Әйтекеби ауданы агроөнеркәсіп кешенін дамытуды әртараптандыруға, ірі агроөнеркәсіптік құрылымдар құруға, тұрғындарды негізінен тағам өнімдерімен қамсыздандыруға, өздерінің жеке өндіріс көлемін ұлғайту арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, тамақ өнімдерінің импорттық үлесін азайтуға шоғырланды.
Инвестициялық қызмет.
2003-2009 жылдардағы кезеңде негізгі капиталға тартылған инвестицияның тұрақты өсу динамикасы байқалуда. Әйтекеби ауданында 2009 жылы негізгі капиталға тартылған инвестицияның көлемі 2,6 млрд. теңге, 2009 жылғы инвестиция көлемі 2003 жылмен салыстырғанда 2,5 есе ұлғайды.
Аудан инвестициясының негізгі бөлігі ауылшаруашылығының дамуына және өңдеу өнеркәсібіне бағытталған.
Өнеркәсіп. Өнеркәсіп ауданда әлсіз дамыған. Ол бүгінгі күнге негізінен жергілікті мағынада ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу барысында сипат алып отыр.Аудан территориясында өнеркәсіп мағынасындағы пайдалы қазба болып табылатын Теректі ақ мрамор, Қайрақты гранит, Союзный каолин саз балшығы, Бенқала кобальтты - никельденген жез кендерінің барланған көздері бар. Бүгінгі күнге жоғарғы сапалы тас өндіру барысында Компания «Текше-Тас» ЖШС-і Бөгеткөл кен орынында, Атырау қаласынан «ABS Трансдорстрой» ЖШС-і Аралтоғай, немесе оңтүстік Ырғыз кен орындарында жұмыс жасап жатыр.
Алдағы уақытта Союзный каолин сазын байытып өндіру барысында «Көктас - Ақтөбе» АҚ 2013-2014 жылдары барлығы 630 млн.теңге инвестиция салып, жылына 50,0 мың тонна өндіруді жобаласа, Бенқала кобальтты-никельденген жез кеніне өндіру жұмыстарын жүргізуге «Kaz-Kyper» ЖШС кіріскелі отыр. Одан басқа кен орындарын игеру барысында жер қойнауын пайдалануға Теректі ақ мрамор кен орынына - «Ақтөбе мрамор» ЖШС-і, Ақшакөл гранит кен орынына - «Гранит 2006» ЖШС-і, Бөгеткөл кобальтты-никельденген жез кені орынына - «Диана Алия» ЖШС-тері иегерлік алып отыр.
Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу. Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу барысында аудан бойынша «Ақтасты», «Құмқұдық», «Щербаков» ЖШС-тері мен «Әсем-Нәз» ӨК-і жұмыс жасауда. Сонымен қатар 4 ірі, 2 кіші наубайханалар нан пісіріп халыққа қызмет көрсетуде.
Жыл аяғына ұн -3299 тонна өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 101,0 %, нан – 223 тонна, немесе 104,3 %, макарон өнімдері – 156 тонна, немесе 103,9 %, жармақ – 94 тонна, немесе 114,6 % орындалды.
Әлеуметтік қорғау барысында аз қамтылған 88 адамнан тұратын 15 от басы анықталып, есептелген 1473,1 мың теңге атаулы жәрдем ақы төлемге жіберіліп отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8 отбасына, жәрдем ақы төлемі 989,0 мың теңгеге төмендеп отыр.
Әлеуметтік қорғау
Көрсеткіштер атауы
|
2009
|
2010
|
+, -
|
| |
23
|
15
|
-8
|
65,2
|
От басындағы адам саны
|
128
|
88
|
-40
|
68,8
|
Тағайындалған жәрдем ақы (млн.теңге)
|
2,5
|
1,5
|
-1,0
|
60,0
|
Балаға жәрдем ақы алушы от басы саны
|
805
|
760
|
-45
|
94,4
|
От басындағы балалар саны
|
2364
|
2239
|
-125
|
94,7
|
Тағайындалған жәрдем ақы (млн.теңге)
|
27,4
|
29,1
|
+1,7
|
106,2
|
2010 жыл ішінде 18 жасқа дейінгі 2239 балалары бар 760 от басына 29090,8 мың теңге жәрдем ақы төленіп отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 125 балаға төмен болса, төлем 1687,6 мың теңгеге жоғары.
Аудан бойынша жыл сайын аз қамтылған от басылары нақты назарға алынып, оларды жұмыспен қамту шаралары жүргізілуіне сәйкес, атаулы жәрдем ақы төлемдерінің көлемі де төмендеп келеді.
2010 жылғы жайды өткен 2007 жылмен салыстырмалы түрде қарасақ, егер 2007 жылы от басында 463 адамы бар 95 от басына 7,5 млн. теңге атаулы жәрдем ақы төленсе, бүгінгі күні аз қамтылған от басының саны – 80, адам саны – 375 бірлікке азайып, жәрдем ақы төлемінің көлемінің – 6,0 млн. теңгеге төмендеуіне қол жетті.
Әлеуметтік қорғау (млн. теңге)
Жұмыспен қамтуда жыл басында 787 адам тіркелсе, жыл ішінде 658 адам жұмысқа орналастырылып, 202 адам қоғамдық ақылы жұмысқа, 11 адам кәсіптік оқу орындарына жіберілді. 1-ші қаңтар 2011 жылға есепте тұрған жұмыссыздар саны 63 адам, немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 37 адамға төмен.
Жұмысқа орналастыру
Көрсеткіштер атауы
|
2009
|
2010
|
+, -
|
| |
Достарыңызбен бөлісу: |