Бағдарламасы мұҒалімге арналған нұСҚаулық



жүктеу 4,87 Mb.
Pdf просмотр
бет34/109
Дата14.11.2018
өлшемі4,87 Mb.
#19412
түріБағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   109

79
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ
Beckman,  M.  (1990).  Collaborative  Learning:  Preparation  for  the  Workplace  and  Democracy 
[Бірлескен оқу: Жұмыс пен демократияға дайындық]. College Teaching, 38(4), 128-133.
Chickering, A. W, & Gamson, Z. F. (Eds.). (1991). Applying the Seven Principles for Good Practice 
in  Undergraduate  Education  [Бірлескен  оқу:  жоғары  білім  беру  анықтамалығы].  New 
Directions for Teaching and Learning, no.47. San Francisco: JosseyBass.
Collier, K. G. (1980). Peer-Group Learning in Higher Education: The Development of Higher-order 
Skills [Жоғары оқу орындарындағы өзара оқу және топтық оқу: жоғары деңгейдегі дағдыны 
жақсарту]. Studies in Higher Education, 5(1), 55-62.
Goodsell, A., Maher, M., Tinto, V., & Associates (1992). Collaborative Learning: A Sourcebook for 
Higher Education [Ынтымақтастық оқу: жоғары оқу орындарына арналған жинақ]. University 
Park: National Center on Postsecondary Teaching, Learning, and Assessment, Pennsylvania State 
University.
Guskey, T. R. (1988). Improving Student Learning in College Classrooms [Колледждегі студенттердің 
оқуын жетілдіру]. Springfield, Ill: Thomas.
Johnson, D. W., Johnson, R. T., & Smith, K. A. (1991). Cooperative Learning: Increasing College 
Faculty Instructional Productivity [Бірлескен оқу: колледж оқытушыларының педагогикалық 
тиімділігін арттыру]. ASHE-FRIC Higher Education Report No.4. Washington, D.C.: School of 
Education and Human Development, George Washington University.
Slavin, R. F. (1980). Cooperative Learning [Бірлескен оқу]. Review of Educational Research, 50(2), 
315-342.
Slavin, R. E. (1983). When Does Cooperative Learning Increase Student Achievement? [Қандай 
жағдайда бірлескен оқу студенттердің үлгерімін жақсартады?].  Psychological Bulletin,  94 
(3), 429-445.
Smith, B. L., & MacGregor, J. T. (1992). What Is Collaborative Learning? [Бірлескен оқу дегеніміз 
не?]. National Centre on Postsecondary Teaching, Learning, and Assessment at Pennsylvania 
State University.


80
САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ ТӘСІЛІ
Мұғалімдердің білімін қалыптастыру және 
оқыту мен оқуды жетілдіру тәсілі
 
Бұл тарауды «Сабақты зерттеу» нұсқаулығымен қатар оқыңыз. 
 
Қысқаша ақпарат
Сабақты  зерттеу  тәсілі  сыныпты  зерттеу  нысандарының  бірі  болып  табылады,  бұл 
тәсіл  ХІХ  ғасырдың  70-ші  жылдарында  Жапонияда  тәжірибені  жақсарту  және  жетілдіру 
мақсатында пайда болған. Сабақты зерттеу тәсілі Макота Йошида Америка Құрама Штаттары 
мен Ұлыбританияда жаңа тәсілдің таныстырылымын жасағаннан кейін, Жапониядан тыс жер-
лерде 2007 жылдан бастап танымал бола бастады. Аталған елдердің зерттеушілері жапондық 
ғалымдардың халықаралық зерттеу аясында көрсетілген академиялық жоғары жетістіктеріне 
ықылас  танытты.  Йошида  бұл  жетістік  Сабақты  зерттеу  тәсілінің  жапон  мектептерінде 
кеңінен қолданылуынан болып отыр дегенді алға тартады. Сондықтан қазіргі кезде Шығыс 
Азияның  бірқатар  елдерінде  Сабақты  зерттеу  мұғалімдердің  педагогикалық  білімдері  мен 
тәжірибесін дамытуға арналған тиімді құрал ретінде белсенді енгізіліп жатыр. Рефлексиялау 
тәжірибесі Сабақты зерттеу нысандарының бірі болып табылады деп айтуға болады. Соған 
қарамастан, Сабақты зерттеу тәсілін енгізу жөніндегі қызметті кәсіби деп атау үшін белгілі 
қағидаттар мен тәжірибелік амал-шаралар сақталуы керек. Нақты айтқанда, Сабақты зерттеу 
мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы бірлескен тәсіл болып табылады 
және тәжірибедегі зерттеу түріндегі бірқатар циклдерді қамтиды. Сабақты зерттеу тәсілінде 
ең бастысы «зерттеу сабағы» немесе «сабақты зерделеу» үдерісі болып табылады. Бұл үдеріс 
барысында  ынтымақтастықтағы  мұғалімдер  оқу  сапасын  арттыру  үшін  белгілі  бір  тәсілді 
қалай дамытуға болатындығын анықтау мақсатында оқушылардың оқу үдерісін зерделейді. 
Сабақты зерттеу тәсілінің түйінді сипаты креативтілік және ғылыми дәлдік болып табылады. 
Креативтілік оқытудың жаңа тәсілдерін әзірлеу мақсатында бірлесе жұмыс істейтін мұғалімдер 
бастамасымен жасалады, ал ғылыми дәлдік жаңа тәсілдің тиімділігін көрсететін оқушының 
оқуы туралы деректер жинауды көздейді.
Атап айтқанда, Сабақты зерттеу тәсілі тәжірибені жақсартудың демократиялық жолы болып 
табылады. Зерттеу жүргізетін топ әдетте кемінде үш мұғалімнен тұрады, бұл тәжірибесі мен 
білімдері бір-біріне жайлы әсер ететін фактор болып есептеледі. Топ мұғалімдері көп жағдайда 
бір мектепте жұмыс істейді, бірақ тәжірибені жақсарту мақсатында бірлесе жұмыс істеу үшін 
басқа мектептердің мұғалімдері де тартылуы мүмкін. Кейде топты кәсіби ұйымдастыру үшін 
белгілі бір тәсілдерді немесе оқу бағдарламаларының аспектілерін пайдалану саласында мол 
жұмыс  тәжірибесі  бар,  тиісті  дайындықтан  өткен  мұғалімдер  арнайы  шақырылуы  мүмкін. 
Зерттеу барысында барлық топ мүшелері толық көлемде және бірдей дәрежеде үдеріске тар-
тылады. Тек бір мұғалім ғана сабақ беретіндігіне қарамастан, зерттеу үшін бүкіл топ өзіне 
жауапкершілік алады және оқыту мен сабаққа берілген кез келген баға жеке мұғалімге емес, 
тұтастай  барлық  топтың  жұмысына  қатысты  беріледі.  Сабақты  зерттеу  тәсілінің  тағы  бір 
демократиялық ерекшелігі мынада, мұғалім зерттеу барысында жинақтаған білімімен педа-
гог  қауыммен  кеңінен  бөлісе  алады.  Жапонияда  мұғалімдердің  тәжірибесін  қолдауға  және 
зерттеулердің жеке топтамаларын дайындауға көмегін тигізу үшін Сабақты зерттеу нәтижелері 
жүйелі түрде жарияланып тұрады. Сондай-ақ, сабақты зерттеу топтары әріптестеріне арнап 
оқытудың жаңа тәсілдерін немесе оқу бағдарламаларының аспектілерін модельдейді, бұған 
қоса  жүргізілген  зерттеулер  туралы  көпшіліктің  талқылауын  ұйымдастырады.  Жапония-


жүктеу 4,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   109




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау