.

Ауылды сумен қамту жүйесінде тұрғындардың 54,3 %-ы орталықтандырылған сумен қамтылған, тұрғындардың 45,7 %-ы жер асты және беткі су көздерінің суын қолданады, сонымен қатар 0,2 % тасып жеткізілетін суды пайдаланады. 1634 адам тұратын 6 елді мекенге су тасып жеткізетін ұйымдардың есебінен жүзеге асырылады.

2008 жылдан бері облыс тұрғындарын орталықтандырылған су құбырының суымен қамтамасыз ету 15,9 пайыздық пунктіне өсті және 2011 жылдың 1 қаңтарына 79,5 %-ды құрады, керісінше 2008 жылы 75,57%.



.

23 кесте

Облыстың қалалары мен аудандары тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамтуды қамтамасыз ету және 2008-2010 жылдардағы желілердің ұзындығы туралы ақпарат.


Сумен қамтамасыз ету, %

Су құбыры желілерінің ұзындығыбарлығы, км

Олардан ауытыруды қажет ететіні

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл




барлығы, км

Жалпы ұзындыққа %

75,57

77,9

79,5

3807,7

2357,2

61,9

Облыс тұрғындарын коммуналдық-тұрмыстық сумен қамту жүйесінде 3807,7 км су құбыры бар (оның ішінде қалаларда 45% - 1704 км). Су құбырлары желілерінің жалпы ұзындығының 2357,2 км немесе 61,9%-ы қанағаттанарлықсыз жағдайда болғандықтан желілердегі судың үлкен көлемі шығынға ұшырайды және халықтың суды тұтынуының үлес мөлшері артады.

Қолданыстағы «Ауыз суы» бағдарламасының аясында 2008 жылдан 2010 жылға дейін бюджет қаржысынан 4,3 млрд. теңге игерілді, оның ішінде республикалық бюджеттен – 3,5 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 0,9 млрд. теңге (20 кестені қара).

3 жылда 44 ауыз сумен қамту объектінің жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді, 580,5 км құбыр салынды және қалпына келтірілді, 131,7 мың адамның сумен қамтылу жағдайы жақсартылды

24 кесте

«Ауыз суы» бағдарламасының аясында бюджеттің игерілген қаражаты көлемінің өзгеру динамикасы





2008-2010

2008

2009

2010

Барлығы, млн.тенге:

4317,5

2033,0

955,1

1329,4

РБ

3448,8

1384,8

813,8

1250,2

ЖБ

868,7

648,2

141,3

79,2

2007-2010 жылдары іске қосылған объектілер

44

15

20

9

Өткізілген шаралардың нәтижесінде 2010 жылы 104,6 км желі салынып, жөнделді, пайдалануға берілді, 13,0 мың адамнан астам тұрғындарды сумен қамту жағдайы жақсартылды, тұрғындар саны 3,85 адам Бегень және Тарбағатай екі ауыл мекендері орталықтандырылған суме қамту желілеріне көшірілді.

Жер асты сулары сумен қамту көздері болып табылғандықтан, жер асты суларының орындары мен қорлары барланып, бекітілуі қажет. Іске асырылуы жоспарланған 144 объектінің 37 елді мекендегі қорлар бекітілген, 37 ауылда қорларды қайта бекіту қажет, 69 елді мекенде қорларды бекіту жұмыстарын жүргізу қажет.

Геологиялық-барлау жұмыстары Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетімен ең аз мөлшерде қаржыландырылады (2010 жылы 14 ауылда жұмыстар жүргізілді), ал барланған қорлар бойынша қорытындылар екі жылдан кейін беріледі.

Бұл жағдай жобаларды іске асыруды тежейтін фактор болуы мүмкін. Ауылдық елді мекендерде де, қалаларда да геологиялық-барлау жұмыстарын қаржыландыруды ұлғайту қажет. Жоспарланған жобаларды уақытында іске асыру мақсатында кем дегенде 30 елді мекенде іздеу-барлау жұмыстарын жыл сайын қаржыландыру қажет.

2008-2010 жылдар кезеңі ішінде жер асты суларының қорын бекіту үшін 72 елді мекенде іздеу-барлау жұмыстары жүргізілді.

242 су құбырына қызмет көрсету және пайдаланумен мамандар және пайдаланудың ең қажетті құралдарымен жабдықталмаған 37 коммуналдық кәсіпорын, 77 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, шаруа қожалығы, жеке кәсіпкерлер және 33 ауылдық әкімдік айналысады. Осыған себептердің кесірінен құрылысы аяқталған және пайдалануға берілген ауыз сумен қамтитын объектілердің одан әрі пайдаланылуын қамтамасыз етуге байланысты проблемалар бар.

2010 жылы облыстың қалалары мен аудандарындағы халық үшін сумен қамту қызметтерінің тарифтері куб метрі 6 теңгеден 294 теңгеге дейін түрленіп отырды.

Сала жай-күйін бағалау үшін SWOT талдау жүргізілді:

Күшті жақтары:

1. Жер асты тұщы су қорының жеткілікті деңгейі;

2. ауыз суға аса қажетсіну;

3. сумен қамтудың қолданыстағы жүйелерінің бар болуы;

4. халықтың сапалы ауыз суға қол жеткізу көрсеткішін 77,9 %-ға дейін жеткізу;

5. пайдаланудың қолданыстағы қызметінің бар болуы.



Әлсіз жақтары:

1. Қолда бар жер асты тұщы су қорын жеткіліксіз пайдалану;

2. сумен қамту объектілері мен желілерінің аса тозуының және осының салдарынан апаттардың, жоғалтулардың, ауыз су сапасының төмен деңгейінің болуы;

3. негізгі өндірістік қорлардың ескіру процесі жаңартудан гөрі аса жылдам қарқынмен өтуде;

4. сумен қамту жүйелерінің жаңаларын салу мен қолданыстағыларын қайта жаңартуға мемлекеттік және жеке инвестициялардың жетіспеушілігі;

5. инфекциялық аурулардың туындау қауіптілігі;

6. берілетін судың сапасын бақылауды жүзеге асыратын лабораториялардың көптеген аудандарда болмауы;

7. ауылдық елді мекендерде сумен қамту және су тарту кәсіпорындарының жеткіліксіз дамуы.



Қауіптер:

1. Ұңғымаларды пайдалану режімінің бұзылу нәтижесінде жер асты су көздері сапасының төмендеуі, иесіз гидрогеологиялық ұңғымалардың көп мөлшерде болуы, жер асты суының техногендік ластануы;

2.табиғи тозудың салдарынан жабдықтың жұмыс істемей қалуы, қоршаған ортаға теріс әсер ету тәуекелі;

3. сумен қамту объектілерінің ұзақ мерзім пайдаланудың нәтижесінде қалыптасқан қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйі;

4. халықтың денсаулығының нашарлауына әкелетін су дайындаудың ескірген технологиясы қолданылады;

5. апаттың көбеюі, тәуліктік судың болмауы.



Мүмкіндіктер:

1. Жер асты тұщы суларының жаңа кен орындарын игеру;

2. халықтың сапалы ауыз суымен қамтылуы;

3. сумен қамту жүйелерінің техникалық жай-күйінің жақсаруы, су тазарту және су дайындауға шығынның ұлғаюы;

4. замануи тиімді технологияларды қолдану мүмкіндігі;

5. пайдалану қызметін материалдық-техникалық базаны жарақтандыру жолымен жетілдіру.



Жылумен қамту

Өңірде 3 аса үлкен көмір кеніші бар – Қаражыра, Майқұба және Кендірлік. Қазып алынатын қатты отын өңірдің ішкі сұранысын ғана қамтамасыз етіп қоймай, республиканың басқа да облыстарына жіберіледі және республика аумағынан тыс жерлерге де экспортқа жіберіледі.

Облыс аумағында 5 жылу электр станциясы орналасқан – Өскемен, Семей, Риддер қалаларының тұтынушыларын жылумен және ыстық сумен қамтамасыз ететін Өскемен ЖЭО, Согра ЖЭО, Риддер ЖЭО, Семей қаласындағы ЖЭО-1 және ЖЭО-2.

Шығыс Қазақстан облысы статистика департаментінің мәліметтері бойынша 2010 жылы өңірде жылумен қамту көздерінің жалпы саны 198 бірлікті құрады, онда орналасқан қазандар саны (энергия қондырғылары) – 686 бірлікті құрады.

Облыс бойынша қос құбырлы есептеулерде жылу желілерінің жалпы ұзындығы 1 031,6 км құрайды, олардан таратушы желілер – 881,7 км (құбырдың диаметрі – 400 мм-ге дейін). Жылу желілерінің жалпы ұзындығының 183,9 км (немесе 17,8%) тез арада ауыстыруды қажет етеді

Статистикалық мәліметтер бойынша облыстың жылумен қамту кәсіпорындарымен барлығы 2010 жылы 8086 мың Гкал жылу энергиясы өндірілген, 7100,6 мың Гкал жылу энергиясы жіберілген, оның ішінде жылу электр станцияларымен – 3912,6 мың Гкал, қазандықтармен – 3151,3 мың Гкал. Жылу энергиясын өндіру мен жіберу бойынша республикада облысымыз Қарағанды мен Павлодар облыстарынан кейін 3-орынды алады (төмендеу шкаласы бойынша).



2009 жылдан 2010 жылға дейін облыстың жылу көздерімен жылу энергиясы өндірісінің 7654,8 мың Гкалдан 8086,0 мың Гкалға дейін өскені байқалды, бұл жаңадан қосылған тұрғын үй, өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық объектілер санының өсуімен байланысты.

38 сурет

2010 жылға жылу энергиясын тұтыну құрылымында тұрғындардың үлесіне – 38%, ұйымдардың коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктері – 15%, кәсіпорындардың өндірістік қажеттіліктері – 21%, басқа кәсіпорындар (алып қайта сатушылар) – 30% болып келеді.

2010 жылы желілерде жылу энергиясын жоғалту көлемі 1047,9 мың Гкал немесе жылу энергиясын босатудың жалпы көлемінің 14,8%-ын құрады. Егер жылу энергиясын жоғалту көрсеткіштерін республика бойынша салыстырсақ, онда біздің облыс бұл көрсеткіш бойынша Қарағанды облысы мен Алматы қаласынан кейін 3-орынды алады.

2008-2010 жылдарға тұтынушыларға жылу энергиясын бостау көлемінің өзгеру динамикасы біраз ауытқуларды қоспағанда жалпы тұрақты болып тұр (2008 жыл – 7167,9 мың Гкал, 2009 жыл – 7100,6 мың Гкал, 2010 жыл – 7132,4 мың Гкал).

Бұдан басқа, облыста заманауй энегрия үнемдеу технологиясын енгізу тәжірибесі жүзеге асырылды, атап айтқанда жылу сорғыш қондырғыларынан Прапорщиков кентінің Киров ОМ ТНУ жобасы іске асырылады.

Жүргізілген талдаудың негізінде өңірдің жылумен қаму саласының дамуын ұстайтын келесі негізгі проблемалар анықталды. Жылу көздерінің

Жылу көздерінің, магистральді және квартал ішілік желілерінің энергетиклық және қазандық құралдарының қатты тозуының проблемалары ТЭО құралдарының және қазандықтарының тозуына, жылу көздерінің энергетикалық құралдарын жңартуға және жаңалауға инвестиция көлемінің аздығымен байланысты. Семей қаласының жылу көздері қатты қауіпті тудырады. Өткен жылу кезеңінде көрсетілгендей Семей қаласының жылумен жабдықтау жүйесі әсіресе қаланың сол жағалау бөлігі қатты қиындықтарға душар болған. Сол жағалаудың негізгі жылу көздері ТЭО-1 және РК-1 қайта жаңғырту және жаңалау бойынша жұмыстарды міндетті және дереу жүргізуді талап етеді, өйткені аталған жылу көздерінің барлық қазандық агрегаттары өзінің қызмет ету мерзімін жойған, олардың тозу деңгейі нашар ретінде бағаланады және 70-93% құрайды.

Жылу энергиясын жоғалту кезінде оны тұтынушыға тасымалдау кезінде 2009-2010 жылдары облыс Қарағанды облысы және Алматы қаласынан кейін республика бойынша 3 орында болған. Осыған байланысты жылу желілері үшін алдын ала ажырату құбырларын пайдалану мәселесі өте өзекті болып табылады. Құбыр төсеніштерінің аталған технологиясын пайдалану жылумен қамту ұйымдарымен желілк судың жоғалтуларын бекітілген нормалардан 50% дейін төмендетуге мүмкіндік береді, құбырларды жөндеусіз пайдалануға беру мерзімін 30 жылға дейін арттырады, өйткені құбырлардың коррезиялық бұзылулары жоғалады.

Тарифтерді талдаған кезде, тариф тапшылығының негізгі үлесі «электроэнергия» шығын бабы бойынша қалыптасады. Өйткені, шығындар сметасына электроэнергия бойынша ескі тарифтер салынады. Электроэнергияға жаңа тарифтерді бекіткен кезден бастап жыл, ыстық сумен қамтамасыз ету, сумен қамтамасыз ету бойынша тарифтер қалыптаса бастайтын болады.

Бүгінгі күні келесі кәсіпорынбар шығынды болып табылады: Семей қ. «Жылукоммунэнерго» МКК, Курчатов қ. «КМЭП» МКК, Зырян қ. «Жылу орталық» МК, Глубокое к. «Жылуэнергия» МКК.

Жүргізілген талдауға сәйкес тәртіп ретінде отын сатып алуға берілетін кәсчіпорындардың мемлекеттік субсидиялардың бөлігі басқа желілерді жабуға бағытталады: «электроэнергия», «Технологияға су». Осына ескере отырып, АРЕМ түзету есебімен тарифтік сметаларды бекітеді.

Қазіргі уақытта коммуналдық мекемелерде орта шұғыл тарифтер енгізіледі.

Сала жай-күйін бағалау үшін SWOT талдау жүргізілді:

Күшті жақтары:

1. Облыстың жылу көздерімен жылу энергиясын өндірудің өсуі;

2. облыстың ЖЭО-лары мен қазандықтарына арзан отын көздері болып табылатын көмір кен орындарының облыста бар болуы;

Әлсіз жақтары:

1. Семей, Курчатов, Зырян, Риддер қалаларындағы, Глубокое кентіндегі жылумен қамтудың сапасыз қызметтері;

2. жылумен қамтамасыз ететін желілердің 17,8 %-ы ауыстыруды талап етеді.

Мүмкіндіктер:


    1. Жылумен қамтамасыз етудің дәстүрлі емес көздерін дамыту песпективалары.

Қауіптер:

1. ЖЭО орнатылған және мүмкіндігі бар қуаттарының көптеп төмендеуінің болуы, қазандықтар қуаттылықтарының істен шығуы, жылу көздері агрегаттарының негізгі қорлардың тозуының жоғары деңгейде болуына байланысты апаттық жөндеуде тұрып қалуы;

2. бәсекелестік ортаның дамымауы.

3. Жылу желілерінің жылу көздерінің, магистральдік және ішкі кварталдық энергетикалық және қазандық құралдарының қатты тозуы;

4. Жылу энергиясын жоғалтудың жоғары деңгейі.
Су бұру

Өңірде орталықтандырылған су тарту 798 елді мекеннің (бұдан әрі ­ ЕМ) 41 елді мекенінде жұмыс істейді. Облыста барлығы 119 канализациялық сору станциясы, 50 тазарту имараттары бар. 3 ауданда тазарту тазарту имараттары жоқ. 2010 жылы толық биологиялық тазарту арқылы тәулігіне 298,3 мың текше метр ағынды сулар өткізілді.

Канализация желілерінің жалпы ұзындығы 1143,08 км, тозған желілер 801 км немесе 70%, бұл жиі апаттық жағдайларға әкеп соқтырады. 2010 жылы канализация желілерінде 686 апат тіркелді.

70-жылдары салынған тазарту имараттары өздерінің пайдалану ресурстарын орындаған, имараттардың жобалық қуаты жеткіліксіз, соның салдарынан толық тазартылмаған шаруашылық-тұрмыстық, өнеркәсіптік және нөсер сулары Ертіске төгіледі.

Қалалық су каналдарының басты бір проблемасы өнеркәсіптік кәсіпорындардың 2 және 3 токситтік сыныбының ауыр металдармен: темір, никель, мырыш, бериллий, мыс, мышьякпен және т.б. ластанған суларды ағызуы болып отыр.

