Бағдарламасы өскемен қ., 012 жыл паспорт



жүктеу 9,73 Mb.
бет3/7
Дата23.11.2018
өлшемі9,73 Mb.
#24282
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7


2.2.1.2 Өнеркәсіп.


Шығыс Қазақстан облысы Қазақстанның өндірісі дамыған өңірлерінің бірі болып табылады. Мұнда түсті металургия, машинажасау, энергетика, тағам, жеңіл және ағаш өңдеу өнеркәсібі, құрылыс индустриясы шоғырландырылған.

2010 жылға 641,3 млрд. теңгеге тауар өндірілді, бұл қолданыстағы бағада 2007 жылдың деңгейімен салыстырғанда 33,3% есе көп, республикалық көлемде – 5,4%. 2010 жылы табиғи көлем индексінің құлдырауы тоқтатылды, 2010 жыл қорытындысы бойынша ТКИ 2007 жыл (107,1%) көрсеткішінен артып, 107,3% құрады.


2007-2010 жылдардағы өнеркәсіптегі тауар өнімінің табиғи көлем индексі және өндіру көлемінің өзгеру динамикасы

4 сурет.

Өңір өнеркәсібі үш саланы қамтиды: тау-кен өндіру өнеркісібі, өңдеу өнеркәсібі және электр энергия, газ бен суды өндіру және тарату.



Таукен өнеркәсібінің негізін 62 жұмыс істейтін кәсіпорын, оның ішінде 47 шағын кәсіпорын, 11 орта кәсіпорын және 4 ірі кәсіпорын құрайды, олар кең тараған пайдалы қазбалар өндірумен айналысады.

Тау кен өнеркәсібінің өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде 18,1% құрайды.



2010 жылы 115,9 млрд.теңгенің тауарлық өнімі шығарылды, бұл 2007 жылдың деңгейінен қолданыстағы бағадан 38,7 % артық, ал республикалық көлемдегі үлесі – 1,6%, таукен өнеркәсібі өнімінің табиғи көлем индексі 89,9% құрайды.
2007-2010 жылдардағы таукен өнеркәсібіндегі тауар өнімінің табиғи көлем индексі және өндіру көлемінің өзгеру динамикасы

5 сурет.
Таукен өнеркәсібіндегі 4 жылдағы тауар өнімінің өндіріс серпіні тұрақты өсімді көрсетеді, алайда өндіру көлемі әлемдік қор биржасындағы металдарға баға серпініне тәуелді екенін ескере кету қажет.

Өңірдің минералды-шикізат кешенінің перспективті ресурсты базасын дамыту пайдаланылатын қорды өсіру мақсатында ауқымды іздестіру және іздестіру- бағалау жұмысын өткізуді талап етеді.

Өнеркәсіп өнімін әртараптандырудың негізі болып табылатын өңдеу өнеркәсібіне келесі кіші салалар кіреді: металлургиялық өнеркәсіп және дайын металл бұйымдарын жасау (саладағы үлес салмағы 57,2%), машина жасау (13,7%), өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі (7,2%), резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру (1%), химиялық өнекәсіп (2,5%), целлюлоздық-қағаз өнеркәсібі және баспа ісі (0,8%), ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау (0,4%), тоқыма және тігу өнеркәсібі (0,4%). Өндеу өнеркәсібінде 798 кәсіпорын, соның ішінде 103 ірі және орта кәсіпорын қамтылған.



Өңдеу өнеркәсібінің облыстың өнеркәсіп әлеуетінің жалпы көлеміндегі үлесі 72,2% құрайды.

2007-2010 жылдардағы өңдеу өнеркәсібіндегі тауар өнімін өндіру динамикасы

6 сурет.
2010 жылы өңдеу өнеркәсібінде 463,2 млрд. теңге сомасына тауар өнімі өндірілді, бұл 2007 жылдың деңгейіне 127,0%, республикалық көлемде – 12%, табиғи көлемнің индексі 117,8% құрады, бұл 2007 жылғы деңгейден 7,7 пайыздық тармаққа жоғары.
2007-2010 жылдардағы металлургия өнеркәсібіндегі тауар өнімі өндірісінің табиғи көлем индексінің динамикасы

7 сурет.
Түсті металлургия саласының жүйе құраушы кәсіпорындары «Қазмырыш» ЖШС, «Өскемен титан-магний зауыты»АҚ, «Қазақмыс»корпорациясы» ЖШС, «Үлбі металлургия комбинаты» АҚ болып табылады.

2010 жылы кіші саладағы табиғи индекс көлемі 114% жетті (6 сурет) және 2007 жылмен салыстырғанда 8,7 пайыздық тармаққа өсті.

Машина жасау кешені өңірдегі динамикалық дамып келе жатқандардың бірі болып табылады. Өңірде машинажасау өнімін шығаратын 130 аса шаруашылық субъектісі белсенді жұмыс істейді. Барлық кәсіпорындар типінің өнеркәсіп өндірісі құрылымында 18 ірі және орта кәсіпорындардың үлес салмағы артады, олардың машинажасау көлеміндегі үлесі 80% -дан көп. 2010 жыл қорытындысы бойынша машина жасаудағы өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 63,7 млрд. теңгені құрады. «Автокөліктік құралдар өндірісінде» өнеркәсіп өнімінің табиғи көлем индексі 2,1 рет өсті.

Кіші саланың қарқынды өсуімен қатар бірқатар шешілмеген проблемалар бар:

өндіріс тиімділігін арттыруға кедергі келтіретін жабдықтың тозуының жоғары деңгейі (43-80%);

шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі, шектелген номенклатура және өнімнің ішкі тұтыну үлесінің төмен болуы;

қолда бар өндіріс қуаттарының толық пайдаланылмауы;

саланың төмен инвестициялық тартымдылығы және кәсіпорындардағы айналым қаражатының тапшылығы;

машинажасау кешені инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы:

инфрақұрылымның айтарлықтай бөлігінін айырылуы (ғылыми-зерттеу институттары, конструкторлық бюро, тәжірибелік-эксперименталды база, сынақ өткізу және техникалық бақылау орталығы);

жоғары қосылған құны бар ғылымды қажетсінетін жоғары технологиялық бұйымдар өндірісіндегі төмен үлес.

Құрылыс материалдарын өндірумен 71 жуық ірі және орта кәсіпорындар айналысады. Құрылыс индустрия кәсіпорындары өнімнің үлкен ассортиментін өндіреді: цемент, керамикалық, силикат және шлак кірпіш, асбоцемент бұйымдар, шифер, тауар бетоны, бетоннан жинақталған құрылыс құрылымдар, керамикалық бұйымдар, тастан жасалған бұйымдар және т.б.

Құрылыс материалдары өнеркәсібінде өндіріс қуаттарының моралдық және табиғи ескіруі жалғасуда және, күтілетін экономикалық өсу кезеңінде, олар сапалы және бәсекеге қабілетті өнім шығара алмайды. Мәселен, «Бұқтырма цемент компаниясы» АҚ, «Семей цемент зауыты» ЖШС қолданыстағы зауыттарында цемент ескірген энергия шығынды «сулы» тәсілімен өндіріледі.

Соңғы жылдары облыста чех технологиясы бойынша керамикалық кірпіш, пластмассалық құбырлар, метал жабынқыш, пластмассадан жасалған ағаш бұйымдарын, құрғақ қоспалар, лак және бояу материалдарын және т.б. өндіру бойынша өндіріс орын алды. Құрылыс материалдар өндірісінің жыл сайынғы өсуі ішкі нарыққа, әсіресе тұрғын үй нарығына біркелкі сұраныстың болуымен қамтамасыз етілген.

Осы кіші салаға мынадай проблемалар тән:

өндірістің жоғары энергия сыйымдылығы;

негізгі қорларының тозуының жоғары деңгейі;

өнім өндірісінің жоғары өзіндік құны.

Құрылыс материалдары кіші саласындағы табиғи көлем индексі және тауар өнімі өндірісі өзгерісінің динамикасы 7-суретте көрсетілген.


2007-2010 жылдардағы құрылыс материалдары кіші саласындағы табиғи көлем индексі және тауар өнімі өндірісінің өзгерісінің динамикасы

8 сурет


Жеңіл өнеркәсіпте кәсіпорындардың 80 %-ын шағын және орта бизнес субъектілері құрайды, сондай-ақ сала кәсіпорындарының 75% ескірген жабдықтармен қамтылған, олардың жұмысының жүктемесі 30-40% аспайды.

Кіші саланың проблемалары:

- ішкі нарықтың жосықсыз импорттан қорғалмауы;

- айналым қаражаттарының жеткіліксіз болуы;

- технологиялық жабдықтың төмен деңгейі, оның моральдық және табиғи тозуы;

- екінші деңгейдегі банктердің несиелеу ставкаларының жоғары болуы;

- өндірілетін өнімнің бәскеге қабілеттілігінің төмендігі.

Ағаш өңдеу өнеркәсібінің орман шикізатын дайындайтын ағаш дайындаушыларға бекітілген барлық көлемді қайта өңдеу үшін өндіріс әлеуеті бар. Сала кәсіпорындарының көп бөлігі арамен кесу материалдарын ағаш дайындау тұрғын үй құрылысына арналған бөренелер, терезе және есікке арналған блоктар, жиһаз өндіруге мамандандырылған шағын бизнес субъектілері болып табылады.

2002 жылдан бастап қолданыстағы орман ресурстарының шикізат базасы тиімді пайдаланылмайды, ағаш өңдеу өнеркәсібінің өндіріс қуаттары орташа алғанда 20-40 % жұмыс істейді. Орман өнеркәсібі кешенінің жалпы ішкі өнімдегі орта әлемдік үлесі 3-3,5% құрайды. 1990 жылға дейін орман өнеркәсібі кешенінің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 4,7% жеткен. Бүгінгі күні осы көрсеткіш тек қана 0,2% құрайды.

