108
Levin, B. (2004). Connecting central policy and learning networks [Орталық саясат және білім
алушылар қоғамдастықтары].
In International Perspectives on Networked Learning, NCSL:
Nottingham.
Lieberman, A. (2005). Networks [Кәсіби қоғамдастықтар]. Nottingham: National College for
School Leadership.
Leithwood, K., & Levin, B. (2004).
Approaches to The Evaluation Of Leadership [Көшбасшылықты
бағалау тәсілдері]. Programs And Leadership Effects [Көшбасшылық бағдарламалары және
нәтижелері]. Paper prepared for the Department
for Education and Skills, March.
NCSL. (2004).
International Perspectives on Networked Learning [Білім алушылар
қоғамдастықтарында оқытудың халықаралық перспективалары]. Nottingham: National
College for School Leadership.
OECD. (1997).
Sustainable Flexibility: A Prospective Study on Work, Family and Society in the
Information Age [Ұтымды мүмкіндіктер: ақпараттық заманда жұмысты, отбасыны және
қоғамды перспективалық зерттеу]. Paris: OECD.
МЕКТЕП ТәЖІРИБЕСІНЕ ӨЗГЕРІС ЕНГІЗУ ТЕТІКТЕРІ
Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің Білім беру факультетімен
бірлесіп әзірлеген «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» Қазақстан
республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасын игерген барлық
мұғалімдер оқу көшбасшылары деп саналады, яғни олар өзінің оқыту тәжірибесіне өзгеріс
енгізу және мектептегі әріптестеріне коучинг және тәлімгерлік жүргізумен қатар, оқуды
аяқтаған соң озық тәжірибелермен басқа мектеп мұғалімдерімен бөлісу мақсатында өңірлік,
республикалық, тіпті халықаралық деңгейде мектептермен ынтымақтастық орнатып,
қоғамдастық аясында тәжірибе алмасуды ұйымдастырады деп күтіледі. Осылайша Бағдарлама
мақсатына қол жеткізу үшін мұғалімдер өздерінің оқыту тәжірибесіне өзгеріс енгізуге назар
аудара отырып, коучинг пен тәлімгерліктің көмегімен өз мектептеріндегі әріптестерін оқытып,
солардың тәжірибесін өзгертуге күш салады. Сонымен қатар, әріптестерімен қоғамдастық
құрып, бірлесіп проблемаларын талқылап, олардың шешімін іздеп, озық тәжірибелерді талдай
және бағамдай отырып, өзінің оқыту мен оқу тәжірибесіне енгізу арқылы тәжірибе алмасады.
Осының негізінде біз оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізудің өзара тығыз байланысты
үш түйінді тетігін атап көрсеткіміз келеді (29-сурет).
29-сурет: Өзгеріс енгізуге көмектесетін түйінді тетіктер
109
ЖҰМЫС әДІСТЕРІ
Мұғалімнің көшбасшылығы: зерттеулерге шолу
(Мақаланың толық нұсқасын білім беру порталынан (www.cpm.kz) табуға болады)
Альма Харрис пен Дэниел Муйжс
Уорик университеті
1. Кіріспе
Тиімді көшбасшылық мектеп жүйесін жетілдірудің басты элементі болып табылады
деген пікір кеңінен тараған. Шетел әдебиетінен алынған деректер табысты көшбасшылар
мектеп нәтижесіне және оқушылардың білімді меңгеру деңгейіне тікелей болмаса да, қатты
ықпал ететіндігін дәлелдейді. Оқыту сапасы оқушылардың ынтасы мен оқу үлгеріміне қатты
әсер етеді десек те, көшбасшылық сапасының мұғалімдердің ынтасы мен балаларды оқыту
деңгейіне ықпалы бар ма деген мәселе төңірегінде үнемі пікірталас туындап жатады.
2. Мұғалім көшбасшылығын айқындау Функциялары мен міндеттері
Мұғалім көшбасшылығының негізгі үш бағытын атап өтуге болады:
• Оқушыларға немесе басқа мұғалімдерге көшбасшылық ету: әдіскер, коуч, тәлімгер,
тренер, оқу жоспарларын әзірлеуші маман, оқытудағы жаңа тәсілдерді әзірлеуші, зерт-
теу
топтарының басшысы;
• Кезекті тапсырмаларды орындауды басқару: ұйымдастыру іс-шараларын өткізу және
оқу бөлімі меңгерушісінің, іс-әрекеттегі зерттеушінің, арнайы жұмыс тобы мүшесінің
рөлі арқылы мектепті алға қойылған мақсаттарға қарай ілгерілету үшін тиімді
жағдайларды қамтамасыз ету;
• Шешім қабылдау немесе әріптестік арқылы басқару: мектепті жетілдіру тобы-
на мүшелік, комитеттерге мүшелік, іскер адамдармен, жоғары оқу орындарымен,
жергілікті білім беруді басқару органдарымен және ата-аналар комитетімен әріптестікті
ұйымдастырушы.
Сонымен, көшбасшы-мұғалімдердің функциялары мынадай:
• өзінің мұғалімдік қызметін үздіксіз
жетілдіру;
• мектеп тәжірибесіне шолу жасауды ұйымдастыру және жүргізу;
• оқу бағдарламасын әзірлеу/дамыту жөніндегі біліммен қамтамасыз ету;
• мектепті басқаруға қатысты
шешім қабылдауға қатысу;
• мектеп ішінде әріптестерінің біліктілігін арттыру;
• басқа мұғалімдердің тиімділігін бағалауға қатысу.
Мұғалім көшбасшылығының айқын көрініс тапқан және оқшауланған төрт
сипаттамасы орныққан:
1. Бірінші сипаттама мұғалімдер мектепті жақсарту қағидаттарын жекелеген сыныптардағы
тәжірибеге көшіру тәсіліне қатысты. Бұл –
орындаушы функциясы, ол көшбасшы-
мұғалімнің негізгі міндеті. Ол мектеп ішіндегі байланыстардың беріктігіне және
мұғалімдерді саналы дамыту үшін барынша мол мүмкіндіктердің ұсынылуына кепілдік
береді.
2. Мұғалімнің көшбасшылығының екінші бағыты
қатысушы көшбасшылық түрінде
көрінеді, бұл ретте барлық ұстаздар өздерінің осы үдеріске қатыстылығын сезініп,
өзгеріс пен дамудың бір бөлігі болып табылады.
3. Үшіншісі – бұл
делдалдық функция. Көшбасшы-мұғалімдер – тәжірибе мен ақпараттың
маңызды көзі. Қажетті білімді олар сын тұрғысынан ойлау дағдыларын пайдаланып,
басқа көздер мен материалдардан ала алады немесе ұйымнан тыс көмек іздей алады.