Тазарту имараттар кешені шаруашылық-тұрмыстық ағынды суларын тазартуға арналғандықтан, өнеркәсіптік ағындалар түскен кезде табиғи тазарту қиынға соғады (микрофлора өледі), қоршаған ортаға зиян келеді. Қалалық су каналдарымен балық шаруашылығына арналған су қоймасы болып табылатын Ертіс өзеніне ластаушы заттарды тастағаны үшін айып салынады.

Әсіресе кіші қалалар мен аудан орталықтарында қиын жағдайлар қалыптасқан. Елді мекендердің тазарту имараттары қатардан шығып қалады. Нәтижесінде нормативті техникалық жоғалтулардың орташа деңгейі облыстың су шаруашылық жүйелерінде шамамен 30-35%-ды құрайды.

Су тартуға қолданыстағы тарифтер технологияларды жаңартуға және қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған кешенді жаңарту жүргізу шығындарын есепке алмайды, өйткені тарифтың структурасы мен пайданың инвестициясы көздерінің үлесі шамалы

Сонымен, облыс бойынша 2010 жылға канализация қызметіне тарифтер 1 куб метр үшін қосымша құн салығымен 10,2 теңгеден 111,9 теңгеге дейін өзгерді. Сол кезде Су каналдарының есептері бойынша эксплуатациялық шыығындарды жабуға жеткілікті тариф 20 теңгеден 190 теңгеге дейінгі деңгейде болу керек болған.

Тазарту имараттарын неғұрлым сапалы пайдалану және олардың қатардын шығуына жол бермеу мақсатында канализация желілерін қайта жаңарту қажет.

Облыс тұрғындарын су тарту қызметтерімен қамтамасыз ету деңгейі 2010 жылы 34,1%-ды құрады.

Сала жай-күйін бағалау үшін SWOT талдау жүргізілді:



Күшті жақтары:

    1. Қолданыстағы пайдалану қызметінің болуы;

    2. Халықтың су бұру қызметтеріне қол жетімділігінің көрсеткіштеріне қол жеткзуі ­ 34,1%.

Әлсіз жақтары:

1. 70 % канализациялық желі қанағаттанарлықсыз жай-күйде тұр және ауыстыруды талап етеді.



Мүмкіндіктер:

1. Су тарту объектілерін, канализация жүйелерін, тазарту имараттары мен канализация желілерін салу және қайта жаңартудың инвестициялық жобаларын іске асыру тұрғындарды су тарту қызметтерімен қамту деңгейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.



Қауіптер:

Су тарту объектілерін, канализация жүйелерін, тазарту имараттары мен канализация желілерін салу және қайта жаңарту жобаларының мемлекеттік бюджеттен жеткіліксіз қаржыландырылуы объектілерді пайдалануға беру мерзімін бұзуы және облыс халқының санитарлық-экологиялық аман-есендігіне кері әсерін тигізуі мүмкін.



Газбен қамту

Шығыс Қазақстан облысында орталық газбен қамту 6 қалада және 2 кентте бар. Сұйытылған газдың негізгі үлесі Павлодар мұнайөндеуші зауытынан жеткізіледі.

Сұйытылған газдың аккредиталған жеткізушілері: «Капан» ПКФ ЖШС (Өскемен қ.), «ШҚ Газ» ЖШС (Өскемен қ.), «Ертiс трансгаз» ЖШС (Семей), «Аманат газ» ЖШС (Семей).

Газ таратушы қондырғылар және халықты орталықтандырылдған газбен қамтамасыз ету ыдыстары бүгінгі күні қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайда болып табылады. Газ шаруашылығын қалыпты жұмыс жағдайына келтіру үшін ГТҚ, ыдыстар мен газ желілерін түгендеу, жөндеу жұмыстары қажет нысандарды анықтау қажет. Ыдыстарға қызмет көрсету және толтырумен айналысатын ұйымдар өз қаражаты есебінен қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізуге жағдайлары жоқ. Зырян және Серебрянск қалаларында ГТҚ консервациясына байланысты тұрғындар толығымен электроплита қолдануға көшкен.

Сарыбаұлақ табиғи газ кенорнын әзірлеуге байланысты қазіргі уақытта Зайсан және Тарбағатай аудандарының тұтынушыларын табиғи газбен қамту мәселесі пысықталуда.

Саланың дамуына SWOT- талдау:



Күшті жақтары:

Облыстың газбен қамту ұйымдарын аккредитациялау Қазақстанның мұнайхимия зауыттарынан сұйытылған газды тұрақты бағада импорттауға мүмкіндік берді ;



Әлсіз жақтары:

газ таратушы қондырғылардың, квартал іші желілерінің қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайы тұрғындардың денсакулығы мен өміріне қаіп туғызады;



Мүмкіндіктер:

Сарыбаұлақ газ кенорнын өндіру Зайсан және Тарбағатай аудандарының тұтынушыларын табиғи газбен қамтуға, және ҚХР мен Қазақстан Республикасы арасында үкіметаралық келісімге сәйкес сұйытылған газды Шығыс Қазақстан облысының ішкі нарқына жеткізуге мүмкіндік береді;



Қауіптер:

Жаңа немесе қолданыстағы орталық газбен қамту жүйелерін салу іс-шараларын жеткіліксіз қаржыландыру өңірді газбен қамту деңгейін сапалы деңгейге шығаруға мүмкіндік бермейді.


Тұрғын үй қоры

Шығыс Қазақстан облысында 5200 көппәтерлі тұрғын үй есептеледі, соның ішінде облыстық орталықта 1645 кондоминимум нысандары бар және Семей қаласында 1305 үйлер. Өңір аумағындағы үй құрылыстарынан 90 пайыздан астамы 20 жылдан астам пайдалану мерзіміне ие.

25 кесте

Үйлер саны



Пайдалану мерзімі

%

1643

50 жылдан астам

25

1352

50-40 жыл

26

1055

40-30 жыл

20

1040

30-20 жыл

20

Алдын ала жүргізілген зерттеу бүгінгі күні 3500 нысан жөндеуді қажет ететінін, ал 1661 тұрғын үй апаттық деп танылу үшін инструментальді зерттеуді талап ететінін көрсетті.

Көп қабатты тұрғын үйлерді ресми түрде апатты деп тану үшін мамандандырылған ұйымдармен нысандарға техникалық зерттеу жүргізу қажет. Қажетті қаржылық бекітумен республикалық деңгейде кондоминимум нысандарын инструментальді зерттеу бойынша бағдарлама әзрлеуді ұсынамыз.

Тұрғын үй қорын пайдалану және ұстауды негізінен пәтерлердің жеке меншіктерінің кооперативті жүзеге асырады (бұдан әрі – ПЖК). Қазіргі уақытта өңір аумағында 371 ПЖК жұмыс істейді, соның ішінде қалаларда – 365 және аудандарда – 6.

Коммуналдық қызмет есебінің құралдарын сатып алу бойынша істер қанағаттанарлықсыз жағдайда. Есеп құралдары энергия ресурстарын үнемдеуіне қарамастан оларды енгізу көп жағдайда энергия тұтынуды азайтуға әкеледі. Бұл тұтынушылар өздерінің тұтынулары туралы нақты ақпарат ала бастайтынына негізделген, және нәтижесінде тұтынушылар табиғи түрде энергия ұнемдеуге көшеді. Сондықтан барлық энергия ресурстар есебінің құралдарын орнату және есептегіш көрсеткіштер бойынша энергия ресурстарын пайдалануға есепті ұйымдастыру мәселесі энергия ресурстарын тұтынудың тиімділігін арттырудың негізгі құралдарының бірі болып қала береді.

Бүгінгі күні тәжірибе жүзінде кондоминимум нысандарын басқарудың негізгі формасы болып табылатын ПЖК қызметіндегі аса ір проблема тұрғын үйдің күрделі жөндеуін жүзеге асыру болып табылады. Мезгілсіз және толық емес көлемде жүргізілген жөндеулердің нәтижесінде ғимараттың ескіру процессі жылдамдайды. Нәтижесінде үйді ұстау адал төлеушілер – ПЖК мүшелеріне жатады.

Жүргізілген талдау ПЖК бойынша пайдалану салымдарын жинаудың орта пайызы 70-80% құрайтынын көрсетеді, шамамен пәтер иелерінің 20% пайдалану шығындарын төлемейді.

Жалпы үйлік құрастырулар және инженерлі құралдарды күрделі жөндеу бойынша жұмыстар шағын апаттық жөндеуге келтірілген, бұл негізгі қорлардың жылдам тозуына әкеп соғады.

Нақты тұрғын үй құрылыстарының жоспарлы-ескертуді жөндеудің жүйесі жоғалтылған, соның ішінде жөнделмейтін құрылыс құрылымдарының және олардың пайда болу кезінде инженерлік коммуникацияларды анықтау және ескіру мақсатында тексеру және жөндеу-оңалту жұмыстарын жүргізу тәжірибесі.

Тұрғын үй қорын жылумен қамтудағы бұзушылықтар ең алдымен үй ішілік жүйенің қанағаттанарлықсыз жағдайымен байланысты.

Басқарушы компаниялар тұрғын үй коммуналдық шаруашылықта энергия үнемдеуші жобаларды және іс-шараларды енгізуде негізгі мүдделі тараптар болуы мүмкін. Басқарушы компаниялар негізгі табысты тұрғындарға коммуналдық қызмет көрсетуден алатын болады, оны сапалы көрсету үшін олар сәйкес энергетикалық ресурстар сатып алады. Және де сатып алынған энергия ресурстардың құнынын және көрсетілген коммуналдық қызмет құныны арасындағы айырмашылық қаншалықты көп болса солайша басқарушы компанияның бизнесі тиімді болып табылады. Энергия үнемдеуші іс-шараларды енгізу коммуналдық қызметтерді көрсету сапасын сақтау кезінде энергия ресурстарын пайдалануды төмендетуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ тұрғын үй көмегін көрсетуге республикалық бюджеттен 2012 жылға 35,2 млн. теңге көлемінде ақша қаражаттарының көлемі анықталған.

Қазақстан Республикасының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жаңарту бағдарламасы шеңберінде 2011 жылы респубилкалық бюджеттен көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу және термомодернизациялаву үшін 858,8 млн. тенге бөлінді.

Жобаны іске асыру 2 тетік арқылы «Өскемен тәртіп» МКК, «МЭПС» МКК (Семей қ.) және «Ертіс» ӘКК жүзеге асырылады.

Аталған қаражатқа 117 үй, соның ішінде Өскемен қаласында 93 кондоминиум нысаны, Семей қ. 23 үй және Абай ауданы Қарауыл а. 1 үй жөнделді.

2012 жылы республикалық бюджеттен 812,5 млн. тенге мөлшерінде қаражат бөлінді, соның ішінде «Ертіс» ӘКК 1 тетік бойынша 312,5 млн. теңге және 2- тетік бойынша 500,0 млн. теңге бөлінді.

1 тетік бойынша 127 млн. Теңге сомасына 16 тұрғын үй жөнделеді. 2 тетік бойынша 44 тұрғын үй, соның ішінде Өскемен қ. 37 нысан, Семей қ. 7 нысан жөнделеді.

Кондомиумның ортақ мүлкін жөндеу термомодернизация элементтерін қамтиды, бұл ғимараттардың жылутехникалық сипаттамаларын жақсартуға мүмкіндік береді, бұл қабырғаларды, үйдің шатыры мен фасадын жылылау және жөндеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде қол жеткізіледі, ағымдағы жөндеу кезінде 10 пайызға дейін, күрделі жөндеу кезінде 30 пайызға дейін үнемдеуге қол жеткізіледі.

Кондомиум нысандарын жөндеу жобасын 2013-2015 жылдары іске асыру жөндеуді қажет ететін кондомиум нысандарын 69,7% дан 49,2% дейін азайтады, 2020 жылға дейін 3970 үйден 2600 жөндеу және үлесін 10% жеткізу жоспарланған.

Сала жағдайын бағалау үшін SWOT талдау жүргізілді:



Күшті жақтары:

1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңартудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасының аясында көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу жүргізіледі. 2020 жылға дейін жөндеуді қажет ететін үйлердің 10% үлесі күтіліп отыр.



Әлсіз жақтары:

1. Кондоминимум нысандарының жалпы мүлкін ұстауда тұрғындардың нашар белсенділігі.



Мүмкіндіктер:

1. Көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу және терможаңарту бойынша жобаларды іске асыру кондоминимум нысандарының техникалық жағдайын және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.



Қатерлер:

1. Көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу және терможаңарту бойынша жобаларды мемлекеттік бюджеттен жеткіліксіз қаржыландыру, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңартудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасына қатысу қажеттілігі туралы нашар түсініктеме жұмыс.


Абаттандыру

Облыс аумағында 5061,2 км көшелер мен жолдар, 421 га саябақтар, скверлер, алаңдар, аулалар, 2227 тұрғын үй кондоминиумдарының аулалары, 296 ескерткіштер мен қатты тұрмыстық қалдықтарды пайдалануға арналған арнаулы 350 орындар бар.



Облыстың елді мекендерінің санитарлық жағдайын қалпында ұстап тұру және көріктендіру деңгейін көтеру, күзгі және көктемгі кезеңде тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық амандығын қамтамасыз ету үшін жыл сайын аумақтарды көріктендіру мен көгалдандыру бойынша іс-шаралар жүргізіледі, соған сәйкес көшелер мен жолдарды, саябақтар, алаңдар, тұрғын үйлер аулаларын, мектептер мен мәдениет мекемелерінің аумақтарын тазалау бойынша жұмыстар жүргізіледі. Қатты тұрмыстық қалдықтарды пайдаланатын орындар қанағаттанарлық жағдайға келтіріліп, рұқсат берілмеген қоқыс төгу орындарын жою, көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

39 сурет
Жыл сайын облыс бойынша 140 мың ағаш көшеті, 40 мың погон метр бұталар және 50 мың шаршы метр гүлзар отырғызылады.

Елді мекендерді көріктендіру бойынша жұмыстарды жүргізуге жергілікті бюджеттен 2007 жылдан 2009 жылға дейін 4218,5 млн. теңге бөлініп, 99,7% игерілді (32 суретті қара).

Қаржыландыру нәтижесінде 2227 аула аумағының 918-інде көріктендіру бойынша жұмыстар жүргізілді. 858,8 мың ағаш көшеті, 199,1 мың погон метр бұта, 409 мың шаршы метр гүлзар отырғызылды.

Алайда шешілмеген проблемалар қалады.

Көп пәтерлі тұрғын үй қорының аула аумақтарының 40%-ы балалар мен спорттық алаңдар салуды, ескі ағаштарды кесіп, шығаруға, жасыл көшеттерге түгендеу жүргізуді қажет етеді Көгалмен жабылған алаңдардың азаюына байланысты елді мекендерді көгалдандыру бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет. Аумақтарды көріктендіру және көгалдандыру конкурстарын өткізу үшін облыстық бюджеттен жыл сайын қаражаттың бөлінуін қарастыру қажет. Аудандар үшін көріктендірудің проблемалы мәселелерінің бірі ол қатты-тұрмыстық қалдықтарға арналған орынды ұстау болып табылады. Қоқыстар экологиялық кодекстің талаптарына сәйкес келмейтін және қатты-тұрмыстық қалдықтар полигонының статусы жоқ ұйымдастырылмаған қоқыс тастайтын жерлерге төгіледі. Қатты-тұрмыстық қалдықтарды жинап, шығаратын мамандандырылған кәсіпорындар жетіспейді.

Газ шаруашылығы бойынша Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын 2020 жылға дейін дамытудың салалық бағдарламасы аясында Қостанай-Көкшетау-Астана-Қарағанды магистралдық газ құбырын салу мәселесі қарастырылды және келешекте облыс бұл газ құбырын Шығыс Қазақстан облысының аумағында салу мәселесін түбегейлі қарастыратын болады

Сала жай-күйін бағалау үшін SWOT талдау жүргізілді:



Күшті жақтары:

1. Аумақтарды көріктендіру мен көгалдандыру бойынша жыл сайын іс-шаралар жүргізу, соған сәйкес көшелер мен жолдарды, саябақтар, алаңдар, тұрғын үйлер аулаларын, мектептер мен мәдениет мекемелерінің аумақтарын тазалау бойынша жұмыстар жүргізіледі.



Әлсіз жақтары:

1. Аумақтарды көріктендіру мен көгалдандыру іс-шараларының жеткіліксіз қаржыландырылуы.

Мүмкіндіктер:

Аумақтарды көріктендіру, қасбеттерді, аула аумақтарын, скверлерді, саябақтарды және т.б. жөндеу бойынша мемлекеттік-жеке меншік серіктестігінің болашағы.

Қауіптер:

1. Облыс елді мекендерінің қанағаттанарлықсыз санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйі, тұрғын қорының, көріктендіру элементтерінің тез тозуы, жабындардың, қасбеттердің қанағаттанарлықсыз жай-күйі, елді мекендердің келісімсіз келбеті.



      1. Аумақтық құрылыс


Облыста 15 аудан, 4 қала (соның ішінде облыс орталығы Өскемен қ.), 248 ауылдық округтер. Қалалардың бас жоспарлары, сондай-ақ көптеген елді мекендер жоспарлары 20-30 жыл бұрын әзірленіп, бекітілген.Олардың негізгі орналасулары қазіргі талаптарға сай емес.

Бас жоспарлармен, жеке құрылыс аудандарының бөлшектік жоспарлау жобаларымен, тарихи-мәдени мұраның демалу аймақтарының және ескерткіш орындарының бас жоспарларымен бекітілген елді мекендердің қамтамасыз етілуі қажетті деңгейде қалмайды. 799 елді мекеннен 209 елді мекен бас жоспарлары бар, 590 түзетуді қажет етеді.

2011-2015 жылдарға облыс бойынша 1402,9 млн. тенңге сомаға 137 елді мекеннің бас жоспарларын және құрылыс сұлбасын және 20 тұрғын ауданның бөлшектік жоспарлауының жобаларын әзірлеу қарасытылған.


  1. Облыстық маңызы бар қалалардың және аудан орталықтарының бас жоспарларын әзірлеу.

Бас жоспарлар бекітілді:

- тұрғындар саны 100 мыңнан асатын облыстық маңызы бар қалалар: Өскемен және Семей;

- тұрғындар саны 100 мыңға дейін облыстық маңызы бар қалалар: Риддер, Курчатов.

19 аудан орталықтары және облыстық маңызы бар қалалардың 14 бас жоспарларды әзірлеу аяқталды, 4 бойынша 2012 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр, біреуі бойынша 2015 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Аудан орталықтарының бас жоспарлары бекітілді: Шемонаиха, Молодежное, Глубокое, Ақсуат, Үрджар, Бесқарагай, Бородулиха, Күршім, Қараул, Үлкен Нарын.


  1. Тірек ауылдардың және шағын елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу.

Сондай-ақ 2015 жылға дейін облыс бойынша 351 млн. теңге сомаға 74 шағын елді мекеннің бас жоспарларын әзірлеу қарастырылған.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу ережесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 2082 қаулысын орындау үшін облыстық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Базалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысының кадастырының ақпараттық жүйесі 5 қалада қабылданған болатын: Өскемен, Семей, Риддер, Зыря, Курчатов; 6 аудандық орталықтарда: Аягөз қ., Молодежное а., Ақсуат, Глубокое, Бородулиха, Бесқарағай.

Қалалар және аудандарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасына жалпы құны 269,6 млн. теңгеге 23 елді мекенде базалық деңгейде мемлекеттік қала құрылысы кадастрын әзірлеу бойынша жұмыстар енгізілген.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1714 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы 2005-2007 жылдарға арналған «электрондық үкімет» мемлекеттік бағдарламасын қалыптастыруды іске асыру аясында Шығыс Қазақстан облысында «Мекен жай регистрі» ақпараттық жүйесі» мемлекеттік мәліметтер базасын дамыту және енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бағдарламаның негізгі мақсаты – қалыптастырудың бірыңғай орталықтандырылған жүйесін құру және «Жеке тұлға», «Жылжымайтын мүлік регистрі» мемлекеттік мәліметтер базасы үшін мекен жай ақпаратын, сондай-ақ басқа ақпараттық жүйелерді ұсыну.

Күшті жақтары:

Тұрғындардың тіршілігіне қолайлы орта құру үшін кешенді аумақтар құрылысы. Бұл ретте табиғи-климаттық, қалыптасқан және болжанып отырған демографиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайлар, зоналауды фукнциялау және бұл аймақтар аумағын пайдалануға шектеулік, экологиялық жағдайда жақсарту бойынша шаралар есебімен елді мекеннің , соның ішінде әлеуметтік, рекреациялық, өндірістік, көліктік және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым, қосқандағы дамуының негізгі проблемалары шешілуде.



Әлсіз жақтары

Бас жоспарлары жоқ аумақтарды жаппай салу кейіннен меншік иелерінің құқықтарын шектеуге, жердің оңтайлы игерілмеуіне, әлеуметтік объектілердің, тұрғын үйдің және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысының қымбаттауына әкеледі.



Қауіптер:

Елді мекендердің бас жоспарлар, құрылыс жобалары мен детальды жоспарлау жобаларының келісілген тәртібінде бекітілгендегіде болмаған жер телімдерін беру және объектілер салуға Қазақстан Республикасының заңымен тыйым салынады.



2.2.4.1 Ауылдың тіршілігін қамтамасыз ету

Ауылдың қалыпты тіршілігін қамтамасыз етуге жағдай жасау үшін ауыл тұрғындары өмір сапасының ұлттық стандарттарына сай болып білім, денсалық сақтау, мәдениет және спорт, сапалы ауыз су, автомобиль жолдары, электрлендіру, байланыс, теледидар, Интернет жүйесі сияқты қызметтерімен қамтамасыз етілуі тиіс, ауылдық елді мекендердің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу нормативтеріне жету қажет.

Халықты денсаулық сақтаумен қамтамасыз ету мақсатында ауылдық аумақтарда 12 аудандық орталық аурухана, 6 - аудандық аурухана, 12 - ауылдық ауруханалар бар.

1 ауылдық ОДА, 169 ауылдық ДА, 350 МП, 82 жеке үй-жайсыз медициналық қызметкерлер бар.

Жалпы білім беру мекемелерінің жүйесі ауылдық жерде 562 мектеп және онда 82 296 бала бар. Мектепке дейінгі жастағы балаларға білім беру 100%-ды қамтиды.

Ауылдық аумақтарда 270 кітапхана, 264 клуб және мәдениет үйлері, 1 кинотеатр қызмет көсетеді.

Облыстың 785 ауылдық елді мекенінің 225 немесе жалпы халық санынан 58,4%-ы (348937 адам) орталықтардырылған су жүйесімен қамтамасыз етілген.

«ШҚО облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының титулдық тізіміне» сәйкес жергілікті маңызы бар ауылдық жолдардың жалпы ұзындығы 8 421,8 км. құрайды, оның ішінде асфальтбетондық жолдар – 175,4 шақырым, қара жамылғы – 3357,0 шақырым, қиыршық тас жамылғы – 4132,7 шақырым, грунттық – 756,7 шақырым.

«Ауыз су» бағдарламасын іске асыру тасымалданатын суды қолданатын 1993 адамға (Аягөз ауданының Мәдениет, Бидайық ауылдарында) су құбыры суын алуға қол жеткізді.

785 ауылдық елді мекеннің 5-і (0,6%) телефон жүйесімен қамтамасыз етілмеген.

785 ауылдық елді мекеннің 12 ауылында немесе 1,5%-да электр энергиясы жоқ, оның 5-і 50 адамман аса тұрғыны бар, 7-і 50 адамға дейінгі тұрғын тұрады.

Басты мақсатты индикаторы экономиканың динамикалық өсуі және ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, даму әлуеті жоғары ауылдық елді мекендерінің санын ұлғайту болып табылады..

2011 жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша облыста 785 ауылдық елді мекенде даму әлуеті жоғары 36 ауыл (5%), даму әлуеті орташа 680 ауыл (86%) және даму әлуеті төмен 62 ауыл (8%) бар, 7-де халқы жоқ (1%).

Елді кеңеістікті-аумақты дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды жоспарына байланысты және бекітілген критерилер бойынша облыс бойынша 50 тірек ауылдық елді мекен қаралған.

Оны іске асыру кезінде тірек ауылдар тұрақты көп салалы дамуды, толық жұмыспен қамтылуды, тек өзінің ғана емес, жақын ауылдақ елді мекендердің ауылды мекендер өмірінің және сапасының жоғарылығын қамтамасыз етуі қажет.

Әрбір тірек ауыл бойынша қойылған міндеттерді шешу үшін жеке сектор және халықтың қатысуы есебімен экономиканың нақты секторының, инженерлік инфрақұрлымның және ауылды абаттандыруды дамытуды іске асыруға негізгі күш бағытталатын болады. 3 тайпалы шаруашылық, 20 бордақылау алаңдары, 1 сервистік-дайындау орталықтары, 7 сою пунктері, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу бойынша 11 цех, 11 шағын-құс фабрикасы, 3 көкөніс қоймасы, жасанды себудің 5 пункті, 6 сүт-тауалы ферма, 11 ветеренарлық дәріхана құрылатын болады. Сондай-ақ, мал үстауға арналған бөлмежай, ауыл шаруашылық техникасын жөндеу бойынша шеберхана салынатын болады. Халыққа тұрмыстық және сауда қызметін көрсететін нысандар пайдануға енгізілетін болады.

Мемлекеттік қолдау мүмкіндіктерін пайдалана отырып «Бизнестің жол картасы 2020», «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламалары арқылы ауылда кәсіпкерлікті дамытуды әрі қарай ынталандыру қажет. Қойылған міндеттерді шешу, көзделген инвестициялық жобаларды іске асыру тірек ауылдардың экономикалық әлеуетін көтеру, демографиялық және әлеуметтік көрсеткіштерді жақсарту, ауылдың өмір сүру тіршілігін қамтамасыз ету үшін дрыс жағдай жасауға мүмкіндік берц қажет.

Мемлекеттік қолдау шаралары тіршілікті камтамыз ету инфрақұрылымының дамуына бағытталған, біріншіден ауыл тұрғындарының қажетті табыс деңгейін қамтамасыз ететін әлеуметтік-экономикалық даму әлуеті жоғары және орташа ауылдық елді мекендердің дамуына.

Ауылдық жерде орташа айлық еңбекақының өсу тенденциясы байқалады.

Ауылдық жерде орташа зейнетақы мөлшері 25000 теңгеден жоғары.

Кедейлік шегінен төмен өмір сүретін халыққа мемлекеттік атаулы көмек көрсетіледі. Жыл сайын отбасылар және алушылар саны азайуда. 2012 жылдың 1 қаңтарына 1863 отбасы тіркелген (2011 жылдың кезеңіне сәйкес салыстырғанда аз), алушылар – 7691 адам (5009 адамға аз), орташа айлық мөлшері 2026 теңгені құрайды (83 теңгеге көп).

Ауылды мекен бойыншажұмыспен қамту мәселесі бойынша жұмыспен қамту органдарына өтініш білдіргендер саны 2011 жылғы 1 қаңтарда 13 864 адамды құрады.Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,4% аз немесе 2 340 адамды құрайды. Экономикалық белсенді халық санында тіркелген жұмыссыздар үлесі бұл кезеңде 0,2 пайыздық тармаққа төмендеді – 0,9%-дан 0,7%-ге дейін.

Еңбекақының, зейнетақының, жәрдемақының өсуі халықтың ақшалай табысының өсуіне ықпал етеді. 2011 жылы халықтың атаулы жан басына шаққанда орташа ақшалай табысы 2010 жылмен салыстырғанда 18,6%-ға өсті және 40 484 теңгені құрады. Жан басына шаққанда орташа ақшалай табыс ауылда қаладан қарағанда орташа 30-40%-ға төмен.

Сонымен бірге, ауылда үй маңындағы шаруашылықтан ақшалай емес формадағы кіріс кең тарады. Үй шаруашылығының әрбір мүшесіне ауылдық жерде жеке шаруашылығына өндірілген өнімнен айына 3500-4000 теңгеден келеді.

Ауылда бұқаралық спортты дамыту материалды-техникалық базаның жоқтығынан проблемасы аса маңызды болып отыр. Елді мекендердегі қолда 432 спорт залдардан 421 зал жалпы білім беретін мектептерде орналасқан және оқу жаттығуларын жүргізу үшін пайдаланылады. Тек 2,6 % спорт имараттары ғана барлық халықтың пайдалануы үшін қол жетімді.

Ауылды мекендегі спорт және спорт-сауықтыру имараттарының желісі олардың жеткіліксіз санымен, нашар жабдықтанумен, төмен сапамен және олардың тегізсіз орналасуымен сипатталады. Бұның салдарынан облыстың жалпы білім беру мектептерінің оқу процессінде «шаңғы дайындығы», «гимнастика» сияқты тәртіптер орындалмайды немесе толық көлемде орындалмайды.



Күшті жақтары

1. Ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы топырақ-климаттық жағдай, бұл ауыл тұрғындарының негізгі кіріс көзі болып табылады.



Әлсіз жақтары

1. әлеуметтік инфрақұрылым объектілері желілерін жеткіліксіз деңгейі, шалғай ауылдық елді мекендерде әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне қол жетімділіктің жоқтығы немесе қиындығы

2. Жан басына шаққанда кірістердің аумақтық бірдей бөлінбеуі

3. ауыл тұрғындарының білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт қызметтеріне бірдеу қол жетімділігінің болмауы ауылдық жерлерде адами әлеуеттің деңгейін азайтады.



Мүмкіндіктер

1.Жұмыс істейтін медицина кадрларын және білім саласы мамандарын жұмыс орнына ұзақ мерзімге бекіту және жас мамандарды тарту бойынша жүйелі шаралар әзірлеу

2. Ауылдық елді мекендер әлеуетін дамыту

Қауіптер

1. Ауыл халқының көшуіне байланысты халық санының азаюы



2.2.4.2. Шекаралас өңірлер


Шекаралас аудандар бұл мемлекеттік шекараға жақын мемлекет аумақтары, ерекше шекара функцияларын атқарады және осыған байланысты ерекшеліктері бар. Шекаралас жерлердің ерекшеліктерін шарттайтын басты факторы географиялық орналасуы болып табылады.

Облыстың шекаралас аудандарының әлеуеті мемлекеттік шекарадан өтумен, көлік шарттарымен, шекаралас өткелдердің және кеден бекетінің инфрақұрылымымен, сондай-ақ тұратын халық санымен байланысты игерілетін нарықтың өндірістік факторларының құнымен, инвестициялық климаттың ерекшеліктерімен анықталады.

Шығыс Қазақстан облысы солтүстігінде және солтүстік-шығысында Ресей Федерациясымен, шығысында және оңтүстік-шығысында Қытай Халық Республикасымен шектеседі. Шығыс Қазақстан облысының аумағы 283,4 мың кв. км. Облыс халқы - 1418,8 мың адам, соның ішінде шекаралас аудандарда - 423,3 мың адам. Облыста 9 шекаралас аудан бар:.Риддер, Бескарагай, Бородулиха, Зайсан, Катонқарғай, Тарбағатай, Үржар, Шемонаиха және Күршім аудандары.

Бүгінгі күні шекаралас аудандарда халық санының азаю беталысы байқалады, осылайша соңғы үш жылда халық саны 43,9 мың адамға немесе 2007 жылдың деңгейіне қарағанда 10 % азайған, бұл осы аудандардың дамуына кері әсер етеді.

Халық санының азаюының негізгі себептері жұмыс болмауы, тұрғындардың қалаға және жақын аудандарға көшуі, табиғи азаю, тұрмыс жағдайының болмауы болуы мүмкін.

Шекаралас аудандарда және ауылдық елді мекендерде мынадай проблемалар бар: кейбір елді мекендерде орталық сумен қамту және канализацияның болмауы, әлсіз дамыған әлеуметтік сала мен сауда.

Сонымен қатар әлсіз дамыған нарықтық инфрақұрылым себебінен қолайсыз инвестициялық климат. Сондықтан инвестиция көлемі әзірге экономиканың құрылымдық өзгеруі үшін жеткіліксіз. Нәтижесінде шекаралас саудадан кірістер ұсақ және орта жеке фирмалар қолында қалып отыр.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығы нысанындағы жер аумақтарымен, туристік саланы дамыту, шекаралас сауданы дамытумен байланысты шекаралас аудандардың жоғары әлеуетті дамуын ескеру қажет.

Мысалы Риддер табиғи-рекреациондық ресурстармен сипататалады (Риддер маңы ландшафтары.).

Осы аумақта Кенді Алтайдың негізгі көрекіліктері шоғырланған, мұнда Қазақстан, ТМД және шетеле елдерінен көп туристер келеді

Өңірде Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы,, Алтай ботаникалық бақшасы «Ак-кем», «Ак-Кем-Риддер», «Бумеранг», «Радуга» турклубтары, 2 тау шаңғы базасы, 4 демалыс базасы  - «Синегорье», «Климовка», «Громотуха», «Кедровка» бар.

Катонқарағай ауданында Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бар.

Күршім ауданында Марқакөл ұлттық қорығы және Марқакөл көлі бар. Тұзсыз, ағынсыз Алакөл көлі Балқаш-Алакөл белдеуінде орналасқан, ол Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары шекарасында Үржар ауданында орналасқан.

Өңірде төрт шекаралас сауда аймағын құру жоспарланған. Олар Ресей мен Қытай шекараларында, «Майқапшағай», «Бақты», «Жезкент», «Уба» кеден бекеттерінде орналасады, олардың басты міндеті шетел әріптестермен бизнес жүргізу, Қытай мен Ресеймен тауарайналымын ұлғайту.

Қазір уақытта Бородулиха ауданында «Жезкент» кеден өткелінде шекаралас сауда және бірлескен бизнес жүргізу аймағы құрылуда, мұнда тиісті инженерлік инфрақұрылыммен қамтылған жер телімдері шекаралас сауда объектілері мен бірлескен өндіріс құру үшін бөлінеді. Бұл аймақ құрылысының жобасында шекаралас сауданы жүзеге асыру үшін бөлмежайлар, әкімшілік ғимараттар, қойма бөлмежайлары, туристік инфрақұрылымды дамыту нысандары, өндірістік нысандар қарастырылған.

Сонымен қатар шекаралас ынтымақтастық инфрақұрылымын дамытуға (шекара өткелдері, бақылау-өткізу және кеден бекеттері) және көршілес елдермен бірлескен құрылыс жүргізу шараларына және пайдалануға көңіл бөлу қажет.

Барлық аталған аспектілер аудандар және жалпы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының құрамдас бөлігі ретінде шекаралас аумақтардың экономикасын көтеру мақсатында шекаралас ынтымақтастыққа көзқарасты өзгерту қажеттігін анықтайды.

Осылайша шекаралас елді мекендерде қолайлы жағдай жасау және тұрғындар санын көбейту үшін жағдай жасау қажет.

Күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін SWOT талдау жүргізілді:

Күшті жақтары:

1. Көршілес елдермен сауда және іскерлік қатынастар жүргізуге мүмкіндік беретін географиялық орналасу.



Әлсіз жақтары:

1. Әлсіз дамыған инфрақұрылымдық және әлеуметтік сала.



Мүмкіндіктер:

1. Туристік сала мен шекаралас сауданы дамыту, жаңа келген тұрғындарға жер телімдерін беру.



Қауіптер.

1. Халық санының азаюы, ауылдық елді мекендердің құлдырауы.




      1. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жүйесі

Мемлекеттік басқару

Облыстың мемлекеттік органдарының құрылымын: облыстық және 19 аудандық және қалалық мәслихат аппараттары, 281 барлық деңгейдегі әкімдік аппараттары (облыс әкімі аппараты, 19 аудандық (қалалық) әкім аппараттары, 261 аудандық маңызы бар қалалар, кенттер мен ауылдық округтер аппараттары), жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 248 атқарушы орган және 25 орталық органның аумақтық бөлімшелері құрайды.

Облыс әкімі аппаратының қызметі әкімдіктің қызметін тек ақпараттық, аналитикалық, ұйымдастыру және басқа да қолдау түрлерін қамтамасыз етуді ғана көздемейді. Қазіргі уақытта жегілікті атқарушы органдары қызметінің үйлесімділігін жақсату және тиімділігін арттыру бірінші жоспарға кіреді.

Дәл осындай мақсатпен Шығыс Қазақстан облысында «е-үкіметті» құрастырушының бірі «электронды әкімдікті» құру бойынша өңірлік бағдарламаны іске асыру басталды.

Бүгінгі күні Бірыңғай көліктік орта салынды (бұдан әрі – БКО). БКО құрамына әр түрлі дегңейдегі бюджеттердің 52 мемлекеттік мекемелері жатады. Шығыс Қазақстан облысының ішкі порталы құрылды (интернет-портал). IBM компаниясының «Lotus Notes» бағдарламалық қамтамасыз етуі орнатылған барлық облыс басқармаларында, өңірлік бөлімшелерде, құқық қорғау органдарында және аудандық (қалалық) әкімдіктерде электронды құжат айналымның бірыңғай жүйесі енгізілді (бұдан әрі – ЭҚАБЖ).

2010 жылы облыстың мемлекетті органдарының жлпы құжат айналымы 40 885 құрады, соның ішінде: қағаз түріндегі құжаттар айналымы – 26 707 ( 65,3%), электронды – 14 178 (34,7%).

Жаңа мемлекеттік басқару жүйесін енгізу қазіргі уақытта мемлекеттік басқарманың ашықтық деңгейін көтеруді талап етеді. Осы мақсатпен облыс әкімінің блогы жұмыс істейді, мемлекеттік органдардың виртуалды қабылдауы жұмыс істеп, облыстық сайтта тұрғындармен тұрақты түрде сауалнама, интернет-конференциялар жүргізіледі, форум жұмыс істейді.

2010 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысында «Электронды үкімет шлюзі кіші жүйесі сияқты өңірлік шлюзі» («Е-әкімдік» АЖ) ақпараттық жүйесі аясында 25 мемлекеттік қызметті электронды түрге ауыстыру жүзеге асырылады.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде ақпараттық технологияларды қолдану жоғары деңгейде болып табылады, бұл туралы 17 жеке ақпараттық жүйенің болуы, бизнес-процесстерді автоматтандыру және салдар ретінде жергілікті атқарушы органдардың қызметін іске асыру процессін оңтайландыру куәләндірады.

«Жалғыз терезе» принципі бойынша сапалы және қолжетімді мемлекеттік қызметтер алу құралдарының бірі халыққа қызмет көрсету орталықтар болып табылады (бұдан әрі ХҚО).

«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының ХҚО халыққа өтініштер қабылдау және құжаттар беру бойынша мемлекеттік қызметтердің 67 түрін балама және баламасыз негізде ұсынуды қамтамасыз етеді.

Ағымдағы жағдйды SWOT-талдау нәтижелері:



Күшті жақтары

  1. ЖАО жеткілікті техникалық жабдықталуы

  2. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына мониторинг жүргізу үшін негіз бар.

  3. Электрондық қызметтер орталығығында Интернет-портал арқылы 123 электрондық қызмет: 11 интерактивті мемлекеттік қызмет, 112 виртуалдық қабылдау, 1 транзакция көрсетілуде

  4. Сайттың wap нұсқасы жұмыс істеуде;

  5. Облыстың ЖАО бірыңғай көлік ортасының болуы;

  6. Серверлік, соның ішінде резервтік бөлменің болуы;

  7. Бірыңғай электрондық құжатайналымы жүйесінің болуы;

  8. Облыстың елді мекендерінде 153 қоғамдық қатынау пункттері жұмыс істеуде;

  9. Мемлекеттік органдардың жеке 50 сайтының болуы;

  10. Смс – мәлімдеу арқылы ұтқыр қызметтердің болуы


Әлсіз жақтары:

Жауапты мемлекеттік органның электрондық мемлекеттік қызметтерді тұтынушылармен өзара әрекеттестік тәртібін реттейтін нлрмативтік-құқықтық базаның толық жетілмегендігі



  1. Ведомствоаралық өзара әрекеттестік үшін, сондай-ақ электрондық мемлекеттік қызметтерді тұтынушылармен өзара әрекеттестігі үшін ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік-құқықтық базаның жоқтығы

  2. Халықаралық тәжірибенің заманауи үздік тәжірибелерін ескере отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын мониторингілеу және бағалау әдіснамасының және тиімділігінің жетілдірілмегендігі

  3. Құқықтық келісілген ҚР МДҚ ықпалдандырудың жоқтығы

  4. Бизнестарды басқарудың негізгі бизнес-процестері автоматтандырылмаған

  5. Интернет-порталдағы әлеуметтік талап етілген интерактивтік, транзакциялық мемлекеттік қызметтердің саны тұрғындардың қажеттілігін жаппайды.

  6. Мемлекеттік қызметтерді ұсыну процестерін жеңілдетуге бағытталған АЖ болмауы

  7. Мемлекеттік басқару саласын мониторингілеуге бағытталған АЖ болмауы

  8. «е-үкіметтің» базалық компоненттерімен ықпалдандырудың жоқтығы

  9. БҚАЖ тек облыстық деңгейде қамтылуы

11.Қоғамдық жерлерде ҚҚП жеткіліксіз қамтылу деңгейі
Мүмкіндіктері:

  1. АКТ-саласының дамуын мемлекеттік қолдау

  2. Өңір тұрғындарының мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алуға қызығушылығы

  3. Ұялы телефондардың кеңәнен таралуы «е-әкімдікке» қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін қолданылуы мүмкін

  4. «Е-үкіметті» құрудағы басқа елдердің халықаралық тәжірибесі

  5. Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде ұсыну процесін жеңілдету және оңтайланлыру үшін ОМО АЖ пайдалану

6. Шығыс қазақстан облысының әкімдігі «электронды үкіметті» дамыту үшін инфрақұрылымды дамытудың жоғары деңгейіне ие – біріңғай көліктік орта, құжат айналымының бірыңғай жүйесі, сервистік және желілік құрал, резервті серверлі бөлменің бар болуы, мемлекеттік қызмет көрсету мониторингің сапасы.

Қауіптер:

  1. ЖАО е-үкіметтің базалық компоненттерімен ықпалдандырылуы жоқтығына байланысты интерактивтік мемлекеттік қызметтерді ұсынуға дайын еместігі

  2. Облыс халқының әлсіз ақпараттанғанына байланысты электрондық мемлекеттік қызметтердің сұранымсыздығы

3. Халықтың ұсынылатын электрондық мемлекеттік қызметтердің сапасына қанағаттанбауы
Гендерлік саясат
2010 жылы облыста 1398,2 мың адам тұрған, оның 734,4 адамы әйелдер, 52,5%. Әйелдер ерлермен қатар облыстың экономикалық қызметі саласында белсенді қатысады. Барлық жалдамалы жұмысшылар қатарында әйелдердің үлесі 50,0%, бұл 2009 жыл деңгейінен 1,2% көп. Бұл орайда экономика қызметінің кейбір түрлерінде әйелдер көп. Осылай, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет саласында барлық қамтылғандар санына 76,7% (2009 жылы – 77,1%), жұмыспен қамтылғандардың ішінен қонақ жай-ресторан бизнесі саласында – 72,8% (2009 жылы – 78,1%), білім беру – 75,3% (2009 жылы –74,1%), қаржы қызметі – 67,2% (2009 жылы – 78,8%), басқа коммуналдық, әлеуметтік және персоналдық қызмет – 62,5 % (2009 жылы – 52,9 %), сауда және үй шаруашылығын жүргізу қызметінде – 70,4 % (2009 жылы– 54,0 %).

Талдау көрсеткендей, 2010 жылы экономика саласында әйелдердің пайыздық ара қатынасы көп өзгерген жоқ, тек білім, басқа коммуналдық қызметтерде, әлеуметтік және персоналдық қызметтерде, сауда үй шаруашылығын жүргізу қызметі саласында үлесі көбейді.

Сонымен қатар ерлер мен әйелдер еңбек ақысында айырмашылық сақталады. Облыс бойынша орташа алғанда ерлердің еңбек ақысы әйелдерге қарағанда 23,6% жоғары. Өнеркәсіпте, құрылыс, сауда, қаржылық қызмет және басқа қызмет салаларында әйелдердің еңбек ақысы ерлерге қарағанда 11,2-23,5 % төмен.

Бұдан басқа, әйелдер бұрынғыша еңбек нарығында бәсекеге қабілеттіліктері төмен болып қалуда. Жұмыссыздардың жалпы санында әйелдер саны 24,5 мың адам немесе 55,9 %. 2008 жылмен салыстырғанда 11,9% төмендеген.

2010 жылы ерлердің жалақысы 69260 теңге болды және 2009 жылмен салыстырғанда 11,7% өсті, әйелдердікі 14,4 % өсті, 52861 тенге. Әйелдердің орташа айлық номиналды жалақысы ерлердікіне қарағанда 76,3% (2009ж. – 73,97%).

Облыста әйелдерді саяси жылжыту бойынша жұмыс жүргізілуде. Облыстық, қалалық және аудандық мәслихат 328 депутатының 43 әйел, облыстың 74 қала және аудан әкімдері мен орынбасарларының 11 әйел, 259 аудандық маңызы бар қала ауылдық округ, кенттер әкімдері мен орынбасарларының 33 әйел.

Сонымен қатар әйелдер шешім қабылдау деңгейінде билікте жеткіліксіз қамтылған. Берілген мәліметтерге қарағанда аудандық, қалалық және облыстық деңгейлерде өкілетті билік органдарында әйелдер үлесі не бәрі 13,2 %, биліктің атқарушы органдарында – 35,5 %.

Әлсіз және күшті жақтарын анықтау үшін SWOT –талдау жүргізілді.



Күшті жақтары:

1. Халықтың жалпы санынан әйелдер саны 52,5%

2. Экономикалық қызметтің кейбір түрлері бойынша әйелдер қызметі басым

3. Әйелдердің өмір сүру ұзақтығы ерлерге қарағанда жоғары



Әлсіз жақтары:

1. Жұмыссыздардың жалпы санында әйелдер саны 24,5 мың адам немесе 565,9%.

2. Әйелдер шешім қабылдау деңгейінде билікте жеткіліксіз қамтылған.

3. Ерлер мен әйелдер еңбек ақысында айырмашылық сақталуда.



Мүмкіндіктер:

1. Әйелдердің саяси жылжуы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтеді



Қауіптер:

1. Әйелдердің құқықтарын қадағаламау

2. Әйелдерді жыныстық дискриминациясы

        1. Облыс бюджеті



Облыс бюджеті бюджеттік әкімшілендірудің барлық функцияларында мемлекеттік қаржыландыру көлемінің айтарлықтай ұлғаюымен сипатталады.

Облыс бюджетінің көлемі 2010 жылға 160,1 млрд. теңге құрады.

Республикалық бюджет трансферттері 2008 жылға қарсы 1,6 есе артты, соның ішінде нысаналы трансферттер - 2,1 есе, субвенция – в 1,4 есе. Республикалық бюджеттен трансферттер үлесі 69,7%, меншікті кірістер үлесі – 30,3%.

2008-2010 жылдардағы облыс бюджетінің құрылымы

млн. теңге



40 сурет

2009 жылы жүйе құраушы кәсіпорындардың өндірісінің төмендеуіне байланысты экономикалық дағдарыс және 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР жаңа Салық кодексі енгізілуіне байланысты экономиканың шикізат емес секторына салық жүктемесінің төмендеуіне байланысты 2008 жылға меншікті кірістер түсімінің 0,7 % төмендеуі байқалады.

2010 жылы экономика саласының оң өсім қарқынына қол жеткізудің және табыс көздерінің қосымша резервтерін іздестіру бойынша облыста жүргізілетін жұмыстың арқасында жеке табыстар түсімдері өткен жылға 7,7% өсті.

Облыс бюджетінің шығыстары соңғы үш жылда 1,37 есе өсті және 160,1 млрд. теңгені құрады.

Облыс бюджетінде барлық әлеуметтік міндеттер сақталған, әлеуметтік саланы қаржыландыру көлемі 2010 жылы 2006 жылға 1,9 есе өсті.

2008 жылдан бастап бюджеттің қалыптасуы түрлі аймақтарда шығындық қажеттіліктерінде айырмашылықпен шартталатын бюджеттік қызметті тұтынушылар және объективті факторларға қарай шығындық қажеттіліктерді бағалау негізінде жүзеге асырылды. «Сметалық» байламнан шығындар деңгейінің айырмашылығын шарттайтын объективті факторлар есебімен формулалық сұлба бойынша бюджеттік қызметтерді тұтынушылар санына қарай ағымдағы шығындарды бағалауға көшу жүзеге асырылды (демографиялық құрам, халықтың тығыздығы, климаттық жағдайлар, көліктік қол жетімділік ж»не т.б).

Облыстың бюджеттік саясаты облыстың барлық қолға алған міндеттемелерінің толық және уақытында жүзеге асырылуы үшін қаржылық ресурстардың жұмылдырылуына және дайындалуына бағытталған, және, ең алдымен, бұл әлеуметтік міндеттемелер, сонымен қатар жұмыспен қамтуды қосқанда облыс халқын әлеуметтік қолдауға жанама әсер ететін бағдарлама.

Осылайша, бюджеттің әлеуметтік бағытталуы сақталған, және жоспарланған шығындардың негізгі басымдығы әлеуметтік қолдау, денсаулық және білім беру, сонымен қатар сапалы дағдарыстан кейінгі облыс экономикасының өсіміне жағдай жасау болып табылады.




жүктеу 9,73 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау