36
кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сын
тұрғысынан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамытуы керек (Wolfe and Alexander, 2008).
Біз баламалы мүмкіндіктер заңдылығына және адамдардың тәжірибесіне сүйене
отырып, қазіргі білім жиынтықтары мен ойлау нормаларын үйрету арасындағы шиеленіскен
қатынастарды реттеу тәсілдерін қарастыруымыз керек.
Қолдануға болатын әдістер ретінде «Зерттеушілік әңгіме» немесе «дәйектеу» және
«диалогтік оқыту» мен «қолдау» көрсетілген. александер тәжірибеде зерттелген
білімді
игерудің бес үлгісін анықтады:
• механикалық есте сақтау (үнемі қайталап отыру арқылы фактілерді, ойларды және
күнделікті іс-әрекеттерді жаттау);
• декламация (тестілеу үшін дайындалған сұрақтарды пайдалану; бұрын өткендерді
еске түсіруге ынталандыру; оқушыларға жауап туралы ойлауға түрткі болу үшін ишара
жасау арқылы білім мен түсінігін толықтыру);
• нұсқаулық/баяндау (оқушыға не істеу керектігін түсіндіру немесе ақпаратты жеткізу,
фактілерді, қағидаттар мен рәсімдерді түсіндіру);
• талқылау (ақпаратты тарату және мәселелерді шешу мақсатында ой бөлісу);
• диалог (қателік пен тәуекелдерді азайтып, таңдауды қысқартуға, түсініктер мен
қағидаттарды «жеткізуді» тездетуге ықпал ететін құрылымдалған, кумулятивтік әңгіме
мен пікірталас арқылы өзара түсіністікке қол жеткізу) (Alexander, 2001, 2008).
әңгіменің сапасы мен мазмұны балалардың оқуы үшін аса маңызды
Пікірталас пен диалог өзінің танымдық әлеуетімен ерекшеленеді. Диалог барысында
балаларға баламалы мүмкіндіктер беріліп, басқа адамның көзқарасын өзінің тұжырымдамалық
түсінігін тереңдетіп, дамуын ынталандыратын әдістермен қарастыру ұсынылады. Бұл –
мұғалімдердің көпшілігінің түсінігі бойынша, диалог пен ауызекі немесе «интерактивті»
оқытудың арасындағы айырмашылықты логикалық және ұтымды дәлел ретінде қолданатын
«диалектика» элементі (Wolfe and Alexander, 2008).
Дәлелдемеге идея мен мүмкіндіктерді алға жылжыту және келісу деген анықтама берілген.
Оқушылар өздерінің құрдастарымен, сарапшылармен диалог жүргізу барысында тәжірибе
жинақтап және ой әрекетінің жоғары деңгейіне көтерілуге талпына отырып, баламалы
мүмкіндіктер туралы сын тұрғысынан ойлап, зерттеу жүргізуге қабілетті бола түседі. Түсінуді
басты назарға ала отырып ынтымақтастықпен оқу немесе мәселені шешу үдерісі оқушылардың
тиімді дәлелдерді жүйелеу қабілеттерін жоғарылатады.
Сұрақ туындаған жағдайда, мұғалімдердің ақпарат көзі болуы міндетті емес, оқушылар
мен мұғалімдер бірлесіп интернет көмегімен зерттеу жұмыстарын жүргізе алады, мұғалімдер
оқушыларға табылған ақпараттардан кажеттілерін таңдап, баға беріп, іздеудің тәсілдері туралы
сын тұрғысынан ойлауға көмектесе алады. Диалогтік педагогика – балалар мен мұғалімдердің
жаңалық ашу мен оқуда өзара қарым-қатынас орнатуы.
Мерсер сыныпта
талқылау кезінде өз сөзін
дәйектеудің үш түрін анықтады, олар:
• әңгіме-дебат, оқушылар бәсекеге қабілетті, басқа адамдардың көзқарасын қабылдауды
қаламайды;
• кумулятивтік әңгіме, мұнда оқушылар бір-бірінің үлесін сынамайды және
сындарлылыққа негізделеді;
• зерттеушілік әңгіме, ұсыныстар жайында күмән туып, қарсы дау айтылып, негізделген
дәлел мен сын тұрғысынан ойлау арқылы жалғасады (Mercer, 2000).
Мұғалім диалог жүргізудің ережелері туралы келісімді нақтылап, сыныпта диалогтің
үлгісін құруы керек, оқушылар бір-бірімен жаңа және ең тиімді тәсілді іздестіре және мағына
құрудың бірлескен тәсілдерімен әрекет ете отырып жұмыс істеуі керек. Ол үшін оқушылардың
37
ерекшелігі мен қызығушылығын түсініп, олардың қарым-қатынастары мен эмоцияларына
көңіл аудару қажет.
Оқушылардың істегендері мен айтқандарын тыңдап, талдай отырып, оларға жауап берген
кезде мұғалімдер оқушыларға білім алуда тиімді қолдау көрсету мүмкіндігіне ие болады.
«Оқыту бағалау ретінде» деген ұғым мен қалыптастырушы бағалау қағидаты білім алып қана
қоймай, білімді түзетін әдістерге қатысу арқылы оқу дегенді білдіреді.
Бұл идеялар оқушыларды оқыту мен оқу үдерісінің белсенді қатысушысы ретінде
қарастыратын сындарлылық құрылымына сай. адамдардың қай тұрғыдан алғанда да бір-біріне
икемделуі құрмет пен сенімге негізделген. Диалогтік оқыту
ұжымдық (мұғалім мен бала
бірігіп тапсырманы орындайды) және
өзара білім алмасуға жағдай туғызатын (мұғалімдер
мен балалар бір-бірін тыңдап, идеялармен бөліседі және балама көзқарастарды қарастырады)
және
қолдаушы (балалар қате жауап бергені үшін қорықпай, өз идеяларын еркін жеткізіп, бір-
біріне өзара түсіністікке жетулеріне көмектеседі) болып табылады.
Мұғалімдердің сын тұрғысынан ойлауы
Қазақстандағы кәсіби дамудың жаңа бағдарламасына сай сын тұрғысынан ойлайтын
мұғалімдер балалардың сын тұрғысынан ойлауына қатысты жоғарыда айтылған құрылым мен
үдерістерге сүйенуі мүмкін. Бірақ, ең алдымен, біз рефлексиялық оқыту ұғымын саралап, білім
беру бағдарламасындағы сын тұрғысынан ойлауға деген қажеттілікті ескеруіміз керек.
Сын тұрғысынан ойлау әдісі негізделген дәлелдер мен мәнмәтіндерді, тұжырымдар мен
әдістер және критерийлерді қолдана білетін, нысаналы, өзін реттей алатын ой үдерісі ретінде
бейнеленіп отыр. Балалардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытуға байланысты, атап
айтқанда: тыңдау мен зерттеу арқылы оқу, мәнмәтінге көңіл бөліп, шешім қабылдау үшін тиісті
өлшемдерді қолдана білу сияқты дағдылармен қоса, мұғалімдер:
• білім беру бағдарламасы мен оқыту үдерісін түсіну үшін
қажетті теориялық базаны;
• қорытынды мен тұжырымдарды қалыптастырудың тиісті әдістері мен технологияла-
рын дамыту керек.
ПАйДАЛАНЫЛҒАН әДЕБИЕТ
Alexander, R. J. (2001).
Culture and Pedagogy: International comparisons in primary education
[Мәдениет және педагогика: бастауыш білім берудегі халықаралық салыстыру]. Oxford:
Blackwell Publishers.
Alexander, R. J. (2008).
Towards Dialogic Teaching. Rethinking classroom talk (4
th
ed.) [Диалогтік
оқыту. Сыныптағы әңгімені қайта қарау (4-басылым)]. York: Dialogos.
Glaser, E. M. (1941).
An Experiment in the Development of Critical Thinking [Сын тұрғысынан
ойлауды дамыту эксперименті]. New York: Bureau of Publications, Teachers College, Columbia
University.
Wolfe, S., & Alexander, R. J. (2008).
Argumentation and dialogic teaching: alternative pedagogies
for a changing world [Дәлелдеме және диалогтік оқыту: өзгермелі әлемдегі баламалы
педагогика]. Available at http://www.beyondcurrenthorizons.org.uk/wpcontent/uploads/ch3_
final_wolfealexander_argumentationalternativepedagogies_20081218.pdf Accessed February
19, 2012.