Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



жүктеу 11,77 Mb.
Pdf просмотр
бет43/126
Дата17.02.2020
өлшемі11,77 Mb.
#29267
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   126

96
28-суретІс-әрекеттегі зерттеу айналымы
Сабақты зерттеу тәсілі
Сабақты зерттеу тәсілі сыныпты зерттеу нысандарының бірі болып табылады, бұл 1870-ші 
жылдары жапонияда тәжірибені жақсарту мен жетілдіру мақсатында пайда болған. Сабақты 
зерттеу тәсілі Макота Йошида америка Құрама Штаттары мен Ұлыбританияда жаңа тәсілдің 
таныстырылымын жасағаннан кейін, жапониядан тыс жерлерде 2007 жылдан бастап танымал 
бола бастады. аталған елдердің зерттеушілері жапондық ғалымдардың халықаралық зерттеу 
аясында көрсетілген академиялық жоғары жетістіктеріне ықылас танытты. Йошида бұл жетістік 
Сабақты зерттеу тәсілінің жапон мектептерінде кеңінен қолданылуынан болып отыр дегенді 
алға тартады. Сондықтан қазіргі кезде Шығыс азияның бірқатар елдерінде Сабақты зерттеу 
мұғалімдердің  педагогикалық  білімдері  мен  тәжірибесін  дамытуға  арналған  тиімді  құрал 
ретінде белсенді енгізіліп жатыр. рефлексиялау тәжірибесі Сабақты зерттеу нысандарының бірі 
болып табылады деп айтуға болады. Соған қарамастан, Сабақты зерттеу тәсілін енгізу жөніндегі 
қызметті  кәсіби  деп  атау  үшін  белгілі  қағидаттар  мен  тәжірибелік  амал-шаралар  сақталуы 
керек.  Нақты  айтқанда,  Сабақты  зерттеу  мұғалімдерді  оқыту  және  олардың  тәжірибесін 
дамытудағы бірлескен тәсіл болып табылады және де іс-әрекеттегі зерттеу сияқты бірқатар 
циклдерді қамтиды. Сабақты зерттеу тәсілінде ең бастысы «зерттеу сабағы» немесе «сабақты 
зерделеу» үдерісі болып табылады. Бұл үдеріс барысында ынтымақтастықтағы мұғалімдер оқу 
сапасын арттыру үшін белгілі бір тәсілді қалай дамытуға болатындығын анықтау мақсатында 
оқушылардың оқу үдерісін зерделейді. Сабақты зерттеу тәсілінің түйінді сипаты креативтілік 
және  ғылыми  дәлдік  болып  табылады.  Креативтілік  оқытудың  жаңа  тәсілдерін  әзірлеу 
мақсатында бірлесе жұмыс істейтін мұғалімдер бастамасымен жасалады, ал ғылыми дәлдік 
жаңа тәсілдің тиімділігін көрсететін оқушының оқуы туралы деректер жинауды көздейді.
атап айтқанда, Сабақты зерттеу тәсілі тәжірибені жақсартудың демократиялық жолы болып 
табылады. Зерттеу жүргізетін топ әдетте кемінде үш мұғалімнен тұрады, бұл тәжірибесі мен 
білімдері бір-біріне жайлы әсер ететін фактор болып есептеледі. Топ мұғалімдері көп жағдайда 
бір мектепте жұмыс істейді, бірақ тәжірибені жақсарту мақсатында бірлесе жұмыс істеу үшін 
басқа мектептердің мұғалімдері де тартылуы мүмкін. Кейде топты кәсіби ұйымдастыру үшін 
белгілі бір тәсілдерді немесе оқу бағдарламаларының аспектілерін пайдалану саласында мол 


97
жұмыс  тәжірибесі  бар,  тиісті  дайындықтан  өткен  мұғалімдер  арнайы  шақырылуы  мүмкін. 
Зерттеу  барысында  барлық  топ  мүшелері  толық  көлемде  және  бірдей  дәрежеде  үдеріске 
тартылады.  Тек  бір  мұғалім  ғана  сабақ  беретіндігіне  қарамастан,  зерттеу  үшін  бүкіл  топ 
өзіне жауапкершілік алады және оқыту мен сабаққа берілген кез келген баға жеке мұғалімге 
емес, тұтастай барлық топтың жұмысына қатысты беріледі. Сабақты зерттеу тәсілінің тағы 
бір  демократиялық  ерекшелігі  мынада,  мұғалім  зерттеу  барысында  жинақтаған  білімімен 
педагог қауыммен кеңінен бөлісе алады. жапонияда мұғалімдердің тәжірибесін қолдауға және 
зерттеулердің жеке топтамаларын дайындауға көмегін тигізу үшін Сабақты зерттеу нәтижелері 
жүйелі  түрде  жарияланып  тұрады.  Сабақты  зерттеу  топтары  сондай-ақ  әріптестеріне  арнап 
оқытудың жаңа тәсілдерін немесе оқу бағдарламаларының аспектілерін модельдейді, бұнымен 
қоса жүргізілген зерттеулер туралы көпшілік талқысын ұйымдастырады. жапонияда Сабақты 
зерттеу тәсілі бүкіл мектептің қызметін үйлесімді етуге ықпал ету жолындағы құндылықтар 
жүйесі, сапалық көрсеткіштер және оқушылардың жеке қасиеттері тұрғысынан бағаланады.
Сабақты зерттеу тәсілін іске асыру барысы
Сабақты  зерттеу  тәсілі  бастапқы  кезеңде  оны  бірлесіп  егжей-тегжейлі  жоспарлауды 
көздейді.  Содан  соң  топтың  бір  мүшесі  зерттеу  сабағын  өткізеді,  ал  қалған  мүшелері  - 
қадағалайды.  Зерттеу  сабағы  аяқталғаннан  кейін  бүкіл  топ  мүшелері  бірден  оқушылардың 
оқу үдерісіне қатысты барлық нәтижелерін жүйелейді және талдайды, содан кейін Сабақты 
зерттеудің анағұрлым тиімді болуын қамтамасыз ету үшін оқу үдерісінде алынған нәтижелерді 
есепке ала отырып, жұмысты бірлесе қайта жоспарлайды.
Сабақты зерттеу үдерісінде бірталай уақыт бойы қалыптасқан және орныққан мынадай 
бірқатар қадамдар бар:
•  Сабақты зерттеу тобы өзара келісе отырып, оның жұмысының нәтижелілігін қамтамасыз 
ететін  ережелер  жүйесін  жасайды,  үдеріс  барысында  барлық  мүшелер  бір-бірімен 
сыйластық қарым-қатынаста болады.
•  Топ зерттеудің түйінді идеяларын келісіп алады, ол әдетте сұрақ түрінде келіп, нені, 
кімді  оқытуды  анықтайды,  мәселен,  «Өздерінің  оқуын  жақсарту  үшін  Х-ті  Y-тің 
мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға қалай үйрете аламыз?» деген сияқты.
•  Топ мүшелері түйінді идеяларды зерттеуге қатысты жауап іздеу үшін әдебиеттерді зер-
делеп, жоспарлау кезінде оларды қолдану үшін нәтижелерін қорытады.
•  Топ қандай сынып және қандай үш «бақылаудағы оқушы» назарға алынатынын, сондай-
ақ қандай сыныптар оқу үлгерімі жоғары, орта және төмен сыныптар болып саналаты-
нын шешеді.
•  Топ  зерттеу  сабағын  жоспарлайды,  жоспарда  «бақылаудағы  оқушылардың»  сабақта 
өтілетін материалды игеруіне ерекше мән беріледі.
•  Бір  мұғалім  зерттеу  сабағын  жүргізеді,  осы  уақытта  басқалары  –  «зерттелетін  үш 
оқушыны»  басты  назарға  алып,  сабақты  қадағалайды  және  қажет  деген  жерлерін 
белгілеп, түртіп алып отырады.
•  Мұғалімдер осы зерттеу сабағы туралы олардың пікірін түсіну үшін бірнеше оқушымен 
сұхбат жүргізеді.
•  Топ  зерттеу  сабағы  аяқталысымен  бірден  талқылау  жүргізеді.  Талқылау  белгіленген 
құрылым бойынша жүреді:
Оқушыларды оқыту мақсаты
Қалыптастырушы деректер жинау
Кітапты  топтық  талқылау  кезінде 
дәлелдеме  ретінде  жауап  түріндегі 
мәтінді пайдалану.
Тәлімгер  топтағы  оқушылардың  жауаптарын  тыңдайды 
және  олардың  оқуға  реакциясын  жазып  алып  отырады.
Тәлімгер  мұғалім  пайдаланатын  оқыту  стратегияларын  және 
оқушылардың бұл стратегияларға реакцияларын жазып алып 
отырады.


жүктеу 11,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   126




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау