Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



жүктеу 11,77 Mb.
Pdf просмотр
бет41/126
Дата01.01.2020
өлшемі11,77 Mb.
#25670
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   126

90
25-суретИган бойынша тәжірибелі көмекшінің моделі
Бұл модельдің сызба түрінде ұсынылғанына қарамастан, тәліптің нақты қажеттіліктеріне 
қарай, сондай-ақ оның тыңдай білу және туындаған мәселелерді шеше білу қабілетінің, күрделі 
міндеттерді атқаруға көмектесетін дағдыларының қаншалықты дамығандығына байланысты 
оны өз ыңғайыңызға лайықтап өзгертуге болады.
Коучинг жүргізу кезінде қолданылатын дағдылар
Коучинг кезінде пайдаланылатын негізгі дағдылар: 
Тыңдалым
Тыңдалым – бұл ақыл-ой үдерісі, яғни естігеніңді түсіне білу. 
5-кесте. Тыңдалым түрлері
Тыңдалым деңгейі
Не болып жатыр
Коучингіде
пайдалану 
Адам оның сөздері 
қалай қабылданатынын 
сезінеді 
Үстірт тыңдалым 
– күнделікті 
әңгімелесу 
кезіндегі тыңдалым
адам тыңдап отырған сияқты, 
бірақ басқа нәрсені ойлап 
отырады. 
Коучингіге пайда 
әкелмейді 
Әдетте адамдар оларды 
зейін қоймай тыңдап 
отырғанын түсінеді.
әңгіме 
барысындағы 
тыңдалым
 Бірден бірнеше үдеріс болады 
– тыңдалым, айтылым, ойлану, 
әңгіменің жалғасын жоспарлау. 
Коучингіге пайда 
әкелмейді
Әдетте адамдар оларды 
зейін қоймай тыңдап 
отырғанын түсінеді.
Белсенді немесе 
мұқият тыңдалым
 Тыңдаушы сөз сөйлеушінің 
айтқанына мұқият құлақ 
салады, әңгіме айтушыға назар 
аударып, фактілерді жазып 
алады. 
 Бұл тыңдалым 
үлгісі коучингіде 
пайдаланылады 
 Сені зейін қойып тыңдап 
отырғанын сезінгенде 
көңілің көтеріледі.


91
Терең тыңдалым  Тыңдаушы өзіне қарағанда 
сөз сөйлеушіге көбірек құлақ 
салады. Тыңдаушының миы 
«тыныш» және оның ниеті – 
«түсіністік табу». Бұл сәтте 
барлық сезімдер әрекетте 
болады. 
Бұл коучингідегі 
тыңдалымның 
мінсіз қалпы. 
Мұғалім өзін түсініп 
отырғанын сезеді және 
коучпен бұдан да терең 
байланысты орнатуға 
ұмтылуы мүмкін.
Сұрақтар
Сұрақтар – бұл коучингідегі қарым-қатынастың негізгі нысаны.
6-кесте. Сұрақтардың түрлері
Сұрақ үлгілері
Мысалдар
Функция/Мақсат
Ашық сұрақтар – 
Коучингідегі 
сұрақтардың негізгі 
түрлері 
 Не, Қашан, Кім, Қанша, Қалай 
дегеннен басталатын сұрақтар. 
(Неге деген сұрақты байыппен 
пайдалану керек, өйткені білім 
алушылар оны сын деп қабылдауы 
мүмкін; қалай деген сұрақты 
да байқап қою керек, өйткені ол 
сараптамалық ойлауға әкелуі 
мүмкін).
ашық сұрақтар сипаттамалық жауапты 
талап етеді. Олар коучтер үшін де, 
әріптестер үшін де ақпаратты ашады 
және оларды жауапкершілік сезімге 
ынталандырады. Мұғалім тиісті 
фактілерді нақты қабылдап, ақпарат 
пен қабілеттің сәйкестігін анықтайды. 
Сұрақ қою үдерісінде сондай-ақ 
креативтік ойлар мен идеяларды 
туғызу қабілеті дамиды.
Жабық сұрақтар – 
коучингіде сирек 
қолданылады
Менікі дұрыс па?
 Сұрақтың бұл түрі «иӘ» немесе 
«жОҚ» деген жауап қажет болған 
жағдайда пайдаланылады.
Түсіндірме сұрақтар
егер сіз белгілі бір әрекетті 
орындасаңыз, қандай жетістікке 
жетесіз?
Бұл сұрақтарды коучтер де, сол 
сияқты мұғалімдер де кейбір сәттерді 
нақтылау үшін пайдаланады. 
Жетекші сұрақтар
Өмірдегі сенің мақсатың қандай?  жетекші сұрақтар рефлексияны 
талап етеді және мұғалімге өз 
құндылықтарын, эмоциясын, мінез-
құлқын және проблемаларға/жағдайға 
реакциясын зерделеуге мүмкіндік 
береді (үй тапсырмасымен жұмыс 
істегенде пайдалы).
Өткір (кекесінді) 
сұрақтар
 егер салдары үшін жауап беру 
қажет болмаса, не істер едіңіз? 
Өткір сұрақтар коучтер әр нәрсеге 
сене бермейтін мұғаліммен жұмыс 
істегенде пайдалы. Сұрақтың бұл түрі 
ұстанымның шектелуін болдырмауға 
бағытталған, яғни мұғалімге өз 
шектеуінен тыс жатқан мәселелерді 
көруге мүмкіндік береді
Шектеулі ұстанымға 
күмән келтіретін 
сұрақтар 
Коучингіге қатысатын мұғалім 
«Мен қолға алған жоба «құлап» 
жатады» дейді.
 Коуч «Кім?» деген сұрақпен 
жауап береді.
Күрделі сұрақтар мұғалім туралы 
хабардарлықты арттыруға бағытталып, 
оны одан әрі ілгерілетуге көмектеседі. 
Кесімді немесе күшті 
әсер етуші сұрақтар
 Сізге ….. не бөгет болып тұр?
Кесімді сұрақтар әдетте қысқа болады, 
ол мұғалімге түсіну мен ұғыну 
үдерісінде әжептәуір секіріс жасауға 
көмектесу үшін беріледі.


92
Коучингідегі қарым-қатынастың басқа дағдылары 
Сұрақтарға қосымша ретінде кестеде коучингідегі пайдалы қарым-қатынастың басқа 
нысандары келтірілген. 
7-кесте. Басқа да дағдылар
Қарым-қатынас 
дағдылары
Сипаттамасы
Қолданылуы
Қайталау/көрсету
Мұғалім жиі айтатын сөздер сол 
қалпында жиі қайталанады
Эмоциялық күңгірттік туындаған 
жағдайда осы тәсілді қолданған 
пайдалы.
Қысқаша қорыту
 Мұғалім айтқан сөздің 
«мағынасын ашу»
Коуч мұғалімді толық түсінгенін 
тексеру үшін пайдалы, сондай-ақ 
басқалар оны түсінгеніне мұғалімнің 
сенімін арттырады.
Қайта тұжырымдау
Коуч өзінің сөзін пайдалана 
отырып, мұғалімнің не айтқанын 
тұжырымдайды. Бұл белгіленген 
нәтижелер тұрғысынан алғанда, 
олардың арасындағы қарым-
қатынас түсінікті және айқын 
екеніне кепілдік береді.
Бұл мұғалімге едәуір қашықтықта 
қалу арқылы проблемалардан 
алшақтауға, соның нәтижесінде жаңа 
көзқарастар мен идеялардың тууын 
қамтамасыз етуге көмектеседі.
Топтау
Диалог кезіндегі тақырыптар/ 
элементтер арасындағы 
байланысты анықтау. 
Бұл мұғалімге өзі бұрын білмеген 
модель немесе байланыс туралы 
хабардарлығын арттыруға 
көмектеседі.
Ұсыныс жасау
Коуч мұғалімнің құндылықты 
арттыратын қандай да бір пікір 
қосатынына сенеді, коуч ұсыныс 
жасайды, бірақ мұғалім оны 
қабылдауға міндетті емес.
Бұл тәсіл мұғалім шатасқанда 
(тұйыққа тірелгенде) пайдалы болуы 
мүмкін. Ойлана отырып, мұғалім 
коучтің ұсынысы пайдалы болуы 
мүмкін екендігін түсінеді. 
Практик-маманның зерттеуі
Практик-маманның іс-әрекеттегі зерттеуі этнографиялық зерттеулер және жағдаяттық 
талдау  (кейс)  сияқты  зерттеу  тәсілдерінің  көбінде  қолданылатын  тұжырымдамалық  және 
лингвистикалық тұрғыдан ауқымы кең термин болып табылады. анағұрлым терең әдеби көздерде 
практик-маман  қолданатын,  әрқайсысы  өзінің  түрлі  акценттерімен  және  мақсаттарымен, 
тарихи және гносеологиялық дәстүрлерімен ерекшеленетін зерттеу тәсілдері туралы айтылған. 
алайда  барлық  дәстүрлер  үшін  ортақ  болып  табылатын  бірқатар  ерекшеліктер  де  бар. 
айталық, практик-маманның зерттеулерінің барлық түрлері зерттеу жүргізу үшін ол адамның 
өзі сол қызметте жұмыс істеу керектігін білдіреді, сондай-ақ өз тәжіибесі арқылы білім алып, 
біліктілігін толықтырып отыруын көздейді. Мәселен, мұғалім немесе машықтанушы дәрігер 
өзіне зерттеушінің рөлін алғанда ол практик-зерттеушіге айналады. Сонымен қатар ерекше 
күн тәртібімен жұмыс істейтін осындай практик-зерттеушілердің терең білімі және мәселені 
шешуде өзіндік көзқарасы болатындығы да маңызды фактор болып табылады, олар мәселеге 
бей-жай  қарай  алмайды.  Маманның  осы  ішкі  білімі,  түйсігі  оның  зерттелетін  мәселенің 
қарқыны мен басқа жағдайлармен өзара байланысын жақсы түсінетіндігін көрсетеді. 


жүктеу 11,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   126




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау