93
Оқушының жоғары нәтижеге қол жеткізуіне ықпал етуге бағытталған
мұғалімнің зерттеу жүргізу және білім түзу сызбасы
26-сурет. Кәсіби білім алуға қатысты Тимперлей моделі
Практик-маманның зерттеуі білім мен тәжірибе арасындағы күрделі әрі әрқилы өзара
қарым-қатынас туралы аргументке және тәжірибені жетілдіру үшін қажетті білім осы
күнделікті тәжірибелік жұмысты анықтайтын түрлі факторлардың мәнмәтіні мен өзара қарым-
қатынасының әсеріне байланысты деген заңдылыққа негізделеді (26-сурет).
Бастау және ұйымдастыру тұрғысынан алғанда практик-маманның іс-әрекеттегі
зерттеуінің бірнеше түрлері бар, алайда бұл жолы мектеп базасындағы зерттеу мәнмәтініне
және атап айтқанда, мұғалімнің
іс-әрекеттегі зерттеуіне ерекше назар аударылатын болады.
Бұл жағдайда
іс-әрекеттегі зерттеу практик-мамандар мен университеттегі әріптестер
арасындағы ынтымақтастық ретінде айқындалады. Бұл орайда білім беру үдерісіне қатысатын
адамдарды, мысалы ата-аналар және мектеп қауымдастығының басқа да мүшелерін тартуға
болады.
Білім беру
дегеніміз не?
Білім беру қоғамдық үдеріс болып табылады, ол арқылы жаңа буын тілді, салт жораларды,
функцияларды, өзара қарым-қатынастарды және осы қоғамның мүшесі болу үшін олар білуге
тиіс белгілі бір орныққан тәжірибені танып, біледі.
Осы анықтамадан шығатыны, егер біз білім беруді жастарды қоғам мүшесіне қабылдау
деп түсінсек, онда бұл рөлді қоғамдық оқу тәжірибесі атқаруға тиіс. Бірақ мұндай қоғамдық
рөлді атқаратындар, сонымен бірге тікелей қоғамда және одан кеңірек әлемдік мәнмәтінде
болатын өзгерістерге орай әрекет етуге дайын болуға тиіс деген ұйғарымға қарсы шығуға
болады. Демек, білім беру үдерісінің өзара үйлеспейтін екі функциясы бар. Біріншісі –
қоғамдық өмірдің қазіргі кезде бар үлгілерін жаңғырту, екіншісі – болашақ буынды жылдам
өзгеріп жатқан қоғамдық өмірге қатысуға қабілетті болуға дайындау барысында тәжірибенің
өзгеруіне кедергі жасауы ықтимал білім беру жүйелерінің консервативті үрдісін жеңе білу. Дәл
осы шиеленістің салдарынан білім беру жөніндегі дебаттар саяси реңк алады. Шын мәнінде,
білім туралы дауға тартылған барлық ықпалды қарсылас топтар ұстанатын, кейде тіпті қарама-
қайшы сенімдер мен құндылықтар болып табылатын көзқарастар жақсы қоғам мен құзырлы
оқудың мәнін ашып көрсетуге тікелей қатысты болып отыр.