Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



жүктеу 11,77 Mb.
Pdf просмотр
бет15/126
Дата01.01.2020
өлшемі11,77 Mb.
#25670
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   126

33
Блум таксономиясы
1956 жылы Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім беру комитеті әзірлеген Блум 
таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен 
қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады (13-сурет). Бұл жұмыстың мақсаты үш 
бағыт бойынша: танымдық, эмоционалдық және психомоторлық жағынан оқушыларды оқыту 
мақсаттарының тізімін жасау болатын. Блум таксономиясының мақсаты – оқытудың неғұрлым 
тұтас нысанын құру мақсатында педагогтерді өздерінің күші мен назарын барлық үш салаға 
бірдей аударуға ынталандыру. 
13-сурет. Блум таксономиясы 
Танымдық  саладағы  дағдылар  белгілі  бір  тақырыпты  білу,  түсіну  пен  сыни  ойлау 
тұрғысынан қаралады. Дәстүрлі білім беру негізінен осы дағдыларды, яғни төмен тәртіптегі 
мақсатты алға тартуға ұмтылады. Блум таксономиясы, жоғарыдағы суретте көрсетілгендей, 
ең  төменгі  үдерістерден  жоғарыға  қарай  кезең-кезеңмен  қозғалуды  көздейтін  алты  кезеңді 
қамтиды.
Білу
Фактілерді, жағдайларды, негізгі тұжырымдамалар мен жауаптарды көрсету арқылы өткен 
материалдардың есте сақталғанын растау:
•  арнайы сипаттамаларды білу (терминология, нақты фактілер мен т.б.).
•  жалпылайтын  сипаттамаларды  білу:  конвенциялар,  үрдістер  мен  сабақтастық, 
жіктелімдер мен санаттар, критерийлер, әдістемелер және т.б.
•  Тиісті саладағы әмбебап нәрселер және абстрактілерді білу – қағидаттар мен жалпыла-
улар, теориялар мен құрылымдар және т.б.
Сұрақ қойылу үлгісі: Алманы пайдаланудан денсаулық үшін қандай пайда бар?
Түсіну
Негізгі  идеяларды  ұйымдастыру,  салыстыру,  түсіндіру,  сипаттау  және  бекіту  жолымен 
фактілер мен идеяларды түсінетіндігін көрсету:
•  аударма жасау;
•  интерпретация;
•  Экстраполяция.
Сұрақ  қойылу  үлгісі:  Алма  мен  апельсинді  пайдаланудың  денсаулыққа  пайдасын 
салыстырыңыз.
Қолдану
жаңа білімдерді, әдістерді және ережелерді түрлі нұсқада пайдалану.


34
Сұрақ қойылу үлгісі: Бәліш пісіру үшін алманың қандай түрі жарамды, неге?
Талдау
Дәйектер мен себептерге сәйкес ақпаратты тексеру және жіктеу. Қорытынды жасау және 
жалпылаудың болғанын растайтын дәлелдерді анықтау:
•  Элементтерді талдау;
•  Қарым-қатынасты талдау;
•  Ұйымдастыру қағидаттарын талдау.
Сұрақ  қойылу  үлгісі:  Алмамен  тамақ  дайындаудың  төрт  тәсілін  сипаттаңыз  және 
олардың  қайсысы  денсаулыққа  анағұрлым  пайдалы  екенін  түсіндіріңіз.  Сіздің  сөздеріңізді 
айғақтауға арналған сілтемелер беріңіз.
Жинақтау
жаңа  үлгіде  әртүрлі  тәсілдермен  элементтерді  қиыстыру  арқылы  ақпаратты  жүйелеу 
немесе балама шешім ұсыну:
•  ерекше байланыс орнату;
•  жоспар әзірлеу немесе ұсынылатын операциялар жиынтығы;
•  абстарктілі қатынастардың жиынтығы негізіндегі қорытындылар.
Сұрақ  қойылу  үлгісі:  Алма  бәлішінің  «пайдасыз»  рецептісіне  өзіңіздің  қалауыңызша 
басқа  заттарды  қосып,  бір  «пайдалы»  рецепт  жасаңыз.  Өзіңіз  таңдап  алған  заттардың 
алғашқысынан пайдалырақ екенін дәлелдеңіз.
Бағалау
Пікірмен  таныстыру  және  оны  дәлелдеу,  ақпарат  бойынша  қорытынды  жасау,  бірқатар 
критерийлердің негізінде идеяларды негіздеу және жұмыс сапасын бағалау:
•  Ішкі дәлелдемелер тұрғысынан жасалған қорытынды;
•  Сыртқы критерийлер тұрғысынан жасалған қорытынды.
Сұрақ  қойылу  үлгісі:  Мектептен  кейін  балаларға  алма  бәлішін  берген  пайдалы  деп 
санайсыз ба? Неге – ия немесе неге – жоқ?
Сын  тұрғысынан  ойлау,  ақыр  соңында,  ойлау  үдерісінің  анағұрлым  жоғары  деңгейімен 
байланыстырылатынына қарамастан, Блум таксономиясына сәйкес, аталған барлық деңгейлер 
сын тұрғысынан ойлау үшін қажет деп қаралады. Білімді сын тұрғысынан қолдану, талдау, 
жинақтау және/немесе бағалау алдында оны жинап, ұғынып алу керек.
Мұғалімдер үшін сын тұрғысынан ойлаудың маңызы
Сын  тұрғысынан  ойлауды,  әдетте,  білім  берудің  кейінгі  кезеңдерімен  –  орта  мектептің 
жоғары  сыныптары  мен  жоғары  оқу  орындарында  оқушылармен  байланыстырады.  алайда 
сын  тұрғысынан  ойлаудың  негіздерін  кішкентай  балалармен  жұмыс  барысында,  қажетті 
дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады. Бұл жолдағы 
ең оңтайлы тәсіл – балаларды өз тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру. Бізде 
балалардың  қызығушылығын  оятып,  олардың  сын  тұрғысынан  ойлау  дағдыларын  дамыту 
үшін  қолдануға  болатын,  әлемнің  түрлі  бөліктеріндегі  және  тарихтың  түрлі  кезеңдеріндегі 
тұрмыс салты туралы мысалдар жеткілікті.
Сын  тұрғысынан  ойлау  мәнмәтінді  есепке  ала  отырып,  бақылау  мен  тыңдау  арқылы 
дәлелдер  жинастыру  және  шешім  қабылдау  үшін  талапқа  сай  өлшемдерді  қолдану  сияқты 
дағдыларды  дамытуды  қарастырады.  Сондықтан  оқушыларға  бақылау,  талдау,  қорытынды 
жасау және интерпретациялау дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасау керек. Мәселен, тарих 
немесе географияны оқытуда оқушыларды:
•  суреттер,  фотосуреттер,  естелік  жазбалары  сияқты  дәлелдерді  жинақтау  және 
топтастыруға;


35
•  негізгі дереккөздерді бағалауға және оларға тиісті сұрақ қоюға;
•  қорытындылар мен бастапқы тұжырымдар жасай отырып, негізгі дереккөздерді салы-
стыру және талқылауға;
•  анағұрлым кең тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауға тартуға 
болады.
жұмысты талдаудың соңғы кезеңдерінде оқушыларға мұғалімдермен пікірталасқа қатыса 
отырып,  өздерінің  бастапқы  қорытындыларын  талдау  және  қайта  қарау  арқылы  өзінің  оқу 
үдерісін, соның ішінде бағалау, түсіндіру және метатану үдерістерін барынша түсінуге көмек 
көрсеткен дұрыс.
Төменде баланың басқалардың көмегіне жүгіне отырып жасайтын қадамдары мен сыныпта 
жұмыс істеу кезінде қолданатын дағдылары берілген:
1.  Көру  арқылы  немесе  ауызша  дәлелдерден  алынған  ақпаратпен  танысыңыздар.  Бұл 
тапсырма  негізгі  дереккөздерден  оқу  арқылы  алынған  ақпаратқа  да,  шолулар  мен 
сауалнамадан  жинақталған  деректерге  де,  оқулық,  энциклопедия  немесе  web-сайт 
сияқты қосалқы дереккөздерден жиналған ақпаратқа да қолданылуы мүмкін. 
2.  Дәлелдерді зерттеу құрылымын немесе дәлелге негіз етіп алынған, кешірек жасалған 
іс-әрекеттерді айқындайтын негізгі тармақтарды, болжамдарды немесе гипотезаларды 
түсініңіз.
3.  Бұл негізгі құрамдас бөлшектердің, көру арқылы және ауызша алынған дәлелдердің 
қалай біріктірілгенін және бір-бірімен өзара байланысатынын талдаңыз.
4.  жекелеген суреттердің немесе түрлі жеке пікірлер мен естеліктердің ұқсастықтары мен 
айырмашылықтарын салыстырыңыз және зерттеңіз.
5.  Дәлелдер мен бірқатар тұжырым құру үшін түрлі ақпарат көздерін біріктіре отырып, 
жинақтаңыз.  Сіздің  ойыңызды  қалыптастыратын  және  қолдайтын  түрлі  ақпарат 
көздері арасында байланыс орнатыңыз.
6.  Сіздің зерттеуіңізбен байланысты дәлелдердің заңдылығы мен беріктігін және дәлелдер 
Сіздің болжамдарыңыз бен ойларыңызды қаншалықты қолдайтынын немесе қайшылық 
тудыратынын бағалаңыз.
7.  Зерттеудің негізіне алынған сұрақтардың жауаптарын түсіндіру нәтижесінде алынған 
біліміңізді қолданыңыз.
8.  жасалған қорытындыларды негіздеп, өзектілігі мен маңыздылығын дәлелдеңіз.
Диалог арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Сыныптағы қарым-қатынасты зерттеуді көздеген еңбектер белгілі бір өзара әрекеттестік 
үлгілері – зерттеушілік әңгіме, дәйек пен диалог – мұғалімдер мен оқушыларды мағына мен 
білімді игерудегі бірлескен іс-әрекетке тартуымен қатар, жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттерін 
өрістетіп,  зияткерлік  қырларының  дамуына  ықпалын  тигізетінін  көрсетті. 
Александердің 
(2001,  2008) 
Диалогтік  оқыту  теориясына  сәйкес,  сыныптың  қолданбалы  зерттеуін 
зерделер болсақ, ол диалектикалық және диалогтік педагогика тұрғысынан оқушылардың ой-
пікірлері назарға болмашы ғана алынатын сыныптағы қарым-қатынастың дәстүрлі моделіне 
күмәнмен  қарайды.  Көзбен  көру  және  ауызша  ақпарат  көздерімен  тікелей  қарым-қатынас 
жасау  балаларға  дәйектеу  дағдыларын  шынықтыруға  және  жеке  тәсілдермен  білім  алуға 
мүмкіндік бере отырып, формалды түрде оқуды азайтады. Олар кітап арқылы оқыту сияқты 
дәстүрлі тәсілдерге наразылық білдіреді, сондықтан мұғалімдер білім мен зерттеу үдерістерін 
басқармай, бағыттап отыру үшін өздерінің рөлдерін қайта қарауы керек.
Балаларды
  диалог  пен  дәйектеуге,  пікірталасқа  тарту  белсенді  жүргізілген  жағдайда 
олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болатынын дәлелдейтін зерттеулер 
де көбейе түсуде. Осылайша балаларды ХХІ ғасырда және кейінгі ғасырларда  өмір сүруге 
қажетті  дағдылармен  және  қасиеттермен  қаруландыру  –  мұғалімдер  үшін  ынталандырушы 
күш  болып  табылады.  Балалар  күннен  күнге  қолжетімділік  артып  келе  жатқан  анағұрлым 


жүктеу 11,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   126




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау