85
Орта мерзімді жоспарлау
Бағдарламаның негізгі мақсаты мектеп мұғалімдерінің өздерінің балаларды белгілі бір
тәсілдермен оқытатынын біліп қана қоймай, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді өз тәжірибесіне
қалай ықпалдастыратынын түсінуі болып табылады. Тізбектелген сабақтар топтамасы жеті
модульді ықпалдастыру тәсілдері мен өзгеріс енгізу үдерісі туралы тәжірибеге негізделген
деректер алуға және өзгеріс енгізу барысында белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік
беретін құрылымды көздейді.
22-сурет. Ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлау арасындағы өзара
байланыс
Оқу бағдарламасын әдетте білім саласындағы саясатты қалыптастыратын адамдар
мен мектеп әкімшілігі жоспарлайды (22-сурет). Бір топ адам оқу бағдарламасын сыныпта
сабақ беру тәжірибесін Бағдарламаның барлық жеті модулі ықпалдастырылған тізбектелген
сабақтар топтамасына айналдырса, сол
орта мерзімді жоспарлау болады. Өз кезегінде әрбір
жеке мұғалім орта мерзімді жоспарды әрбір жеке сынып үшін сабақтарды егжей-тегжейлі
жоспарлау үшін пайдаланады.
Орта мерзімді жоспарлау немесе
тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлаудың
мақсаты:
• жұмыс кезеңдерінің дәйекті, тізбектеліп ұйымдастырылуы;
• сыныпта оқыту тәжірибесіне жеті модульді ықпалдастыру;
• әрбір сабақ үшін оқыту және оқу мақсаттарын белгілеу;
• оқыту және оқу нәтижелерін өлшеу әдістемесін анықтау;
• осы нәтижелерге қол жеткізу мақсатында жоспарланған оқыту мен оқу міндеттерін
көрсету;
• оқудың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеудің болуын
қамтамасыз ету;
• барлық оқушыларды қамту үшін асқан ептілікпен және ұқыптылықпен жоспарлау.
Оқу мақсаты мен оның нәтижелері
Мұғалім оқушыларға арнап жоспарлайтын іс-шаралар оқу мақсаты болып табылады.
Осыған байланысты, оқыту және оқу мақсаттарын қалыптастыру шаралары төмендегілерді
білуге бағытталған:
Сіздің ойыңызша, оқушылар нені білуге тиіс?
Оқушылар қандай түйінді идеяларды түсінулері керек?
Оқушылар қандай мәселелерді зерттеп, талдаулары керек?
Оқу нәтижелері мұғалім сабақта қойған мақсаттарына қол жеткізе алды ма, жоқ
па екенін білуге мүмкіндік береді.