Ағаш өңдеу өнеркәсібіндегі табиғи көлем индексі және тауар өнімі өндірісі өзгерісінің динамикасы 8-суретте көрсетілген.

Сүректі өңдеу және ағаштан жасалған бұйымдар өндірісінің көлемі 2009 жылы 1906,2 млн. теңгені құрады. Өнеркәсіп өнімінің табиғи көлем индексі 110,7% құрады.


2007-2010 жылдардағы арналған ағаш өңдеу өнеркәсібіндегі табиғи көлем индексі және тауар өнімі өндірісінің динамикасы

9 сурет.
Кіші саланың проблемалық мәселелері:

- төмен тауарлы және отын сүрегін кәдеге жарату бойынша өндірістің болмауы;

- кеден аумағында сыртқы экономикалық қызметке, барлық ағаш тұқымдас өнімдерінің экспорты мен реэкспортына тыйым салу.

Тамақ өнімдерін өндірумен, соның ішінде сусындар өндірумен 203 жұмыс істейтін, соның ішінде 27 ірі және орта кәсіпорындар мен өндірістер айналысады.



2010 жылы салада 60,7 млрд.теңгенің тауарлық өнімі шығарылды, бұл 2007 жылдың деңгейінен 40,8% артық, табиғи көлем индексі 121,7% құрады.
2007-2010 жылдардағы тамақ өнімдерінің, соның ішінде сусындардың табиғи көлем индексі және өндірісі динамикасы

10 сурет

Саланың негізгі проблемасы өндіріс үрдістерін механизациялау және автоматтандырудың төмен деңгейі, сала кәсіпорныбұрын пайдалануда болған өндірістік және технологиялық жабдықтармен жарақталған, олар физикалық және моральді тозған, бұл бәсекеге қабілетті өнім шығаруға мүмкіндік бермейді.

Химия өнеркәсібінде 26 кәсіпорын жұмыс істейді, олар негізінен таукен және металлургиялық өнеркәсіпке арналған өнім шығарады (қышқыл, газдар, жарылғыш заттар және басқалар).

Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде химия өнеркәсібінің үлесі 1,8% құрайды.



2010 жылы 11,7 млрд.теңге сомасына тауар өнімі өндірілді, бұл 2007 жылдың деңгейінен қолданыстағы бағада 2,5 % төмен, химия өнеркәсібінің өнім өндірісінің табиғи көлем индексі 89,9% құрады.
2007-2010 жылдардағы химия өнеркәсібінің табиғи көлем индексі және өндірісі динамикасы

11 сурет

Бұл саланы дербес сала ретінде дамыту үшін облыста жеткілікті ресурстық база жоқ (мұнайхимиялық кіші сала жоқ).

Негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісімен 4 жұмыс істейтін кәсіпорын айналысады. 2010 жылы фармацевтикалық өнеркәсіпте 464,7 млн.теңге сомасына немесе 89,6% тауарлы өнім өндірілді, химия өнеркәсібінде өнім өндірісінің табиғи көлем индексі 81,8% құрады.

2010 жылы «Полиэтилен құбырлары өндірісінің цехын салу» жобасын іске асыру, 2012 жылы «Жарма ауданында цемент зауытын салу» нысанын енгізу күтіледі, бұл тауар өнімін өндіру көлемін 1,5 есе ұлғайтуға мүмкіндік береді.

2011 жылы «Тері-былғары өндірісін қайта жаңарту және жаңарту» жобасын қолданысқа енгізу нәтижесінде өндіріс көлемін 1,7 есе ұлғайту жоспарланған.

«Жарылғыш заттар өндірісін құру» және «Радиациялық тігілген полиэтилен және термоорнатылған манжеттер мен ленталар өндірісін құру» жобаларын іске асыру химия өнеркәсібі өндірісін 1,2 есе ұлғайтады.

2013 жылы «Ромат» фармацевтикалық компаниясы» ЖШС медициналық препараттар зауытын қайта жаңарту» жобасы іске асырылады. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды қайта жаңарту өнім өндірісі көлемін кіші сала бойынша 1 млрд. теңгегге ұлғайтуға мүмкіндік береді.

2013-2015 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасы шеңберінде, тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорындардың өндірістік сыйымдылығына қарай моноқалаларды онтайландыру бағыты бойынша моноқалаларды тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамыту мақсатында төрт моноқаланың экономикалық әлеуеті, сондай-ақ перспективалы жаңа маманданулары анықталған.

Экономиканы әртараптандыру шеңберінде экономиканы ұзақ мерзімді әртараптандыру үшін 6 «зәкірлік» инвестициялық жобаны іске асыру бойынша іс-шаралар қарастырылған. Аталған жобаларды іске асыру нәтижесінде Зырян қаласында өнеркәсіп өнімін өндіру көлемін 2015 жылы 105%-ға, 2011 жылмен салыстырғанда инвестициялық жобаларды іске асыру есебімен 39691,0 млн. теңгеге дейін ұлғайту көзделген. «Зәкірлік» инвестициялық жобаны іске асыру нәтижесінде Курчатов қаласының өнеркәсіп өндірісінің көлемін 5994,9 млн. теңгеге дейін ұлғайту (2011 жылмен салыстырғанда 27,4%). «Зәкірлік» инвестициялық жобаны іске асыру нәтижесінде Риддер қаласының өнеркәсіп өндірісінің көлемін 64411 млн. теңгеге дейін ұлғайту (2012 жылмен салыстырғанда 1,9%), таукен өнеркәсібінің тауар өндірісін ішкі айналымға қайта бөлу есебімен. «Зәкірлік» инвестициялық жобаны іске асыру нәтижесінде Серебрянск қаласының өнеркәсіп өндірісінің көлемін 5145,0 млн. теңгеге дейін ұлғайту (2011 жылмен салыстырғанда 105%).

Саланың дамуы жағдайына SWOT-талдау:

Күшті жақтары

1. Меншікті материалдық шикізат базасының болуы;

2. Шикізатты терең және кешенді өндеу өндірістерін ұйымдастыру үшін отандық ғылыми-техникалық әзірлемелердің болуы;

3. Әлемдік нарықта сұранысқа ие металдарды өндіретін және шығаратын жетекші компаниялардың болуы;

4. Шығарылатын түсті және сирек металдар өндірісі негізінде жоғары қосымша құн жаңа өндірістерін құру мүмкіндіктері;

5. Бірінші кезекте аралас салалар тарапынан өсіп келе жатқан ішкі сұраныс;

6. Ірі импорттаушы нарықтарға жақындық (Ресей, Қытай);

7. Өндіріс әлеуетінің болуы;

8.Түсті металлургияның экспортқа бағытталуының жоғары деңгейі;

Әлсіз жақтары

1. Бөлудің төмен деңгейі және метал бұйымының аз номенклатурасы;

2. Пайдалы қазбалардың жаңа кен орындарын іздеу бойынша геологиялық жұмыстарға мемлекет қаражатын жеткіліксіз салу;

3. Шетелдік аналог кәсіпорындармен салыстырғанда өнім өндірісінің жоғары ресурстығы- және энергия сыйымдылығы;

4. Еңбек өнімділігінің төмен деңгейі;

5. Ішкі нарықтың көлемінің үлкен болмауы;

6. Білікті мамандардың тапшылығы;

7. Технологияның тозуы (70%), негізгі қордың баяу жаңаруы;

8. Айналым қаражатының өндірісті жаңарту және техникалық жарақтандыру үшін жеткіліксіздігі;

Мүмкіндіктер:

1. Метал бұйымдары, ғылыми сыйымды, функционалды материалдар, арнайы ерітінділер өндіру көлемдерін ұлғайту.

2. ТМК дамуы облыс экономикасын индустрияландырудың «локомотиві» бола алады.

3. Жоғары қосымша құн метал өнімдерінің ұлғаюы басым бағыт болып қалады;

4. Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасымен Кеден одағына кіруге байланысты нарықтың кеңеюі, бұл шикізат пен құрамдаушы экспорты мен импортын жеңілдетеді,

5. Ел ішіндегі және халықаралық кооперацияларды дамыту, соның ішінде әлемдегі ірі шикізат және құрамдаушы база жеткізушілерінің бірі ретінде Ресей мен Қытайға жақындықты пайдалану.



Қауіптер

1. ТМК өнімі экспортының шикізаттық бағытталуының сақталуы;

2. Машина, құралдар, механизмдер, импортының көптігі, машина жасау және аспап жасау саласының дамуын тежейді;

3. Тауар рудасын селективті өндіру және металлоломның экспорты салдарынан облыстың шикізат базасы мен металл қорының азаюы;

4. Қытай машина жасау саласы тарапынан бәсекелестіктің болуы;

5. Шикізат ресурстарына бағаның құлауы.


Электрмен қамтамасыз ету


Өңірде «Өскемен ГЭС» ЖШС (19,1%), «Шүлбі ГЭС» ЖШС (21,0%), «Бұқтырма ГЭС» АҚ (33,0%), «Өскемен ЖЭО» ЖШС (19,0%), «Согра ЖЭО» ЖШС (3,0%), «СЭС Лениногор каскады компаниясы» ЖШС (0,6%) және «Жылукоммунэнерго» МКК (0,4%) электр энергия өндіретін кәсіпорындар болып табылады.

Электр энергиясын өндіру, желіге жіберу, тұтыну және тапшылық көлемінің өзгеру динамикасы соңғы 3 жылда өндіру көлемі барлығы 3,5%-ға, ал тұтыну көлемі – 4,5%-ға азайғанын көрсетті.



2008-2010 жылдардағы электр энергиясын өндіру, желіге жіберу, тұтыну және тапшылық көлемінің өзгеру динамикасы

12 сурет

Бұқтырма бөгенінің толтырылуы азайғандықтан Бұқтырма ГЭС 17,3%-ға және Өскемен ГЭС 13,1%-ға электр энергия өндіруді төмендетті.

2010 жылы облыс бойынша электр энергияны тұтыну 4%-ға төмендеді және 7 799,0 млрд. кВт.сағатты құрады.

Облыс бойынша электр энергияны тұтыну көлемі электр энергияны өндіру көлемінен 11%-ға асып кетті және электр энергия тапшылығы 2010 жылғы 12 ай үшін 775 млн. кВт.сағатты құрады.

Электр энергия тапшылығы АЕS компаниясы кәсіпорындарының жаңа энергетикалық қуаттылықтарын қосу және қолданыстағыларын жаңғырту бойынша инвестициялық міндеттемелерін орындамаудың нәтижесі болды (Бұлақ СЭС (Шүлбі СЭС қайта реттеушісі) салудан бас тарту), Өскемен ЖЭО-да бу турбинасы мен қазан агрегатын құрастыру жұмыстары істелген жоқ, Өскемен СЭС-те қосымша екі гидроагрегат құрастырылған жоқ.

2008 жылдан бастап 2010 жылға дейінгі кезеңде энергетикалық кешен кәсіпорындарымен негізгі капиталға 12,4 млрд. теңге сомасындағы инвестиция салынды.

17-кесте


Өңірдің энергетикалық кешеніне салынған инвестиция көлемінің өзгеру динамикасы


р/с

Инвестиция құрылымы

Жылдар

2008

2009

2010

1

Барлық инвестиция көлемі, млн. теңге

4495

3751,6

4151,6

2

соның ішінде АЕS кәсіпорындары бойынша

1930

2490,0

2342,0

Соңғы жылдары инвестиция салудың өсу беталысының байқалғанына қарамастан, облыс энергетикасына инвестиция салудың жалпы көлемінің (энергия объектілерін қайта жаңарту және қалпына келтірумен байланысты жұмыстарды толық көлемде жүргізуге қажетті тиісті инвестиция көлемінің) тек 10%-ын ғана құрағандығын айту қажет.

Осының салдарынан бүгінде энергетикалық жабдықтардың тозу дәрежесі өте жоғары: СЭС бойынша – 30-68%; ЖЭО бойынша – 65-70 %.

Электр станциялардың негізгі жабдықтарының, электр беру желілерінің, коммутация аппаратураларының жартысына жуығы пайдаланудың нормативтік мерзімін өтеген және істен апаттық шығу сатысында тұр.

Тозу пайызы 70%-ды құрайтын өңірлік электр желілері өте нашар жағдайда тұр.

АES компаниясы 1999 жылы өңірлік электр желілерін басқаруға алып, жарамсыз болып қалған электр қондырғыларының орнына жаңаларын құрастыру, сондай-ақ қолданыстағы электр желілерін қайта жаңарту және техникалық қайта жарақтандыру бойынша жоспарлы жұмыстарын мүлдем жүргізген жоқ деуге болады.

Осының кесірінен негізгі құралдардың тозуы 60%-дан асады, ВЛ-110 кВ –50%-ға, ЛЭП-35 кВ – 62%-ға, ЛЭП-6/10/04 кВ – 84%-ға, қосалқы станцияның энергия жабдықтары 50%-ға қызмет көрсету мерзімі толығымен өтелген, желілердің кейбір жерлерінде қоректенудің екінші көзінде қуаттылықтың резерві болмау себебінен санаттық тұтынушылардың қайта қоректену мүмкіндігі болмайды, қолданыстағы таратушы электр желілерінің ұлғайған жүктемені жабуға мүмкіндіктер жоқ.

Өткен (2009-2010 жж.) жылыту маусымы электр желілерінің техникалық жағдайының төмен деңгейін көрсетуші болып табылады. Осылай жылыту маусымы кезінде электр желілерінде 3451 апаттық ажыратулар, соның ішінде 1016 (30%) ауарайының қолайсыздығынан болып, артынан ол тіршілікпен қамтамасыз ететін объектілерде төтенше жағдайдың қалыптасуына нақты қатерді туындатты. Электр энергиясының тұтынушыларға жалпы берілмеуі 1877 мың кВт сағатты құрады. Электр желілеріндегі апаттық ажыратулардың саны өткен жылыту маусымымен салыстырғанда 19%-ға ұлғайды.

«ШҚ ӨЭК» АҚ-дағы энергетикалық жабдық пен ЭБЖ-нің өте нашар техникалық жағдайы Мемэнергоқадағалаудың 2009 бен 2010 жылдары жүргізген комиссиялық тексерулерінің актілерімен де расталады.

«110 кВ және төмен таратушы электр желілерін дамытудың 2015 жылға дейінгі сұлбалары» іс-шараларын іске асыру жоспарына сәйкес 110 кВ және төмен таратушы электр желілерін жаңадан салудың және жаңғыртудың жалпы күрделі қаржы жұмсалымы 103,2 млрд. теңгені құрайды, бұл 11 млрд. теңгеден кем емес көлемдегі инвестицияны жыл сайын салу дегенді тұспалдайды.

2010 жылғы 1 қаңтардан енгізілген екі жылға арналған орта мерзімдік тариф ӨЭК үшін қаржыландырудың жалғыз көзі болып табылады, онда сомасы 1 817,97 млн. теңге инвестициялық бағдарлама, соның ішінде 2010 ж. – 907,97 млн. теңге, 2011 жылы – 908,97 млн. теңге қарастырылған. Көрініп тұрғандай, тарифтегі инвестициялық құрамдас бөлік «Сұлбамен» қарастырылған облыстың электр желілік шаруашылығын жаңғырту бойынша іс-шараларды орындау үшін өте жеткіліксіз.

Бүгінгі күні облыста 13 электрлендірілмеген ауылдық елді мекен бар.

2007 жылдан бастап электр энергиясына тарифтер 1 қаңтарда 3,41 теңгеден бастап 6,67 теңгеге дейін жоғарылады.

Электр энергия тарифтерінің ұлғаюының негізгі себептері:

- 1 млрд кВт сағаттан аса электр энергияның тапшылығы, оны жабу үшін электр энергия облыс шегінен сатып алынады, бұл электр энергияның босату бағасының құнын «Кegoc» АҚ желілері бойынша тасымалдауға қосымша қызмет көрсетулер есебінен ұлғайтады;

- облыста электр энергияның тапшылығына қарамай «АЕS Өскемен СЭС» АҚ мен «AЕS Шүлбі СЭС» АҚ арзан өндірілетін электр энергияны облыс шегінен тысқары сатқан: 2007 жылы – 1206 млн. кВтсағ және 2008 жылы – 1724 млн. кВт сағ немесе өнідірудің жалпы көлемінің 50%-ы шамасында.

Осы орайда, облыс шегінен 2007 жылы 1786 млн. кВт сағ және 2008 жылы 3006 млн. кВт сағ электр энергия алынды, олар аса жоғары бағамен сатып алынды.

«ШҚ ӨЭК» АҚ өңірлік электр желілерінің өте нашар техникалық жағдайы желілерде жоғары деңгейлі техникалық шығынның болуын ушықтырады – 460 млн. кВт сағ немесе тасымалданатын электр энергияның 12%-ы. Техникалық жоғалтуларды сатып алу шығындары (900 млн. теңге шамасында) тариф есебінен жабылады.



Энергия үнемдеуші саясатын қолдану мақсатында 2015 жылға дейінгі Энергия үнемдеу бойынша іс-шаралар (Тұжырымдама) әзірленіп, облыстық сессия мәслихатымен (2007 жылғы 16 қазан) бекітілді.
Электр энергияның 2008-2010 жылдары өңір шегінен тысқары сатылған және сатып алынған көлемінің өзгеру динамикасы
13 сурет
Бірақ, ықпалдандырудың қаржы-экономикалық, құқықтық тәсілдерінің жоқтығынан энергия үнемдеуші іс-шараларын іске асыру өте баяу жүргізілуде.

Үкімет саясатына сәйкес энергия үнемдеу саласында тұрғындар арасында энергия ресурсын үнемдеуде нақты ынталандыру болып табылатын «күн»-«түн» тәулік зонасы бойынша және электр энергиясын тұтыну бойынша сараланған тарифтер енгізілді.

Облыста «иесіз» электр желісінің жалпы саны 366,358 шақырымды құрайды, оның 321,4 шақырым электр желісі иесіз деп тану ресімінен өтті. Желінің қалған бөлігі (44,958 шақырым) коммуналдық меншікке ауыстыру және қалалар мен аудандар әкімдіктерінің қарау сатысында жатыр.

Шығыс Қазақстан облысы жаңарған энергия көздерінің үлкен әлеуетіне ие.

Отын-энергетика ресурстарын үнемдеу, қоршаған ортаға кері әсерді төмендету және Қазақстанның бірыңғай электрэнергия жүйесімен әлсіз электр байланыстары бар өңірлердің электрэнергиясын қамтамасыз ету мақсатында жаңарған энергия көздерін пайдалануды дамыту қажет.

Жел энергетикасы

Жасалған зерттеулерге сәйкес республиканың басқа өңірлерімен салыстырғанда жел энергетикасын дамыту үшін Шығыс Қазақстан төмен тартымды. Облыстың 2-3 аудандарының телімдерінде ЖЭС құрылысына бірнеше мақсаттылықтар туралы ғана аталады.

Жел энергетикасын дамытуға басты кедергі құрылысқа жоғары жинақ күрделі шығындар және электроэнергияға жоғары тариф болып табылады. Алайда, энергия таратқыштарға бағаның үнемі өсімі, басым қуаттылықты жаңғыртуға және жаңартуға инвестиция тарту жағдайында дәстүрлі көздерден және жел электростанциясынан электрэнергияға баға арасындағы айырмашылық қысқаратын болады.

Қазақстанды жел энергетикасын пайдалану перспективалары Бірлескен Ұлттар ұйымы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан – жел энергетикасын дамыту бастамасы» жобасының аясында қарастырылған болатын. Жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша жел электростанциясын салу үшін перспективалы алаңдар анықталды.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша қуаты 40 МВт ЖЭС орнатуға Жарма алаңы анықталды, ол Жарма ауданы Жаңғызтөбе ауылды мекенінінен екі километрде орналасқан, биіктігі теңіз деңгейінен 607 м, Қараш тауында. Солтүстік кент метеостанция мәліметтері және институтта бар мәліметтер бойынша желдің орташа жылдық жылдамдығы 5,6 м/сек. ЖЭС құрылысына арналған алаң бос, құрылыс жоқ, ауылшаруашылық өндірісі үшін пайдаланылмайды, ЖЭС әрі қарай дамыту перспективасына мүмкіндік береді.

2009 жылы «Spain Consult» ЖШС қазақстан-испан компаниясы Ұлан ауданы Тайынты ауылында жел электростанциясының құрылысы бойынша жоба бастама етілді.

Аталған кезеңде жоба Goldwind компаниясы өндірген 16 жел генераторларын орнатуды көздейді. Бұл қозғалтқыштардың әр қайсысы 24 МВт толық қуаттылық кезінде 1,5 МВт номиналды қуаттылығына ие, Жел электростанциясы шамамен жылына 62 640 000 кВт*сағ өндіреді.

Шығыс Қазақстан облысында Тайынты алаңы жақсы жел әлеуетіне ие, осы орайда турбинаның бекітілген қуатын пайдалану коэффициенті тәртіппен 33,9 % құрайды. ЖЭС электроэнергия өндіру жақын аудандардың электроэнергиясында тұтыну бөлігін жабу үшін жеткілікті, сондай-ақ жартылай жылу қысымымен жабылған. Құралдарды жеткізу бағыты белгілі және қиыншылық тудырмайды, ЖЭС қуатын беру үшін электр желілеріне қосылу қол жетімді, телім ЖЭС құрылысы кезінде турбиналар үшін фундаменттер жайластыру үшін қиыншылықтар тудырмайды.

Қазіргі уақытта жоба бастаушысымен жобаны іске асыру мәселесі пысықталуда.

Гидроэнергетика

Қазіргі уақытта Қазақстанның өндірушілік қуаттылық құрылымында ГЭС үлесі 12 % құрайды, бұл Қазақстанның бірыңғай энергия жүйесінің (БЭЖ) 20-30 % тәуліктік максимумына жететін пиктік қысымдарды жабу үшін жеткіліксіз. Жаңа ГЭС құрылысы Шығыс Қазақстанның ғана емес сонымен қатар елдің барлық бірыңғай энергия жүйесінің қысымының артушы пиктік бөлігін жабуға жәрдем көрсетеді.

Облыстың су қоры шағын және ірі ГЭС құрылысы бойынша кең мүмкіндіктерді көрсетеді. Кейбір бағалар бойынша облыстың әлеуетті гидроэнерго ресурстары 61,3 млрд. кВт*с құрайды, оның ішінде пайдалану үшін шамамен 20 млрд. кВт*сағ техникалық мүмкін.

Шағын ГЭС және шағын плотинасы жоқ ГЭС электроэнергия өндірісінің төмен өзіндік құнына ие, сондай-ақ басқа энергия көздерімен салыстырғанда қоршаған ортаға аз қысым көрсетеді.

ГЭС каскадтарының құрылысы құрылыстың толық көлемде аяқталуын күтпей қуаттылықтың кезеңдік енгізуін жүзеге асыруға мүмкіндік береді, бірінші агрегаттарды енгізуді және электроэнергияны алуды жылдамдатады, бұл сондай-ақ қор беру және капиал салу тиімділігін арттырады.

Облыстың Зырян, Зайсан, Күршім, Тарбағатай, Катонқарағай аудандарында шағын ГЭС құрылысы бойынша уәкілетті мүмкіндіктер бар, олар 30-60 жылдары шағын ГЭС жұмысы есебінен өзінің электроэнергиядағы қажеттілігінің жартысын жабатын және олар қуатты энергия көздерін қолданысқа енгізу есебімен облысты орталық электрмен қамту жүйесі кезеңінде бұзылған болатын.

Күн энергетикасы

Облыстың географиялық орналасуының солтүстік ендігіне қарамастан күн энергетикасының ресурстары тұрақты және жағымды климатикалық жағдайдың арқасында тиімді болып табылады. Өскемен қаласында гелиоэлектростанция үшін қажетті түйін және құралдар шығаратын жағдайы бар өнеркәсіптік кәсіпорындар орналасқан.

Гелиоэлектростанция орналастыруға тиімді аудандар – Тарбағатай және Аягөз аудандары.

Облыста шағын қуатты күн панельдерінен шаруашылық субъектілерді электрлендіру мысалдары бар.

«Казатомпром» Қазақстан ұлттық атом компаниясы Астана қаласында күн батарейлерін өндіру зауытының құрылысына кіріседі, зауыттың металлургиялық кешені Өскемен қаласында орналасатын болады.

Қалыптасқан жағдайды бағалау мынаны көрсетеді:



Күшті жақтары:

1. Арзан электр энергиясымен жабдықтаушы су электр станцияларымен өндірілетін электр энергияның жоғары үлесі (2009 жылы өндірілген жалпы көлемнің 74 %-дайы);

2. кернеулігі 110 кВ және төмен электр берудің жүйе қалыптастырушы желілерінің дамыған сұлбасы;

3. жаңартылатын энергияның елеулі әлеуетінің бар болуы: су ресурстары – 20 млрд. кВт.сағ, жел энергиясының әлеуеті – 10 млрд. кВт.сағаттан астам;

4. электр энергия экспортының мүмкіндігі және транзиттік әлеуеттің бар болуы;

5. отын-энергетикалық ресурстардың елеулі қорының бар болуы.



Әлсіз жақтары:

1. Генерациялаушы жабдықтың парктік ресурстарын едәуір өндірілуін, ол қолданыстағы электр станцияларының электр энергия өндіру мүмкіндігін шектейді (жабдықтың 60 %-дан астам тозуы);

2. электрлік өңірлік желілердің тозуының жоғары деңгейі (65-70%);

3. жаңа энергия көздерін салуды қамтамасыз ететін механизмнің болмауы;

4. энергия тапшылығына байланысты Солтүстік энергетикалық аймақ көздерінен электр энергия жеткізуге тәуелділік.

Мүмкіндіктер:

1. Облыстың энергетикалық қауіпсіздігіне жаңа энергетикалық қуаттылықтар енгізу есебінен жету;

2. облыстың энергия теңгеріміне жаңартылатын энергия көздерін енгізу;

3. электр энергетика объектілерін дамытуға инвестиция тарту үшін саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру шараларын қабылдау.



Қауіптер:

1. Мүмкіндігі бар және орнатылған қуаттылықтар арасындағы қуаттылық ажырауының ұлғаюы;

2. Облыс электр энергиясының Солтүстік энергетикалық саланың энергия көздері жұмысының тұрақтылығына тәуелділігі;

3. Едәуір тозудың кесірінен облыс тұтынушыларын энергиямен жабдықтау сапасының төмендеуі.



2.2.1.3 Агроөнеркәсіп кешені


Облыс экономикасын дамытуда агроөнеркәсіп кешені маңызды рөл атқарады. Онда біршама экономика әлеуеті топтасқан. Оның дамуы облыстың және республиканың азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін және облыстағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды анықтайды. Облыс ішіндегі жалпы өнімнің 8%-дан 10%-ға дейін аграрлық сектор үлесіне тиесілі болып отыр.

Облыстың ауыл шаруашылығы саласы негізінен мал шаруашылығына және өсімдік шаруашылығына негізделген. Жалпы ауыл шаруашылығы өнімінде мал шаруашылығының өнімі 60 % құрайды.

Мал шаруашылығының ерекшелігі оның көпсалалығында. Табиғи-климаттық жағдайларға және шаруашылық жұмыстарға байланысты облыста сүт және ет, биязы жүнді, қылшық жүнді қой шаруашылығы, шошқа шаруашылығы, жылқы шаруашылығы, құс шаруашылығы, марал және бұғы шаруашылығы, омарта шаруашылығы, түйе шаруашылығы табысты дамып келеді. Марал және бұғы шаруашылығын дамыту, панты өнімдерін өндіру бойынша облыс республикада монополист болып табылады.

Соңғы бес жылда облыста ешкі және қой басы 6,8%, жылқы 20%, шошқа 8,2%, араның балұясы 40% артты.

Сонымен қатар, бұл кезеңде облыста ірі қара мал басы 4%, құс 20% қысқарды.

Ірі қара мал басының төмендеуінің негізгі себебі 2009-2010 жылдар қысының кезеңіндегі дүлей апаттардың нәтижесі болып табылды (қар көшкілері, көктемгі су басу).

Сонымен қатар, мал басын төмендетуге келесі факторларда пайда болды:


  • барлық санаттағы бруцеллезбен ауыратын малды союды іске асыру;

  • барлық санаттағы аусылмен ауыратын малды пайдаға асыру (Үржар және Күршім аудандары);

Облыста құс басының азаюының себебі Глубокое ауданы Черемшанка құс фабрикасының банкротқа ұшырауы болып табылды.

Мал табынында негізгі үлесті (62,6%) ірі қара малы алып отыр. Біршама бөлігін жылқы (11,6%) және қой мен ешкі (1,7%) алады.

Жалпы ауыл шаруашылығы өнімінде өсімдік шаруашылығы 40% құрайды. өсімдік шаруашылығы өнімдері облыста 6 егіншілік аймақта өсіріледі.

Егіс алқаптары негізінен тәлімі жерлерде орналасқан. Онда дәнді және бұршақ тұқымдас дақылдар өсіріледі.

Ауылшаруашылық дақылдарының егіс алқаптары құрылымының негізгі үлесін барлық санаттағы шаруашылықтарда дәнді дақылдар (45,4%) және майлы дақылдар (31,3%) құрайды, дәнді дақылдардың егіс алқабы құрылымында 65% бидай алады. Қалған бөлігі мал азықтық дақылдарға (18,8%), картоп (2,1%) және бақшалық дақылдарға (0,9%) тиесілі.

Облыс республикадағы күнбағыс дәнін негізгі өндіруші болып табылады. Рсепубликада өндірілетін күнбағыс дәнінің 60% біздің облыста өндіріледі.

2007-2010 жылдарда ауыл шаруашылығы өнімі өндірісі көлемін нақты тұрақтандыру және күшейту ауыл шаруашылығы өнімі өндірісі көлемін арттыруға мүмкіндік берді.

2007-2010 жылдары ауылшаруашылық өнімін өндіру көлемі 98,1-ден 153,1 млрд. теңгеге немесе 2 есе дерлік артты.


3 кесте

Табиғи көлем индексінің 2007-2010 жылдардағы динамикасы


Көрсеткіштер/жылдар

2007

2008

2009

2010

Табиғи көлем индексі

107,6

85,1

131,5

96,5

Оның ішінде өсімдік шаруашылығы

109,7

62,7

184,9

88,5

Мал шаруашылығы

103,0

101,7

101,9

103,3


Мал шаруашылығы саласы серпінді дамыды. Соңғы 4 жылда облыста малшаруашылығының жалпы өнім көлемі 61,1-ден 103,8 млрд теңгеге артты. Малшаруашылығының жалпы өнім көлемі жылына орташа 102-103% құрайды. Облыс бойынша қой және ешкі басы 11,3 %, жылқы 16,5 % артты.

Алайда, дүлей апаттардың (көктемгі су басу, қар көшкіндері) және инфекциялық аурулардың тұтануы салдарынан облыста ірі қара мал басы 1 %, шошқа 20,5 % қысқарды. Технологиялық циклдың өзгеруінен өнеркәсіптік құс шаруашылығында Глубокое ауданында құс басы 3,3 млн. бастан (2007 ж.) 2010 жылы 3 млн. басқа дейін төмендеді.



Мал шаруашылығы өнімін өндіру көлемі бойынша облыс республикада жетекші орындардың бірін алып отыр. 2010 жылы сүт өндіруден облыс республикада - бірінші, ет өндіруден - үшінші, жүннен – төртінші орын алды. Жалпы республикада малшаруашылық өнімін өндіру көлемінде облыстың үлесі 10,6% және бесінші орында тұр.
2007-2010 жылдарда мал шаруашылығы өнімін өндіру

көлемінің өзгеру динамикасы

14 сурет


Сүтті мал шаруашылығы облыстың ірі қалалары төңірегінде орналасқан сүт белдеулеріне кіретін 6 аудан шаруашылықтарында барынша дамыған.

Қалған аудандарда аз тауарлы өндіріс басым, бұнда 78 % тұрғындар шарушылығында орналасқан. Бұл аудандарда сүт өңдеу нашар дамыған.

Сүт малшаруашылығының өнімділігін арттыруға жақсы ұйымдастырылған селекциялық-тұқымдық жұмыс жағдай жасады.

Мал шаруашылығының негізгі салаларынан басқа облыста омарта, пантылы бұғы шаруашылығы бар. Аталмыш мал шаруашылығының салалары қалыпты деңгейде сақталып отыр. Соңғы жылдары марал мен бұғылар саны 10-11 мың басты құрап отыр. Пантылы бұғы шаруашылығымен облыстың 7 аймағы айналысады.

Бал ара ұяларының саны тұрақты емес, өйткені аралар инфекциялық ауруларға ұшырағыш, бұл тұрақтылыққа маңызды әсер етеді. Бал ара ұяларының трақтылшығына сондай-ақ жағымсыз ауа райы жағдайлары әсер етеді. Соңғы жылдары бал ара ұяларының саны 33,2-ден 52 мың данаға дейін ауытқиды.

Етті мал шаруашылығының дамуына жасалған талдау, облыстың көптеген аудандарында бұл сала экстенсивті тәсілмен немесе өнімділік жағынан емес, мал санының артуы есебінен дамып отырғанын көрсетті.

Жалпы облыс бойынша алынған өнім өндірісі мал шаруашылығы өнімінде облыс тұрғындарының қажеттілігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мал шаруашылығы өнімін өндіруді арттыруға осы саланы қаржылай қолдау, қосымша мал бордақылау алаңдарын, сүт тауар фермаларын, асыл тұқымды шаруашылықтар құру, қатты және құнарлы жем дайындау ықпал етті.


4 кесте

2007–2010 жылдары мал шаруашылығын дамытудың

негізгі көрсеткіштерінің өзгеру динамикасы


Көрсеткіштер атауы

2007 ж

% алдағы жылға

2008 ж

% алдағы жылға

2009 ж

% алдағы жылға

2010 ж

% алдағы жылға.

Мал басы (мың бас):

























ІҚМ

764,1

100,9

765,6

100,2

782,7

102,2

757,3

96,8

қой мен ешкі

2055,1

107,0

2173,3

105,8

2278,8

104,9

2289,0

100,4

Жылқы

171,7

107,0

184,1

107,2

196,9

107,0

203,3

103,3

Шошқа

114,5

98,7

90,8

79,3

87,4

96,3

95,7

109,5

Марал

12,8

111,3

10,8

84,4

10,4

96,3

9,1

87,5

Құс

3355,1

112,5

3231,3

96,3

3198,8

99,0

3040,6

95,1

Мал басының өнімділігі:
















 

 

 

1 сауын сиырдан сауылған сүт, кг

2108

100,1

2109

100,0

2128

100,9

2172

102,1

1 қойдан қырқылған жүн, кг

2,5

100,0

2,5

100,0

2,5

100,0

2,6

104,0

100 аналықтан алынған төл:
















 

 

 

бұзау, бас

85

97,7

85

100,0

86

101,2

85

98,8

қозы, бас

97

100,0

96

99,0

96

100,0

93

96,9

құлын, бас

87

97,8

86

98,9

86

100,0

82

95,3

торай, бас

961

90,8

988

102,8

1145

115,9

1116

97,5

Өнім өндіру, мың тонна
















 

 

 

ет тірі салмақта

186,5

107,0

194,5

104,3

197,2

101,4

208,5

105,7

ет, барлығы сойылған салмақта

106,9

107,0

110,6

103,5

112,5

101,7

118,9

105,7

с.і.: сиыр еті

52,5

101,9

55,2

105,1

54,1

98,0

58,6

108,3

қой еті

18,5

109,5

19,8

107,0

20,9

105,6

20,6

98,6

Шошқа еті

9,8

108,9

10,2

104,1

9,2

90,2

9,0

97,8

Сүт

677,2

102,3

678,2

100,1

697,9

102,9

711,0

101,9

Жұмырытқа, млн. дана

308,8

109,2

309,9

100,4

305,4

98,5

267,0

87,4

жүн, тонна

3923,4

113,6

4151,9

105,8

4522,1

108,9

4710,9

104,2

Қабылданған шаралардың нәтижесінде облыста 2010 жылы 216 мал бордақылау алаңы және 52 сүт-тауарлы ферма құрылды. Бұл нысандардың барлығы 2006-2010 жылдары құрылды.

Асыл тұқымды шаруашылықтардың саны соңғы 5 жылда 82 бірлікке өстіде, 140 бірлікті құрады.

Ветеринарлы-оңалту және диагностикалық іс-шаралар жоспары толық орындалуда.

Облыста негізгі проблема ауыл шаруашылық малдарының бруцеллезі болып табылады. 2009 жылы ІҚМ және КҚМ бруцеллезі бойынша 26 қолайсыз аумақ тіркелді.

Өсімдік шаруашылығында егістіктерді кеңейту шаралары жүргізілді. 2010 жылдың 1 қараша жағдайы бойынша ауылшаруашылық жерлердің жалпы аумағы 22661,6 мың. га немесе жалпы жер аумағының 79,9% құрады.

Ауылшаруашылық жерлердің жалпы құрылымында егістіктің үлесі 5,8% немесе 1311,0 мың га құрайды, көпжылдық көшеттер – 5,8 мың га (0,03%), тың жерлер – 373 мың га (1,6 %), шабындық – 1056,9 мың га (4,7 %), жайылым – 19960,3 мың га (88,1 %).

Шаруашылықтарға бекітіліп берілген ауылшаруашылық мақсаттағы қолда бар егістік жерлер мен тың жерлерге жүргізілген талдау нәтижесіне сәйкес, 2007 жылмен салыстырғанда 2010 жылы облыстағы егістік жер аумағы 57,5 мың га артты.

2007 жылдан 2010 жыл бойынша кезеңде ауыл шаруашылық өнімдерінің алаңы 117,5 мың гектарға немесе 12 % артты.

Ауылшаруашылық дақылдарының егістігі құрылымында дәнді дақылдар 45% құрайды, бұл 2010 жылы 489,5 мың га болды.

Барлық дәнді дақылдардың ішіндегі басым дақыл болып отырған бидай, 336,5 мың га немесе жалпы дәнді дақылдар егістігін құрылымда 70% жұық құрайды. Арпа 15,5%, қарақұмық – 6,4%, сұлы – 2,8%, дәнді бұршақ -1,2%.

Облыс бойынша майлы дақылдардың егіс алқаптары соңғы төрт жылда 2007 жылы 180,8 мың га, 2011 жылы 364,6 мың га дейін немесе 2 есе ұлғайды.

Сонымен бірге, әртүрлі топырақ-климаттық жағдайларға байланысты күнбағыстың өнімділігі облыстың әр ауданында 4 цен/гектардан 14 цен/гектарға дейінгі аралықта болады.

2010 жылы күнбағыс дәнінің тазартылғаннан кейінгі салмақтағы көлемі 189,5 мың тонна, яғни 2007 жылғы деңгейден 65,2%-ға жоғары. Облыста өндірілетін күнбағыс дәнінің көлемі халықтың күнбағыс майына сұранысын толық қамтамасыз етеді, өнімнің біршама бөлігі (70%-ға дейін) облыстан тысқары жерлерге қайта өңделген түрінде сатылады.

Алайда, соңғы жылдары күнбағыс өсіруге берілетін субсидия мөлшерінің арттырылғанына байланысты ауылшаруашылық дақылдары егістігін жетілдіру бойынша шаралар жүргізілмей отыр. Облыстың егістік құрылымында күнбағыстың үлесі 2007 жылы 18,8%-дан 2010 жылы 33% дейін өсіп, ғылыми негізделген ауыспалы егіс жүйесінің бұзылуынға әкеліп соқты. Одан басқа, минералдық тыңайтқыштар мен өсімдік қорғау құралдары жеткілікті қолданылмайды. Осы факторлардың барлығы жер құнарының азаюына және өнімділіктің төмендеуіне әкеліп соғады.

Облыста рапс, сафлор, қытайбұршақ сияқты майлы дақылдар өсіріледі. Алайда олардың дәнінің құрамында майдың аздығына байланысты облыста аталған дақылдар кең ауқымда пайдаланылмай отыр.

Мал шаруашылығында жеткілікті мал азығының қорын құру мақсатында мал азықтық дақылдар егістігі артып келеді. Талдау жасалып отырған кезең ішінде облыс бойынша мал азықтық дақылдар аумағы 25% артты және 200,2 мың га құрады.

Салада егіншілікті әртараптандыру жұмыстары басталды және жалғасуда. Егер 2006-2007 жылдары ылғал ресурстарын сақтау технологиясы 4 мың гектарда қолданылған болса, аталған технология 2010 жылы 222,5 мың гектарда қолданылды.

Облыста 205,2 мың га суармалы жер бар. Оның ішінде 2010 жылы пайдаланғаны 67,9 мың га. Облыс аудандарында су пайдаланушылардың 25 кооперативі құрылды. Алайда бүгінгі күні облыста 137,3 мың гектар суармалы жер пайдаланылып отыр, оның ішінде су пайдаланушыларда қаражат тапшылығынан 26 мың гектар, жердің мелиоративтік жағдайының нашарлауынан - 38,2 мың га және қалған аумақ – суару жүйесінің ақаулығынан, қажетті техниканың жоқтығынан және басқа да себептермен.

Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын уақтылы және тиімді мерзім ішінде жүргізу үшін облыстың дихандарына субсидия ретінде қаржылай көмек көрсетіледі. 2010 жылы республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген субсидия 1,3 млрд теңгеден астам құрады, 2007 жылдың деңгейінен 2 есе жоғары. 2007 жылы өсімдік шаруашылығын қолдау үшін республикалық және жергілікті бюджеттен 700 млн. теңге субсидия бөлінді.

Талданып отырған 4 жылдық кезеңнен өсімдік шаруашлығы үшін ең қолайлы 2009 жыл болды. Облыс бойынша дәндердің өнімділігі 15,9 ц/га, картоп – 150,6 ц/га, жеміс – 229,3 ц/га, бақшалық – 202,9 ц/га құрады. Бұл облыстың ауыл шаруашылық өндірушілеріне дәндердің 885,3 мың тонна, картоптың 352,0 мың тонна және жемістің 194,9 мың тонна, бақшалық 39,6 мың тонна, күнбағыс дәндерінің 190,6 мың тонна жалпы жиынтығын алуға мүмкіндік берді.

Сонда да саланың жұмыс нәтижесі көп жағдайда табиғи-климаттық жағдайға байланысты. 2008 жылы қатты құрғақшылық салдарынан ерте пісетін майлы және дәнді дақылдар зардап шекті, сол себепті өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі алдыңғы жылдардағыдан біршама төмен болып шықты.

Құрға ауа райы жағдайларынан өсімдік шаруашылығы бойынша 2010 жыл көрсеткіштері жалпы облыс бойынша орта тәуліктік деңгейден төмен қалыптасты. Осы орайда дән өндірісі 2010 жылы 467,7 мың тоннаны құрады.

Күнбағыс дәндерінің өндірісі 2010 жылы орташа қол жеткізілген деңгейден 30 % артады және 189,5 мың тоннаны құрайды. Өндіріс көлемінің артуы негізінен бұл дақылдардың егіс алқабын арттыру есебінен болды.

Картоп және көкеніс егістік алқаптарының көлемін, жәнеде олардын түсімділігін ұлғайту арқылы 2007 жылмен салыстырғанда картоп 21,7%-ға өсіп 374,7 мың тонна, көкөніс – 17,6%-ға өсіп 198,6 мың тонна құрады.

Минералды тыңайтқыштардың жеткіліксіз көлемінен химияландыру деңгейі облыста төмен. Минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету минималды қажеттіліктен 5 % құрайды.

5 кесте


2007 – 2010 жылдары өсімдік шаруашылығын

негізгі даму көрсеткіштерінің өзгеру динамикасы

Көрсеткіштер атауы

2007г.

% алда-ғы жылға

2008г.

% алдағы жылға

2009г.

% алда-ғы жылға

2010г.

% алда-ғы жылға

Егістік көлемі, мың га

979,4

96,6

1065,4

109

1132,2

106,3

1095,2

96,7

а) дәнді дақылдар

603,4

103,2

596,6

99,2

567

95

489,7

86,4

с.і. бидай

382,9

96,3

416,9

108,9

397,7

95,4

336,5

84,6

б) күнбағыс

183,8

69,1

266,5

145,1

348,5

130,8

364,6

104,6

в) мал азығы дақылдары

160,4

120,5

170,3

106,2

178,8

105

200,2

112,0

г) картоп

21,8

107,9

21,3

97,7

23,4

109,9

24,2

103,4

д) көкөніс

7,7

102,7

7,6

98,7

8,4

110,5

8,95

106,5

Суармалы егістік

219,1

100

219,1

100

219,1

100

219,1

100,0

с.і. тұрақты суармалысы

57,5

99

60,8

105,7

64,9

106,7

67,9

104,6

А/ш дақылдарының орташа түсімділігі

























дақылдар, цен/га

























а) дәнді дақылдар

11,9

125,3

4,3

36,1

15,9

369,8

10

62,9

б) күнбағыс

6,3

97

4

62,5

6,3

157,5

5,4

85,7

В) картоп

142,2

88,1

119,2

87,4

150,6

126,3

155,6

103,3

г) көкөніс

217,8

95,5

199,9

91,8

229,3

114,7

220,8

96,3

Өнім өндіру, мың тонна

























Астық

711,5

137,8

196

27,5

885,3

451,7

467,7

52,8

Күнбағыс

114,7

72,2

85,4

74,5

190,6

223,2

189,5

99,4

Картоп

307,9

98,4

251,4

81,6

352

140

374,7

106,4

Көкөніс

168,9

105,6

152,1

90,1

194,9

128,1

198,6

101,9

Бақша

37,2

97,9

30,5

82

39,6

129,8

41,1

103,8

Тұқым шаруашылықтары

38

105,6

37

97,4

38

102,7

34

89,5

Облыста тұқым шаруашылығының дамуы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Тұқым шаруашылықтарының саны 23-тен 34 бірлікке дейін өсті. 2009 жылы күнбағыстың элиталы және гибридтті тұқымын өндіретін 4 элиталы тұқым шаруашылығы құрылды, олар келешекте аталған дақылдың элиталы тұқымымен облысты және Қазақстан Республикасының басқа аймақтарын да қамтамасыз ететін болады.

Облыстың тұқым өндірушілері 1005 тонна дәнді дақылдар тұқымын, 19 тонна күнбағыс тұқымын, 30,5 тонна көпжылдық шөп, 12 тонна біржылдық шөп және 170 тонна картоп тұқымын өндірді.

Облыс халқын ерте пісетін көкөніспен қамтамасыз ету үшін 8 жылыжай салынды, оның ішінде жалпы аумағы 5,14 га 3 жылыжай 2008-2009 жылдары салынған.

Жалпы қуаты 92,8 мың тонна 113 көкөніс қоймасы, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны- 61,7 мың тонналық 95 қойма. Қалған объектілер қайта жаңғырту мен күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді.

АӨК техникалық жабдықтаудың сапалы өсімі үшін 5 жылда жалпы сомасы 18,8 млрд. теңгеге техниканың 3,9 мың бірлігі сатып алынды.

Агросервистік қызметтер көрсету саласын кеңейту үшін облыста ауыл шаруашылық техникасын жеткізудің 3 сервистік орталығы жұмыс істейді.

Саланың дамуы жағдайына SWOT-талдау:



Күшті жақтары

  1. Өндірістік әлеуеті бар;

  2. Ауылшаруашылық өндірісі тұрақты дамуы;

  3. Облыс халқының ет, сүт, картоп, көкөніс және ұн сияқты негізгі азық-түлікпен толық қамтылуы.

Әлсіз жақтары:

  1. Өндірістің ұсақ тауарлығы;

  2. Ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтардың тозуы;

  3. Суармалы егіншіліктің тиімділігінің төмендігі;

  4. Асыл тұқымды мал үлесінің аздығы;

  5. Жеткіліксіз мал азығы;

  6. Ауылшаруашылық өндірісінде заманауи инфрақұрылымның жетілмеуі;

  7. Ауылдық тұтыну кооперативтері мен сервистік дайындау орталықтардың жеткілікті дамымауы;

  8. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің көпшілігінде негізгі және айналым қаражаттарының жеткіліксіздігі;

  9. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің кредиттік ресурстарға қол жетімділігі төмен болуы;

  10. АӨК-де білікті кадрлар жеткіліксіздігі.

Мүмкіндіктері:

  1. Агроөнеркәсіптік кешен әлеуетін толық пайдалану;

  2. Бәсекеге қабілетті өнім өндіру;

  3. Техникалық жабдықтау деңгейін көтеру;

  4. Ауылшаруашылық өндірісінің тиімділігін арттыру;

  5. АӨК дамытуда көделген шараларды іске асыру (СТФ, мал сою алаңдарын және т.б. салу);

  6. Ауылдық тұтыну кооперативтерін және сервистік дайындау орталықтарын дамыту.

Қауіптер:

  1. Құрғақшылық және табиғи апаттарға байланысты облыстың азық-түлік қауіпсіздігі қаупі;

  2. Кепілдік мүліктің болмауына байланысты инвестиция тартудағы қиындықтар;

  3. Малдардың аса қауіпті ауруларының шығуы.

Облыста басқа шаруашылықтармен бірге балық шаруашылығы дамып келеді. Облыста 100 табиғи су қоймасы, 3 су қоймасы, республикалық маңызы бар 2 көл бар, оның ішінде 67 жануарлар әлемін пайдаланушыларға ұзақ мерзімге (10 жылға дейін) бекітіліп берілген. Бөлінетін лимитке байланысты жыл сайын 4,2 мың тоннаға дейін балық ауланады. Су қоймаларын пайдаланушылар оны жыл сайын 13,0 млн. теңге өз қаражаттарына балық толтырады.

Балық шаруашылығын дамытуды тежейтін проблемалар: балық өсіру материалдары мен арнайы комбикормдардың қымбаттығы; балық шаруашылығын дамытуда мемлекеттік қолдаудың болмауы.



2.2.1.4 Туризм


Өңір туристік мүмкіншіліктері жағынан бірегей. Географиялық және саясат ерекшелігі арқасында, ол түбегейлі аумақта қол жетімсіз және экологиялық таза күйінде қалды. Шығыс Қазақстан аумағы бай табиғи жер бедерлерімен ерекшеленеді: шөлімен, қырларымен, тайгасымен, биік тауларымен, көп өзендері және көлдерімен.

Алтай-Саян экологиялық аймақтың бөлігі болып табылатын Қазақстан Алтайының аумағы ерекше көңілге лайық. Өзінің бірегей жер бедеріне және биологиялық әртүрлілігі арқасында, аталған өңір «WWF Living Planet» Халықаралық Ұйым анықтаған екі жүз (200) басым глобалды экологиялық аймақтарға кіреді.

Облыстың өңірлеріне тән 5 басты туризм түрлерін ерекше атап өтуге болады:

- экологиялық туризм (Катонқарағай, Күршім аудандарында және Риддер қаласында)

мәдени – танымдық (Семей қ., Абай және Ұлан аудандары),

емдеу - сауықтыру (Катонқарағай, Үржар аудандары),

жағажай (Зырян, Ұлан, Күршім аудандарында),

Тау шаңғысы (Глубокое, Зырян аудандары және Риддер қ.)

2007 жылдан бастап туризмді дамыту саласы 2007-2011 жылдары Қазақстан Республикасында туризмді дамыту Мемлекеттік бағдарламасын, 2006-2008 жылдары Шығыс Қазақстан облысының туризм саласын дамыту Аймақтық бағдарламасын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 1048 қаулысымен бекітілген 2010-2014 жылдары Қазақстан Республикасының туристік индустриясының басым бағыттарын дамыту бойынша Аймақтық бағдарламаны, инфрақұрылым құру және дамыту, облыстың туристік имиджін қалыптастыру және жылжыту, туризм саласына инвестицияларды тарту арқылы орындауға бағытталған.

2008-2010 жылдары шаруашылық субъектілер қаражаты есебінен жаңа туристік объектілерді салу және қолданыстағыларды қайта құру жұмыстары жүргізілді.

Туристік қызметтердің әлемдік нарықтарында облыстың тартымды туристік имиджін қалыптастыру және жылжыту мақсатында, жыл сайын ішкі туризм бойынша облыстық имидждік іс-шаралар өткізіледі, халықаралық туристік көрмелерге, жәрмеңкелерге, биржаларға қатыстырылады бірнеше тілде жарнама-ақпараттық өнімдер шығарылады, республикалық бұқаралық ақпарат құралдары және туроператор өкілдері үшін ақпараттық турлар жүргізіледі.

Туристік кадрларды дайындау деңгейін арттыру мақсатында оқыту семинарлары, курстары өткізіледі. Шығыс Қазақстан облысында «Туризм» мамандығы бойынша 4 жоғары оқу орындары және 5 колледж «Туризм» және «Қонақ үй шаруашылығын және туристік кешендерді ұйымдастыру» мамандығы бойынша оқытады, сонымен қатар «Гидтер – экскурсия жетекшісі» мамандығы бойынша оқулар жүргізіледі.

Сондай –ақ туристерге қызмет көрсету және ауыл туризмін дамыту үшін қонақ үйлерді, кәдесый өнімдерін, азық-түлік сату арқылы жергілікті тұрғындарды тарту жұмыстары белсенді жүргізілуде.

Облыстың қолөнершілеріне және қолданбалы өнер шеберлеріне қолдау көрсету мақсатында демалыс базалары мен үйлерінде, қала саябақтары мен мұражайларында көрме-саудалар өткізіледі.

Туризмнің басым түрі, тұрақты дамудың факторы, экологиялық туризмді дамыту мақсатында, аса қорғалатын табиғат аумақтарында экологиялық бағыттар және соқпақтар, туристерді тарту мақсатында облыстың мәдени, тарихи, табиғи әлеуетін сақтауға және дамытуға мүмкіндік беретін трансшекаралық бағыттар әзірленіп бекітілген.
6 кесте

2008-2010 жылдардағы туризм көрсеткіштерінің даму динамикасы


Көрсеткіштер атауы

өлшем бірлігі

2008

2009

2010

Туристік қызметтен көрсетілген туристік қызмет көлемі

млн. теңге

1 721,7

1 829,9

2 259,3

Кіру туризмі

мың адам

17,2

15,3

17,2

Ішкі туризм көлемі

мың адам

278,5

254,2

288,3

Туристік ұйымдар саны

саны

108

112

119

Жүргізілген талдау бірнеше проблемалық мәселелерді анықтады, олардың шешімі Шығыс Қазақстан облысында туризм индустриясын тұрақты дамыту - қойылған мақсатқа жетуге мүмкіндік береді:

- орналастыру объектілерінің, яғни қонақ үйлерінің, пансионаттардың, демалыс үйлері мен базаларының, сонымен қатар сауықтыру-курорт мекемелерінің материалдық базасы тозудың жоғары дәрежесімен сипатталады;

- бүгінгі күні туристер үшін туризм масштабтары, түрлері, орналасу орындарының сапасы және оларды ұсыну халықаралық стандарттарға сай келмейді;

- туристік объектілер жоқ жерлерді және бағыттардың соңында туристерді орналастыру жағдайының болмауы;

- құнды және тартымды экскурсия объектілеріне немесе әдемі жер бедерлеріне апаратын көлік жолдарының нашар болуы немесе жоқ болуы;

- шалғайдағы аудандарда бағыттың өтуін бақылау және шұғыл жағдайда жедел көмек көрсетуге арналған сенімді мобильді байланыс үшін қаражат пен мүмкіншіліктің болмауы;

- экскурсия объектілері жағдайының нашарлығы - қолайлы қарау алаңдарының, ақпарат қалқандарының, жабдықталған және қауіпсіз соқпақтардың, демалыс базаларының болмауы;

- Катонқарағай және Күршім аудандарындағы трансшекаралық бағыттардың даму проблемасы (шекара маңы зонасына рұқсатнама рәсімдеу тәртібінің ұзақтығы);

- рекрециялық зоналардың экологиялық жағдайы проблемасы (антропогенді жүктеме, жағажай зоналарының бұзылуы).

Туризмнің дамуына кедергі келтіретін негізгі проблемалардың бірі қызмет көрсететін салада мамандандырылған туризм кадрларының болмауы болып табылады. Бұл туризм индустриясы объектілеріндегі білікті мамандардың болмауы проблемасына ғана емес, сондай –ақ туризм саласы үшін кадрларды дайындау сапасына да қатысты.

Қызмет көрсететін саладағы төмен сапа, туризм индустриясы объектілерінде көрсетілетін қызметтердің төмен сапасына әкеледі. Сонымен қатар ауылды аудандардың жергілікті тұрғындары экономикалық пайда көрмейді және туризмнің дамуына қызығушылық білдірмейді.

Саланың даму жағдайын SWOT талдау:



Күшті жақтары

1. Облыстың тиімді экономикалық-географиялық жағдайы;

2. Жер бедерлерінің алуан түрлілігі, бірегей табиғи, мәдени және тарихи ескерткіштердің болуы;

3. отандық және шет елдер инвесторларының қызығушылығы;

4. Туризмнің басым бағыттарын дамыту: экологиялық, емдеу-сауықтыру, мәдени-танымдық, жағажай, тау шаңғысы туризмін.

Әлсіз жақтары:

1. Туризмнің дамыған инфрақұрылымының болмауы, оның ішінде туристік объектілерге апаратын жолдардың жамандығы;

2. Білікті басқару және қызмет көрсетететін қызметкерлердің болмауы;

3. Өңірдің туристік өнімінің кәсіби маркетингінің болмауы;

4. туризмді қолдаудағы шектеулі қаржылық мүмкіншіліктер, өз қаражатының және инвестициялық ресурстардың тапшылығы;

5. Туристік бизнестегі төмен кәсіби деңгей, көрсетілетін туристік қызметтер бағасына қызмет көрсету сапасы және деңгейінің сәйкес келмеуі.



Мүмкіндіктер:

1. Туризмнің бәсекеге қабілетті инфрақұрылымын құру мүмкіндігі;

2. қосымша жұмыс орындарын құру арқылы халықты жұмыспен қамтамасыз ету;

3. Кіру және ішкі туризм бойынша туристер ағымын, туристік қызметтердің көлемін, кірістердің өсуін, бюджетті көбейту.

4. Шебер-жоспар түрінде кең көлемді зерттеуді әзірлеу, облыстағы туризм кластерін құру және дамыту.

Қауіптер:

1. Саланың тоқырауы;

2. Қорғау шараларын қолданбаған жағдайда, қолданыстағы объектілер мен ресурстарды жоғалту қаупі;

3. Туристік және көліктік инфрақұрылымды дамытудың жетіспеушілігі;

4. Кадрлардың дайындығының, қайта даярлаудың және біліктілігін арттырудың нашар деңгейі және туризмнің ғылыми базасының болмауы;

5. әлемдік нарыққа облыс имиджінің қозғалысының жетіпеушілігі, Шығыс Қазақстанның туристік әлеуеті туралы жарнамалық ақпарат көлемінің жеткілікті болмауы.

6. Туристік индустрияда ұсынылатын қызмет сапасының төмендігі.

7. Бұқаралық және балалар-жасөспірімдер туризмінің нашар дамуы.



2.2.1.5. Шағын және орта кәсіпкерлік


Бүгінгі күні аймақтағы шағын және орта кәсіпкерлік қалыптасқан экономикалық сала ретінде бағаланады. Шағын және орта бизнес халықтың елеулі жұмыспен қамтылу пайызын, тауарлар мен қызметтердің кең саласын құруды, бюджетке түсетін салық түсімдерінің көп үлесін қамтамасыз етеді. Облыстағы шағын кәсіпкерлікті дамыту көрсеткіштерінің үдемелі динамикасы бар, бұл аталған экономиканың секторын дамытудағы оң тенденция туралы куәлік етеді.

2011 жыл басындағы жағдай бойынша облыста шағын және орта бизнестің белсенді субъектілер саны 69119 бірлікті құрады, солардың ішінен заңды тұлғалар үлесі 5413 бірл. (7,8%), жеке кәсіпкерлер – 48307 бірл. (69,9%) және шаруа қожалықтары - 15399 бірл. (22,3%) құрайды.

2007 жылмен салыстырғанда шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны 16,6 %-ға, осы салада қамтылғандар саны 29,5 % ұлғайды.

7 кесте


Шағын және орта кәсіпкерлік көрсеткіштерінің 2007-2010 жылдардағы динамикасы


Көрсеткіштер атауы

жылдар

2007

2008

2009

2010

Белсенді субъектілер саны, бірлік

59257

68560

69059

69119

өнім шығару, млрд. теңге

153,2

173,5

281,4

334,0

Барлық жұмыспен қамтылғандар саны, млн. адам.

185,4

199,4

239,7

240,1



Шағын және орта бизнес субъектілерінің құрылымы


15 сурет




Шағын және орта бизнес субъектілерінен түскен 2008-2010 жылдардағы салық көлемі

16 сурет

Шағын және орта бизнес субъектілерінен 2010 жылы түскен салық көлемі 49,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2008 жыл деңгейінен 59,1% артық.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер өндірген өнімнің жалпы көлеміндегі 2010 жылғы қорытындылар бойынша заңды тұлғалардың үлесі 75,9% (258,2 млрд. теңге), жеке кәсіпкерлер -12,6% (42,8 млрд. теңге) и шаруа қожалықтар -11,5 % (38,9 млрд. теңге) құрайды.

Шағын және орта бизнесті дамыту бойынша моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында келесілер қарастырылған: салалық шектеулерсіз кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлеремеді субсидиялау көлемін арттыру, өндірістік инфрақұрылымды дамыту (индустриялды), жаңа өндірістер құруға 1,5 млн. теңгеден 3,0 млн. теңгеге дейінгі көлемде гранттар ұсыну, шағын және орта кәсіпкерікті дамыту бойынша серіктестік бағдарламларды әзірлеу және іске асыру, шағын кредитті, донорлы ұйымдар және ірі компанияларды тартумен жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін кешендік қолдау көрсету бойынша бизнес-инкубатор қалаларында құру және қалыптастыру, қалада кәсіпкерлікті қолдау орталығын құру және қалыптастыру.

Іс шараны іске асыру нәтижесінде белсенді қызмет ететін кәсіпкерлер санын 2011 жылмен салыстырғанда Зырян қаласында 2 есе, Курчатов қаласында ­ 2 есе, Риддер қаласында ­ 2 есе, Серебрянск қаласында – 2,1 есе арттыру жоспарланған.

Саланың дамуы жағдайына SWOT-талдау:



Күшті жақтары:

1. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін заңнамалық негіз болуы;

2. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері халықтың қамтылуының қомақты пайызын құрайды;

Әлсіз жақтары:

1. Меншікті айналым қаражаттарының жеткіліксіздігі;

2. Кәсіпкерлердің әлсіз теориялық және практикалық дайындығы, білікті мамандардың тапшылығы;

Қауіптіліктері:

1. Қаржы-несие ресурстарына қол жетімділіктің аздығы, бұл кепілдік мөлшерінің несиенің сұралған сомасын қамтамасыз ету үшін жеткіліксіздігі немесе оның мүлдем болмауы, банк сарапшыларымен кепілдік мүліктің бағалау құнын төмендетуі сияқты факторлармен негізделеді;

2. Бизнестің жоғары операциялық кідірістері;

3. Кепілдік болмағанда нақы секторда бизнес ашу мүмкіндігінің болмауы.



Мүмкіндіктері:

1. Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қаржылық-несиелік қолдаудың дамуы;

2. Кәсіпкерлік ортаның бастамаларын іске асыру үшін қолайлы жағдай құру үшін «сервистік орталық» құру;

3. Рұқсат алу құжаттарын алу кезінде әкімшілік кедергілерді жою.



2.2.1.6 Сауда


Аймақта 16027 сауда объектілері (жеке сауда дүкендерінің желісі) қызмет етеді, оның ішінде 2647 әмбебап, 8643 арнайы дүкендер, 4737 арнайы емес сауда кәсіпорындары. Облыстағы сауда кәсіпорындарының саны 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 24%-ға өсті.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 2010 жылы 281,8 млрд. теңгені құрады, көтерме тауар айналымының көлемі – 407,0 млрд. теңгені құрады, бұл 2007 жылғы деңгейден 1,5 есеге көп.



Сауда көлемінің даму динамикасынан тауар айналымының тұрақты өсу үрдісі көрінеді.

Бөлшек және көтерме тауар айналымының 2007-2010 жылдардағы динамикасы (млрд. теңге)

17 сурет

Сонымен қатар, бүгінгі күні аймаққа және бүкіл республикаға сауданың даму бағыттарын анық пайымдаудың жоқ болуы тән, ал ішкі сауда апатты дамуда. Экономиканың ірі салаларының бірі жүйелік қайта құруларды, заңнамалық базаларды жетілдіруді, үдемелі дамудың механизмін дайындауды қажет ететіні анық.

Осыған байланысты проблемалық жағдайлар ретінде мыналарды атап өтуге болады:

сауда қызметін реттеу саласындағы әлсіз заңнамалық қамсыздандыру;

сауда нарығындағы көлеңке айналымдарының жоғары деңгейі;

ішкі сауда инфрақұрылымының жеткіліксіз даму деңгейі.

Саланың дамуы жағдайына SWOT-талдау:

Күшті жақтары:

1. Сауда көлемінің дамуының оң динамикасы және халықты жұмыспен қамтамасыз ету;

2. Бөлшек сауда нарығындағы қалыптасқан қатысушылары

Әлсіз жақтары:

1. Сауда бойынша заңнаманың «көмескі», және де нормативті-құқықтық актілердегі заманауи терминологиялардың жоқтығы;

2. Айналым қаражатының тапшылығы;

3. Кәсіби-техникалық білім жүйесінің төмендігі, сонымен қатар сауда мамандықтары бойынша;



Қауіптіліктері:

1. Азық-түлік бойынша болса да, азық-түлік емес тауарлар бойынша болса да импорттық жеткізулерге тәуелділік;

2. Өнімнің төмен бәсекелестікке қабілеттілігіне байланысты өндіретін тауарларға сұраныстың төмендеуі;

Мүмкіндіктері:

1. Бәсекелестіктің өсуі, сауда жүйесінің бәсекелестікке қабілеттіліктің өсуі;

2. Ішкі нарықты тұтыныс тауарларымен толықтыру.


        1. жүктеу 9,73 Mb.

          Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау