Бағдарламасы «Математиканы оқыту әдістемесі»



жүктеу 22,01 Kb.
бет1/2
Дата18.05.2023
өлшемі22,01 Kb.
#42657
түріБағдарламасы
  1   2
7.Емтихан бағдарламасы


«Математиканы оқыту әдістемесі» пәнінен емтихан бағдарламасы


«Математиканы оқыту әдістемесі» оқу пәні ретінде
Курстың мақсаты, міндеттері,пәні және оның басқа оқу пәндерімен байланысы. Математиканы оқытудың дидактикалық принциптері. Мектептегі математиканы оқытудың әдістемелік жүйесі және оның негізгі компоненттерінің жалпы сипаттамасы.
Мектеп математика курсының жалпы орта білім беру жүйесіндегі мәні мен маңызы. Математиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері.
Мектеп математика курсының базалық мазмұнына сипаттама. Математиканы оқытудағы пәнаралық, пәнішілік және сабақтастық байланыстар. 5­6 сыныптардағы пропедевтикалық математикалық дайындық. Математиканың 7­9 сыныптардағы жүйелі курсы. 10-11 сыныптардағы математика курсы.
Математикалық ұғымдар және оларды қалыптастыру процесі. Мектеп математика курсының анықталатын және анықталмайтын ұғымдары. Математикалық ұғымдарды анықтаудың тәсілдері. Математикалық сөйлемдер. Аксиомалар. Теоремалар, олардың түрлері мен құрылымы, қажетті және жеткілікті шарттар, теореманы дәлелдеу тәсілдері.
Математикалық білім беруді қамтамасыздандырудың құралдары. Көрнекі құралдар және дидактикалық материалдар. Аудио-, видео- және компьютерлік оқу материалдары. Математиканы оқытудағы компьютердің қызметі. Мектеп математика кабинетін жабдықтау және дидактикалық тұрғыда қамтамасыз ету.
Математиканы оқытуды ұйымдастыру формаларының жалпы сипаттамасы. Математика сабағы жалпы білім беретін мектепте бірыңғай педагогикалық процесті ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде. Математикадан сыныптан тыс және факультативтік сабақтар.
Математиканы оқытудың әдістері және олардың классификациясы. Математиканы оқытудың интерактивтік әдістері.Математиканы оқытудың заманауи технологиялары.


Мектеп математика курсының негізгі мазмұндық-әдістемелік бағыттары және оларды оқыту әдістемесі
Сандар жүйесін оқытып-үйрету әдістемесі: сан ұғымын кеңейту; натурал және теріс емес бүтін сандар; сандардың бөлінгіштігі; бөлшектер және оларға арифметикалық амалдар қолдану; бүтін және рационал сандар, оларға арифметикалық амалдар қолдану; иррационал, нақты және комплекс сандар, оларға амалдар қолдану; арифметикалық амалдардың заңдары; оқушылардың есептеу мәдениетін қалыптастыру мәселелері.
Теңбе-тең түрлендірулерді оқытып-үйрету әдістемесі: сандық және алгебралық өрнектер; теңбе-теңдік ұғымының әртүрлі түсіндірмелері; теңбе-тең түрлендірулер, олардың түрлері, мектеп математика курсындағы орны мен ролі; жалпы білім беретін мектептің әртүрлі буындарында теңбе-тең түрлендірулерді оқытып-үйрету.
Функцияны оқытып-үйрету әдістемесі: функция ұғымының бейнелеу ретіндегі ғылыми түсіндірмесі; мектепте функция ұғымын енгізудің әртүрлі тәсілдері; негізгі мектептің алгебра курсында функцияны оқып-үйренудің әдістемелік жүйесі; функцияның графигі туралы ұғым; 7 сыныпта функцияны оқып-үйрену; сызықтық функция; 8 – 9 сыныптарда функцияны оқып-үйрену; квадраттық функция; 10–11 сыныптарда функция туралы мәліметтерді жүйелеу; функцияның негізгі қасиеттері; функцияны зерттеудің жалпы схемасы; көрсеткіштік және логарифмдік функциялар; кері функция туралы ұғым; дәрежелік функция; тригонометриялық функциялар.
Теңдеулерді оқытып-үйрету әдістемесі:теңдеулер және олардың мектеп математика курсындағы алатын орны;«теңдеу» ұғымының әртүрлі анықтамалары,оларды қалыптастыру;теңдеулердің мәндестігі туралы теоремалар;5-6 сыныптарда теңдеулерді оқып-үйрену; 7 сыныпта теңдеулерді жүйелі түрде оқып-үйренуді бастау; теңдеулерді шешудің жалпы әдістері; сызықтық теңдеулер және олардың жүйелері;квадрат,биквадрат,бөлшек-рационал теңдеулер және олардың жүйелері;иррационал,көрсеткіштік, логарифмдік, тригонометриялық теңдеулер және олардың жүйелері; белгісізі модуль таңбасы астындағы теңдеулер және олардың жүйелері.
Мәтінді есептерді шығаруды оқытып-үйрету әдістемесі:математиканы оқытудағы есептердің ролі,олардың дидактикалық қызметі;есептердің шешімін іздеу; есептерді шығарудың негізгі кезеңдері;математиканы есептер арқылы оқып-үйрену;мәтінді есептерді жүйелеу мен классификациялау мәселелері;арифметикалық амалдардың компоненттері арасындағы тәуел-ділікке берілген есептер; процентке берілген есептер; қозғалысқа берілген есептер; жұмысқа және еңбек өнімділігіне берілген есептер; концентрация мен проценттік құрамға берілген есептер; стандартты емес есептер.
Теңсіздіктерді оқытып-үйрету әдістемесі: теңсіздіктердің мектеп математика курсындағы алатын орны; «теңсіздік» ұғымының әртүрлі анықтамалары, оларды қалыптастыру; теңсіздіктердің мәндестігі туралы теоремалар; сандық теңсіздік туралы ұғым, сандық теңсіздіктердің қасиеттері, сызықтық теңсіздіктер мен олардың жүйелері; квадраттық теңсіздіктер; теңсіздіктерді және олардың жүйелерін шешудің интервалдар әдісі; иррационал, көрсеткіштік, логарифмдік, тригонометриялық теңсіздіктер және олардың жүйелері; белгісізі модуль таңбасы астындағы теңсіздіктер және олардың жүйелері.
Математикалық анализ элементтерін оқытып-үйрету әдістемесі: арифметикалық және геометриялық прогрессиялар; шек және функцияның үздіксіздігі ұғымдары; туынды ұғымын қалыптастыру; функцияны зерттеуде туындыны пайдалану; жанаманың теңдеуі; интеграл ұғымын қалыптастыру, интегралдың қолданылуы.
Планиметрия курсын оқытып-үйрету әдістемесі: планиметрия курсын құрудың аксиоматикалық амалы; геометрияның негізгі ұғымдары және олардың қасиеттері; геометрияны оқып-үйренудегі көрнекіліктің алатын орны, геометриялық фигуралар; көпбұрыш ұғымын қалыптастыру; үшбұрыш және оның классификациясы; үшбұрыштардың теңдігі; төртбұрыш және оның классификациясы; дұрыс көпбұрыштар; шеңбер және дөңгелек; нүктелердің геометриялық орны; салу есептері; жазықтықтағы геометриялық түрлендірулер; қоғалыс және ұқсастық; жазық фигуралардың ауданын өлшеу туралы ұғым.
Стереометрия курсын оқытып-үйрету әдістемесі: стереометрия курсының логикалық құрылымы; кеңістіктегі параллельдік және перпендикулярлық; геометриялық денелер; геометриялық денелердің бүйір бетінің ауданы мен көлемі туралы ұғымдарды енгізу; геометриялық денелердің беттерінің ауданы мен көлемін есептеуге арналған формулаларды қорытып шығару; интегралды пайдалану; математиканы оқытудағы және оқушылардың кеңістіктік ойлауын дамытудағы геометриялық есептердің алатын орны.
Аналитикалық геометрия элементтерін оқытып-үйрету әдістемесі: жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі; векторлар және оларға геометриялық және координаталық формаларда амалдар қолдау; кеңістіктегі координаталар мен векторлар;кеңістіктегі түзудің,шардың және жазықтықтың теңдеулері.
Стохастика мен ықтималдықтар теориясының элементтерін оқытып-үйрету әдістемесі: мектеп математика курсына осы бөлімді енгізудің негізгі мақсаты; ақпаратты жинақтау, өңдеу және көрсетіп беру (сызбалар, кестелер, диаграммалар, графиктер және т.с.с.); комбинаторика элементтері; ықтималдықтар теориясының элементтері.


Мектепте математикадан оқу жұмысын ұйымдастыру
Қазіргі заманғы математика сабағы: сабақтың ерекшелігі және функциялары; сабақтың типі мен түрлері; сабақтың құрылымы және оның өзгермелілігі; сабақтың кезеңдері және олардың өзара байланысы; қазіргі заманғы математика сабағына қойылатын талаптар;сабаққа дайындалу, оны жоспарлау және өткізу; математика сабағына әдістемелік тұрғыдан талдау жасау; математика сабағында ынтымақтастықты ұйымдастыру тәсілдері; математика сабағын өткізудің дәстүрлі емес және интерактивті формалары.
Сабақта жаңа оқу материалын оқытып-үйретуге дайындық кезінде, жаңа оқу материалымен таныстыру кезінде және жаңа білімді бекіту кезінде оқушылардың қызметін ұйымдастыру. Математикалық білім, білік және дағдыларды тексеру кезінде оқушылардың қызметін ұйымдастыру. Математика сабақтарында оқушылардың өзіндік және шығармашылық қызметтерін ұйымдастыру. Оқушылардың логикалық ойлауы мен танымдық қабілеттерін дамытумен байланысты қызметін ұйымдастыру.Математикадан сыныптан тыс және факультативтік сабақтарда оқушылардың қызметін ұйымдастыру.



жүктеу 22,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау