43
Талантты және дарынды оқушылардың әлеуетін дамыту
Оқушылардың әлеуетін дамыту мақсатында терең зерттеулер жүргізу үшін олар жобаларға
тартылып немесе зияткерлік тапсырмалар берілуі керек. Бұл ретте мәселен, Ұлыбританияда
жасалған тәжірибені алуға болады. Онда 11 жастағы әртүрлі мектеп балалары археология
бойынша тапсырмадан тұратын күрделендірілген жобаға шақырылды, ол «Солтүстік
Сомерсеттегі Хилл Форттағы темір ғасыры» тақырыбында дарынды және талантты балалармен
жұмыс» мақаласында сипатталған (Dauban and Crossland, 2009). Балаларға құрбыларымен
қарым-қатынас жасап, құрбылары қойып отырған мейлінше кеңейтілген тапсырмаларды
шешуге мүмкіндік берілді, соның көмегімен олар өздерінің білім деңгейін белгілі бір
дәрежеде көтере алар еді. Олар кәсіби археологпен жұмыс істеп, оларға қиял, шығармашылық,
проблемаларды шешу, дедукция, дедуктивті және логикалық ойлау, сонымен қатар әлеуметтік,
вербалды және таныстырылымдық дағды сияқты жоғары зияткерлік қабілеттердің толық
тізімін дамыту қажет болды.
Орта мектепте өткізілген тағы бір жағдаяттық зерттеуге 11–18 жас аралығындағы 430
оқушы қатысты. Олар жергілікті университеттерде, жергілікті ғылыми орталықтарда болды
және университеттің оқу курстарына қатысты, сонымен бірге оларға тұруға орынжай
беріліп, болашақта ұлттық ғылыми жарыстарға, мектептегі ғылыми дәрістер мен ғылыми
үйірмелерге қатысуға мүмкіндік жасалды. Сауалнама мен сұхбат түрінде өткізілген жауап алу
нәтижелері оқушылардың күрделендірілген тапсырмаға қатысуды, белсенді оқу үшін жасалған
мүмкіндіктерді, нағыз ғалымдармен кездесіп, олармен жұмыс істеуді ұнатқанын көрсетті.
Экстернат
Дарынды және талантты оқушылармен тиімді жұмыс істеудің тағы бір оңтайлы нысаны
экстернат болып табылады. Бұл оқушыларға оқу жоспарын тез әрі шұғыл игеруге мүмкіндік
береді. Осы орайда Ұлыбританиядағы экстернат бір жыл бұрын ағылшын тілі мен математика
бойынша емтихан тапсыру үшін бір мектептің дарынды және талантты оқушыларын тартты.
Бұл мектептегі дарынды және талантты оқушыларды ынталандыру мен дамытудың тиімді
тәсілі болды. Оқушылар мен мұғалімдердің пікірі білім беру бағдарламаларын бағалау
үшін жазылып алынды. Әдеттегідей дарынды және талантты оқушылар күрделі тапсырмаға
құлшына кірісіп, оларды мақсатқа сай және тез арада орындап шықты, бірақ ағылшын тілі
мұғалімінде олардың жекелеген мәтіндермен жұмыс істеуі жеткілікті екендігіне күмән туды.
Сын тұрғысынан ойлау туралы тарауда жазылғандай, Блум таксономиясы дарынды және
талантты оқушыларды оқыту тәсілін анықтау үшін модельдер ұсынады. Бұл арада тағы бір
айтарлығы, барлық оқушылар Блум таксономиясы деңгейі аясында ойлануға қабілетті деген
пікір болуына қарамастан, жекелеген мұғалімдер дарынды және талантты оқушыларға
көп уақыт бөлініп, оларға баса назар аударылу қажеттігін, әсіресе таксономияның жоғарғы
жағындағы позициялар -
бағалау, жинақтау және талдау үдерістерін белсенді қолдану қажет
екендігін алға тартады.
ренцулли мен райс (1985) дарынды және талантты оқушылардың білімін жетілдіру
бойынша қызметтің өзара байланысты үш кезеңдерінің негізінде модель жасап шығарды:
• Бірінші кезең – жалпы зерттеу жаттығулар (жетілдіру, байыту).
• екінші кезең – топтық оқу жаттығулары (үдеріс).
• Үшінші кезең – нақты проблемаларды жеке және шағын топтарда зерттеу (нәтиже).
Білімді жетілдірудің
бірінші кезеңі оқушыларға әртүрлі тақырыптағы көптеген тапсырмалар
мен жаттығулар түрлерін ұсынады. Бірінші кезең баспа материалдарын, БаҚ, саяхат, болмаса
баяндамашыларды шақыру және т.б. қамтитын кез келген сабақ түрінде өткізілуі мүмкін. Осы
кезең балаларды стандартты оқу бағдарламаларынан тыс, оқушылар үшін тартымды және
қызықты салаларда дамытуға ықпал етеді.
Білімді жетілдірудің
екінші кезеңі оқушыларда зерттеу жүргізуге және бірқатар эмоциялық